Express Publishing, E-book materials for learning.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Микрофонды
сөндіру/
өзі сөйлеген
кезде қосу Дәл қазір
және дәл
осында Тайм-менеджмент
Уақытты басқаруЧатта
белсенділік
таныту Спикерге
көмектесуКОУЧИНГКЕ ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 слайд
Микрофонды сөндіру/ өзі сөйлеген кезде қосу Дәл қазір және дәл осында Тайм-менеджмент Уақытты басқаруЧатта белсенділік таныту Спикерге көмектесуКОУЧИНГКЕ ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2 слайд
Тақырыбы: «Бөлім/ортақ
тақырып және тоқсан
бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларын әзірлеу
алгоритмдері»
2 слайд
Тақырыбы: «Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері»
3 слайд
Жиынтық бағалау
тапсырмаларын әзірлеу үшін
мұғалім нені білуі керек?
Тапсырманы қалай әзірлеу
керек және тапсырма әзірлеу
барысында нені ескеру керек?
3 слайд
Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу үшін мұғалім нені білуі керек? Тапсырманы қалай әзірлеу керек және тапсырма әзірлеу барысында нені ескеру керек?
4 слайд
Жиынтық бағалау бойынша балл және баға туралы шешімді
мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қабылдайды. Сонымен
қатар мұғалімнің әр оқушының орындаған жұмысы бойынша
объективті шешім қабылдауына бөлім бойынша жиынтық
бағалау тапсырмаларына құрастырылған дескрипторлар,
тоқсандық бағалау тапсырмалары бойынша құрастырылған балл
қою кестелері көмектеседі. Жиынтық бағалау нәтижесінде
алынған деректер қалыптастырушы бағалаудағыдай жоспарлау,
түзету және оқу процесіне талдау жасау үшін қолданылады.
4 слайд
Жиынтық бағалау бойынша балл және баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қабылдайды. Сонымен қатар мұғалімнің әр оқушының орындаған жұмысы бойынша объективті шешім қабылдауына бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларына құрастырылған дескрипторлар, тоқсандық бағалау тапсырмалары бойынша құрастырылған балл қою кестелері көмектеседі. Жиынтық бағалау нәтижесінде алынған деректер қалыптастырушы бағалаудағыдай жоспарлау, түзету және оқу процесіне талдау жасау үшін қолданылады.
5 слайд
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау процедуралары Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125
бұйрығымен бекітілген және 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен
толықтырылған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау
жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүреді. Айта кететін жай, аптасына 1 сағат
оқу жүктемесі кезінде бөлім бойынша жиынтық бағалау қажет болған жағдайда
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды
баға жартыжылдыққа қойылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш
реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да
көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың
ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі
кезеңде өткізуге болады.
5 слайд
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау процедуралары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген және 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен толықтырылған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүреді. Айта кететін жай, аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде бөлім бойынша жиынтық бағалау қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
6 слайд
6Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
Бөлім Оқу мақсаттары Бағалау
критерийлері Ойлау
дағдыларының
деңгейлері
Түрлі деңгейдегі
тапсырмалар
Дескрипторлар,
балдар Рубрикалар
6 слайд
6Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау Бөлім Оқу мақсаттары Бағалау критерийлері Ойлау дағдыларының деңгейлері Түрлі деңгейдегі тапсырмалар Дескрипторлар, балдар Рубрикалар
7 слайд
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
процедурасын қарастырайық.
1 2 3 4
Бөлім бойынша жиынтық
бағалаудың міндеті –
оқушылардың ағымдағы оқу
жетістігін, аралық
нәтижелерін белгілеу. Оның
нәтижесі бойынша білім
алушыларға тоқсандық баға
қою кезінде есепке алынатын
балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларын мұғалім
оқу бағдарламасындағы
өтілген материалдың
күрделілік деңгейі мен
мазмұнын есепке ала
отырып құрастырады. Бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау оқу
бағдарламасына, оқу
жоспарына сәйкес
бөлім немесе ортақ
тақырыптарды
аяқтаған кезде
өткізіледі. Тапсырмалар оқу
мақсаттары, бағалау
критерийлері мен ойлау
дағдылары деңгейлеріне
сәйкес болуы тиіс.
