Материалдар / зерттеу жобасы "Менің өлкем"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

зерттеу жобасы "Менің өлкем"

Материал туралы қысқаша түсінік
зерттеу жобасы "Менің өлкем"«Менің өлкем» тақырыбына зерттеу жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт - дәстүрді алуыма Қазақстан деген ұлан байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші – салт - дәстүрі бола тұра қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны, бүгінгі таңдағы ұмыт болып, салт - дәстүрлердің кейбірі қолданыстан шығып жатқаны себеп болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
648
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны

1.Абстракт .................................................2-3

2.Кіріспе ....................................................4-6

3.Жобаның теориялық бөлігі....................7-12

4.Жобаның практикалық бөлігі...............13-18

5.Қорытынды .............................................19

6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........20































Абстракт

Тақырыбы:

« Менің өлкем».

Жоба жетекшісі

Қазақ тілі мұғалімі

Бейсекеева Айгерім Елтайевна

Түрі

Тәжірибеге бағытталған

Негізгі оқу пәні

қазақ тілі

Қосымша пәндер

Тарих, қазақ әдебиеті


Мақсаты

қазақ халқының бала дүниеге келген сәттен бастап 13 жасқа толғанға дейінгі салт-дәстүрлерін салт жоралар мысалында зерттеп, оның бала тәрбиесіндегі алатын орын айқындау, ұрпаққа дәріптеу



Міндеттері

-қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білу;

-баланың туылуынан бастап 13 жасқа толғанға дейін қандай әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер бар екенін зерттеу;

- сыныптастарымды қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру.

- баланың туылуынан бастап 13 жасқа дейін толғанға дейінгі салт-дәстүрлері туралы бүктелген кітап және баталар мен өлеңдер жинағын шығару және лепбук жасау

- Салт – дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын маңызына тоқталу.

Әдістері

бақылау

- сұрақ қою;

- жоба тақырыбы бойынша әр түрлі ақпарат көздерін зерттеу;

-сұхбат;

- алынған ақпаратты өңдеу


Жұмыс кезеңі

1) жобаның болжамы мен мақсаттарын алға қою;

2) жоба тақырыбы бойынша ақпарат жинау;

3) алынған мәліметтерді өңдеу, рәсімдердің бірін көрсетуді ұйымдастыру;

4)бүктелген кітап және баталар мен өлеңдер жинағын және лепбук жасау


Гипотеза

егер біз қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін зерттеп, сақтасақ, бұл ұлттық мәдениеттің сақталуына ықпал етеді деген болжам жасадым.


Өзектілігі

Жас жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігі, өйткені мұндай негіздері білмей біздің ұрпағымыз тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес.



Күтілетін нәтиже:

Жас ұрпақты сыпайылыққа, адамгершіліке, адалдыққа, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелейтін салт – дәстүрлеріміздің қолданылу аясын кеңейтсек ұлт болашағы да жарқын болмақ.

Жобалық топтың құрамы

Исманова Самира және Леденево орта мектебінің 3 сынып оқушылары



















Кіріспе

«Менің өлкем» атты зерттеу жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды

бөлімнен тұрады.

«Менің өлкем» тақырыбына зерттеу жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт - дәстүрді алуыма Қазақстан деген ұлан байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші – салт - дәстүрі бола тұра қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны, бүгінгі таңдағы ұмыт болып, салт - дәстүрлердің кейбірі қолданыстан шығып жатқаны себеп болды.

Менің ойымша, әр қазақ баласы өз салтын насихаттау барысында дәстүрлерге сүйене отырып өмір сүруі қажет.

Қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, біздің ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанына бар жан-тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игеруі керек.

Менің өлкем” тақырыбының алуының себебі қазақ халқының салт-дәстүрлерінің маңыздылығын келешек ұрпаққа көрсету. Жұмыс барысында 126-ға жуық салт –дәстүріміз, әдет-ғұрып, тыйымдар бар екенін білдім. Өз жұмысымда соның 7 түріне тоқталып кеттім.Оның ішінде салтымыздың түрі, дәстүрдің түрі , қазақы тыйымдардың түрі жұмысымның негізгі бөлімін құрайды. Сонымен қатар олардың білудің қажеттілігі, тәрбиелік мәні жөнінде кіріспе және қорытынды бөлімдерде ашып жазуға тырыстым.

