Ашық сабақ Мағжан Жұмабаев - лирик ақын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Мағжан Жұмабаев
(1893-1938)
1 слайд
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
2 слайд
Сабақтың тақырыбы:
М. Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ батырының ерлігін таныта отырып, әдеби білімдерін
жетілдіру;
2. Түрлі ой толғау жүргізе отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, өз
ойларын ашық айта білуге үйрету;
3. Поэмадағы ерлік арқылы өз халқын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың технологиясы: Сатылай-кешенді талдау.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, информатика.
Сабақтың көрнелілігі: реферат жұмыстары, оқулық, ноутбук, слайд,
экран.
2 слайд
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы. Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ батырының ерлігін таныта отырып, әдеби білімдерін жетілдіру; 2. Түрлі ой толғау жүргізе отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге үйрету; 3. Поэмадағы ерлік арқылы өз халқын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың технологиясы: Сатылай-кешенді талдау. Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, информатика. Сабақтың көрнелілігі: реферат жұмыстары, оқулық, ноутбук, слайд, экран.
3 слайд
Сабақтың жоспары
1. Сабақты ұйымдастыру (оқушылармен
амандасу, түгендеу, назар аударту). 1 мин
2. Өткен сабақты қайталау. 10 мин
3. Жаңа сабақты игерту. 20 мин
4. Сабақты бекіту, қорытынды. 10 мин
5. Оқушылардың білімін бағалау. 1 мин
6. Үйге тапсырма. 1 мин
3 слайд
Сабақтың жоспары 1. Сабақты ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, түгендеу, назар аударту). 1 мин 2. Өткен сабақты қайталау. 10 мин 3. Жаңа сабақты игерту. 20 мин 4. Сабақты бекіту, қорытынды. 10 мин 5. Оқушылардың білімін бағалау. 1 мин 6. Үйге тапсырма. 1 мин
4 слайд
“… . Мағжанды сүйемін.
Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін.
Қазақ ақындарының қара ауылында туып,
Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып,
жайлауы жарасқан арқа қызын көріп,
сезінгендей боламын.
Мағжан - мәдениеті зор ақын”
Мұхтар Әуезов
4 слайд
“… . Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп, сезінгендей боламын. Мағжан - мәдениеті зор ақын” Мұхтар Әуезов
5 слайд
5 слайд
6 слайд
Мағжан Жұмабаев көрнекті ақын, ағартушы ғалым,
аудармашы, педагог, журналист. 1893 жылы Солтүстік
Қазақстан облысының Булаев ауданында дуниеге келген.
Әкесі Бекен – ел басқарған, білімді кісі болған. Алғаш оқуды
башқұрт жігіті Ақидан Ақановтан үйренеді. Әскерден қашқан
Ақидан Бекенмен дос болып, сол ауылда бала оқытады.
4 жасар Мағжан алғаш есіктен сығалап жүріп әріп таниды.
Әдумүслім оқи алмай қалған кездері Мағжан оқып беретін
болған. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды.
1923-1927 жылдары Мәскеу әдебиет институында оқыған.
Мағжан 1929 жылы ұсталып, Екатерина – 2 түрмесіне
қамалады. 1932 жылы 10 жылға айдалады. Әйелі артынан
14 рет іздеп барған. 1938 жылы атылып кетеді.
1989 жылы қаңтарда Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов
есімдері мен шығармалары елге оралды. Ақын өмірі
6 слайд
Мағжан Жұмабаев көрнекті ақын, ағартушы ғалым, аудармашы, педагог, журналист. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында дуниеге келген. Әкесі Бекен – ел басқарған, білімді кісі болған. Алғаш оқуды башқұрт жігіті Ақидан Ақановтан үйренеді. Әскерден қашқан Ақидан Бекенмен дос болып, сол ауылда бала оқытады. 4 жасар Мағжан алғаш есіктен сығалап жүріп әріп таниды. Әдумүслім оқи алмай қалған кездері Мағжан оқып беретін болған. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. 1923-1927 жылдары Мәскеу әдебиет институында оқыған. Мағжан 1929 жылы ұсталып, Екатерина – 2 түрмесіне қамалады. 1932 жылы 10 жылға айдалады. Әйелі артынан 14 рет іздеп барған. 1938 жылы атылып кетеді. 1989 жылы қаңтарда Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов есімдері мен шығармалары елге оралды. Ақын өмірі
7 слайд
7 слайд
8 слайд
Алпыс жылдан астам Мағжан шығармаларын оқуға ресми
түрде тыйым салынып, оның еңбектері жұрт қолынан жинап
алынып өртелінді. Мағжан - репрессияның құрбаны болған
ақын. Мағжан Жұмабаев - Ұлы қазақ ақыны. Оны қазақтың
Пушкині деп атайды. Өлеңді он төрт жасынан бастап жазған
М. Жұмабаев шығармалары кезінде қазақ, татар
тіліндегі газет-журналдардың бетінде үзбей басылып тұрған.