7 слайд
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау процедурасын қарастырайық. 1 2 3 4 Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – оқушылардың ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу. Оның нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып құрастырады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс.
8 слайд
5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау
нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рубрикасын құрастыру, бағалау
критерийлеріне сәйкес деңгейлерлерді сипаттау.
2) жиынтық бағалауда
тексерілетін оқу мақсаттарына
сәйкес бағалау критерийлерін
анықтау, оларды ойлау
дағдыларының деңгейлерімен
сәйкестендіру; 1) оқу бағдарламасын, бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын
талдау; Бөлім бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі келесі
кезеңдерден тұрады:
3) ойлау дағдыларының
деңгейлеріне сәйкес келетін
тексерілетін критерийлердің,
оқу мақсаттарының мазмұнын
қамтитын бір немесе бірнеше
тапсырма дайындау; 4) әр тапсырмаға дескрипторлар
құрастыру және балл белгілеу;
8 слайд
5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рубрикасын құрастыру, бағалау критерийлеріне сәйкес деңгейлерлерді сипаттау. 2) жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, оларды ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру; 1) оқу бағдарламасын, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын талдау; Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі келесі кезеңдерден тұрады: 3) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырма дайындау; 4) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру және балл белгілеу;
9 слайд
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын
әзірлеу алгоритмі
Оқу бағдарламасына шолу жасау Бағалау критерийлері Ойлау дағдыларының деңгейлері Тапсырма ларДескрипторлар және балдар Оқу жетістіктерінің
деңгейлері
9 слайд
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі Оқу бағдарламасына шолу жасау Бағалау критерийлері Ойлау дағдыларының деңгейлері Тапсырма ларДескрипторлар және балдар Оқу жетістіктерінің деңгейлері
10 слайд
03. Мұғалім бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелеріне талдау жасайды. Бұл
оқушыларға пайдалы кері байланыс беруге,
сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
04. Сонымен қатар мұғалім қажеттігіне
қарай алдағы сабақ жоспарларын,
тапсырмалар мен қалыптастырушы бағалау
тәсілдерін, жиынтық бағалау тапсырмаларын
қайта қарастыруы мүмкін. 01. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға
бөлінетін уақытты мұғалім берілген
тапсырмалар мен оны орындауға кететін
орташа уақытты есепке ала отырып
жобалайды.
02. Бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалауды
сабақта 15-20 минут уақытқа
есептеп жоспарлау ұсынылады.
10 слайд
03. Мұғалім бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жасайды. Бұл оқушыларға пайдалы кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 04. Сонымен қатар мұғалім қажеттігіне қарай алдағы сабақ жоспарларын, тапсырмалар мен қалыптастырушы бағалау тәсілдерін, жиынтық бағалау тапсырмаларын қайта қарастыруы мүмкін. 01. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға бөлінетін уақытты мұғалім берілген тапсырмалар мен оны орындауға кететін орташа уақытты есепке ала отырып жобалайды. 02. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды сабақта 15-20 минут уақытқа есептеп жоспарлау ұсынылады.
11 слайд
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу
алгоритмінің дескрипторын құрастыру
4 Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалау процесінде
қолданылады1
2
3 Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларында әрбір
дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар тапсырмамен қатар әзірленеді. Бұл тапсырманың, бағалаудың сенімділігі мен
валидтілігін қамтамасыз етеді.
Мұғалімге объективті және дұрыс бағалауына көмектеседі.
11 слайд
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу алгоритмінің дескрипторын құрастыру 4 Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалау процесінде қолданылады1 2 3 Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларында әрбір дескриптор 1 балмен бағаланады. Дескрипторлар тапсырмамен қатар әзірленеді. Бұл тапсырманың, бағалаудың сенімділігі мен валидтілігін қамтамасыз етеді. Мұғалімге объективті және дұрыс бағалауына көмектеседі.
12 слайд
Тапсырмалардың дескрипторлары
бағалау кезінде мұғалімнің шешімі
объективті болуы үшін анық, нақты
болуы қажет . Дескриптор оқушының
қиындықтарын анықтауға және оған
кері байланыс ұсынуға көмектесуі
қажет.
