Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зияты бұзылған балалардың тілін дамытудағы мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог, логопед мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зияты бұзылған балалардың тілін дамытудағы мәселелер

Тілдің адам баласының өмірінде маңызы зор. Ол адамның бір –бірімен қарым -қатынас жасау құралы, дамудың жалпы көрсеткіші, психика дамуының көрсеткіші.

Сөйлеу- тіл арқылы өз ойын жеткізу құралы. Ол психологиялық қатынастың өалыптасып, оны тіл арқылы жеткізу болып табылады.

Соңғы жылдары зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, қалыптастыру қиыншылықтарының санының айтарлықтай өсуі белгіленген. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз не?

Байланыстырып сөйлеу- тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі.

Байланыстырып сөйлеу тілі балада ерте жастан -ақ пайда болады.

Төменгі мектеп жасындағы зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілін мынадай атақты ғалымдар зерттеген: В.Г.Петрова., М.П.Феофанов., Г.М.Дульнев., Ж.И.Шиф., З.Н.Смирнова., Л.В.Занкова., М.С.Певзнер т.б.

Бірақ бұл ғалымдардың зерттеулері орыс тілінде оқитын, зияты зақымдалған оқушылармен жүргізілген. Ал нақты зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін зерттеген ғалымдар да жетерліктей, олар өзіміздің отандық ғалымдарымыз: Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева К.К., Коржова Т.М., Л.Вавина., Айтметов С.Ш. т.б.

Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінде кездесетін бұзылыс және түзету жоғарғы жүйке жүйе әрекеті мен психикалық дамуына байланысты. Зияты зақымдалған балалардың сөйлеуге дейінгі кезеңдегі кешігуі байқалады. Қалыпты дамыған бала 4-8 айда былдырласа, ақыл ойы кем бала 12 айында (М.Стразула бойынша). Дебил балаларда алғашқы сөздері үш жаста пайда болады (Кассиль, Шлезингер бойынша). 2.5-5 жаста алғашқы сөздерді айтады (Кармен бойынша). Қалыпты дамыған балалар 10-18 айда алғашқы сөздерін айтады.

Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тілі өмірінің бірінші айларында ақ даму ерекшеліктері көріне бастайды. Әрі қарай бұл артта қалушылық күрделенеді (ерте жастан қолға алынбаса).

Мектеп жасына дейінгі кезеңдерде сөйлеу тілінің заттық әрекеті, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, эмоциясы, фонематикалық есту қабілеті, артикуляциялық аппараттың жұмысы төменгі деңгейде қалыптасады. Ақыл ойы кем балалардың көбісі мектеп жасына дейінгі кезеңдерде, яғни төрт бес жаста сөйлей бастауы керек.

Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде ойлау әрекетінің көрнекі заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына назар аударуы қажет.

С.Я.Рубенштейн ақыл ойы кем балалардың сөйлеу тілінің толық жетілмеуінің негізгі себептері: «Бас ми қыртысының тұйықтаушы функцияларының әлсіздігі, барлық анализаторларда жаңа дифференцияциялардың баяу жасалуы» деген.

Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің келесі бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады.

Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін, семантикалық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анықтайды. Нәтижесінде қажетті сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.

Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің жетілмеуінің себебі, балалардың сөйлеу белсенділігінің, талаптану деңгейінің төмендігі, сөздік қорының кедейлігі.

Байланыстырып сөйлеу тілі өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады.

Сонымен, зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеу тілі өзгеше және баяу дамиды, ол өзінің ерекшелігімен сипатталады. Ол балалардың жоғарғы жүйке жүйесінің әрекет ерекшеліктеріне, психикалық ерекшеліктеріне, танымдық әрекеттерінің даму ерекшеліктеріне байланысты.


Әдебиеттер тізімі:


  1. Өмірбекова Қ.Қ. «Формирование связной письменной речи учащихся IV классов вспомогательной школы» Автореферат. Москва, 1985

  2. Бектаева К.Б., Рахимова С. «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» Алматы, 2007.

  3. Өмірбекова Қ.Қ «Логопедия негіздері»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12