Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Балалық шақ........
Шіркін,ойында ешқандай қайғы-қасірет жоқ,күнделікті күйбең тіршіліктің қамынан тысқары,әке -шешенің арқасында не ішем,не кием
демей,тайраңдап жүріп мына өмірдің тынбайтын тынысынан бейхабар
өтетін өмірдің бір бөлшегі іспеттес.
Алдыңғы аға буын , мына
өзіміздің балалық шағымызды еске алсақ, біздерде қазіргі
замандағыдай жағдай болмаған .Каникул бола салысымен ала жаздай
асық ойнап ,доп қуалап,таңның атысы, күннің батысы қолымыздан нан
мен қантымызды тастамай үй бетін көрмей ойнайтынбыз..Сол заманда
тыныш заман еді-ау.
Ал қазір ше?
Осы сұрақ мені
мазалайды.Ата-ананың бала тәрбиесімен
айналысуға уақыты мүлдем жоқ.Жұмыстан қалуға болмайды,кешігуге
тағы рұқсат жоқ.
Амал жоқ,баланың сабақтан тыс уақытта немен айналысып
жатқаны ата-ананы қызықтырмайтын да
болды.
Әрине ,баланың болашағына алаңдап,тәлім-тәрбиесімен айналысып
жатқан ата-аналар жоқ деуге де
болмайды.
Осы орайда , «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта
мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
жоғары сыныптар арасында
пікірсайыстар,түрлі сыныптан тыс іс-шаралар
атқарылуда.Аталмыш
іс-шараларға ата-аналарды да
тартып,олардың
ой-пікірлерін ортаға салып,баланың зорлық-зомбылық көрмей,болашаққа деген қадамын нық басып үлкен өмір есігін аттауына
олардың
рөлінің өте маңызды екені үнемі
айтылады.
«Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»демекші мектеп психологі Пазилова
Айнұрдың да мектеп оқушыларымен атқарып отырған жұмысы ауыз толтырып
айтарлықтай.Әрбір баланың жеке жан дүниесіне үңіле отырып,оның көңіл күйінің болмау себептерін
анықтайды. «Зорлық-зомбылық көріп,оны ешкімге айта алмай ,ішінен тынып
жүретін баланың көзінде бір мұң байқаймын.Әрбір бала толыққанды
отбасында ата-анаға еркелеп өсуге әбден лайықты.Демек ,ата-анамен
мейлінше көбірек байланыс орнатып,онымен ол қандай іспен шұғылданып
жүр,достары кім екеніне көңіл аудара отырып, өз досындай
сырласып,оның проблемаларын шешуіне ақыл қосып отырса ,бала сырттан
көмек іздемейді және ешқандай зорлық -зомбылықтың құрбаны да
болмайды,»-дейді ол өз
сөзінде.
Ия,шынында да,күнделікті
жаңалықтардан да көріп отырмыз.Ата-ана жауапкершілікпен қарамаған
бала ғана осындай зорлық -зомбылықты сезінеді деп ойлаймын.Мейлі ол
қандай себептермен көңіл бөлмесе де, басты назарды тек ұл мен қыз
тәрбиесіне аудармасақ,уақыт таппасақ мұның арты жақсылыққа
апармайды.Бір-бірімізбен мінезіміз үйлеспеді деп отбасы ажырасады
да ,бұның соңы баланың бүкіл балалық шағының бақытты өтуіне,толық
жанұяда тәрбие алмаған баланың болашақтағы өміріне кесірін
тигізеді.Анасы қайтадан тұрмыс құрып,әкесі шаңырақ тіккен бала
нағашыларының қолында не өгей ата-ананың қолында күн кешуге мәжбүр
болады.
Қай тұрғыдан алып қарасақ та ,баланың зорлық -зомбылықсыз тәп-тәтті қайта келмес шағын ұмытылмастай етіп кешуіне жауапты тек
ата-ана.Дүниеге алып келген
баласының
өмірінің қалай тіктеп алып
кетуіне,алғашқы қадамын түзу жолмен жүруіне мұрындық болатын, қиын-қыстау кезде қол ұшын беретін,жаны қиналып шырылдағанда демеу болатын тек
асқар тауың-әкең мен алтын сөзді анаң деп жан-жақтан
жазамыз,жырлаймыз,әнге қосамыз.
Демек,ата-ана деген ғажап атқа лайық болып ,болашағымыз-баламыздың өмірі бізді қызықтырып, алтын уақытымызды бөліп,ұрпақ тәрбиесімен
айналысайық,ағайын!
Түркістан облысы Ордабасы ауданы
Шұбарсу ауылы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Айтжанова Ардақ