Материалдар / «Зооантропоноздар, зооноздар, антропозооноздар туралы түсінік»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зооантропоноздар, зооноздар, антропозооноздар туралы түсінік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ветеринария мамандығындағы колледж студенттері үшін «Зооантропоноздар, зооноздар, антропозооноздар туралы түсінік» тақырыбындағы ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
173
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Індеттану микробиологиясымен пәнініен «Зооантропоноздар, зооноздар, антропозооноздар туралы түсінік» атты ашық сабақ



Жоспары


І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (30 мин)


  1. Инфекцияға сипаттама

  2. Инфекция түрлері

  3. Инфекциялық аурулардың таралуы

  4. «Инфекция пазлы» ойыны

  5. Үш тілде инфекциялық ауру қоздырғыштарының жасырылуы



ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)

  1. Зооантропоноздар туралы түсінік

  2. Зооноздардың бөлінуі

  3. Антропозооноздарға сипаттама


ІV. Бекіту (20 мин)

  1. «Алтын сақа» ойыны

  2. «Кім тапқыр» ойыны

  3. «Шынжырдағы үзбелер» ойыны


V. Бағалау (5 мин)


VІ. Үй тапсырмасы (2 мин)

  1. Үй жануарларынан жұғатын зооназдар

  2. Жабайы жануарлардан жұғатын зооназдар




VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (5 мин)









Пәні: Індеттану микробиологиясымен

Сабақтың тақырыбы: Зооантропоноздар, зооноздар, антропозооноздар туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларға зооантропоноздар жайлы түсіндіру, меңгерту

2) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдерін зооноздар түрлерін және анықтай білуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды антропозоононоздық ауруларды болдырмау жолдарын білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: слайд, плакат, асық және қоржын

Сабақ түрі: теориялық

Пән аралық байланыс: биология, ішкі жұқпайтын аурулар, паразитология, мал шаруашылығы;

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу; оқу құралдарын тексеру, аудитория тазалығына мән беру, журналды толтыру;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (30 мин)

  1. Инфекцияға сипаттама

  2. Инфекция түрлері

  3. Инфекциялық аурулардың таралуы

  4. «Инфекция пазлы» ойыны

  5. Үш тілде инфекциялық ауру қоздырғыштарының жасырылуы


III . Жаңа сабақ (25 мин)

  1. Зооантропоноздар туралы түсінік

  2. Зооноздардың бөлінуі

  3. Антропозооноздарға сипаттама


Инфекция қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы aypулаp

зооноздар жэне антропоноздарға бөлінеді. Зооноздардың қоздырушылар

бастауы - жануарлар болып табылады. Бұл аурулар ктеноздар, терионоздар

және ктенотерионоздар тобына жіктеледі. Ктеноздардың (грекше kteis - үй

хайуаны) қоздырушыларының бастауы тек қана үй жануарлары. Оларға маң-

қа, сақау, пуллароз, колибактериоз, т.б. жатады. Терионоздардың (therion -

аң) қоздырушыларының бастауы тек қана жабайы жануарлар. Бұл ауруларға

түйе обасы, туляремия, мелиоидоз жатады. Ктенотерионоздардың

бастауы үй хайуанаттарымен қатар жабайы жануарлар да бола алады. Оларға

лептоспироз, листериоз, шошқа обасы, аусыл, т.б. жатады.

Антропоноздардың қоздырушыларының бастауы адам болып есептеледі.

Адамнан жануарларға туберкулез, шешек қатарлы аурулар жұғады. Адам мен

жануарларға ортақ аурулар саны біршама. Олардың қоздырушыларының бас-

тауы адам мен жануарлар бұл аурулар зооантопоноздар (негізгі бастауы -

жануарлар) немесе антропозооноздар (негізгі бастауы - адам) деп аталады.

Жануарларға тән жұқпалы ауруларды зооноздар, адамның жұқпалы аурула-

рын антропоноздар, ал адам мен жануарларға ортақ ауруларды зооантропо-

ноздар немесе антропоноздар деп атау да қолданылады.

