Материалдар / "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
1-11 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?»
(эссе)
Жалағаш
ауданы
122 орта
мектеп
10-сынып
оқушысы
Какарша
Мерейлім
Жетекшісі:
Дүйсебаева Шұғыла
Біз қазіргі уақытта тәуелсіздік алған, демократиялық, әркім өз ойын
білдіруге құқылы, әрбір адамның өмірі мен денсаулығы бәрінен қымбат,
бәрінен жоғары болып саналатын мемлекетте өмір сүрудеміз.
Мемлекетіміздің басты байлығы мен құндылығы – адам және адам
бостандығы. Ал адамзат үшін басты бақыт- уайым қайғысыз, тыныш өмір.
Сол тыныш өмірді қамтамасыз ету Республикамыздың бірінші борышы.
Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан,
отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі.
Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан
Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы
бар деп анық жазылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан
Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы
бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде
қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131
(қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Иә,жоғарыда айта кеткеніміздей ондай заңдар жетерлік. Алайда кейбір
қоғамда болып жатқан зорлық зомбылық пен адам өміріне қол сұғушылық
жағдайлары сотқа жетпей адамдар арасында ақша беру арқылы шешіліп
жататын кездерде кездеседі. Ал кейбіреулері өз жазасын алғанымен
бостандыққа шыққан соң қылмысын қайта қайталайды. Бұл нені білдіреді?
Әрине, заңның әлсіздігін. Заңның тым жеңіл әрі нәтижесіз болуының себебі
қылмыскерлер арасында дұрыс жұмыс жүргізілмеуінде. Үкімет тарапынан


Page 2

жазаланушыға түсіндірме әрі тәрбие беру жеткіліксіз. Біз осындай
шараларды қолға алу арқылы біршама жетістіктерге жете алар едік деп
ойлаймын.
Қанша бейбіт заманда күн кешкенімізбен көңілімзде бір күдік ұялайды.
Қарапайым ғана жағдай ата -аналар балаларын аулаға шығарып ойнатуғада
қорқады. Бұл әліде қоғамның барынша қауіпсіз екенін білдірмейді.
Жалпы айтқандай зорлық-зомбылықтың түрлері өте көп. Заң бойынша
берілетін жазаларыда істеген қылмысына қарай әртүрлі. Осынау
қаскөйлердің істері де қоғамда бәсеңдемей тұр. Ал осы бір дерт болған
проблеманың, қоғам нәубетін шешудің бір ғана жолы бар. Ал ол шешімді
шығару әрбір адамның өз қолында. Тіпті қылмыскердің де. Адамдардың
осынша қатыгез әрі жауыз болуының себебі жұдырықтай жүректерінде
кішкене болсын иман мен мейірімнің болмауында. Немесе сол иман мен
мейірімді басқаларға көрсетпеуінде. Қылмыскерлердің қай қайсысын алып
қарасаңыз да өмірлерінде бір толыққандылық пен ата ана мейірімі
жетіспейді. Отбасы мен басқалардан ала алмаған жылулықты басқаның
өмірін құрту арқылы қол жеткізді. Осындай өмір үшін ең қажет
құндылықтани айрылған адам өз өшін қоғамнан алады. Содан барып
зорлық-зомбылық сияқты қиянатты істерге жол ашылады. Міне оның бәріне
кінәлі айналып келгенде өзіміз және зардапты да шегетін өзіміз.
Сондықтанда жүрек түкпіріне жасырылған мейірімді әлемге арнай білу
керек.
Ең бастысы, дұрыс тәрбиесі бар азаматтар зорлық-зомбылықсыз әлемді
құрады және басқаларға да адами қасиеттерін үйрете алады деп ойлаймын.
Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз
қолында.









Page 3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!