Ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Б
А
Л
А
Н
Ы
Ң
М
Е
К
Т
Е
П
К
Е
О
РА
Л
У
Ы
К
Е
З ІН
Д
Е
П
С
И
Х
И
К
А
Л
Ы
Қ
Д
Е
Н
С
А
У
Л
Ы
Қ
Т
Ы
Қ
О
Л
Д
А
УТ И Т О В А Т Ы Н Д А Ғ Ы О Р Т А
М Е К Т Е Б І Н І Ң П Е Д А Г О Г -
П С И Х О Л О Г Ы : А У Б А К И Р О В А
А Л М А Г Ү Л
8 - 7 7 7 - 3 8 8 - 7 5 - 4 4
1 слайд
Б А Л А Н Ы Ң М Е К Т Е П К Е О РА Л У Ы К Е З ІН Д Е П С И Х И К А Л Ы Қ Д Е Н С А У Л Ы Қ Т Ы Қ О Л Д А УТ И Т О В А Т Ы Н Д А Ғ Ы О Р Т А М Е К Т Е Б І Н І Ң П Е Д А Г О Г - П С И Х О Л О Г Ы : А У Б А К И Р О В А А Л М А Г Ү Л 8 - 7 7 7 - 3 8 8 - 7 5 - 4 4
2 слайд
МЕКТЕПТЕ ОҚУДЫ ҚАЙТА БАСТАҒАНДА АТА-АНАЛАР
БАЛАЛАРЫНА ҚИЫН СЕЗІМДЕРДІ ӨТКЕРУ ҮШІН
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ?
Пандемияның өршуі күнделікті өмірге
айтарлықтай қолайсыз өзгерістерді әкеліп,
әсіресе бұл өзгерістер балаларға ерекше әсерін
тигізуде. Кейбір оқушылар мектепке барғысы
келіп, күн санап жүрсе, кейбір оқушылар бұл
жайттан мазасыздықты немесе қорқынышты
сезінуі мүмкін.
2 слайд
МЕКТЕПТЕ ОҚУДЫ ҚАЙТА БАСТАҒАНДА АТА-АНАЛАР БАЛАЛАРЫНА ҚИЫН СЕЗІМДЕРДІ ӨТКЕРУ ҮШІН ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ? Пандемияның өршуі күнделікті өмірге айтарлықтай қолайсыз өзгерістерді әкеліп, әсіресе бұл өзгерістер балаларға ерекше әсерін тигізуде. Кейбір оқушылар мектепке барғысы келіп, күн санап жүрсе, кейбір оқушылар бұл жайттан мазасыздықты немесе қорқынышты сезінуі мүмкін.
3 слайд
МЕНІҢ БАЛАМ МЕКТЕПКЕ ОРАЛУДАН ҚОРҚАДЫ.
МЕН ОНЫ ҚАЛАЙ ТЫНЫШТАНДЫРА АЛАМЫН?
Мектептің алғашқы немесе жаңа оқу жылының басталуы -
бала үшін жеке стресс. Сіз баланың неге мазасызданып
отырғанын сұрай отырып, оған бұндай жағдайда
мазасыздану – табиғи және орынды эмоция екендігін
түсіндіре аласыз.
Балаларға оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау
үшін барлық қауіпсіздік шаралардың қабылданғандығы
туралы айтып, ескертіңіз.
Балаларға мектепке оралудың жағымды сәттерін еске түсіртіп,
достары мен мұғалімдерін көре алатындығын, жаңа нәрсені
үйренуді жалғастыра алатындығын еске салыңыз.
3 слайд
МЕНІҢ БАЛАМ МЕКТЕПКЕ ОРАЛУДАН ҚОРҚАДЫ. МЕН ОНЫ ҚАЛАЙ ТЫНЫШТАНДЫРА АЛАМЫН? Мектептің алғашқы немесе жаңа оқу жылының басталуы - бала үшін жеке стресс. Сіз баланың неге мазасызданып отырғанын сұрай отырып, оған бұндай жағдайда мазасыздану – табиғи және орынды эмоция екендігін түсіндіре аласыз. Балаларға оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау үшін барлық қауіпсіздік шаралардың қабылданғандығы туралы айтып, ескертіңіз. Балаларға мектепке оралудың жағымды сәттерін еске түсіртіп, достары мен мұғалімдерін көре алатындығын, жаңа нәрсені үйренуді жалғастыра алатындығын еске салыңыз.
4 слайд
МЕН БАЛАМА МЕКТЕПТЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН (МЫСАЛЫ,
ҚОЛДЫ ЖИІ ЖУУ, БАЙЛАНЫС КЕЗІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТЫ
САҚТАУ ЖӘНЕ Т. Б.) САҚТАУ КЕРЕК ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АЙТА
АЛАМЫН?
Балаларды аурулардан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі –
бұл қолды үнемі жууға дағдыландыру. Бұл әңгіме
қорқынышты болмауы тиіс. Осы дағдыларды балаңызбен
бірге оның сүйікті әнін айтып немесе бірге билеп үйретіңіз.
Оларға микробтар көрінбесе де, заттардың үстінде және
қолда қалуы мүмкін екендігін ескертіп жүріңіз. Балалар
қолдарын не үшін жуу керек екенін түсінсе, олар оны
тезірек әдетке айналдыратын болады.
Сонымен бірге балаларға жөтелу немесе түшкіру кезінде
мұрынды шынтақпен қалай бүгу керек екенін көрсетіңіз және
олардан температура көтерілген, жөтел пайда болған немесе
тыныс алу қиындаған жағдайда оны сізге айтуын талап етіңіз.