Мағжанның ақындық көзін ашқан – Ғалымжан Ибрагимов.
Оның көмегімен “Шолпан” өлеңдер жинағы шыққан. Қазақ
поэзиясының алтын қорына қосылған “Батыр Баян” дастаны
бар. М. Горкийдің, Ивановтың, Мамин-Сибиряктың,
Лермонтовтың, Байронның және т.б. жұмыстарын қазақ тіліне
аударған. Қазақ өлеңіне өзгеше өң кіргізген ақын
ағартушылық бағытта да еңбектеніп,” Педагогика” сияқты аса
бағалы кітаптар жазды. Ақын шығармашылығы жайлы...
8 слайд
Алпыс жылдан астам Мағжан шығармаларын оқуға ресми түрде тыйым салынып, оның еңбектері жұрт қолынан жинап алынып өртелінді. Мағжан - репрессияның құрбаны болған ақын. Мағжан Жұмабаев - Ұлы қазақ ақыны. Оны қазақтың Пушкині деп атайды. Өлеңді он төрт жасынан бастап жазған М. Жұмабаев шығармалары кезінде қазақ, татар тіліндегі газет-журналдардың бетінде үзбей басылып тұрған. Мағжанның ақындық көзін ашқан – Ғалымжан Ибрагимов. Оның көмегімен “Шолпан” өлеңдер жинағы шыққан. Қазақ поэзиясының алтын қорына қосылған “Батыр Баян” дастаны бар. М. Горкийдің, Ивановтың, Мамин-Сибиряктың, Лермонтовтың, Байронның және т.б. жұмыстарын қазақ тіліне аударған. Қазақ өлеңіне өзгеше өң кіргізген ақын ағартушылық бағытта да еңбектеніп,” Педагогика” сияқты аса бағалы кітаптар жазды. Ақын шығармашылығы жайлы...
9 слайд
“ Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірден зарлап, сарнап
Құшақтап қобызыммен көрге кірсем” –
деп өнер мұратын бәрінен биік қойған Мағжан қазақ
әдебиетінің эпикалық, эстетикалық күшін арттыруға зор үлес
қосты. Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның
поэзиясынан ерекше орын алады. Мағжан поэзиясында үнемі
ой үстінде, қимыл үстінде көрінетін халық бар. Кең даладағы
шапқан ат, ат құлағында ойнаған, асаумен алысқан,
сағыныштарын ән-күймен түсіндіретін, жасыл даласын,
жайқалған орманын, көл-дариясын сүйетін халық бар.
Адам мен жер – Мағжан поэзиясының ең күшті халықтық
рухы. Халық ата-мекенін қалай сүйсе, Мағжан да солай сүйген. Ақын шығармашылығы жайлы...
9 слайд
“ Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем, Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. Жас төгіп, сұм өмірден зарлап, сарнап Құшақтап қобызыммен көрге кірсем” – деп өнер мұратын бәрінен биік қойған Мағжан қазақ әдебиетінің эпикалық, эстетикалық күшін арттыруға зор үлес қосты. Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Мағжан поэзиясында үнемі ой үстінде, қимыл үстінде көрінетін халық бар. Кең даладағы шапқан ат, ат құлағында ойнаған, асаумен алысқан, сағыныштарын ән-күймен түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын, көл-дариясын сүйетін халық бар. Адам мен жер – Мағжан поэзиясының ең күшті халықтық рухы. Халық ата-мекенін қалай сүйсе, Мағжан да солай сүйген. Ақын шығармашылығы жайлы...
