Материалдар / "Зорлық зомбылықсыз әлем"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Зорлық зомбылықсыз әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зорлық зомбылықсыз әлем тақырыбына апталық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
638
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы
№1 М. Әуезов мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Бимуратова

Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі


Мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. 

Көрнекіліктер: Астана суреттері,слайдтар, буклеттер. 

Барысы:
І. Кіріспе
1- жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы – «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. 
2 – жүргізуші 
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды. 
ІІ. Ән «Астана» Жандар Еңлік
ІІІ. Әдеби монтаж «Астана тарихы»
2 – жүргізуші 
Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік! 
1 – жүргізуші 
Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көпдеген қалалар өзеннің бойында орналасқан. 
2 – жүргізуші 
«Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н.Назарбаев 
1 – оқушы 
Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің рәмізі және қуатты факторы болады. «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көпұлтты халқын біріктірудің қайнар бұлағы» деген Н.Назарбаев 



2 – оқушы 
Ақмола орталық Қазақстанның Солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», «мол» «қамал» деген мағына береді. Демек «Ақмола» сөзі «Батыс қамалы» болып аударылады. 
3 – оқушы 
ХІ ғасырда осы қаланың орнында ең алғаш Бозок қамалы сауда байланысы дамып, ортағасырларда қала мәртебесіне ие болды. 
4 – оқушы 
1830 жылы Қараөткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1832 жылы бекініс пайдалануға берілді. Есіл өзенінің таяз жерін Қараөткел деп атаған. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ – орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 
5 – оқушы 
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның солтүстігінде 6 облысы тың өлкесіне жатқызылды да, 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді. 
6 – оқушы 
1994 жылы 6 шілдеде жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. 1995 жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның президенті Н.Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. 
7 – оқушы 
1997 жылы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 10 желтоқсанда президент Н.Назарбаев ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Жаңа астанасы болды. Бұл шешім көптеген себептерге, ең алдымен экономикалық және геосаяси сипатқа байланысты болды. 
8 – оқушы 
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз «Елдің бас қаласы» дегенді білдіреді. «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. 
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды. Биыл 6 шілдеде Астананың 15 жылдық мерейтойы болды. 
9 – оқушы 
Қаланың сәулеттік бітімін әзірлеуде президент Н.Назарбаевтың қалаға Еуразиялық келбет беру туралы идеясы назарға алынды. Құрылыста Еуразиялық технологиялар қолданылды. Жергілікті фирмалармен бірге түрік, италия, француз, швейцар компаниялары қатысты. Құрылыстың жедел қарқынмен және халықтың қолдау көрсетуі 6 – 7 жыл ішінде Қазақстанның даласында қазіргі заманғы қайталанбас келбет және модернизацияланған қала салуға мүмкіндік берді. 
10 – оқушы 
1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ берілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды. Астана – ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа Астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты. 

11 – оқушы 
Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Осының бәрі Н.Назарбаевтың еңбегі. 
12-оқушы
Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға –Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 2011 жылы ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
13-оқушы
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ,1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Осы заңның 1-тарауында: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. деп көрсетілді.
12-оқушы
Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 21 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!


1 – жүргізуші 
Астана тәуелсіз еліміздің рәмізіне айналуы. Елорданы әсем Алматыдан Астанаға көшіргенде баршаның көңілінде күдік ұялаған. Ал қазір қарыштап дамып, күннен күнге гүлденіп келе жатқан ару Астанамызды көріп қуанамыз. Астананың 15 жылдық мерейтойына бүкіл қазақ елі атсалысты. 
2 – жүргізуші 
10 жылдық мерейтой қарсаңында Елордамыз Астананың жаңа рәміздері қабылданды. Елорданың таңбасы сыртқы және ішкі сақина түрінде шеңберленіп келеді,бір – бірімен астасып жатқан қос сақина шаңырақ пен құсқанаты оюы бейнеленді де ол «Бәйтерекке» айналды. Таңбаның сыртқы сақинасы қызыл ішкі шеңбер еліміздің тәуелсіздігін бейнелейтін көк түсті. Елорданың туының ортасында жаңа таңба бейнеленген. Таңбада тараған күн сәулесі әлемге жарық шашып тұрғандай. 
1 – жүргізуші 
Жаңарып ай,жылдарым, 
Жаңарып күн, 
Жаңғырып есімдері сан алыптың
Күн шуақты Астана бой көтерді, 
Белгісіндей 
Бейне бір даналықтың 
2 – жүргізуші 
Қыздардың орындауындағы әсем биді назарларыңызға ұсынамыз. 
IV. Би
1 – жүргізуші 
Астанам - бағы биік асқарымсың, 
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы, 
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. 
2 – жүргізуші 
Астанам шапағаттың шуағындай, 
Астанам махабаттың тұрағындай, 
Астанам – періштелер мекенісің 
Астанам махабаттың тұрағындай. 
1 – жүргізуші 
Кешімізді «Астана келбеті» атты көрініспен жалғастырамыз 
V. Көрініс 
2 – жүргізуші 
Астана атың қандай нақ та әсем, 
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен 
Жырларымды айтарымсың жатқа сен! - деп кезекті оқушылардың жыр – шумақтарына береміз. 
VI. Астанаға арналған өлең шумақтары


1 - жүргізуші 
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге 
Жайнаған Отанымның жүрегінде. 
Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
2 – жүргізуші 
Астана – ғылым мен білімнің, мәдениеттің ошағы. Астана – ғашықтар мекені. «Астана – махабатым менің» әніне вальс биін тамашалаңыздар. 
VII. Би. 
1 – жүргізуші 
Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, 
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді. 
Қазақтың Астанасы – арман қалам! – деп кезекті оқушылардың шығармашылық жұмыстарына береміз. 
VIII. Оқушы шығармашылығы «Мен - Астана болашағымын»
2 – жүргізуші 
Арманның асқарындай Астанамыз, 
Елорда, алтын орда бас қаламыз. 
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу, 
Ерен ерлік үлгісі – дастан аңыз. 
2 – жүргізуші 
Сананы түйіткілдерден тазартайық, 
Айтпаған шындық сөзді тартар айып
Авторы сәулетшісі Астананың – 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев! (бәрі бірге хормен)
IХ. Хор «Атамекен» 
X. Қорытынды
2-жүргізуші: құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.
1-жүргізуші: сабағымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп-гимназия директоры Рысбекова Ләзиза апайға береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!