Мақсаты:

Қазақ халқының бала дүниеге келген сәттен бастап 13 жасқа толғанға дейінгі салт-дәстүрлерін салт жоралар мысалында зерттеп, оның бала тәрбиесіндегі алатын орын айқындау, ұрпаққа дәріптеу

Міндеттері:

-қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білу;

-баланың туылуынан бастап 13 жасқа толғанға дейін қандай әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер бар екенін зерттеу;

- сыныптастарымды қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру.

- баланың туылуынан бастап 13 жасқа дейін толғанға дейінгі салт-дәстүрлері туралы бүктелген кітап және баталар мен өлеңдер жинағын шығару және лепбук жасау

- Салт – дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын маңызына тоқталу.

Зерттеудің болжамы ретінде, егер біз қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін зерттеп, сақтасақ, бұл ұлттық мәдениеттің сақталуына ықпал етеді деген болжам жасадым.

Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі жас отбасылар өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтамауынан салт-дәстүрлердің жойылуына әкеледі, сондықтан бұл мәселе қазіргі заманда маңызды;

Практикалық маңыздылығы: жұмыс материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өлкетану сыныптан тыс сабақтарында қолданыла алады;

Жобаның өзектілігі: Жас жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігі, өйткені мұндай негіздері білмей біздің ұрпағымыз тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес.

Зерттеу әдістері:

- сұрақ қою;

- жоба тақырыбы бойынша әр түрлі ақпарат көздерін зерттеу;

-сұхбат;

- алынған ақпаратты өңдеу

Зерттеу кезеңдері:

1) жобаның болжамы мен мақсаттарын алға қою;

2) жоба тақырыбы бойынша ақпарат жинау;

3) алынған мәліметтерді өңдеу, рәсімдердің бірін көрсетуді ұйымдастыру;

4)бүктелген кітап және баталар мен өлеңдер жинағын және лепбук жасау

Күтілетін нәтиже:

Жас ұрпақты сыпайылыққа, адамгершіліке, адалдыққа, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелейтін салт – дәстүрлеріміздің қолданылу аясын кеңейтсек ұлт болашағы да жарқын болмақ.
















Жобаның теориялық бөлігі

Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрі болады . Сол сияқты қазақ халқының өзіне тән қалыптасқан дәстүрлері бар екендігі бәрімізге мәлім.Бұл ертеден келе жатқан дәстүрлер ұрпақты инабатты, тәрбиелі, парасатты, саналы болуға тәрбиелейді. Мен де келешекте сондай азамат болып өсуді армандаймын. Біз өзіміздің салт-дәстүрімізді сақтаймыз, себебі бізге әжеміз бен атамыз үнемі айтып отырады. Өз халқының дәстүрін білу әр адамның міндеті деп ойлаймын.
Көшпелі және рулық -тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды.

Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген.

Отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың

балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Қазақ халқының көптеген әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің ішінен мен баланың дүниеге келуіне байланысты рәсімдерді зерттедім

  1. Шілдехана

  2. Ат қою

  3. Бесікке салу

  4. Қырқынан шығару

  5. Тұсаукесер

  6. Тілашар

  7. Мүшел жас

Шілдехана тойы

Picture 6

Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.[1] Тыштырма рәсімін бесікте баланың әжесі орындайды. Қолына толған құрт, бауырсақ, тәтті, қант, ірімшікті бесіктің тұбек байлайтын тесігінен өткізіп, “тышты ма?” деп сұрайды. Ал басқалар қолын созып, “тышты, тышты” деп, тәтті, бауырсақ алады. Кәде перзент сүймеген әйелдер сәбилі болсын және “сәбидің болашағы осындай тәтті және дәулетті болсын” деген ниетпен жасайды

Балаға ат қою рәсімі

Picture 1

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.

Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады. Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен.

Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін немесе айқайлап тұрған есімдерден аулақ болған жөн.

Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар XX ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі.

Бесіке салу

Рисунок 6

 Нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен

аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлекжаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және бесік жыры айтылады.

Қырқынан шығару

Picture 35





Бала туғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді.

Тұсау кесу

Рисунок 6

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Тілашар тойы

Рисунок 7 Picture 5

Әр отбасы баласы 6 - 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі – «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен - кішілер балаға «өстің», «азамат болдың», «алып бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын - жуық адамдар бала ата - анасына «құтты болсын» айтып, балаға «сәт - сапар» тілейді.

Мүшел жас

Picture 2 Picture 1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!