Жануарлардың жұқпалы ауруларының адам үшін қауіптілігіне ерекше

мән беріледі. Бұл аурулардың адамға жұғу мүмкіндігін аурудың зоонотика-

лық потенциалы деп атайды.

Сапроноздар. Қалыптасқан ғылыми қағидалар түрғысынан инфекция қоздырушысының бастауы тек қана тірі организмдер деп қарастырылғанымен сыртқы орта нысандарының да ауру қоздырушыларының өсіп-өніп, сақталуындағы маңызын ескермеуге болмайды. Тек қана токсикоинфекциялардың қоздырушылары ғана емес, бірқатар басқа да зардапты микробтар сыртқы ортада өсіп-өне алады. Мүндай микробтар қоздыратын аурулар сапроноздар деп аталады. Оларға дерматомикоздар, листериоз, лептоспироз, сальмонеллез клостридиоздар қатарлы аурулар жатады.

Зооноздар (зоо... және гр. nosos – ауру) – әр түрлі жабайы және үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары.

Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері бактерияларвирустарриккетсияларсаңырауқұлақтарқарапайымдарқұрт тар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздарды екі топқа бөледі:

1) үй жануарларынан жұғатын зооноздар (ктеноздар) сальмонеллезсарыпаусыллептоспирозмаңқамелиоидозорнитозаспергиллезтрихофитиямикроспориятоксоплазмоз, т.б.

2) жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар (терионоздар)

- обатуляремиякене энцефалитіриккетсиозтрипаносомоз, т.б.

3) үй жануарлары мен жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар (ктенотерионоздар)

- лептоспироз, листериоз, аусыл т.б.

Таралуы жағынан белгілі бір тұрақты аймақтармен шектелетін зооноздарды табиғи ошақтық инфекциялар деп атайды. Зооноздар қоздырғыштары эволюциялық даму барысында белгілі бір жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Кейбір аурулардың қоздырғыштары адамдар мен жануарлардың организмінде тұрақты айналыста болып, түр ретінде сақталуға бейімделген. Ондай қоздырғыштар ауруларын антропозооноздар немесе зооантропоноздар дейді (дене сарғаю қызбасы, африкалық және америкалық трипаносомоз, тениоидоз, описторхоз, т.б.).

Зооноздар адамнан адамға сирек жағдайда жұғады (мысалы, оба ауруы кезінде), көбінесе, адамдарға жануарлардан жұғады. Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне (мысалы, саршұнақтардың, кенелердің көктемгі-жазғы белсенділігінің күшеюі) байланысты зооноздардың маусымдық таралуы байқалады (мысалы, оба індеті, кене энцефалиті, т.б.). Қоздырғыштар сүт, сілекей, несеп, қи арқылы тарайды. Зооноздар ауырған жануарлардың өзінен немесе олардан алынған өнімдерден дайындалған азық-түліктен, ауру малдың қи-несебімен, ласталған судан, жемнен, қорадан, жайылым топырағы арқылы, сондай-ақ маса, бүрге, сона, шыбын-шіркей, кене шаққанда жұғады.

Бұл ауруларға қарсы күрес жүргізуде санитарлық-малдәрігерлік шаралар: ауырған малды дер кезінде анықтау, оларды сау малдан оқшаулау; ауру малдың сүтін сатуға және ветеринарлық бақылаудың рұқсатынсыз союға тыйым салу, малды алдын-ала егу, т.б. басты рөл атқарады. Залалсыздандыру шараларын жүргізудің және жеке бастың тазалық ережелерін сақтаудың маңызы зор.





Аусыл аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, ол желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болу арқылы ерекшеленетін үй және жабайы аша тұяқты жануарлардың вирустық ауруы.

Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауруы туралы бірінші жазба деректі 1546ж Италияда Д.Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Леффер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетінін фрацуз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады.

Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ. Жапония. Канада сау болып есептеледі.

