Баянаула өңірінің киелі
жерлері мен қасиетті
тұлғалары
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Республикамыздың әр аймағында киелі жерлері мен қасиетті тұлғаларға қатысты деректер жиналып, осыған байланысты қасиетті орындардың картасы жасалуда. Жалпы Баянауыл еліне қатысты том-томдаған кітаптар баршылық. Бұл еңбекте қасиетті тұлғалар мен киелі мекендерге деген бүгінгі ұрпақтың үлкен құрметі болмақ. Сонау, Скиф, Сақ, Ғұндар мен Қыпшақтардың қала берді Көне Түркі дәуірінен сақталған жәдігерлер бүгінгі заманмен ұштасуда екені баяндалады. Жоғарыда аталған қасиетті орындар және көне жәдігерлерді академиктер Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, тарих ғылымдарының кандидаты М.Қадырбаев және бүгінгі таңда осы тақырыптың төңірегінде жұмыс жүргізіп жатқан археолог ғалымдар А.К.Ақышев, В.К.Мерц, Т.Н.Смагуловтардың зерттеулері айғақтайды. Көне бабалардан қалған жәдігерлерді зерттеу барысында тарихшылар мен этнографтардың да еңбектері ұшан теңіз. Ұлы ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазғандарының өзі том-томдаған кітаптарға жүк болмақ. Бұл жинақ алдағы атқарылатын үлкен істің тек қана бастамасы. Келешекте тұлғалар мен қасиетті орындарға қатысты деректер толық зерттеліп, оқырмандарға ұсынамын деген ойдамын.
Баянауыл ауданы бойынша анықталған киелі және қасиетті орындардың саны – 84. Оның 63-і облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасына жіберілді. 21 сакралдық орындар бойынша жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
Менің өмір сүріп,ауасын жұтып жүрген жерім Күркелі даласы. Күркелі ауылдық округі аумағында – 10.
-
Байқожа бұлағы
-
Жарылғапберді Жұмабайұлының зираты
-
Батыртоғай тауы
-
Лекер әулиенің қорымы
-
Сәрсенбай бұлағы
-
Әулие бұлақ
-
Қосым Пішенбаевтың зираты
-
Әулиетас тауы
-
Желтау тауы
-
Жақып Пірәдар Тоқбайұлының ата-бабасының қорымы
Атауы: Байқожа бұлағы

(1 сурет) (2 сурет)
Орналасқан жері: Күркелі ауылдық округі, қазіргі Ж.Шанин ауылына қарасты Шоманкөл ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан.
Қысқаша анықтама: Байқожа бұлағы 4 құбылаға қарсы аққан бұлақ суының ерекше қасиеті бар. Жаман аурумен ауырған адамдар осы бұлақтан су алғызып ішкен. 3 күндік өмірі қалды деп, дәрігерлер қайтарып жіберген, төсек тартып ауырып жатқан адам, сол судан ішіп айығып кеткен (1 сурет) Осыдан кейін 4 жылдай өмір сүріп қайтыс болады. Солардың бірі Кәлиев Қаби ата болатұғын. Судың дәмі құтты, қант қосып қойғандай тәтті болған. Байқожа бұлағынан 500 метрдей жерде жалғыз оба бар. Обаның тең ортасында 3 қайың жайқалып өсіп тұр. Ал айнала шеңбер жасап жас қайындар өсуде. (2 сурет). Осыдан 800 метр жердегі екінші бұлаққа Байқожа бұлағы қосылып, Еспе өзеніне құяды. Осы екі аралықта көптеген обалар жатыр. Кейбіреулері қазылған. 1983 жылдың күз айында алтын бесік алынған обаның орны сол бетінше тұр. Осы жерде бір таңбасы бар тас басында жатыр. Еспе өзенінің арғы бетінде бал-бал тастар көп кездеседі. Тіпті мекені деседе болады. Осы жерді Тұйық жар деп атайды. Тұйық жармен шектесіп қарсы беткейде Жыладыр тауы орналасқан. Бұл жер атақты әнші композитор Жарылғапберді Жұмабайұлының қыстауы. Оңға-солға аққан саны көп бұлақтармен, жерін жасыл кілемге ораған құт қонған құтты да көрікті мекен.
Атауы: Жарылғапберді зираты

Орналасқан жері: Күркелі ауылдық округі, Күркелі ауылының солтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан.
Қысқаша анықтама: Жарылғапберді Жұмабайұлы 1851 жылы Баянауылда дүниеге келген. 1914 жылы қайтыс болған. Әнші, композитор, ақын. Қазақ музыка өнерінің тарихында жарқын өнерімен өшпес із қалдырған үлкен өнерпаздың бірі. Жарылғапбердінің өмірі мен өнер жолының көп беттері бізге жұмбақ.
Ауыл мектебінде оқыған. Қазақтың белгілі әнші-композиторы, суырып салма ақыны. Арабша оқыған, шығыс поэзиясын жақсы білген. Ел арасында жыр, қиссаларды жатқа айтып, саятшылық өнермен айналысқан, палуандар сайысына да қатысқан. Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шормановтармен араласа жүріп, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңірінде шыққан әндерді Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген. Шоқан әулетіндегі қобызшы Қанғожа, әнші Қозыкемен дос болған. Ол шырқаған «Топайкөк» әні ел ішіне кең тараған. Махаббат тақырыбына арналған әндері кезінде көп болған. Сырымбет жерінен шыққан «Топайкөк» әні Жарылғапберді есімімен ел ішіне кең тараған. Жарылғапберді кезінде ғашықтық әндерді көп шығарған. Халық жадында тек «Шұбартау», «Шама», «Қаракөз», «Ардақ», әндері сақталған. Бұл әндерді Балабек пен Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ғ. Айтбаев орындап бүгінгі ұрпаққа жеткізді. «Ардақ» тағы басқа әндер шығарып, оларды өзі үлкен шеберлікпен орындаған. «Ардақ» әні жалпы музыкалық өңерінің табысы, Жарылғапбердінің өз алдына әншілік мектебі болды. «Азан» әнін А.В.Затаевич өте жоғары бағалап, музыка өнеріндегі құнды олжа деп атаған. А. Жұбанов Жарылғапбердіні «ұлттық ән өнерінің ірі өкілі» деп бағалаған. Баянауылдан 35 шақырым қашықтықтағы Жылыадыр деген жерде 1851-ші дүниеге келіп, 1914-ші жылдың маусым айының бас кезінде, өзінің ата қонысында, пайғамбар жасында дүниеден қайтқан. Жарылғапберді Қаржас руының ішінде Сатылған атасынан.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зерттеу жұмысы. "Күркелі даласындағы сокралды жерлер"

шағым қалдыра аласыз