10 слайд
10 слайд
11 слайд
Бекеннің
балалары:
(7 ұлы, 2 қызы бар)Әбумүслім
Әбілмағжан
Қалижан Қаһарман
Мұқаметжан Сабыржан
Сәлімжан
Күландай Гүлбарам
11 слайд
Бекеннің балалары: (7 ұлы, 2 қызы бар)Әбумүслім Әбілмағжан Қалижан Қаһарман Мұқаметжан Сабыржан Сәлімжан Күландай Гүлбарам
12 слайд
Алғаш өлеңдері
“ Айқап” журналында
жариялынған 1911 ж №2
«Жатыр» 1911 ж №9
«Шын сорлы»
1912 ж №7
«Бұлбұл»1912 ж №4
«Жазғытұры»
12 слайд
Алғаш өлеңдері “ Айқап” журналында жариялынған 1911 ж №2 «Жатыр» 1911 ж №9 «Шын сорлы» 1912 ж №7 «Бұлбұл»1912 ж №4 «Жазғытұры»
13 слайд
Өлеңдер
жинағы 1912 жылы
Ғалымжан Ибрагимовтың
көмегімен «Шолпан» өлеңдер
жинағы Қазан қаласында
жарыққа шыққан.
1922 жылы
екінші өлеңдер жинағы
жарыққа шығады.
Бастырушы – Бернияр Күлеев.
1923 жылы
үшінші өлеңдер жинағы
жарыққа шығады.
Бастырушы – Сұлтанбек Қожанов.
13 слайд
Өлеңдер жинағы 1912 жылы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен «Шолпан» өлеңдер жинағы Қазан қаласында жарыққа шыққан. 1922 жылы екінші өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Бастырушы – Бернияр Күлеев. 1923 жылы үшінші өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Бастырушы – Сұлтанбек Қожанов.
14 слайд
Поэмалары “ Өтірік ертегі”
1926 ж“ Ертегі”
1922 ж“ Тоқсанның
тобы”
1927 ж
“ Қойлыбайдың
қобызы”
1923 ж“ Оқжетпестің
қиясында” “ Жүсіп хан” “ Қорыт”
1922 ж“ Батыр Баян”
1920 ж
14 слайд
Поэмалары “ Өтірік ертегі” 1926 ж“ Ертегі” 1922 ж“ Тоқсанның тобы” 1927 ж “ Қойлыбайдың қобызы” 1923 ж“ Оқжетпестің қиясында” “ Жүсіп хан” “ Қорыт” 1922 ж“ Батыр Баян” 1920 ж
15 слайд
“ Батыр Баян”
поэмасыӘрі көсем, әрі дана,
әрі батыр, сұңғыла
дипломат, мемлекет
қайраткері Абылай
бейнесі поэмада
асқақ көрінеді. Қазақтың басынан
қылыш, іргесінен
қиқу
кетпей тұрған ауыр
кезең бейнеленеді
Ноян мен Қалмақ
қызының бірге
қашуы трагедияға
соқтырады. Табиғат сұлулығы,
Абылай ханның ел басқаруы,
батыр Баянның ерлігі
суреттелген
15 слайд
“ Батыр Баян” поэмасыӘрі көсем, әрі дана, әрі батыр, сұңғыла дипломат, мемлекет қайраткері Абылай бейнесі поэмада асқақ көрінеді. Қазақтың басынан қылыш, іргесінен қиқу кетпей тұрған ауыр кезең бейнеленеді Ноян мен Қалмақ қызының бірге қашуы трагедияға соқтырады. Табиғат сұлулығы, Абылай ханның ел басқаруы, батыр Баянның ерлігі суреттелген
16 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау
I Авторы Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
II Тақырыбы Баянның батырлық ерліктері арқылы сол кездегі
халықтың тарихи-әлеуметтік жағдайын көрсетеді.
III Әдеби
жанр түрі Поэма. Эпос жанрына жатады.Себебі өмір шындығын
мейлінше мол қамтып, кең суреттеп, адам мінездерін
мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр.
IV Эпика-
лық жанр
түрі Орта көлемді поэма. Өйткені өмірде болған
құбылысты, алуан-алуан адам тағдыры мен заман
шындығын көлемді суреттеп берген.
V Шығарма-
ның идеясы Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық
арқылы оқырманына ой салу. Алаш халқының
намысын ояту.
