Материалдар / "Зорлық зомбылыққа жол жоқ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Зорлық зомбылыққа жол жоқ"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2019
4598
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Тақырыпқа шолу.Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Кіріспе.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тән және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Негізгі бөлім.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
«Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармағанымыздың нәтижесі» деп пайымдайды Н. Гладырь.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанысыз» дейді халқымыз.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген:
«Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қал бермек» дейді облыстық балалардың құқықтары қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.
Балалар құқығын қорғау.
7 тарау. Бала және қоғам.
36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан сақтау.
1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттық, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
2.СӨС насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.
4-тарау. Бала және отбасы
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.
Бала отбасында Қазақстан Республикасы конституциясында, осы заңда және ҚР-ның өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...
Қорытынды.
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы Ғылыми жобаны былай қорытындылағым келеді.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін, себеб
і біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз».



Зорлықсыз балалық шақ


Сабақтың тақырыбы:Зорлықсыз балалық шақ
Сабақтың мақсаты: Осы Заң арқылы балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берілген негiзгi құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу.
Сабақтың түрі:Әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

ІІІ. Негізгі бөлім
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби.
Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңдар нормалары жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларың жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаттарына шолу.
Балалар құқығын қорғау
6-слайд. 7-тарау. Бала және қоғам
7-слайд. 34-бап
8-слайд. 36-бап
10-слайд. 20-баптар туралы түсіндірілді.

Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылау.





«Сонымен бүгінгі ақпараттық сағатымызды былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.Себебі біз зорлық зомбылыққа қарсымыз. Тыңыдағандарыңызға Рахмет.

















Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?

(Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама)


-Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.
-Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
-Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.
-Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
-Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.



БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ, СЕБЕБІ БАЛА – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТТЫ ЖАН!
Қымбатты ата-аналар, зорлық – зомбылықсыз болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.
































Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:
1) заңдылыққа;
2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;
3) адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;
4) отбасын қолдау және сақтауға;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;
6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;
4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;
5) ішкі істер органдары;
6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;
7) білім беру органдары;
8) көмек көрсету ұйымдары;
9) дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле жүріңіздер.