Дескрипторларды тұжырымдау кезінде
«біледі», «түсінеді», «жасайды»
сияқты сөздерді қолданбаған жөн. Дескриптор
құрастырғанда
нені ескеру
керек?
12 слайд
Тапсырмалардың дескрипторлары бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет . Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және оған кері байланыс ұсынуға көмектесуі қажет. Дескрипторларды тұжырымдау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» сияқты сөздерді қолданбаған жөн. Дескриптор құрастырғанда нені ескеру керек?
13 слайд
Сондай-ақ бағалау жұмысы тоқсан
аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір
пәннен бөлім және тоқсан бойынша
бағалау жұмыстары бір күнде
өткізілмейді. Тоқсандық жиынтық бағалауды
жоспарлағанда алдымен тест
спецификациясын, оқу
бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына шолу жасау керек. Оқу пәндерінің күрделілік
деңгейін есепке ала отырып, бір
күнде үштен артық тоқсандық
жиынтық бағалау өткізуге
болмайды.
1 32
ТЖБ
процес і
13 слайд
Сондай-ақ бағалау жұмысы тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір пәннен бөлім және тоқсан бойынша бағалау жұмыстары бір күнде өткізілмейді. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлағанда алдымен тест спецификациясын, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық тоқсандық жиынтық бағалау өткізуге болмайды. 1 32 ТЖБ процес і
14 слайд
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ
АЛГОРИТМІ
Ағымдағы тоқсанның жиынтық бағалауларына және тоқсандық жиынтық
бағалау тапсырмаларының сипаттамасына шолу жасау және өзгерістер енгізу Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын
(нұсқалары) құрастыруТапсырмаларға балл қою кестесін
әзірлеу
Обзор долгосрочного плана учебной программы
Оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға шолу жасау Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына шолу жасау
14 слайд
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ АЛГОРИТМІ Ағымдағы тоқсанның жиынтық бағалауларына және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасына шолу жасау және өзгерістер енгізу Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын (нұсқалары) құрастыруТапсырмаларға балл қою кестесін әзірлеу Обзор долгосрочного плана учебной программы Оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға шолу жасау Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына шолу жасау
15 слайд
П ән бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
тоқсанды аяқтау бойынша бағалау рәсімдерінің
мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды
анықтайды
бір параллельдегі барлық сыныптар үшін
бірыңғай талаптар белгіленеді
тапсырманың мақсатын, күтілетін нәтижесін,
деңгейін, орындау уақытын, құрылымын,
сипаттамасын анықтайды
тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
ұсынылғанТЖБ спецификациясы –
бұл құжат
15 слайд
П ән бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы тоқсанды аяқтау бойынша бағалау рәсімдерінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды анықтайды бір параллельдегі барлық сыныптар үшін бірыңғай талаптар белгіленеді тапсырманың мақсатын, күтілетін нәтижесін, деңгейін, орындау уақытын, құрылымын, сипаттамасын анықтайды тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері ұсынылғанТЖБ спецификациясы – бұл құжат
16 слайд
П ән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
спецификациясының мазмұны :
тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
пән бойынша күтілетін нәтижелер;
пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
о йлау дағдыларының деңгейіне байланысты
тексерілетін мақсаттарды әр тоқсан бойынша бөлу;
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;
тоқсандық жиынтық бағалауға шолу ;
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының
сипаттамасы ;
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының
үлгілері ;
тапсырмалардың балл қою кестелері.
16 слайд
П ән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясының мазмұны : тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты; пән бойынша күтілетін нәтижелер; пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты; о йлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды әр тоқсан бойынша бөлу; тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі; тоқсандық жиынтық бағалауға шолу ; тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы ; тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері ; тапсырмалардың балл қою кестелері.
17 слайд
Балл қою кестесінде жауап үлгілерін
дескриптор түрінде жазуға болмайды, себебі
балл қою кестесінде тапсырманы орындау
қадамдары емес, балл тағайындалған дұрыс
(болжамды) жауап үлгілерін көрсету керек.
Балл қою кестесіндегі қосымша ақпарат
әртүрлі маңызды ақпаратты қамтуы мүмкін,
мысалы:
✓ бірнеше балл берілетін тапсырмалар. Бұл
жағдайда әр балл не үшін қойылатыны
туралы нақты түсініктеме жазылады;
✓ оқушының күтілетін жауабына қосымша
анықтамалар;
✓ қабылдауға болмайтын жауаптар;
✓ дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін
барлық балама (альтернативті) жауаптар. Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?