16 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау I Авторы Мағжан Жұмабаев (1893-1938) II Тақырыбы Баянның батырлық ерліктері арқылы сол кездегі халықтың тарихи-әлеуметтік жағдайын көрсетеді. III Әдеби жанр түрі Поэма. Эпос жанрына жатады.Себебі өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттеп, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр. IV Эпика- лық жанр түрі Орта көлемді поэма. Өйткені өмірде болған құбылысты, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді суреттеп берген. V Шығарма- ның идеясы Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Алаш халқының намысын ояту.
17 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау
VI Шы-
ғар-
маның
Ком-
пози-
циялық
құры-
лысы VI.1. Шығарманың басталуы.
Поэма оқиға өтетін жер - Көкшетаудың әсемдігін суреттеумен басталады.
Көкшеде түрлі аң, бөрі, бұғы, маралдың мекен еткенін, Оқжетпеске қанша
қарасаң көзіңнің тоймайтындығын, Бурабай көлінің дөп-дөңгелек айға
ұқсайтындығын, мөп-мөлдір екенін суреттеумен басталады.
VI.2. Шығарманың дамуы.
Көкшетаудың әсем табиғатын суреттей келе, осы мекен Абылай ханға
ертеден қоныс болғандығын айтады. Сол кезде халық «Ақтабан
шұбырынды» кезіне тап болып, орыс, қытай деген екі оттың арасына түскен
халық өз тағдырларын Абылайдай данасына тапсырған кез еді деп
поэманың табиғат суретінен кейін жалғастырып әкетеді.
VI.3. Шығарманың байланысы.
Осындай қазақ-қалмақ тартысты шешу үшін Абылай қалмаққа ойран
салуды ойлап, ордаға батырларын, билерін жинайды. Осы жиынға
Абылайдың сенімді батыры Баян келмейді. Баянның жиынға келмеуін
Абылай Қанай бимен ақылдасады.
Наркескен, өрттей өскен, қайтпас болат,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай
Келмесе Қанды балақ Батыр Баян – деп жауап береді.
Осы арқылы автор оқырмандарына шынында Батыр Баян қайда жүр
деген сауал тастайды.
17 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау VI Шы- ғар- маның Ком- пози- циялық құры- лысы VI.1. Шығарманың басталуы. Поэма оқиға өтетін жер - Көкшетаудың әсемдігін суреттеумен басталады. Көкшеде түрлі аң, бөрі, бұғы, маралдың мекен еткенін, Оқжетпеске қанша қарасаң көзіңнің тоймайтындығын, Бурабай көлінің дөп-дөңгелек айға ұқсайтындығын, мөп-мөлдір екенін суреттеумен басталады. VI.2. Шығарманың дамуы. Көкшетаудың әсем табиғатын суреттей келе, осы мекен Абылай ханға ертеден қоныс болғандығын айтады. Сол кезде халық «Ақтабан шұбырынды» кезіне тап болып, орыс, қытай деген екі оттың арасына түскен халық өз тағдырларын Абылайдай данасына тапсырған кез еді деп поэманың табиғат суретінен кейін жалғастырып әкетеді. VI.3. Шығарманың байланысы. Осындай қазақ-қалмақ тартысты шешу үшін Абылай қалмаққа ойран салуды ойлап, ордаға батырларын, билерін жинайды. Осы жиынға Абылайдың сенімді батыры Баян келмейді. Баянның жиынға келмеуін Абылай Қанай бимен ақылдасады. Наркескен, өрттей өскен, қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай Келмесе Қанды балақ Батыр Баян – деп жауап береді. Осы арқылы автор оқырмандарына шынында Батыр Баян қайда жүр деген сауал тастайды.
18 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау
VI Шы-
ғар-
маның
Ком-
пози-
циялық
құры-
лысы VI.4. Шығарманың шиеленісі.
Баян бір шапқыншылықта қалмақ қызын тұтқынға алып келген
болатын. Сол қызға Баянның інісі Ноян ғашық болып қалады.
Қалмақ қызына Батыр Баяннның өзі де ынтық болған. Бірақ өз
отбасын, намысын ойлап, қарындасы ретінде қарап жүреді.
VI.5. Шығарманың шарықтау шегі.