Ата – аналарға жадынама Балаға дене жазасын қолданбас б ҧ рын, тоқтаңыз, ойланыңыз ! Дене жазасы: 1. Балаға зорлық - зомбылық сабағын береді. 2. Әрбір бала қажет қылатын сӛзсіз сҥйіктілік сенімін бҧзады. 3. Ӛтіріктің болуы. Ата-ана педагогикалық міндетті шешім қабылдап жатқан болып, баладан ӛз ашуын алады. Ересектер баланы кезінде ӛзін соққасын соғады. 4. Балаға қарама-қайшы дәлелдемеге сену керектігін ҥйретеді: «Мен сенің игілігің ҥшін соғамын». Баланың миы бҧл ақпаратты сақтайды. 5. Ашу мен кек алуды шақырады, соңғысы қысылып, артынан туындайды. 6. Ӛзінің және басқаның қайғысына тӛзімділігі бҧзылады да, сол арқылы баланың ӛзін және әлем танымдылығы шектеледі. Бала бҧдан қандай сабақ алып шығады? 1. Ол қҧрмет кӛрсетуге ие болмайды. 2. Жаза қолдану арқылы жақсыны ҥйренуге болады (ол әдетте ӛз кезегінде басқаны да жазалау ниетінің пайда болуына ҥйретеді). 3. Қайғының жҥрекке жылы қабылдамауы керек, оны назарға алмау керек, бҧл имунды жҥйеге қауіпті. 4. Зорлық-зомбылық – бҧл сҥйіспеншілікті білдіру. Осы негізде кӛптеген бҧрмалаушылық шығады. 5. Сезімді мойындамау – қалыпты қҧбылыс. 6. Ересектерден қорғаныс жоқ. Балаларда ашу ыза қалай пайда болады? 1. Қорғансыздар мен әлсіздерді келеке қылу. 2. Сыныптастарыменен тӛбелесу. 3. Қыз балаларды кемсіту, қорлау, боқтау. 4. Мҧғалімдерімен нашар қатынаста болуы. 5. Ашу ыза сезімін қайтадан бастан кешіретін теледидарлық бағдарламалар мен бейнеойындарды таңдау. 101 Ата-аналарға кеңестер 1. ЖАҚСЫ ҤЛГІ КӚРСЕТІҢІЗ. Қорқыту, ҧрып-соғу, психологиялық қысым кӛрсету, намысына тию және т.б. тәсілдер жағдайды оңтайлы шеше бермейді. Балаңыз Сізді ҥлгі тҧтып, Сізден ӛз ашу-ызасын кҥш қолданбай басуға ҥйренеді. Шек белгілеңіз. Шектеулер қою арқылы зорлық кӛрсетпей, ӛзіндік тәртіпке, кӛңіл-кҥйін бақылай алуға ҥйретеді. 2. МЕКТЕПКЕ ЖИІ БАРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛЫҢЫЗ. Егер сіздің балаңыз дағдарыс тудыратын, ӛзін басқалардан кем сезінетін мәселеге тап болса, онда мектепке барыңыз. Мектеп қызметкерлері балаларды оқу мен жетілуге кӛмектесу қажет. 3. БАЛАЛАРҒА ТЕЛЕДИДАРДАН КӚРСЕТІП ЖАТҚАН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АЙТЫҢЫЗ, ҥндемей сӛндіріп тастамаңыз.Фильмдерде кӛрсетілетін зорлық-зомбылықтар – қызықтыру ҥшін,қоздыру ҥшін, кӛрерменді ҧстау ҥшін қажет ӛнім екенін тҥсіндіріп,осындай фильмдегі жағдайларды ӛмірде қолданудың ешқандай жӛні жоқ екенін айтыңыз. 4. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӚРЕМІН» ДЕГЕН СӚЗДІҢ МАҢЫЗЫН БАҒАЛАҢЫЗ. Кез-келген жастағы балалар мейірімге, жақсы кӛруге, басынан сиап, арқасынан қағуға зәру. Олар «Мен сені мақтан етемін!» деген сӛзді естігісі келеді. 5. ӚЗ БАЛАҢЫЗБЕН ЗОРЛЫҚТАР ТУРАЛЫ СӚЙЛЕСІҢІЗ. Сізбен ӛз қорқынышы, ашуы мен реніші жайлы сӛйлескісі келген ниетіне қолдау кӛрсетіңіз. Ата-ана ӛз баласының ҥрейін естіп, қызығушылығы мен сезімін бӛлісуі тиіс. Балаңыздың қарым-қатынасын қадағалаңыз. Егер балаңыз зорлық кӛрсе, болған оқиғаға байланысты жайды кінәлаудан немесе ақтаудан аулақ болуға тырысыңыз. Уақытты пайдаланып, шындықты анықтап, содан кейін Сіздің кӛмегіңіз арқылы болатын зорлықтардан қалай сақтап қалуға болатынын ойланыңыз. Егер отбасыңызда кімде кім жалғыздықты, ҧнатпайшылықты, сенімсіздікті сезінетін болса немесе Сізде наркотикпен немесе ішімдікпен проблема болса, кӛмек іздеңіз. Барлық зорлықзомбылық әрекеттерінің кӛпшілігі ішімдік немесе наркотик қолданушылармен жасалады деп есептеледі. ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ 1. Қауіп тӛнген жағдайда балаңызға «Жоқ» деп айтуға қҧқығы бар екенін ҥйретіңіз. 2. Егер біреу оны ҧстап алуға әрекет қылса, «Бҧл менің анам емес!» (немесе «Бҧл менің әкем емес!») деп қатты айқайлауға ҥйретіңіз. Бҧл айналадағылардың назарын аударып, қылмыскерді қорқытуға септігін тигізеді. 3. Ӛз балаңыздың қайда баратынын, қашан келетінін, егер кҥтпеген жағдайда жоспар ӛзгерсе, телефоннан хабарлауға ҥйретіңіз. 4. Мектептен және балабақшадан балаңызды ӛзіңіз алып кетуге тырысыңыз. Егер басқа біреуді жіберетін болсаңыз, онда алдын-ала тәрбиешісіне немесе мҧғаліміне ескертіңіз. 5. Балаңызға пароль ойлап табыңыз және бейтаныс адам кӛлігіне ешқашан отырмауын және егер парольді білмейтін болса сал бейтаныс адаммен ешқайда бармайтынын ҥйретіңіз. 6.Беймезгіл уақытта балаңызды жалғыз жҥргеннен гӛрі, ӛзінің достарымен қыдырудың әлдеқайда қауіпсіз екенін сендіріңіз. Жалғыз ӛзі жҥрген балаға қылмыскердің кӛзі тҥседі. 7.Ҥй телефонын және кӛмек кӛрсету телефондарын балаңыз жатқа білу керек. 8.Балаңызды кем дегенде жылына бір рет суретке тҥсіріңіз, бҧл балаңыз жоғалған жағдайда сыртқы ерекше белгілерін сипаттау ҥшін қажет. 9. Балаңыз болған жағдайды айта алатындай сенімді ата-ана болыңыз. Сіз балаңызды тыңдайтыныңызға, кеңес беруге, әрқашан да жақсы кӛретініңізді білуге тиісті және егер ол 102 жоғалса немесе ҧрланса, онда Сіз оны іздеуді ешқашан тоқтатпайтыныңызға сенімді болуы керек. Психологиялық сүйемелдеу кезеңдері15 Зорлық-зомбылықтың әртҥрлі тҥрлерін бастан кешірген жасӛспірімдерді психологиялық

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!