17 слайд
Балл қою кестесінде жауап үлгілерін дескриптор түрінде жазуға болмайды, себебі балл қою кестесінде тапсырманы орындау қадамдары емес, балл тағайындалған дұрыс (болжамды) жауап үлгілерін көрсету керек. Балл қою кестесіндегі қосымша ақпарат әртүрлі маңызды ақпаратты қамтуы мүмкін, мысалы: ✓ бірнеше балл берілетін тапсырмалар. Бұл жағдайда әр балл не үшін қойылатыны туралы нақты түсініктеме жазылады; ✓ оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар; ✓ қабылдауға болмайтын жауаптар; ✓ дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық балама (альтернативті) жауаптар. Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?
18 слайд
1. Сыныпта меңгерілген материалды бағалаңыз
2. Оқушылардан берілген дереккөздерге сүйеніп, дұрыс жауабы
бар 1 немесе 2 тапсырма құрастыруды сұраңыз
3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін
келесі ақпараттарды қолданыңыз:
! шындықты анықтау тапсырмасы үшін – 30 секунд;
! көп таңдауы бар тапсырма үшін – 60 секунд;
! қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін – 120 секунд;
! толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге – 10-15 минут;
! жұмысқа шолу жасау үшін – 5 - 10 минут.
4 . Оқушылардың кем дегенде 50-70 пайызы жауап бере
алатындай немесе күрделілігі орташа тақырыпты таңдаңызТЖ Б
БЖ Б
18 слайд
1. Сыныпта меңгерілген материалды бағалаңыз 2. Оқушылардан берілген дереккөздерге сүйеніп, дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 тапсырма құрастыруды сұраңыз 3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін келесі ақпараттарды қолданыңыз: ! шындықты анықтау тапсырмасы үшін – 30 секунд; ! көп таңдауы бар тапсырма үшін – 60 секунд; ! қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін – 120 секунд; ! толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге – 10-15 минут; ! жұмысқа шолу жасау үшін – 5 - 10 минут. 4 . Оқушылардың кем дегенде 50-70 пайызы жауап бере алатындай немесе күрделілігі орташа тақырыпты таңдаңызТЖ Б БЖ Б
19 слайд
Сапалы бағалау – жақсы құрастырылған
бағалау құралдарымен қатар бағалау
процедурасына қатысты түсіндірме
жұмысын дұрыс жүргізумен де байланысты.
Оқушылар бағалаудың мақсатын жақсы
түсінуі және өздерінен не талап етілетінін
білуі тиіс.
C апалы бағалау арқылы оқушылардың үздік
нәтижеге қол жеткізуіне Сіздің қосар
үлесіңіз мол! Сапалы тапсырмалар әзірлеу -
сіздің қолыңызда! Бағалау тапсырмаларын
әзірлеу тәжірибеңізге сәттілік тілейміз!
19 слайд
Сапалы бағалау – жақсы құрастырылған бағалау құралдарымен қатар бағалау процедурасына қатысты түсіндірме жұмысын дұрыс жүргізумен де байланысты. Оқушылар бағалаудың мақсатын жақсы түсінуі және өздерінен не талап етілетінін білуі тиіс. C апалы бағалау арқылы оқушылардың үздік нәтижеге қол жеткізуіне Сіздің қосар үлесіңіз мол! Сапалы тапсырмалар әзірлеу - сіздің қолыңызда! Бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәжірибеңізге сәттілік тілейміз!
20 слайд
20Рефлексия
3-2-1
Мен ТЖБ тапсырмасын
жасауда басты назарға алатын
3-нәрсе
Мен БЖБ тапсырмасында
дамытуды қажет ететін
2-нәрсе
Маған әлі де түсініксіз болып
отырған
1-сұрақ
20 слайд
20Рефлексия 3-2-1 Мен ТЖБ тапсырмасын жасауда басты назарға алатын 3-нәрсе Мен БЖБ тапсырмасында дамытуды қажет ететін 2-нәрсе Маған әлі де түсініксіз болып отырған 1-сұрақ