Материалдар / «Зұлмат» қойылым

«Зұлмат» қойылым

Материал туралы қысқаша түсінік
Созақ көтерілісі. Көтеріліс 1930 жылы ақпан айында басталды. Қалың бұқара өздері хан сайлаған Сұлтанбек Шалақұлы деген азаматтың соңынан ерді. Ашынған халық жергілікті милицияларды басып алып, шолақ белсенділерді, үкімет адамдарын өлтірді. «Жойылсын, Кеңес үкіметі!», «Жасасын, қазақ өкіметі!», «Хандық билік жасасын!» деген ұрандармен шыққан көтерілісшілерге қарсы большевиктік жазалаушы отрядтар аттандырды. Олар жазықсыз халықты жантүршігерлік қатыгездікпен аяусыз басып жаныштады. Бұл қойылымға Созақ көтерілісі кезінде бір ғана әулеттің басынан өткен қасіретті оқиға арқау болған. Материал сынып жетекшілерге, тәрбие жетекшілеріне өте пайдалы. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы шараларда сахнаға шығарсаңыз керемет!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Зұлмат» қойылым


1925 жылы Сталин Қазақстан өкіметін басқаруға Голощекинді жіберді. Аз жылда Мәскеудің қолдауымен биліктегі қазақ зиялыларының тоз тозын шығарып, дербес билікке қол жеткізген Голощекин 1928 жылы ел арасында «Ұлы кәмпеске» атанған тәркілеу науқанын жүргізіп, қазақ халқын ұлы нәубетке душар етті. Бұдан соң «Қазақстанда әлі кеңес өкіметі орнамаған, ол үшін Кіші қазақ төңкерісін жүзеге асыру керек» деп ұрандаған Голощекин асқан зұлымдықпен, адам естіп, көз көрмеген алапат ашаршылық ұйымдастырды. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген әзәзіл ұрандармен 1930-1933 жылдары әдейі қолдан жасалған бұл зұлматта алты миллион қазақтың үш миллионы қырылды. Большевиктік биліктің мұндай озбырлығына шыдай алмаған ашулы халықтың наразылығы бірте бірте қарулы көтерілістерге ұласты. Соның айғағындай аталған жылдары қазақ даласында кеңес билігіне қарсы үш жүзден аса көтеріліс орын алды. Соның бірі атақты Созақ көтерілісі. Көтеріліс 1930 жылы ақпан айында басталды. Қалың бұқара өздері хан сайлаған Сұлтанбек Шалақұлы деген азаматтың соңынан ерді. Ашынған халық жергілікті милицияларды басып алып, шолақ белсенділерді, үкімет адамдарын өлтірді. «Жойылсын, Кеңес үкіметі!», «Жасасын, қазақ өкіметі!», «Хандық билік жасасын!» деген ұрандармен шыққан көтерілісшілерге қарсы большевиктік жазалаушы отрядтар аттандырды. Олар жазықсыз халықты жантүршігерлік қатыгездікпен аяусыз басып жаныштады. Бұл қойылымға Созақ көтерілісі кезінде бір ғана әулеттің басынан өткен қасіретті оқиға арқау болған.






















«Зұлмат» фильмі бойынша сахналық қойылым.

Қатысушылар:

Көпеш – кеңес үкіметінің қолдаушысы

Ана – қамауда отырған балаларына араша түсуші

Ербосын – ең кіші баласы

Байбол – үлкен баласы, әйелін қызыл әскер қорлап өлтірген

Әмір – баласы, қызуқанды, өр мінезді

Жәкетай – баласы, ақыл-есінде кемшілік бар

Тілеу – баласы, оқыған

Жұмабек – баласы, діндар

Қызыл армия солаттары, ауыл адамдары

(Саханада Көпеш. Қолында лақ)

Ана. Көпешжан, айналайын, мал қырылып жатса да өткіздік, бәрін бердік. Ең болмаса, кішкентайымның лағын қалдырсаң қайтед.

Көпеш. Аяйсың совет өкіметінен, ә! Банда!

Ана. Совет өкіметінің көмектескені осы ма? Тонап, қырып жатырсыңдар ғой!

Көпеш. Тіл тигізбе, совет өкіметіне! (жағына салып жібереді) Тіл тигізбе!

