Материалдар / Зерттеу ғылымның бастамасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зерттеу ғылымның бастамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама 1-4 сыныптарға арналған Менің зерттеу ғылымның бастамасы атты бағдарлама курсымда дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында құрастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2021
445
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«КЕЛІСЕМІН»

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_________

«___»_______2021ж.


«БЕКІТЕМІН»

21 МЛ директорының

_______м.а. А.К.Акишева


«___»_______2021ж.









«Зерттеу жұмысы ғылымның бастамасы»

бағдарлама курсы



2021-2022 оқу жылы


Бастауыш сынып мұғалімі

Жаманова М.С.


Түсініктеме хат


Бұл бағдарлама оқушыларды «Зерттеу жұмысы – ғылымның бастамасы» атты ғылыми-зерттеу жұмысына баулуға және дүниетану , жаратылыстану сабақтарын оқытуға арналған.

«Зерттеу жұмысы- ғылымның бастамасы » атты курсы дарынды балаларды оқытудың зерттеушілік негізі. Оқушылардың потенциалды қабілеті ашылмай, оларды дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушылардың ізденушілік қасиетін қалыптастыру, зерттеуге, оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.  Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу жасынан басталуы тиіс.

Оқушы оқу бағдарламасын толық аяқтаған соң білу керек: 
• Ғылыми жоба деген не? 
• Зерттеу жұмысын ғылыми тұрғыда тану, түсіну.
• Зерттеу жұмысының қарапайым түрлерін білу және игеру.
Жасай алу керек:
• Өзін-өзі дамытуды жобалай алу;
• Заңдылықтарды сақтау, дұрыс безендіру;
• Сәтті қорғау, өзінің көзқарасын нақты және деректерге сүйене отырып дәлелдеу;
Негізгі жұмыс формалары:
• Түсінікті дамытуда топта және ауыспалы жұпта жұмыс жасау.
• Мәтінмен, деректермен, ресурстармен жұмыс жасау.
• Эссе, ғылыми жоба жазу, шығармашылық жұмыс жазу, оны жетілдіру, басылымға беру.
• Іс-әрекет өнімдерін, ойларын көпшілік алдында қорғау, тілдерін дамыту және т.б.
Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.
    Ғылыми жоба жұмысының құрылымын білу. Лауазым парағын толтыра білу. Кіріспе жазу. Негізгі бөлімнің тақырыптарын таңдай білу. Зерттеу нәтижесін талдай білу. Қорытынды жасауға үйрету. Анатация мен сілтеме талаптарын білу. Ғылыми жоба жұмысын қорғаудың түрлерін ажырата білу. а) ғылыми ақпаратта;
ә) ауызша қорғау.
   Алған нәтижелерді пайдаланып, жұмысты қорытындылап, ғылыми жобаны қорғай ала білу.
«Зерттеу жұмысы- ғылымның бастамасы » курсы қоршаған ортаның құпиясы мен сырын білуге ,туған жеріміздің табиғатын танып ,оның байлығын ысырап етпей ,үнемдеуді, айналамызда болып жатқан құбылыстарды түсініп зерттеуде , білімдерін және логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталатын бағдарлама.

Зерттеу жұмысы аптасына 4 сағат өткізіледі. Барлығы 136 сағат.

Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты сәйкес құрылады: сабақ өткізу әдістері, тапсырмаларды бөлу жолы айқындалады, ұжымдық жұмыс ұйымдастырылады, теория мен практикаға арналған уақыт жоспарланады. Әр сабақ ішіне теория элементтері, практика, демонстрациялау енгізіледі. Курстың теориялық бөлігінің негізін әдістемелік қоржында егжей-тегжейлі ұсынылатын материалдар құрайды.

Бұл жағдайда ұжымдық атқарылған жұмыстар жұмысты ұйымдастырудың неғұрлым табысты формасы болып табылады.

Жұмыс қорытындысын шығару, талдау және бағалаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Бағалаудың неғұрлым жарамды формасы – презентациялар, жұмыс қорғау, көрермендер алдында, соның ішінде мұғалімдер мен ата-аналар алдында сөйлеу болып табылады.

1-ші оқыту жылы соңында өзін-өзіне сенімді, танымдылық қабілеті дамыған шығармашылық жұмыстар өткізіледі.

2-ші оқыту жылы соңында оқушылар жоба қорғайды, оқушылар жұмысы көрмесі өткізіледі, біліміне баға беріледі.

.


























Мақсаты


Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру. Ғылыми -зерттеу жұмысына ғылыми –жоба құруға, оны барлық талаптарға сай құрастыруға, көрермендер алдында белгілі дәрежеде қорғауға дайындау. Сонымен қатар бағдарлама дарынды оқушыларды анықтап , дарынын одан әрі шыңдау ,әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін дамыту .Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң ойлау дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Зейін ,есте сақтау ,байқағыштық ,қиялдау ,танымдық іс әрекеттерімен нәтижелі жұмыс жасауға баулу; оқушыларға білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, негізгі ойын ашу жұмыстары жүргізіледі.Жұмыстың түрлері арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту , шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Негізгі міндеттер


Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытуға ,ой өрісін кеңейтуге ықпал жасау;

Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.

Оқушы бойында дүниетанымды қалыптастыруда адам,қоғам, табиғат туралы білімдерін дамыту.


Күтілетін нәтиже


Оқушылардың ақыл ойы,шығармашылығы,ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды .Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

Іздемпаздыққа ,өз беттерімен жұмыс істеуге дағдылануы ,қиял қабілеті кеңейеді.

Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушының білімін, біліктілігін дағдыларын меңгерумен бірге ,танымдарын қалыптастырады., және жеке бастарының қасиеттерін жан жақты дамытады. Сондықтан да ғылыми зерттеу жұмысы ,балалардың болашақ өміріне жол ашып көптеген жетістіктерге жетуіне пайдасын тигізеді. ..Ғылыми әдеби шығармашылықпен айналыса алады .Өзіндік ой пікірі қалыптасады .Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады . Алдына мақсат қоя білу және сол мақсатқа жетуге ұмтылады.


«Зерттеу жұмысы-ғылымның бастамасы» курсы жоспары

Аптасына 4
Барлығы – 136
сағат

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

1-2

Мен зерттеушімін. Зерттеу дегеніміз не?   Зерттеудің мақсат-міндеттерін қоя білу.


2

 

3-4

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға бағыттау.  Ғылыми жұмыс жазуға баулу. Оқушыларды шығармашылыққа, ғылыми зерттеу жұмысқа, жоба қызметіне тарту.


2

 

5-6

Жоба-зерттеу қызметінің формасы.Ғылыми практикалық конференциға қажетті материалдар

Дайындау.

2


7-8

Ғылыми жұмыста пайдаланатын көрнекіліктерді дайындау. Зерттеу қызметіндегі қоғамдық (жеке және топтық түрлері).Біз өсімдіктермен олардың бөліктерін зерттеуге тапсырма.Салыстырмалы диаграмма құру.    


2

 

9-10

Тұжырымдарды қоя білу машықтары. Сұрақ қою машықтарын дамыту.


2

 

11-12

Түсініктемелерге анықтама беруге үйрену.


2

 

13-14

Зерттеу жобасының алғашқы қорытындылары немесе өз сұрақтарына жауап іздеу   


2

 

15-16

Қызықты сұрақтар құрастыру.


2


17-19

Бақылау және бақылаушылық. Ізденіс және тәжірибелік, зерттеу және эксперименттік тұрғыдағы жұмыстар жасауға үйрету.


3

 

20-21

Адам өсімдіктерді қорғай алу үшін не істей алады?тақрыбына тапсырма.


2


22-23

Топтық жұмыс жасауға және қорытындылауға үйрету.


2

 

24-26

Әдебиеттерді таңдай білу, анықтамаларын, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге үйрету. Теориямен тәжірибені ұштастыру.

3


 

27-28


Ұйымдастыруды зерттеу. Мәтінмен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.



2


29-30

«Мен жүргізушімін». атты сауалнама жүргізу.


2


31-32

«Менің сүйікті кітабым».Кітаппен жұмыс жасау жолдары. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету. (Кітапханаға саяхат) 


2

 

33-34

Оқыған кітапқа түсініктеме құрастыру. Басты мәелеге көңіл аудару.


2

 

35-37

«Жануарлардың ғажап әлемімен танысуға шықырамыз» атты шығармашылық кеш.


3

 

38-39

Зерттеудің болжамын жасай білу. Мәлімет жинау. Жинақталған материалдарға талдау, жалпылау жасау. Дайын материалды ұсыну.

2


40-41

Ұжымдық зерттеу.Жануаралар қалай көбейеді?Ойлан тап сайысы.

2

 

42-43

Хабарламаны қалай дайындаймыз.


2

 

44-45

Зерттеу үшін материалды жинастыру тәсілдері.


2

 

46-47

    Ғылыми жоба жұмысының құрылымын білу. Ұйымдастыру және өткізу.




2

 

48-49

Кіріспе жазу. Негізгі бөлімнің тақырыптарын таңдай білу. Зерттеу нәтижесін талдай білу. Қорытынды жасауға үйрету.

2


50-51

Оқытуға, сауалнама жүргізуге, әлеуметтік сауалнама алуға, сұхбат алуға үйрету



2

 

52-54


Мектеп оқушыларынан «Сіз дұрыс тамақтанасыз ба?» атты сауалнама алу. Сауалнама нәтижесін диаграмма арқылы көрсету.



3


55-56

«Мен кім боламын? » атты сурет қөрмесін ұйымдастыру.


2


57-58

 Жиналған ақпараттарды топтастыру.


2

 

59-60

Зерттеу қорытындысын қалай дайындау керек.


2

 

61-62

«Жүзден жүйрік, мыңнын алғыр»зияткерлік сайыс өткізу.


2

 

63-64

Материалды және жоспарын құру, сөз сөйлеу


2


65-67

Мектеп схемасын құру. Нәтижесін топтық жұмыста ортаға салу.


3


68-69

Логика әлеміне саяхат.

2

 

70-72

«Дене сымбатын дұрыс қалыптасып келе ме?»Оны қалай білуге болады?Сұхбат өткізу.

3


73-74

Зерттеу жұмысын жүргізу. «Адамдар қандай коллекциялар жинаумен шұғылданады»


2

 

75-77

Жобаны қорғауға дайындық (практикалық жұмыс)


3

 

78-79

«Ауаны қалай ұстап алуға болады?» қызықты викторина өткізу.

2


80-81

Судың қандай қасиеттері бар?атты зерттеуге эксперимент жүргізу.

2


82-83

«Мен болащақ акынмын»Оқырмандар күніне арналған шығармашылық кеш.

2


84-85

«Табиғатты аялайық атты шағын» эссе жазу.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!