2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Батыр Баян" поэмасының кейіпкерлері, көркемдік ерекшелігі

"Батыр Баян" поэмасының кейіпкерлері, көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентация
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
29 Қаңтар 2025
109
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
«Ой шақыру» 1 минут Берілген сипаттама қай кейіпкерге қатысты? /Баян, Ноян, Құралай/ Ержүрек, ғашық, тұтқын, батыр, мейірімді,

1 слайд
«Ой шақыру» 1 минут Берілген сипаттама қай кейіпкерге қатысты? /Баян, Ноян, Құралай/ Ержүрек, ғашық, тұтқын, батыр, мейірімді, қатал, ақылды, албырт, отаншыл, намысқой, жас, 14 жаста, 15 жаста, ата-анасын тыңдайды, қалмақ, аңғал, сұм сұлу, қорқақ, батыл. Сабаққа болжам жасайық! Үй жұмысы: “Батыр Баян” поэмасына ланс талдау Жырдан жатқа үзінді оқу

ІІІ БӨЛІМ: Балалар мен үлкендер М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының кейіпкерлері, көркемдік ерекшелігі •Сабақ мақсаты: 7.1.3.1.

2 слайд
ІІІ БӨЛІМ: Балалар мен үлкендер М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының кейіпкерлері, көркемдік ерекшелігі •Сабақ мақсаты: 7.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау •7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың ( метафора, эпитет, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б.) қолданысын талдау; Бағалау критерийлері: •поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ) қолданысын анықтайды; •білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдайды; •Шығарма композициясын анықтап, кейіпкерлерге баға береді.

«Батыр Баян» поэмасы туралы үзіндіні тамашалайық! •Батыр кандай күйді басынан ке шіруде? •https:// www.youtube.com/watch?v=ee

3 слайд
«Батыр Баян» поэмасы туралы үзіндіні тамашалайық! •Батыр кандай күйді басынан ке шіруде? •https:// www.youtube.com/watch?v=eeces K63mzw •05.10-нан - 09.50-ге дейін Проблемалық сұрақ: •Батыр да ет пен сүйектен жаралған адам. Автор Баянның батырлығымен қоса адами бейнесін, оның басынан кешкен махаббат пен намыс, ашу-ыза, ащы қайғы мен өзегін өртеген өкініш, қайнаған кек сияқты түрлі сезім шарпысуларын қалай сипаттап жеткізген? Батырлығы Адами тұлғасы Қалай сипатталған?

4 слайд

4 слайд

5 слайд

5 слайд

6 слайд

6 слайд

7 слайд

7 слайд

8 слайд

8 слайд

9 слайд

9 слайд

«Сәйкестендіру» Көркемдегіш құралдарды мысалдарымен сәйкестендір. 30 секунд •https:

10 слайд
«Сәйкестендіру» Көркемдегіш құралдарды мысалдарымен сәйкестендір. 30 секунд •https://quizlet.com/_8q82we?x=1qqt&i=2z5xqe Мәнмәтін (контекст) деп тілдік тұлғаның орналасқан ортасын айтады. Лексикалық, грамматикалық омонимдердің, полисемиялы сөздердің мағыналарын айқындауда мәнмәтінді пайдалану шешуші рөл атқарады (Күннің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі; малды суар, малды ауыл, қолын малды). Талдауда ескеріңіз!

«ЗЕРТТЕУ және ТҰЖЫРЫМ» 10 минут Шағын жоба жұмысының талдау реті: 1-қадам. Кейіпкердің сипатын ашатын көркем сөздерді теріп а

11 слайд
«ЗЕРТТЕУ және ТҰЖЫРЫМ» 10 минут Шағын жоба жұмысының талдау реті: 1-қадам. Кейіпкердің сипатын ашатын көркем сөздерді теріп алып, түрін ажырат. 2-қадам. Кейіпкер бейнесін танытатын 1 көркемдік қолданысқа 3 аспектіде талдау жүргіз: 1)Көркем сөздің білдіретін (тура) мағынасын анықта. 2)Мәнмәтіндегі мағынасын талдап, кейіпкерге мінездеме бер. 3)автор идеясын жеткізудегі орнына баға бер, идеяға қатысты түйін шығар. 3-қадам. Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығар. Тұжырымда қамтылатын сұрақ: •Автор кейіпкер бейнесін сипаттау үшін қай суреттеу құралын көбірек қолданған? Неге? Дескриптор: кейіпкер сипатын ашатын кемінде 6-8 көркемдік қолданысты мәтіннен теріп алып, (эпитет, теңеу, метафора т.б.) түрлерін ажыратады;  кейіпкер сипатын танытатын 1 көркемдік қолданысты таңдап алып, 3 аспектіде талдау жүргізеді: 1) білдіретін тура мағынасын анықтайды; 2) мәнмәтіндегі мағынасын талдай отырып, кейіпкерге мінездеме береді; 3)образдың автор идеясын жеткізудегі орнына баға беріп, идеяға қатысты түйін шығарады; Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығарады. 1-қатар тапсырмасы Зерттеу нысаны: Баянның батырлығын сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәнін талдау. 2-қатар тапсырмасы Зерттеу нысаны: Батыр Баянның сезімін сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәнін талдау. 3-қатар тапсырмасы Зерттеу нысаны: Батыр Баянның көңіл күйін сипаттайтын көркем сөздер және оның образ ашудағы білдіретін мәнін талдау.

Батырлығы Адами тұлғасы Тарихи құндылық және көркемдік құндылық Болмасын жас сұлудың білгеннен соң, Ер Баян қарындас қып, ері

12 слайд
Батырлығы Адами тұлғасы Тарихи құндылық және көркемдік құндылық Болмасын жас сұлудың білгеннен соң, Ер Баян қарындас қып, ерік берген. Алайда ар алысқан жүрегімен Теңізде алысқандай күшті сеңмен. Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап», Баянда жан қоймаған жандырмаған. Сонда да сыр шығармай батыр Баян, Жастық қып жанын естен тандырмаған. Көңіл күйі Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян? Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды Көр болғыр екі көзім, көрдің неге? Садақпен жүрегінен тартып кетпей, Жыландай бауырыма сап келдім неге? Есалаң жүрекке ерік бердім неге? Буынып сол боз үйден шықпай өлмей, Атылып оқ жыландай тұрдым неге?! Патриоттық сезім Намыс пен абырой

Кейіпкерді сипаттайтын көркем сөз Көркем сөзді 3 аспектіде өзара байланыста талда Бастапқы

13 слайд
Кейіпкерді сипаттайтын көркем сөз Көркем сөзді 3 аспектіде өзара байланыста талда Бастапқы /тура мағынасына түсінік Мәнмәтіндегі мағынасы арқылы кейіпкерге мінездеме Образдың автор идеясын жеткізудегі орнына баға, идеяға қатысты түйін Көп жаудың албастысы, ел еркесі - метафора   «жаудың албастысы» - метафорасындағы «албасты» сөзі түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан,  жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі; «Ел еркесі» - метафорасындағы «ерке»сөзінің мағынасы - айтқанын істететін шолжың, еркін. Абылай ханның сөзіндегі «жаудың албастысы» метафоралық қолданысы арқылы автор Батыр Баянның жауына бүйідей тиетін, шабуылда күтпеген жерден (сайтандай) ғайыптан шыққандай тап бола кетіп, табанда оқыс қимылдап, әдісқойлық танытатын және тырп еткізбей жеңіске жететін тегеурінді батыр, ерекше күш иесі екенін танытады. Ол – жауына қырғидай тиетін адуынды батыр. Ел еркесі» - метафорасы мәнмәтінде батырдың ел алдындағы еркіндігін, оның көрсеткен қандай қылығын болсын халық көтеретінін, оны аялайтынын танытады. Ол - халықтың қалаулысы, сүйіктісі. Ел мен жерді жаудан қорғауда аянбай, ерлігімен еңбек сіңірген батырды халық аялайды, еркелігін көтереді. Ол - халықтың аяулысы, қадірлейтін қалаулысы, көпшіліктің көзайымына айналған батыр. «Көп жаудың албастысы, ел еркесі» метафоралары - Абылай ханның аузынан айтылған, батырға берілген жанама мінездеу. Бұл - автордың батырлықты дәріптеудегі бір амал-тәсілі. Автор Би Қанай мен Абылай ханның диалогы арқылы батыр Баянның абыройы асқақ, беделі зор батыр екенін танытқан. Ел қорғаны болған батырлықты дәріптеу арқылы автор отансүйгіштікке шақырады. Түйінді ой Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар. Талдау үлгісін шолып өтіңіз!

Жауаптарыңызды төмендегідей «Кесте» сызбасына қысқаша түртіп алып, ауызша талдап сөйлеуге әзірленіңіздер. Кейіпкерді сипаттайт

14 слайд
Жауаптарыңызды төмендегідей «Кесте» сызбасына қысқаша түртіп алып, ауызша талдап сөйлеуге әзірленіңіздер. Кейіпкерді сипаттайтын 1 көркем сөз Көркем сөзді 3 аспектіде өзара байланыста талдау Тура мағынасын анықта Мәнмәтіндегі мағынасын ашу арқылы кейіпкерге мінездеме бер. Образдың автор идеясын жеткізудегі орнына баға беріп, идеяға қатысты түйін шығар.                     Автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым ұсыныңыз. 3 сөйлем Тұжырымда қарастырылатын сұрақтар: Кейіпкер қандай адам? Автор қай суреттеу құралын көбірек қолданған? Ойды жеткізудегі ұтымдылығы неде? Сіздің ойыңызша, неге ол суреттеу құралы тиімді болып тұр?  

Топтар жұмысын қорғайды және бағалайды. 5 минут Өзін-өзі бағалау Бағалау к

15 слайд
Топтар жұмысын қорғайды және бағалайды. 5 минут Өзін-өзі бағалау Бағалау критерийлері Төмен Орта Жоғары кейіпкер сипатын ашатын 6-8 көркемдік қолданысты теріп алып, түрлерін ажыратып айтады;       1 көркемдік қолданысты таңдап, 3 аспектіде талдау жүргізеді: бастапқы және мәнмәтіндегі мағынасын ашады; образды ашудағы орнына баға береді;       автордың образ ашудағы қолданған амал-тәсілін анықтап, тұжырым шығарады.         Кері байланыс Талдаудың қай бөлігі қиындық туғызды? Неліктен?

Сабақтың мақсатына жеттік пе? Сабақ мақсаты: Поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, с

16 слайд
Сабақтың мақсатына жеттік пе? Сабақ мақсаты: Поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ ) қолданысын анықтап, білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдау, автор ойын жеткізудегі орнына баға беру. Қай қолданысты анықтай алдық? Қай талдау қиын болды? Бағалау критерийлері: •поэмадағы көркемдегіш құралдардың (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, синекдоха, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ) қолданысын анықтайды; •білдіретін мәнін ашу арқылы образ сомдау ерекшелігін талдайды; •автор идеясын жеткізудегі қызметін анықтап, баға береді. Осы мақсат бойынша тағы жұмыс жасау қажет пе?

РЕФЛЕКСИЯ «3-2-1» әдісі •Сіз үшін маңызды болған 3 ақпарат •Қиындық келтірген 2 жағдай •Келесі сабаққа 1 ұсыныс

17 слайд

Министірлікпен келісілген курстар тізімі