Ноян мен Қалмақ қызы кездесіп, Ноян өзінің ғашық екендігін
жеткізеді. Қалмақ қызы: «Анамның бетін көрмей, ешқашан ерге
шықпаймын» деген уәдем бар деп, Ноянды еліне, анасына апаруға
көндіреді. Сөйтіп екеуі таң ата қалмақ жеріне аттанады. Екі
жастың қашып кеткенін Баян естіп, қолына тек қана садағын
алып, арттарынан қуа жөнеледі. Жолдыөзек деген жерге келгенде
көзі екі қараны шалады. Ашумен інісі Ноян мен қалмақтың
қызын садағымен атып өлтіреді.
VI.6. Шығарманың шешімі.
Інісін өлтірген Баян жаралы жолбарыстай күңіренеді. Алаш
намысы үшін өлтіргенін айтып, өз-өзін жұбатады. Баянның
жиынға кешігуінің де себебі осы еді. Ол кезде Баян өз інісін жерлеп
жатқан болатын. Келе сала соғысқа аттанып, сол соғыста досы
Жанатай екеуі қаза болады.
18 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау VI Шы- ғар- маның Ком- пози- циялық құры- лысы VI.4. Шығарманың шиеленісі. Баян бір шапқыншылықта қалмақ қызын тұтқынға алып келген болатын. Сол қызға Баянның інісі Ноян ғашық болып қалады. Қалмақ қызына Батыр Баяннның өзі де ынтық болған. Бірақ өз отбасын, намысын ойлап, қарындасы ретінде қарап жүреді. VI.5. Шығарманың шарықтау шегі. Ноян мен Қалмақ қызы кездесіп, Ноян өзінің ғашық екендігін жеткізеді. Қалмақ қызы: «Анамның бетін көрмей, ешқашан ерге шықпаймын» деген уәдем бар деп, Ноянды еліне, анасына апаруға көндіреді. Сөйтіп екеуі таң ата қалмақ жеріне аттанады. Екі жастың қашып кеткенін Баян естіп, қолына тек қана садағын алып, арттарынан қуа жөнеледі. Жолдыөзек деген жерге келгенде көзі екі қараны шалады. Ашумен інісі Ноян мен қалмақтың қызын садағымен атып өлтіреді. VI.6. Шығарманың шешімі. Інісін өлтірген Баян жаралы жолбарыстай күңіренеді. Алаш намысы үшін өлтіргенін айтып, өз-өзін жұбатады. Баянның жиынға кешігуінің де себебі осы еді. Ол кезде Баян өз інісін жерлеп жатқан болатын. Келе сала соғысқа аттанып, сол соғыста досы Жанатай екеуі қаза болады.
19 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау
VII
Кейіп-
керлер
кел-
беті VII. 1. Басты кейіпкер Баян – батыр, ел еркесі. Баянның
атынан-ақ Қалмақтар қорқатын болған деп жазады. Абылай
ханның сенімді серігі. Оны автор поэмада үнемі мына сөздер арқылы
беріп отырады. «Баянның батырлығы алашқа аян, Баянсыз
қанатымды қалай жаям?!» Бір ғана осы тіркестер арқалы Баянның
бар болмысын ашып береді. Баян «жау» десе тыныш жатпайды.
Халқының, алашының намысы үшін өмір сүрген. «Бірін айт та, бәрін
айт, басқа батыр, Баяндай «Алашым!» деп еңіреп пе еді?» деп
көрсетеді. Сонымен Баян ынтыққұмар. Қалмақ қызын қолға түсірген
де оған қызығады. Баян ашуланшақ.
Сұм жүрек қанды жауып жинай берді.
Ақыры ашу ерді билеп кетті.
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді – деп Баянның інісі
Ноянның қалмақ қызымен қашып кеткенін естіп, беліне жалғыз-ақ
садағын алып, өзін сабырлы ұстай алмайды. Ашуланғаннан бірге туған
бауырын танымай қалады. Құлағы керең болып, өзімен бірге туған
бауырының «жан көке, аға» деген сөздерін де естімейді, Екеуін
өлтіргенен кейін барып, өз есіне келеді. Ашу алдымен, ақыл артынан
дегендей, өлтіргенен кейін ғана есін жинап, қорланады.
Тартқанда сынбадың-ау сұм садағым
Қайтейін, арымадың, арда күшім,
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... Өлтірдім бе
Інімді алты алаштың намысын үшін ?! - деп өз-өзін жұбатады. Баян
досқа адал, сенімді жолдас. Хал үстінде жатқан досы Жанатайды
құтқарамын деп өзі өлімге бас тігеді.
19 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау VII Кейіп- керлер кел- беті VII. 1. Басты кейіпкер Баян – батыр, ел еркесі. Баянның атынан-ақ Қалмақтар қорқатын болған деп жазады. Абылай ханның сенімді серігі. Оны автор поэмада үнемі мына сөздер арқылы беріп отырады. «Баянның батырлығы алашқа аян, Баянсыз қанатымды қалай жаям?!» Бір ғана осы тіркестер арқалы Баянның бар болмысын ашып береді. Баян «жау» десе тыныш жатпайды. Халқының, алашының намысы үшін өмір сүрген. «Бірін айт та, бәрін айт, басқа батыр, Баяндай «Алашым!» деп еңіреп пе еді?» деп көрсетеді. Сонымен Баян ынтыққұмар. Қалмақ қызын қолға түсірген де оған қызығады. Баян ашуланшақ. Сұм жүрек қанды жауып жинай берді. Ақыры ашу ерді билеп кетті. Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді – деп Баянның інісі Ноянның қалмақ қызымен қашып кеткенін естіп, беліне жалғыз-ақ садағын алып, өзін сабырлы ұстай алмайды. Ашуланғаннан бірге туған бауырын танымай қалады. Құлағы керең болып, өзімен бірге туған бауырының «жан көке, аға» деген сөздерін де естімейді, Екеуін өлтіргенен кейін барып, өз есіне келеді. Ашу алдымен, ақыл артынан дегендей, өлтіргенен кейін ғана есін жинап, қорланады. Тартқанда сынбадың-ау сұм садағым Қайтейін, арымадың, арда күшім, Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... Өлтірдім бе Інімді алты алаштың намысын үшін ?! - деп өз-өзін жұбатады. Баян досқа адал, сенімді жолдас. Хал үстінде жатқан досы Жанатайды құтқарамын деп өзі өлімге бас тігеді.
20 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау
VII
Кейіп-
керлер
кел-
беті VII.2. Абылай хан – сол күнде еліне қорған болған
ел басқарушы. Ішкі, сыртқы саясатты шешіп отырған.
Баянды өзінің қанаты деп ұғады. Елдің ынтымағын ойлаған.
«Ежелден Абылай да екі сөз жоқ» - деп қайтпайтын, бір
сөзді жан екенін суреттейді.
VII. 3. Ноян – 15 жаста. Асау жүректі, аңқау. Бар ақылы
білегінде. Еш нәрсенің астарына бойлап қарай бермейді.
Қалмақ қызының арбауына түсіп, елінен қашады. Бойынан
балаң сезімі кете қоймаған. Қашып кеткенде артынан
қуып келген ағасына еркелікпен күлімдеп қана тұрады.
VII. 4. Қалмақ қызы - балдырған бөбек дерлік 14 жастағы
қыз. Сұлу, сымбатты. Бірақ тым сақ, қу, сөзге шешен.
Өзінің айлакер сөздерімен Ноянды алдап салады.
Анама сөзім анау, өзім мынау
Жас Ноян жүгінемін ер деп сені – деп оның ерлігін
айтып, сиқырлы сұлу сөздерімен, көз жасымен Ноянның
жүрегін жібітеді.
20 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау VII Кейіп- керлер кел- беті VII.2. Абылай хан – сол күнде еліне қорған болған ел басқарушы. Ішкі, сыртқы саясатты шешіп отырған. Баянды өзінің қанаты деп ұғады. Елдің ынтымағын ойлаған. «Ежелден Абылай да екі сөз жоқ» - деп қайтпайтын, бір сөзді жан екенін суреттейді. VII. 3. Ноян – 15 жаста. Асау жүректі, аңқау. Бар ақылы білегінде. Еш нәрсенің астарына бойлап қарай бермейді. Қалмақ қызының арбауына түсіп, елінен қашады. Бойынан балаң сезімі кете қоймаған. Қашып кеткенде артынан қуып келген ағасына еркелікпен күлімдеп қана тұрады. VII. 4. Қалмақ қызы - балдырған бөбек дерлік 14 жастағы қыз. Сұлу, сымбатты. Бірақ тым сақ, қу, сөзге шешен. Өзінің айлакер сөздерімен Ноянды алдап салады. Анама сөзім анау, өзім мынау Жас Ноян жүгінемін ер деп сені – деп оның ерлігін айтып, сиқырлы сұлу сөздерімен, көз жасымен Ноянның жүрегін жібітеді.
