Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Зерттеу арқылы балалардың ой қабілеттерін арттыру және еңбекке баулу» тақырыбы бойынша шағын шығармашылық есеб.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Зерттеу арқылы балалардың ой қабілеттерін арттыру және еңбекке баулу» тақырыбы бойынша шағын орталық тәрбиешісі Тлеубергенова Күлмәш Серікқызының шығармашылық есебі Мен, Тлеубергенова Күлмәш Серікқызы , «Айгөлек» шағын орталығында ортаңғы топ балалардың тәрбиешісі болып істеймін . Ортаңғы топқа 20 бала қатысады. Жұпта Аманжолова Алия Амангельдыевнамен бірге жұмыс жасаймын. Тәрбие оқу процессі мектепке дейінгі жалпы білім беру типтік бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Өзімнің жұмысымда зерттеу және тәжірибие эксперименталдық іс-әрекетіне және дидактикалық , қимыл-қозғалыс , ұлттық, сюжеттік-рөлдік ойындарға үлкен назар аударамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Зерттеу арқылы балалардың ой қабілеттерін арттыру және еңбекке баулу» тақырыбы бойынша шағын орталық тәрбиешісі

Тлеубергенова Күлмәш Серікқызының шығармашылық есебі


Мен, Тлеубергенова Күлмәш Серікқызы , «Айгөлек» шағын орталығында ортаңғы топ балалардың тәрбиешісі болып істеймін . Ортаңғы топқа 20 бала қатысады. Жұпта Аманжолова Алия Амангельдыевнамен бірге жұмыс жасаймын. Тәрбие оқу процессі мектепке дейінгі жалпы білім беру типтік бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Өзімнің жұмысымда зерттеу және тәжірибие эксперименталдық іс-әрекетіне және дидактикалық , қимыл-қозғалыс , ұлттық, сюжеттік-рөлдік ойындарға үлкен назар аударамын. Балалардың денсаулықтарын сауықтыру, нығайтуына жұмысына көп көңіл бөлемін. Түстен кейінгі гимнастика, тыныс алу гимнастика, сергіту сәттері , спорттық ойындар, спорттық іс-шаралар өткізіледі. Экологиялық білім беру саласына үлкен назар аударамын, сол бағытқа ата-аналарды да қатыстыруға тырысамын . Өзімнің жұмысымда өзім әзірлеген жұмыстарымен және де басқа педагогтардың тәжірибиелерімен пайдаланамын. Жұмысымда компьютер, интернет, оқыту фильмдарды қолданамын.

Келесі презинтацияларды : «Біздің шағын орталық», «Біздің күндеріміз», «Ата-аналармен балалардың табиғи материалдардан жасалған жұмыстар» жасадым .

2016 жылы қазан айында шағын орталықтың тәрбиешілеріне «компьютерлік технологияларын» пайдалану кеңес өткіздім. Қазақстан Республиканың 25 жыл Тәуелсіздігіне орай «Менің елім-Қазақстан» ашық оқу қызметін өткіздім.

2015 жылы Республикалық Интелектуалдық «Үркер» марафонына қатысып, Қанатова Балнұр 1-дәрежелі дипломына ие болды. Менің тәрбиенішулерім Дюсекеев Таир , Сейпи Фарида 2014,2015 жылдары «Пони» халықаралық байқауының жүлдегері болып саналды. 2016 жылы желтоқсан айында «Келді , міне , Жаңа жыл ортамызға, құт-береке әкелсін баршамызға »Республикалық