Ербосын. Ұрма, апамды! Ұрма!

Көпеш. Жоғал! (арқасына жабысқан баланы итеріп жібереді) Қойдың жүні жоқ болса, көрпеңнің жүнін өткіз! (бала Көпештің арқасынан ағашпен салып қалады)

Ана. Қой, балам! Бар, тезірек қаш!

Көпеш. (орнынан тұрып жатып) Күшшікк! Иттің күшігі! (музыка, баланы қуып барады) Тоқта! Тоқта, иттің баласы!

Ербосын. Ағатай, ұра көрме! Ұра көрме, ағатай!

Көпеш. Мен сені ұрмайм. Өлтірремм ағаларыңмен бірге. Күшік! Иттің күшігі! (баланы сүйреп алып келе жатады)

Ана. Көпешжан, бастығыңа айтшы, ең болмаса балаларыма рақымшылық етсін. Бірге өсіп едің ғой.

Көпеш. Ей, қақбас, сенің балаларың халық жауы.

Ана. Көпешжан, бастық едің ғой. Ағайын едің ғой сен. Начальниксің ғой.

Көпеш. Ей, қақбас! Кезінде сенің байың мені адам құрлы көрмеуші еді ғой. А? Қаңғыбас, тексіз деп. Сен не ұмыттың ба? Мен ұмытқан жоқпын. Енді кезек менікі.

Ана. Балаларымды...

Көпеш. Балаларың әкесі үшін жауап береді.

Ана. Сонда бұл кек қайтару болғаны ма?

Көпеш. Жоқ! Кек емес, бұл ақиқат! Ақиқат!

Ана. Көпешжан!

Көпеш. Жоооқ!

Ерболсын. Апатай! Жіберші, ағатай!

Ана. Көпешжан, ең болмаса .. босатшы!

Көпеш. Держи!

Ана. Балаларымды босатыңдаршы!

Әмір. Атаңа нәлет Көпеш!

Байбол. Ербосын!

Әмір. Сен Көпештің қолына қалай түстің? Аййй, Көпеш! Қолыма бір түссең ғой!

Көпеш. Мен мұндамын, Әмііірр! (күледі) Иә, қалдарың қалай батырлар?

Байбол. (іштен айқайлап) Көпеш, Ербосынды босатшы. Бала ғой.

Көпеш. Бұ жерден енді ешкім де аман құтылмайд. Арғысын өкімет шешеді енді. (темекісін орап)

Әмір. Еркек босаң мені босат та, шық жекпе жекке иттің баласы!

Көпеш. Иттің баласы? (мысқылдап күледі) Қыңсылап тұрған мен бе, сен бе? Әәә (күледі) Жекпе жек деген міні, осы! (кеңкілдеп күліп кетеді)

Әмір. Ооо, Алла, бұл қай жазаң? (отырады)

Жұмабек. Сабыр, Әмір!

Әмір. Қайдағы сабыр! (орнынан айқайлай көтеріледі)

Байбол. Ей, өшірші үніңді, өшір!

Әмір. Ей, Байбол, намыссыз туған сорлы ма едің?! Қатыныңды көзіңше зорлағанда неге жүрегің жарылып кетпеді сенің!?

Байбол. (орнынан ақырын тұра береді)

Тілеу. Аға, аға! (Байбол үнсіз қайта отырады) (Әмірге) Сен не деп тұрсың ағама?!

Әмір. Жолама, боркемік неме! (кеудесінен итеріп қалады) Оқыған оқуыңның да, оқытып жатқан өкіметіңнің де атасына нәлет!

Жұмабек. Сабыр ет, Әмір!

Әмір. Өңшең қорқақ! Тұншығып жата бермей бұл келімсектерді баяғыда ақ кескілеп кескілеп итке тастау керек ед! Кетуім керек ед, Салықбай мергенге қосылып кетуім керек ед!

Жұмабек. Енді неге кетпедің?

Әмір. Сендерге алаңдадым. Сендерге алаңдадым. (айғайлап ағасын кеудесінен итеріп жібереді)

Жәкетай. (орнынан тұрып ағасының үстін сипалап, Әмірдің кеудесінен ұрып жылайды. Күй ойнайды).

