Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Қозғалтқыштың майлау жүйесін диагностикалау және техникалық баптау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалтқыштың майлау жүйесін диагностикалау және техникалық баптау атты зертханалық жұмыс мұғалімдерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Қозғалтқыштың майлау жүйесін диагностикалау және техникалық баптау


Жұмыстың мақсаты: ГАЗ және ЗИЛ қозғалтқыштарының майлау жүйелерінің бөлшек-тері мен тораптарының орналасуымен танысып, олардың өзара әсерлесуін оқып үйрену.

Қажетті құрал-жабдықтар: ГАЗ және ЗИЛ қозғалтқыштарының май айдаушы насос-тары, майды тұндырып тазарту центрифуга жинағы, кілттер, майлау жүйесінің плакат-тары.

Жалпы мәліметтер

Қозғалтқыштың басқа жүйелеріне қарағанда оның жақсы жұмыс істеуі майлау жүйесінің ақауларына байланысты болады және де ұзақ мерзімділігі мен сенімділігі де осыған көбірек байланысты болады. Қозғалтқышқа аз ғана уақыт майлаушы майдың берілмеуі оның бұзылуына әкеліп соқтырады.

Майлау жүйесінің ақауларының негізгі белгілеріне жүйедегі май қысымы және сүзгіштердің кедергілері, центрифуганың айналуы мен сүзгішінің кедергілері жатады. Орташа айналу жиілігіндегі қоздырылған қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі (ЗИЛ-130 1000 ) қысым болуы тиіс.

Майлау жүйесіндегі жиі кездесетін ақаулар түрлері 4.1-кестеде келтірілген. Майдың қысымы мен температуоасына майлау жүйесі агрегаттарының күйімен қоса, иінді-білікті механизмнің қосылыстарының тозу дәрежесіне, салқындату жүйесінің күйіне, қозғалтқыштың жылулық және жүктемелік режиміне пайдаланатын майдың сорты мен сапасы да әсер етеді.


Майлау жүйесінің негізгі ақаулары

4.1-кесте

Ақаулар түрлері

Белгілері

Датчик немесе қысымды көрсеткіш бұзылған

Ақаусыз қозғалтқышта май қысымының көрсеткіштік мәні шектік мәнінен асып кетеді

Май насосының тозуы

Майдың қысымы төмен

Редукциялық клапан тозған

(реттеу бұзылған)

Майдың қысымы төмен

Раективтік май центрифугасы бұзылған

Қозғалтқыш тоқттағаннан кейін центрифу-ганың жұмыс істеу дыбысы естілмейді немесе ротор тез тоқтап қалады, ротордағы тұлғаның май қалдығы қалың болады


Жұмысты орындау тәртібі

1. ГАЗ және ЗИЛ қозғалтқыштарының майлау жүйелері элементтерінің орналасуының бір-бірімен әсерлерін оқып үйрену.

2. Май айдаушы насосты бұзып, оның жұмыс істеу принципімен және оларда болуы мүмкін ақаулармен танысу, шестерня мен оларды бөлгіштер арасындағы тқсеніштердің күйлерін тексеру. Төсеніштің қалыңдығы 0,4-0,1 болуы тиіс. Егер де одан көп болған жағдайда насостың өнімділігі төмендейді, ал аз болған жағдайда тозуы артады. Редукциялық клапаннның және ортадан тепкіш магистральдық май тазартқышының құрылысымен танысу. Клапан насостың төменгі секциясында орналасқан, ол қысым шамасы 3,5-4 болған кезде реттеледі.

3. Басты май магистралындағы (ГАЗ-53) редукциялық клапан мен май қысымының датчигі орналасатын орнымен танысу. Қысымды тексеру кезінде бақылаушы монометрді бұрап алынған датчиктің орнына бұрайды.

4. Ортадан тепкіш май тазарту сүзгісінің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен танысу.

Центрифуганың негізгі қызметі – май картерінен келген жағармайды сапалы тазартып, орталық майлау жүйесіне жіберу болып табылады. Центрифугаға май насостың төменгі секциясы, төменгі блоктағы каналы мен арнайы тікше арқылы беріледі. Центрифуганың осіндегі қуыс арқылы май қалпаққа келеді, содан кейін ротордағы торлы тесік арқылы ішке беріліп, одан лақтырылады. Жоғарылаған ағыстың әсерінен ротор айналады, онымен бірге қалпақ ішіндегі май да айналады және май қалдықтары қалпаққа жасырылады. Таза май картерге ағып кетеді. Майдың қысымы 6-7 болған кезде майларды тазарту қалпақшасы 5000-6000 жиілікпен айналады. Центрифуганың жұмысын дыбыс арқылы тексереді. Қозғалтқышты өшірген кезде ақаусыз центрифуганың роторы 2-3 минуттай айналып тұрады.


4.1-сурет. Центрифуганың сұлбасы


Центрифуганы келесідей тәртіппен бұзады:

- кожух қаңқасымен бірге жасалған гайканы бұрап босатқан кезде кожух бірге алынады;

- қаңқаның бүйіріндегі тығынды бұрап алып, оған бородок тығып қаңқаның бұралып кетуінен ұстап тұрады;

- ортадағы гайканы бұрап алып, қақпағын ағытады;

- сүзгіштің ішкі бөлшектерін қарап шығу;

- центрифуганы жинап, ротордың айналуын қолмен тексеру (оның гайкасын босатып осін алуға болмайды);

- майды тазартқышты ішінара бұзу. Бақылау монометрлерінің біреуін сүзгіштің енгізу насосына, ал екіншісін шығару каналына бекітеді. Қысым көрсеткіштерінің ауытқу дәрежесі сүзгіштің тозу дәрежесін көрсетеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Майлау жүйесінің негізгі ақауларын атаңыз.

2. Орташа айналу жиілігіндегі қоздырылған қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі қысым мөлшері қандай болады?

3. Центрифуганың негізгі қызметі қандай?

4. Центрифуганың жұмысын қалай тексереді?

5. Майдың қысымы 6-7 болған кезде майларды тазарту қалпақшасы қанша жиілікпен айналады?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.01.2019
1412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12