Материалдар / Зияткерлік ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зияткерлік ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2024
73
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

«Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Садырбеков Сымбат Аманжолұлы

Сынып

7

Күні


Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Бөлім

4-бөлім. Ұлттық және зияткерлік ойындар спорттық ойындар

Сабақтың тақырыбы

Зияткерлік ойындар.

Оқу мақсаттары

7.2.6.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

Бағалау критерийі

Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару.


Ынтымақтастық атмосферасы.

«Мен елімді сүйемін» тренингі.












Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Суреттер арқылы жұпқа бөлу.

Таңдап алынған суреттері арқылы сабақтың тақырыбын, бағалау критерийлерін анықтау. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушылар қатарға тұрып, Сәлемдеседі. Кезекші рапорт береді. Сабақта жоқ баланың себебін түсіндіреді.





«Мен елімді сүйемін» тренингін жасайды. Шеңбер болып тұрады.

- Достары көп болса, көршінің басын сипайды;

- Үйлерінде мысық болса, өз бастарын сипайды;

- Иттерді жақсы көрсе, көршіні құшақтайды;

- Құстарды жақсы көрсе, қолдарын созады, құстарша қанат қағады;

- Мектепті жақсы көрсе, аяқтарын топырлатады;

- Егер Отанымызды жақсы көрсе, алақандарын соғады.


Бой жазу жаттығуларын орындайды. Тыныс жолдарын қалпына келтіреді.





Суреттер алу арқылы жұпқа бөлінеді. Қолдарындағы суреттерге қарап сабақтың тақырыбын анықтайды. Мақсатымен танысады. Бағалау критерийлерін анықтайды.









Үлкен бос ойын кеңістігі, ысқырық, секундомер






















https://youtu.be/Nj3LOwIRHrw?si=S3xFSKzrI1QUIWCT














Қима қағаздар













Тоғызқұмалақ тақтасы









Сабақтың

ортасы

30 минут

« «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелері» бейнеролик көрсету.

Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу екендігін түсіндіріңіз.

«Кім жылдам?» сұрақ-жауап әдісі арқылы бейнематериалды пысықтау.

Сұрақтар:

- Ойын қалай басталады?

- Ойын қалай аяқталады?

- Бұл ойында артықшылыққа ие болуы үшін, қандай шабуылдау стратегияларын пайдалануға болады?

- Сендер қандай тактикалар менстратегияларды білесіңдер және қандай таныс тактиканы мен стратегияларды қолдана алдыңдар?

ҚБ: «Үш шапалақ»

Тоғызқұмалақ ойынының ережесі туралы бейнеролик көреді.





Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды. Топ қатысушыларына өзінің ойыншысына көмектесулеріне болады.


«Анықтама» әдісі арқылы оқушылар жұптарымен берілген терминдерге анықтама береді.

Тапсырма:

«Қазан», «Отау», «Тұздық», «Атсырау» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз. Әр отаудың аттарын тоғызқұмалақ тақтасы арқылы атаңыз.

Дескриптор:

- «Қазан», «Отау», «Тұздық», «Атсырау» анықтамасын береді;

- 9 отаудың аттарын атап, ажыратады;

ҚБ: «Бас бармақ»


Зияткерлік «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнаңыз.

Дескриптор

- тоғызқұмалақ ойынын ережесімен ойнайды;

- тұздық алу мақсатын ұғынады және ойында қолданады;

- қарсыласын «атсырау» жағдайына дейін жеткізеді;

- ойында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады;

Оқушылардың ойынын бақылайды.

ҚБ: Қолпаштау сөздер

Оқушылар жұптарымен қолдарына түскен терминдердің анықтамасын береді.

1. отау - арт,

2. отау - тектұрмас,

3. отау - ат өтпес,

4. отау - атсыратар,

5. отау - бел,

6. отау - белбасар,

7. отау - қандықақпан,

8. отау - көкмойын,

9. отау -маңдай.







Өз жұптарымен дескрипторды ескере отырып, «Тоғызқұмалақ» ойнайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың «Тоғызқұмалақ» ойнау кезіндегі кемшіліктерін ескере отырып жұмыс жасайды.


Үйге тапсырма: ойын ережелерін қайалау


Кері байланыс «Шынығу» әдісі

Белгілі қозғалыстарды орындау арқылы рефлексиялық баға беруді ұсынамыз.


Оқушылар өзіне айтлған ескертулерді ескере отырып ойынды аяқтайды.





Сабаққа кері байланыс жасайды.

Келесі қозғалыстар ұсынылуы мүмкін:

- Жүресінен отыру – төмен баға, келеңсіз көзқарас;

- Әдеттегі тұрған бағыты, жым болып тұру – жақсы баға, қалыпты көзқарас;

- Қолын жоғары көтеріп, алақанын соғып, аяқтың ұшымен тұру – өте жоғары баға, масаттанған көзқарас.





Шығыс Қазақстан облысы. Тарбағатай ауданы. Шолақорда ауылы

«Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ








«Тексерілді»

ДОІЖО П.С. Ахметқалиева









ТІЗБЕКТЕЛГЕН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТОПТАМАНЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Зияткерлік ойындар.



Пән: Дене тәрбиесі


Сынып – 7























Пән мұғалімі – Садырбеков Сымбат Аманжолұлы


2023-2024 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!