4 слайд
МЕН БАЛАМА МЕКТЕПТЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН (МЫСАЛЫ, ҚОЛДЫ ЖИІ ЖУУ, БАЙЛАНЫС КЕЗІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ Т. Б.) САҚТАУ КЕРЕК ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АЙТА АЛАМЫН? Балаларды аурулардан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – бұл қолды үнемі жууға дағдыландыру. Бұл әңгіме қорқынышты болмауы тиіс. Осы дағдыларды балаңызбен бірге оның сүйікті әнін айтып немесе бірге билеп үйретіңіз. Оларға микробтар көрінбесе де, заттардың үстінде және қолда қалуы мүмкін екендігін ескертіп жүріңіз. Балалар қолдарын не үшін жуу керек екенін түсінсе, олар оны тезірек әдетке айналдыратын болады. Сонымен бірге балаларға жөтелу немесе түшкіру кезінде мұрынды шынтақпен қалай бүгу керек екенін көрсетіңіз және олардан температура көтерілген, жөтел пайда болған немесе тыныс алу қиындаған жағдайда оны сізге айтуын талап етіңіз.
5 слайд
БАЛАМНЫҢ ОСЫ ӨЗГЕРІСТІ ЖЕҢЕ
АЛАТЫНДЫҒЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕ АЛАМЫН?
Балалармен қарым-қатынаста сабырлы және белсенді болу маңызды.
Оларды бақылап жүріп, жағдайларының қалай екендігін күнделікті
сұрастырып жүріңіз. Осы жағдайға байланысты олардың эмоциялары
үнемі өзгеріп отыруы мүмкін, бұған қатысты сіз оларға мұндай
өзгерістердің болуы табиғи құбылыс екендігін айтыңыз.
Мектепте де, үйде де балаларды қауіпсіз және қолайлы ортада өздерінің
жағымсыз сезімдерін білдіруге және жеткізуге көмектесу үшін
шығармашылық іс-әрекетке, мысалы, ойындар мен сурет салуға
тартыңыз. Бұл балаларға ашуланшақтық, қорқыныш немесе қайғы
сияқты қиын сезімдерді білдірудің оң жолдарын табуға көмектеседі.
Балалар ересектерден, ата-аналар мен мұғалімдерден эмоционалды
сигналдарды жиі қабылдайтын болғандықтан, ересектердің өз
эмоцияларын ұстап, сабырлы болғандары, балалар уайымдарын
тыңдап, мейірімділікпен сөйлей білгендері және оларға қолдау көрсете
білгендері маңызды болады.
5 слайд
БАЛАМНЫҢ ОСЫ ӨЗГЕРІСТІ ЖЕҢЕ АЛАТЫНДЫҒЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕ АЛАМЫН? Балалармен қарым-қатынаста сабырлы және белсенді болу маңызды. Оларды бақылап жүріп, жағдайларының қалай екендігін күнделікті сұрастырып жүріңіз. Осы жағдайға байланысты олардың эмоциялары үнемі өзгеріп отыруы мүмкін, бұған қатысты сіз оларға мұндай өзгерістердің болуы табиғи құбылыс екендігін айтыңыз. Мектепте де, үйде де балаларды қауіпсіз және қолайлы ортада өздерінің жағымсыз сезімдерін білдіруге және жеткізуге көмектесу үшін шығармашылық іс-әрекетке, мысалы, ойындар мен сурет салуға тартыңыз. Бұл балаларға ашуланшақтық, қорқыныш немесе қайғы сияқты қиын сезімдерді білдірудің оң жолдарын табуға көмектеседі. Балалар ересектерден, ата-аналар мен мұғалімдерден эмоционалды сигналдарды жиі қабылдайтын болғандықтан, ересектердің өз эмоцияларын ұстап, сабырлы болғандары, балалар уайымдарын тыңдап, мейірімділікпен сөйлей білгендері және оларға қолдау көрсете білгендері маңызды болады.
6 слайд
БАЛАМ МЕКТЕПТЕ ОҚИ БАСТАҒАНДА МЕН
НАЗАР АУДАРУҒА ҚАЖЕТ БОЛАТЫН НӘРСЕ
БОЛА МА?
Мектепке оралған кезде балаңыздың физикалық
денсаулығы мен үлгерімін тексеруден басқа, стресс
пен мазасыздық белгілерінің пайда болуын бақылау
қажет. Қазіргі пандемия балаңыздың психикалық
денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан, сіз оның
көңілінің кейде басыңқы болуы қалыпты жағдай
екендігін түсіндіріңіз. Егер сіз не істеу керектігін
білмесеңіз, онда жанашырлық пен қолдау көрсету –
ең дұрыс әрекеттердің бірі.
6 слайд
БАЛАМ МЕКТЕПТЕ ОҚИ БАСТАҒАНДА МЕН НАЗАР АУДАРУҒА ҚАЖЕТ БОЛАТЫН НӘРСЕ БОЛА МА? Мектепке оралған кезде балаңыздың физикалық денсаулығы мен үлгерімін тексеруден басқа, стресс пен мазасыздық белгілерінің пайда болуын бақылау қажет. Қазіргі пандемия балаңыздың психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан, сіз оның көңілінің кейде басыңқы болуы қалыпты жағдай екендігін түсіндіріңіз. Егер сіз не істеу керектігін білмесеңіз, онда жанашырлық пен қолдау көрсету – ең дұрыс әрекеттердің бірі.
7 слайд
Назарларыңызға рахмет!
7 слайд
Назарларыңызға рахмет!