Қоздырушысы – РНҚ-лы, риновирустар туыстығына, тұқымдастығына жатады. Антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке: О, А, С,САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия -1 бөлінеді. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, енеке, түйе, ешкі, қодас, бұғы және көптеген аша тұяқтылар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады.


Туляремия - қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру. Қоздырғышы-Frahcisella tularehsis, Francezella туысы, Brucellaceae тұқымдасына жатады. Екі антигендік комплексі бар:

  • қабықтық Vi антиген

  • соматикалық О антиген

Ұсақ кокк тәрізді және таяқшалар, капсула түзеді, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада төзімді. Гр «-». Қоздырғыштың 3 түрі бар:

  • арктикалық емес (американдық)

  • орта азиаттық

  • галарктикалық (еуропа-азиаттық)





ІV. Бекіту (20 мин)

«Алтын сақа» ойыны арқылы оқушылар қоржын ішінен асықты таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді.

    1. Инфекция қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы аурулар нешеге бөлінеді? ( Зооноздар және антропозооноздар)

    2. Зооноздардың қоздырушылары? (Жануарлар)

    3. Зооноздар неше топқа бөлінеді? ( ктеноздар, терионоздар, ктенотерионоздар)

    4. Антропоноздар дегеніміз не? ( Адамнан жануарларға жұғатын жұқпалы аурулар)

    5. Ктеноз қоздырушылары ( тек үй жануарлары)

    6. Үй жануарларынан жұғатын зооноздарға қандай аурулар жатады?

(маңқа, сақау, колибактериоз)

    1. Зооантропонозды ауруларға жататын ауруларды ата ( аусыл, бруцеллез, сібір жарасы)

    2. Терионоз қоздырушылары (үй жануарлары мен жабайы жануарлар)


«Кім тапқыр» ойыны





  1. Ктенотерионоздарға жататын зооноз аурулары (лептоспироз,листериоз)

  2. Бруцеллез, аусыл, сібір жарасы аурулары қандай инфекциялық қоздырушыларға жатады? (Зооантропонозды)

  3. Ктенотерионоздардың қоздырушылары (үй жануарлары мен жабайы жануарлар)

  4. Жабайы жануарлардан жұғатын зооноздарға қандай аурулар жатады?

(түйе обасы, туляремия)

  1. Зооантропоноз дегеніміз не? (жануарлардан адамға жұғатын жұқпалы аурулар)

  2. Зоонозды ауруларға қарсы күрес шаралары ( сау малдан оқшаулау, мал өнімін пайдалануға болмайды)


«Шынжырдағы үзбелер» ойыны

Әр топтан екі оқушыдан алты оқушы шығып, шеңбер құрайды. «Шеринг әдісі» бойынша оқушылар өткен тақырыптардан ойларын жинақтайды. Бірінші оқушы бір термин сөз айтып екінші оқушыға қол жалғайды, екіншісі анықтамасына тез жауап беру қажет.

V. Бағалау (5 мин)



Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру

Бекіту

Қорытынды бағалау

Сабақ айту

Микроб пазлы

Үш тілде ауру қозд.

Алтын сақа

Кім тапқыр

Шынжырдағы үзбелер


1

Арғынбаев Ғалымжан








2

Әшірбек Мейрамбек








3

Әшірбаев Нұрболат










VІ. Үй тапсырмасы (3 мин)

  1. Үй жануарларынан жұғатын зооназдар

  2. Жабайы жануарлардан жұғатын зооназдар


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)


  1. Т.Сайдолдаұлы « Індеттану» Алматы 2010,

  2. Т.Сайдулдин « Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары » Алматы – 1999

  3. Қ.Б. Орынтаев, «Зардапты анаэробтар тудыратын инфекциялық аурулар» Алматы 1993,

  4. « Мал аурулары » Қожабеков.Б.Алматы 1989

  5. Ветеринариялық заңнама ІІ– ІІІ том.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!