"Атымтай жомарт" әңгімесі

#1 слайд
Ыбырай Алтынсарин
(1841 – 1889)
«Атымтай жомарт» әңгімесі
1 слайд
Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889) «Атымтай жомарт» әңгімесі
#2 слайд
Қазақтың аса көрнекті
ағартушысы
Жазушы
Балалар әдебиетінің атасы
Оқулық авторы
Аудармашы
2 слайд
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы Жазушы Балалар әдебиетінің атасы Оқулық авторы Аудармашы
#3 слайд
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы,
Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары
қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ
тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының
атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би,
Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет
алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп
біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп
күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы
мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік
орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы,
ата-анасын асырауы еді.
3 слайд
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы еді.
#4 слайд
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ыбырай бала кезінен
бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды,
Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып
жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды.
Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына
рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек
пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік
ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш
еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек
біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға
талпынды.
4 слайд
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
#5 слайд
Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы
тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің
бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметінге жұмсады.
Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығыда сол оқу-өнер, білім
мәселесімен сабақтас. Озның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық
қиялына қанат бітіретін зор нысанасы – қараңғы қазақ халқының көзін ашу,
көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу. Мазмұны жағынан
Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке,
адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке,
тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа,
зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады.
Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан
аулақ болуға баулиды.
5 слайд
Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметінге жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығыда сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Озның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.
#6 слайд
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір
мезгіл үстіне ескі-ұсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс
қылады екен. Бір күні өзінің жақын таныстары сұрады дейді:
— Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ,
жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз
басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын
кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? — депті.
Жомарт айтты дейді:
— Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан
дәулетті өне бойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен
көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз
салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік
емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн
сайын өз бейнетіммен таңнан бір-ақі пұлға нан сатып алып
жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған
дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: Құдай
тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына
жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген
иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, — деді. «Атымтай жомарт» әңгімесі
6 слайд
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-ұсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын таныстары сұрады дейді: — Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? — депті. Жомарт айтты дейді: — Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-ақі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, — деді. «Атымтай жомарт» әңгімесі
#7 слайд
•
Тозығы жеткен, ұзақ пайдаланылған, көп ұсталған
деген мағынады.Ескі – құсқы
•
Жоқ-жітік, кедей. Бұл жерде: сондай адамға ұқсап
деген мағынаны білдіреді. Жарлы
•
Бұл жерде: ақша, қаржы – қаражат.
Пұл
•
Басқа адамдарды менсінбеу, тәкаппар болу.
Көңілге жел кіру
•
Жоқ – жітік, жарлы – жақыбайлы, кедей деген
мағынада. Кем – кетік
•
Өзі пайдалану, өз пайдасына ғана жарату.
Тұтыну СӨЗ МАРЖАН
7 слайд
• Тозығы жеткен, ұзақ пайдаланылған, көп ұсталған деген мағынады.Ескі – құсқы • Жоқ-жітік, кедей. Бұл жерде: сондай адамға ұқсап деген мағынаны білдіреді. Жарлы • Бұл жерде: ақша, қаржы – қаражат. Пұл • Басқа адамдарды менсінбеу, тәкаппар болу. Көңілге жел кіру • Жоқ – жітік, жарлы – жақыбайлы, кедей деген мағынада. Кем – кетік • Өзі пайдалану, өз пайдасына ғана жарату. Тұтыну СӨЗ МАРЖАН
#8 слайд
Еңбек процесі тақырыбында жазылған Ыбырай әңгімелері бірінен бірі асып отырады. Бірін-бірі
қайталамайды, әрқайсысының өзіндік қызықты, тәрбиелік күшті жақтары бар. Мұны оқыған бала
әрқашан пайдалы, өнегелі істерге үйренеді, өнегесіз істерден жирене түседі. Ал баланың өзінің
жауапкершілігін түсіну сезімін біле бастауы еңбек етуге төселуден, еңбекті сүйе білуден пайда болады. Бұл
әңгімелердің ескірмейтін, тозбайтын өмірлік белгісі осында. Еңбек етсең ғана ойлаған мұратыңа жетуге
болатынын, өмір сүруге жеңіл болатынын ескертеді.
Жазушы «Атымтай Жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге
мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында
ертегі жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай
осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап әңгіме етіп ұсынды.
Әңгіменің идеясын да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың
сөзінен айқын көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімен тапқан
пұлға нан сатып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған
дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», – дейді.
Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тәжірибесі мол, қандай
жұмысқа болса да икемі бар, өздері кішіпейіл, мейірімді және ешқандай
арамдық, зұлымдық істерді білмейтін, қалың бұқараның жайдары өкілі
етіп көрсетеді.
Ақыл да, терең ой да, оның әр нәрсеге икемділігі де, қиын-қыстау кезеңде
жол тапқыштығы да еңбектену арқылы жинақталған өмір тәжірибесінің
жемісі екенін білдіреді. Бұған қарама-қарсы еңбекті сүймейтін, ел үстінен
күн көретін тоғышарларды да астыртын жеткізеді.
8 слайд
Еңбек процесі тақырыбында жазылған Ыбырай әңгімелері бірінен бірі асып отырады. Бірін-бірі қайталамайды, әрқайсысының өзіндік қызықты, тәрбиелік күшті жақтары бар. Мұны оқыған бала әрқашан пайдалы, өнегелі істерге үйренеді, өнегесіз істерден жирене түседі. Ал баланың өзінің жауапкершілігін түсіну сезімін біле бастауы еңбек етуге төселуден, еңбекті сүйе білуден пайда болады. Бұл әңгімелердің ескірмейтін, тозбайтын өмірлік белгісі осында. Еңбек етсең ғана ойлаған мұратыңа жетуге болатынын, өмір сүруге жеңіл болатынын ескертеді. Жазушы «Атымтай Жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап әңгіме етіп ұсынды. Әңгіменің идеясын да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен айқын көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімен тапқан пұлға нан сатып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», – дейді. Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тәжірибесі мол, қандай жұмысқа болса да икемі бар, өздері кішіпейіл, мейірімді және ешқандай арамдық, зұлымдық істерді білмейтін, қалың бұқараның жайдары өкілі етіп көрсетеді. Ақыл да, терең ой да, оның әр нәрсеге икемділігі де, қиын-қыстау кезеңде жол тапқыштығы да еңбектену арқылы жинақталған өмір тәжірибесінің жемісі екенін білдіреді. Бұған қарама-қарсы еңбекті сүймейтін, ел үстінен күн көретін тоғышарларды да астыртын жеткізеді.
шағым қалдыра аласыз