21 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау
VIII
Әдеби
теория-
лық
ұғымдар 1. Сұм өмір абақты ғой саналыға
2. Қызыл тіл , қолым емес, кісендеулі.
3. Қу өмір, қызығы жоқ, қажытқан соң
4. Сұм өмір, күшті уын аяды ма?
5. Сөз сиқыр, жазбай ма жарады да?
6. Қиын күн туған Алаш баласына
7. Жиналған өңшең бөрі Бурабайға
8. Батырлар бұғаудағы арыстандай
9. Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап
10. Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?
11. Билеген асау жүрек, қайнаған қан.
12. Ата-анам – айым менен күнім жатыр.
13. Көп қойға көкжал ойран салған еді.
14. Толтырып меруерттей жасқа көзін.
15. Алыстан екі қара көрді Баян
IX Түсін-
дірме
сөздік 1.1. Қабірінен әулиенің алашқа артық (мола)
2. Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей. (сауыт)
3. Кермиық Жолдыөзектің даласында (ай дала)
4. Дулыға, қалқан, кебе ұмыт қалған (құрал-сайман)
X Қоры-
тынды Поэмадан Баянның елі, жері, халқы үшін күресін көреміз. Өзінің туған бауыры
Ноянды өлімге беруінің басты себебі – елін сақтап қалу болды деп түсінуге болады.
Өйткені Ноян Қалмақ жеріне барған кездің өзінде де оны өлім ғана күтіп тұр еді.
Елін шапқан халықтың ұлына қызын әйелдікке бермейтіні даусыз еді.
21 слайд
“ Батыр Баян” поэмасына сатылай кешенді талдау VIII Әдеби теория- лық ұғымдар 1. Сұм өмір абақты ғой саналыға 2. Қызыл тіл , қолым емес, кісендеулі. 3. Қу өмір, қызығы жоқ, қажытқан соң 4. Сұм өмір, күшті уын аяды ма? 5. Сөз сиқыр, жазбай ма жарады да? 6. Қиын күн туған Алаш баласына 7. Жиналған өңшең бөрі Бурабайға 8. Батырлар бұғаудағы арыстандай 9. Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап 10. Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді? 11. Билеген асау жүрек, қайнаған қан. 12. Ата-анам – айым менен күнім жатыр. 13. Көп қойға көкжал ойран салған еді. 14. Толтырып меруерттей жасқа көзін. 15. Алыстан екі қара көрді Баян IX Түсін- дірме сөздік 1.1. Қабірінен әулиенің алашқа артық (мола) 2. Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей. (сауыт) 3. Кермиық Жолдыөзектің даласында (ай дала) 4. Дулыға, қалқан, кебе ұмыт қалған (құрал-сайман) X Қоры- тынды Поэмадан Баянның елі, жері, халқы үшін күресін көреміз. Өзінің туған бауыры Ноянды өлімге беруінің басты себебі – елін сақтап қалу болды деп түсінуге болады. Өйткені Ноян Қалмақ жеріне барған кездің өзінде де оны өлім ғана күтіп тұр еді. Елін шапқан халықтың ұлына қызын әйелдікке бермейтіні даусыз еді.
22 слайд
Биік романтикалық сарынға құралған
“ Батыр Баян” поэмасынан екі түрлі
жайды аңғарамыз
Бірі –
батырлық,
достық,
махаббат,
мейірім Екіншісі –
ашу, ыза,
әділетсіздік,
қантөгіс,
өкініш.
22 слайд
Биік романтикалық сарынға құралған “ Батыр Баян” поэмасынан екі түрлі жайды аңғарамыз Бірі – батырлық, достық, махаббат, мейірім Екіншісі – ашу, ыза, әділетсіздік, қантөгіс, өкініш.
23 слайд
23 слайд
24 слайд
1. “ Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасындағы
ерлік мәселесі” тақырыбына шығарма жазу. Үйге тапсырма
24 слайд
1. “ Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасындағы ерлік мәселесі” тақырыбына шығарма жазу. Үйге тапсырма