Әмір. (Жәкетайды құшақтап ызалана жылайды) Жаным, жан бауырым, сен нені бүлдіріп, нені қиратып қойып ең?! Сенің жазығың не? (бәрі көз жастарын сүртеді)

Байбол. Екі қолымды байлап матап, жеңгең өлді .... намыстан. Мен де ... мен де жетермін ... артынан.


(жиналған халық, ортада әскерилер, Көпеш сөйлеп тұр)


Көпеш. Ертең таң алдында бүлікшілер жазаға тартылады. Естеріңде болсын, егер кімде кім бүлікшілерге нан, су берсе немесе қашып кетуіне мүмкіндік жасаса, табан астында атылатын болад. Сәбет өкіметіне қарсы болған адамдардың жер басып жүруіне қақылары жоқ!

Ана. Көпешжан!

Көпеш. Ешқандай да аяушылық көрсетілмейтін болад.

Ана. Көпешжан, балаларымды босатшы!

Көпеш. Естеріңде болсын, мен коммуниспін. Ал коммунистер екі айтпайд. (айқайлап) Түсінікті ме? (командирге қарап) Все товарищ командир!

(халық тарайды)

(Кеш. Сыртта Ана солдаттарға жалынып тұр).

Ана. Айналайындар, балаларымды босатыңдаршы!

(терезеден балалары айқайлайды)

Тілеу. Апа, апа!

Ербосын. Апатай!

Тілеу. Апа, сіз бұл жерде не істеп жүрсің? Тез кетіңіз бұл жерден!

Ана. Сендерді тастап қайда барам. Мен ешқайда кетпейм.

Әмір. (терезеден айқайлап) Көріңде өкіргір коммунистер! Қарғыс атсын сендерді өкімет!

Ана. Қой, балам. Өйдеп айтпа. Мүмкін олар түсінер. Коммунистер де адам баласы ғой.

Көпеш. Жооқ, коммунистер екі айтпайд. (солдаттар ананы мылтықпен итеріп алып бара жатады)

Ана. (айқайлап жылайды) Құлындарым - ау!

(іште балалары Апа! Көпеш! деп айқайлап жатады. Мылтық даусы шығады, бәрі терезеге жүгіреді)


(Түн. Иттің даусы. Сыртта солдаттар от жағып отырады).


Тілеу. (Байболға) Аға, Ербосынды қалай аман алып қалуды ойластыру керек. Апам бұның бәріне төзбейд.

Жұмабек. Үмітсіз болма. Мүмкін бәріміз тірі қалармыз.

Байбол. Сақтықта қорлық жоқ. Тілеу, Әмір, біздің нақты жоспарымыз болуы керек. Ертең далаға алып шыққанда...

Асылхан. Тура осы жерде жайратса ше?

Байбол. Жоқ, олар бізді халықтың алдына алып шығад. Басқаларға үлгі болу үшін.

Тілеу. Бізді бәрімен бірге қосып...

Әмір. Бірге босын, бөлек босын бәрібір емес пе?

Байбол. Тілеу дұрыс айтад. Егер көпшіліктің алдында атылсақ, Ербосынды құтқаратын мүмкіндік туад. Басты мақсат Ербосынды аман алып қалу.

Тілеу. Олар атқанымен қоймай, артынан пышақтап жатыр.

Байбол. Мейлі, басқа амал жоқ.

(үнсіздік)

Тілеу. Байбол аға, не де болса дайындалып көрейік.

Байбол. Көрейік. Ербосын, кел. Тыңда, Ербосын екеуміз ортада тұрамыз. Әмір, тұр. (Әмір жақындайды) Сен Ербосынның сол жағына тұрасың. Қалғандарың екінші қатарда артта тұрасыңдар. Тілеу, сен де.

Тілеу. Аға, бізді бір қатарға қояды. Алға, артқа деген болмайд.

Байбол. Иә, ендеше, бір қатарға тұрамыз. Ербосын, Ербосын ортада тұрад. Біз Әмір екеуміз иығымызбен сәл жабыңқырап тұрамыз. (Ербосынға қарап) Кәмәндірдің айғайлаған даусы шыққанда бірден жерге құлайсың, түсіндің бе?

Ербосын. Түсіндім, аға.

Байбол. Ал көрейік.

Тілеу. Дайындал. Ат! (бәрі жерге құлайды)

Байбол. Тоқта! Әй, олай емес. Неге бәрің жабылып құлай кеттіңдер? Ербосын бірінші құлайд. (терезеден солдат қарайды)

Тілеу. Тыныш, аға.

Әмір. (Ербосынға) Сен неге құламадың?

Ербосын. Үлгермей қалдым, аға.

Әмір. Әййй!

Байбол. Кәмәндірдің даусы шығад. Ат деген даусы шығад. Сол кезде бірден құла, жарай ма?

Ербосын. Жарайд, аға.

Байбол. Ұқтың ба? Бірден құлайсың. Тағы көрейік.

Тілеу. Дайындал! Ат!

Ербосын. (айқайлап) Тұрыңдар! Тұншығып барам. (терезеден солдат қарайды)

Әмір. Қап, әкең, көріп қойд.


(Жанған от. Жылқының кісінеген даусы. Бәрі орындарына отырады).


Тілеу. (әндетеді) Арманға жеткен де бар жетпеген бар... ммм (ыңылдап әндетеді) Апамның күні не боп жатыр екен. Дала суық. Ауырып қалмаса екен. Ммм (әндетеді)

Жұмабек. Бізді адам құсап жерлемейтін де шығар.


(ана қораға келіп сүйеніп отырады. Экраннан бейнебаян көрсетіледі)


(Фатиха сүресі оқылады. Сыртта солдаттар, Көпеш)

1-солдат. Чё делают?

2-солдат. Прощальную молитву читают.

Жұмабек. (бетін сипап болып, артына қарап) Бауырларым, егер сендерді ренжіткен жерім болса, кешіріңдер!

Ербосын. (Тілеуге) Аға! Ертең үйге барғасын менің қасқа тайымды үйретіп бересің ғой, иә?

Тілеу. Әрине! Ербосын, апама жақсылап қара. Жақсы келін әкеп бер. Үйленесің.

Ербосын. Мен сізден кейін үйленем ғой.

Тілеу. Мен жолымды бердім саған.

Байбол. Кімді аласың?

Ербосын. Оспанның қызын алам. (бәрі ақырындап бастап күледі) Неге күліп жатсыңдар?


(Таң атады. Тұтқындарды қамаудан бір бірлеп шығарып жатыр).


Көпеш. Шығамыз, шығамыз. (алдымен Жәкетай шығады. Көпеш оны мылтық дүмімен итеріп жібереді). Тұр былай жолымнан. Жүр, жүр, жүр!

Ана. (балаларының алдынан шығып, Көпешке жабысады) Көпеш, балаларымды босатшы! (бәрі Апа деп айғайлайды)

Әмір. Көпеш, апам көрмесін!

Көпеш. Көрсе, көрсін. Қарсылық жоқ.

Ана. (шарасыз, соңынан айғайлайды, жылайды) Ербосын, әлгі орысша әніңді айтшы.

Ербосын. Ленин дедушка наш родной, Сталин отец наш родной!


(барлығын бір қатарға тұрғызады)


Командир. (Көпешке) Может пацана не будем.

Көпеш. Нет, надо. Банда.

Байбол. Көпеш, Шәкетайдың жағдайын білесің ғой.

Көпеш. Сәбет өкіметіне, ақыл есі дұрыс, он екі мүшесі сау адам керек, Байбол.

Әмір. Ат, ал ат! Не күтіп тұрсың тексіз неме!

Көпеш. Тексіз неме? Әкеңнің сөзі ғой. Сәлем айта барарсың.

(Ана еңіреп жылап командирдің алдына келіп тізерлейді)

Командир. Прости, мать. Бог рассудить. (Көпеш ананы сүйреп тұрғызады)

Приготовся! Целься! Огонь!

(Ана мылтық даусынан селк етіп, ессіз отырып қалады. Көпеш жан- жағына алақтап қарайды)

Командир. Проверить! Никого не хоронить! Со всеми вместе хороним.


(Зарлы музыка. Бәрі кетеді. Музыка дыбысы бәсеңдейді. Ербосын орнынан тұрып қашып барады. Ана артына бұрылып қарайды. Баласын көреді. Көзінде үміт оты жанады. Музыка дыбысы қайта күшейеді).

Соңы.
















08 Желтоқсан 2024
139
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі