Дислалия. Дислалия кезіндегі түзету жұмыстары.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Дислалия.
Дислалия кезіндегі түзету
жұмыстары.
1 слайд
Дислалия. Дислалия кезіндегі түзету жұмыстары.
2 слайд
•
Жоспар:
1. Дислалия туралы жалпы түсінік.
2. Дислалияның классификациясы .
3. Дислалия кезіндегі логопедиялық
жаттығулар.
4. Дислалияны түзету жұмыстары.
2 слайд
• Жоспар: 1. Дислалия туралы жалпы түсінік. 2. Дислалияның классификациясы . 3. Дислалия кезіндегі логопедиялық жаттығулар. 4. Дислалияны түзету жұмыстары.
3 слайд
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің
анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың
бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия
сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.
«Дислалия» деген терминді Еуропада ең
бірінші болып Вильнюс университетінің
профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп
саналады. 1827жылы шыққан
монографиясында бұл терминді барлық
жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс
айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19
ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы
терминді қолданған
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға
керісінше, артикуляциялық аппарат
мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа
себептерден болған дыбыстардың бұзылуын
жатқызды.
: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының
бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е.
Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп
атаған.
3 слайд
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды. : Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.
4 слайд
•
Дислалияның даму тарихы:
XX ғасырдың 30-50 жылдары Хватцев М.Е. дислалияны мынадай түрлерге бөлді:
Органикалық дислалия
Механикалық дислалия
Функционалды дислалия
XX ғ 60-жылдардың басында О.В.Правдина дислалияны 2 түрге топтастырды:
1. Функционалды дислалия
2. Механикалық дислалия
XX ғ 60-жылдарында Гриппипунг Б.М. дислалияны келесідей топтастырды:
Акустика- фонематикалық дислалия
Артикуляциялық-фонетикалық дислалия
артикуляциялық-фонематикалық
-
4 слайд
• Дислалияның даму тарихы: XX ғасырдың 30-50 жылдары Хватцев М.Е. дислалияны мынадай түрлерге бөлді: Органикалық дислалия Механикалық дислалия Функционалды дислалия XX ғ 60-жылдардың басында О.В.Правдина дислалияны 2 түрге топтастырды: 1. Функционалды дислалия 2. Механикалық дислалия XX ғ 60-жылдарында Гриппипунг Б.М. дислалияны келесідей топтастырды: Акустика- фонематикалық дислалия Артикуляциялық-фонетикалық дислалия артикуляциялық-фонематикалық -
5 слайд
Дислалия этиологиялық себептеріне
байланысты:
1. Механикалық дислалия
2. Функционалды дислалия
5 слайд
Дислалия этиологиялық себептеріне байланысты: 1. Механикалық дислалия 2. Функционалды дислалия
6 слайд
1 . Механикалық (органикалық) дислалия – сөйлеу тілінің
перифериялық аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің)
анатомиялық ақаулары салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы.
Механикалық дислалияның себептері:
1) жақ-сүйек жүйесінің ақаулары, алдыңғы тістер
арасындағы диастемалар;
2) күрек тістердің жоқ болуы немесе олардың ақаулары;
3) тістену ақаулары. Бұл дамуының ақаулары немесе
әртүрлі жарақаттар, тіс аурулары немесе адамның жасына
байланысты өзгерістерінің салдарынан жүре пайда болған
ақаулары болуы мүмкін.
4)қатты таңдайдың ақаулары (биік орналасуы). Бұндай
жағдайда ызың, ысқырық, еріндік-тістік, тіс алды
дыбыстарының бұзылыстары жиі кездеседі.
6 слайд
1 . Механикалық (органикалық) дислалия – сөйлеу тілінің перифериялық аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің) анатомиялық ақаулары салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы. Механикалық дислалияның себептері: 1) жақ-сүйек жүйесінің ақаулары, алдыңғы тістер арасындағы диастемалар; 2) күрек тістердің жоқ болуы немесе олардың ақаулары; 3) тістену ақаулары. Бұл дамуының ақаулары немесе әртүрлі жарақаттар, тіс аурулары немесе адамның жасына байланысты өзгерістерінің салдарынан жүре пайда болған ақаулары болуы мүмкін. 4)қатты таңдайдың ақаулары (биік орналасуы). Бұндай жағдайда ызың, ысқырық, еріндік-тістік, тіс алды дыбыстарының бұзылыстары жиі кездеседі.
7 слайд
2. Функциональдық дислалия –
мұнда органикалық зақымдану болмайды,
тек сөйлеу механизмдерінің функциясы
бұзылады.
Функциональдық дислалияның себептері:
- Қостілділік(билингвизм);
- Еліктеушілік;
- Педагогикалық қараусыздық;
- Фонематикалық естудің дамымауы;
- Әлеуметтік қатынастар ерекшелігі;
7 слайд
2. Функциональдық дислалия – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады. Функциональдық дислалияның себептері: - Қостілділік(билингвизм); - Еліктеушілік; - Педагогикалық қараусыздық; - Фонематикалық естудің дамымауы; - Әлеуметтік қатынастар ерекшелігі;
8 слайд
Дислалияның түрлері:
•
1. Акустикалық-
фонематикалық
дислалия
•
2. Артикуляторлық-
фонетикалық дислалия
•
3. Артикуляторлық-
фонематикалық
дислалия
8 слайд
Дислалияның түрлері: • 1. Акустикалық- фонематикалық дислалия • 2. Артикуляторлық- фонетикалық дислалия • 3. Артикуляторлық- фонематикалық дислалия
9 слайд
Акустикалық-фонематикалық дислалия дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты
бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу
негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі
сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде
қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді
қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.
Артикуляторлық-фонематикалық дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы
қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты
қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін:
1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті
дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық
нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.
2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық
артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды.
Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс
алмастырылып айтылады.
Артикуляторлық–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының
салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын).
Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін. Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
9 слайд
Акустикалық-фонематикалық дислалия дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі. Артикуляторлық-фонематикалық дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады. 2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады. Артикуляторлық–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін. Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
10 слайд
10 слайд
11 слайд
Дислалияның халықаралық деңгейде белгіленетін
синонимдері:
•
Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч»,
«ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі
кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
•
Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
•
Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
•
Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;
•
Каппацизм – «к» дыбысы;
•
Гаммацизм – «г» дыбысы;
•
Хитизм – «х» дыбысы;
•
Йотацизм – «й» дыбысы;
11 слайд
Дислалияның халықаралық деңгейде белгіленетін синонимдері: • Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі; • Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік; • Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік; • Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер; • Каппацизм – «к» дыбысы; • Гаммацизм – «г» дыбысы; • Хитизм – «х» дыбысы; • Йотацизм – «й» дыбысы;
12 слайд
Туа пайда болатын кемістікке
жататындар:
•
Прогнатия - жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып
тұрады;
•
Прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
•
Тістердің дұрыс орналаспауы;
•
Еріннің түрлі кемістіктері;
•
Таңдай параличі;
Жүре пайда болатын кемістікке
жататындар:
•
Сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының
нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын
түрлі кемістіктер.
•
Астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып
тұрады.
12 слайд
Туа пайда болатын кемістікке жататындар: • Прогнатия - жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады; • Прогения – төменгі жақтың алға шығуы; • Тістердің дұрыс орналаспауы; • Еріннің түрлі кемістіктері; • Таңдай параличі; Жүре пайда болатын кемістікке жататындар: • Сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер. • Астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады.
13 слайд
Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс
кезеңдері .
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық
жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф. Ф. Рау екі
кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. Ф. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев төрт
кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір
болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне
байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
1. Дайындық кезеңі;
2. Дыбысты қою кезеңі;
3. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі;
4. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі;
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы
екіншісінің басталуына ұласып кетеді.
13 слайд
Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері . Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф. Ф. Рау екі кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. Ф. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді: 1. Дайындық кезеңі; 2. Дыбысты қою кезеңі; 3. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі; 4. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі; Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.
14 слайд
1. Дайындық кезеңі.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары:
- баланы түзету жұмысына ынталандыру,
- саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету,
- зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту,
- артикуляцияны дұрыс калыптастыру,
- дыбысты қабылдау, ажырату жатады.
Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы
жаттығулар колданылады. Жаттығулар қойылатын
дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл
қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады.
Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына
сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
Артикуляциялық жаттығулар жүргізіледі.
14 слайд
1. Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: - баланы түзету жұмысына ынталандыру, - саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, - зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту, - артикуляцияны дұрыс калыптастыру, - дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар колданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Артикуляциялық жаттығулар жүргізіледі.
15 слайд
Тәтті тосап. Жалпақ тілді шығарып
жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына
тереңірек апару. /15 рет қайталау/.
Алтыбақан. Жіңішке тілді ауыздан
шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе
иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу
керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
Тістерді тазалау. Тілдің ұшын
жоғарғы тістер артына көтеріп, ұстауға үйрету.
Езу тартып күлу, тістерді көрсетіп, ауызды сәл
ашып, тілдің ұшымен жоғарғы тістерді оңға-
солға, кейін жоғарыдан төменге «тазалау».
Саңырауқұлақ. Тілді жоғары ұстауға
дағдыландыру, тілдің астындағы сіңірін (жүйесін)
созуға үйрету. Жымию, тістерді көрсету, ауызды сәл
ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып, ауызды
ашу (тіл-саңырауқұлақтың басы, ал тіл асты сіңірі-
оның аяғы болады).
15 слайд
Тәтті тосап. Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/. Алтыбақан. Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек. Тістерді тазалау. Тілдің ұшын жоғарғы тістер артына көтеріп, ұстауға үйрету. Езу тартып күлу, тістерді көрсетіп, ауызды сәл ашып, тілдің ұшымен жоғарғы тістерді оңға- солға, кейін жоғарыдан төменге «тазалау». Саңырауқұлақ. Тілді жоғары ұстауға дағдыландыру, тілдің астындағы сіңірін (жүйесін) созуға үйрету. Жымию, тістерді көрсету, ауызды сәл ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып, ауызды ашу (тіл-саңырауқұлақтың басы, ал тіл асты сіңірі- оның аяғы болады).
16 слайд
Инеше. Тілді жіңішке етіп,
дірілдетпей ұстауға үйрету. Ауызды ашып,
ұзын, жіңішке тілді алға қарай шығару. Осы
қалыпта тілді 1-5, 1-10-ға дейін ұстап тұру.
Жаттығуды жасаған кезде ауыз ашық болады.
Құлыншық. Тілдің сіңірлерін бекіту,
жоғары көтеруге дағдыландыру. Жымиып,
тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен
таңдай қағу (аттың тағалары тақылдағандай).
Сылақшы. Күлімсіреу, ауыды
сәл ашу, тілдің ұшымен таңдайды
сипалау.
Кесе. Ауызды кең ашып, жалпақ
тілді жоғары көтереміз. Тіл тіске тимеуі
керек. 10-15секунд устап тұру қажет.
16 слайд
Инеше. Тілді жіңішке етіп, дірілдетпей ұстауға үйрету. Ауызды ашып, ұзын, жіңішке тілді алға қарай шығару. Осы қалыпта тілді 1-5, 1-10-ға дейін ұстап тұру. Жаттығуды жасаған кезде ауыз ашық болады. Құлыншық. Тілдің сіңірлерін бекіту, жоғары көтеруге дағдыландыру. Жымиып, тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен таңдай қағу (аттың тағалары тақылдағандай). Сылақшы. Күлімсіреу, ауыды сәл ашу, тілдің ұшымен таңдайды сипалау. Кесе. Ауызды кең ашып, жалпақ тілді жоғары көтереміз. Тіл тіске тимеуі керек. 10-15секунд устап тұру қажет.
17 слайд
17 слайд
18 слайд
2. Дыбыстарды қою кезеңі .
Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі
үш тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет
түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы
түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Бұл
жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көру арқылы
кабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/ ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін
қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсетумен
толықтырылуы мүмкін.
Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу
органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция
пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы,
қозғалысы қалыптастырылады.
Сөйлеу органдарының белгілі бір қалпымен немесе қимылымен байланысты
кинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді.
Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.
Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе-механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция
бастапқы кезде баланың талабына сай келмеуі мүмкін.
Үшінші - аралас тәсіл . Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың
мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл
меңгеруге көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда
/төменгі тіс сигматизмін түзетуді қараңыз/, тілдің ұшын астыңғы тістін артқы жағына түсіріп тұру
үшін зонд пайдалану мысал бола алады.
18 слайд
2. Дыбыстарды қою кезеңі . Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көру арқылы кабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/ ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы, қозғалысы қалыптастырылады. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалпымен немесе қимылымен байланысты кинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады. Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе-механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай келмеуі мүмкін. Үшінші - аралас тәсіл . Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл меңгеруге көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс сигматизмін түзетуді қараңыз/, тілдің ұшын астыңғы тістін артқы жағына түсіріп тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады.
19 слайд
3. Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңі
Негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты
бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап
етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында,
аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек.
Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы:
логопедке ілесе қарапайым буындар мен сөздерді кайталаудан бастап, дауыстап оқуға, заттарды атауға,
суреттердегі бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептеуге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен
мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап
беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.
Алайда есте болатын жай - түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл
кемшіліктердің сипатына және баланың жеке басының ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты
түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы
сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктерін түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.
Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек.
Біріншіден-мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу
тиімсіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара біржақты ықпалының
тиуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы - С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір
мезгілде қысқа - у түрінде айтылатын - Л дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету
үшін тілдің бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде тіл үшкірленіп /азу тіспен
арадағы бүйір саңылауы/ мүлде қарама-қарсы қалып пайда болады .
19 слайд
3. Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңі Негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: логопедке ілесе қарапайым буындар мен сөздерді кайталаудан бастап, дауыстап оқуға, заттарды атауға, суреттердегі бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептеуге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай - түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және баланың жеке басының ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктерін түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі. Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден-мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиімсіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара біржақты ықпалының тиуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы - С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа - у түрінде айтылатын - Л дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету үшін тілдің бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде тіл үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/ мүлде қарама-қарсы қалып пайда болады .
20 слайд
4. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.
Логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру
кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын
дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету
барысында Г. С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан
негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен
қолдануына болады.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің
қажетті шарты-оның жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды
қамтиды:
а) оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;
б) шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары;
в) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;
г) тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары;
д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;
е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін
суреттер, суретті лото;
ж) түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы ба...
20 слайд
4. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. Логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету барысында Г. С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты-оның жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды қамтиды: а) оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна; б) шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары; в) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон; г) тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары; д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом; е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото; ж) түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы ба...