байқау жарияланды. Осы байқауға менің тобым қатысып, 1-дәрежелі дипломына ие болды. 2016 жылы 7 мамыр айында Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына орай мектепшілік «Сап және ән» байқауына қатысқан үшін «Айгөлек» шағын орталығы марапатталды. Әдістелік және дидактикалық материалдар толтырылып, үлкен жұмыс атқарылды. Әлеуметтік, ойлау, логика дамыту үшін ойын картатекасы құрастырылды. Отанымызға патриоттық сезім тәрбиелеу үшін әртүрлі ойындар жасалды. Үлкен уақыт экология жұмысына бөлінеді. Балалармен жобалық жұмыс құрастырылып, көкөніс, бидай өсімдіктерін бақыладық. Сонымен қатар дидактикалық ойындарды құрастырып пайдаланам: «Артық зат», «Сынарын тап» .Өзімнің жұмысымда ойын технологияға үлкен мән беремін. Балалармен зерттеулік және тәжірибие-эксперименталдық әрекеттерін өткіздім: құм, балшық, ауа, кар, тас, су, осыны жүзеге асыру үшін серуен картатекасы көмектеседі. Өткізілген жұмыс нәтижесінде балалардың құстар, жануарлар, жәндіктер, өсімдіктер, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білімдері кеңейді. Балалар қорытынды есеп салдарын байланыстара алады .Бағбан гүліне балалар қарағанда оның құрылысын, функциясын белгіледі: гулденеді, өседі, иісі бар, майысады, қурайды , көбееді.

Мектепке дейінгі білім саласында денсаулықты сақтау, нығайту бағыттары маңызды орын алады. Өз жұмысымда үлкен жұмыс майтабанды алдын алуға назар аударамын. Керекті жаттығулар масаждық тілемшені қолданамын. Екінші тәрбиешімен бірге «Әке, шеше және Мен» спорттық іс-шара өткіздім. Балаларды сауықтыру жұмысын ата-аналармен бірге жүзгіземіз.

Жұмыс барысында тәрбиенішулердің отбасылармен тығыз байланыстамын.

Мазмұны: 1) Отбасымен танысу, сауалнама жүргізу;

2) Жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысын өткізу;

3) Біріккен әрекеттер , спорттық ,тақырыптық іс-шараларға қатысу. Заттық дамыту ортасына әртүрлі заттарды жасау .

Келешекте жоспарлаймын: 1) Топта қолайлы – эмоцианалдық ауа- райын сақтау балалармен жеке жұмыс жасау; 2) Балалармен , педагогтармен, ата-аналармен серіктестік қарым қатынас қолдау; 3) Салауатты өмір салты бойынша жұмысымды жалғастыру.

Өз жұмыс тәжірибемен бөлісіп отырамын. Шағын орталық ішінде, бірнеше ашық оқу қызметін өткізіп , ustas.kz, ustas.tilegi ашық сабақтар сайтына жарияланды. 2017 жылы аудандық мектепке дейінгі тәрбиешілер семинарында «Түрлі жастағы топ жағдайында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың замануи технологиялары » атты баяндама оқыдым. Балалардың қабілеттерін арттыру мәселесін шешу үшін жаңа технологиялардың ең үздіктерін пайдаланамын, соның ішінде «лэп-бук»технологиясын қолданамын. Балалардың ой өрісін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға айрықша көңіл бөлемін. Ұстаз өзінің теориялық білімін, әдістемелік қабілетін арттырып отырса, оқу қызметі де өте қызықты да тартымды өтеді.

Оқу қызметімде оқушыларға ойын дамытатын тапсырмалар беріп, олардың ойлау деңгейлерін арттырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастырамын.

Мен мектептің қоғамдық жұмыстарына, шығармашылық өміріне де белсене қатысамын. Өз тәжірибеммен әріптестерімен әдістемелік семинарларда, конференцияда, дөңгелек үстелдерде, республикалық журналдарда, аудандық газеттерде мақалалар арқылы және сайттар арқылы бөлісіп отырамын. Қазақстан білім және ғылым әлемі «Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық журналында» оқу іс-қызметін жарияладым.

Шығармашылық есеп шағын орталық әдістемелік отырысында қаралды хаттама №3 12.12.2017ж және ustaz.tilegi.kz Республикалық ұстаздар сайтында жарияланды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.03.2018
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі