Гимнастика. Адам денсаулығындағы спорттық гимнастиканың алатын орны.




1 слайд
Адам денсаулығындағы спорттық
гимнастиканың алатын орны.
Гимнастика дегеніміз-дене тәрбиесі жүйесінің негізін қалайды.Дене
тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болмасын, барлығы гимнастикалық
жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары-
спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды
орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу
жаттығуларының жиынтығы-гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар
жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл
спорттың негізін қалайды.
Гимнастика - адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының,
сымбаттылығының т.б адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс
қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы.Жалпы
адамның адами болмысын қалыптастырады.Гимнастикамен шұғылдану деген
сөз адамның өзін -өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
1 слайд
Адам денсаулығындағы спорттық гимнастиканың алатын орны. Гимнастика дегеніміз-дене тәрбиесі жүйесінің негізін қалайды.Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болмасын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары- спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы-гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика - адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының т.б адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы.Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.Гимнастикамен шұғылдану деген сөз адамның өзін -өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

2 слайд
Гимнастикамен шұғылдану,
негізінен екі бағытта жүргізіледі.
Біріншісі-гимнастиканың негізін қалайтын жалпы
дамыту жаттығулары жатады.Сондықтан, негізгі
гимнастика деп аталады.Негізгі гимнастика барлық
жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
-Гигиеналық гимнастика-денсаулықты
қалыптастыратын таңертеңгілік бой жазу
жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік
гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы жатады.
-Ырғақты гимнастика- негізгі мақсаты әр адамның дене
жағынан дамуына байланысты және жалпы
денсаулығына байланысты шұғылданады.Жалпы
дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір
уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
-Атлетикалық гимнастика-жалпы дамыту
жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене
құрылысын жетілдіру үшін қолданылады.Бірақ бұл
жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен
орындалады.Атлетикалық гимнастика негізінен жалпы
дамыту жаттығулар мақсатында спорт ретінде де
қаралады.
Екіншісі-спорттық гимнастика.Спорттық
гимнастика бірнеше жекелеген спорт
жаттығуларынан тұрады.Бұл жаттығулар
жекеленген спорт түрі болып есептеледі.Ерлердің
жабдықтары- керме, шығыршық, қоссырық, кіші
және үлкен ағаш ат және еркін
жаттығу.Әйелдердің жабдықтары- бөрене, үлкен
ағаш ат, әртүрлі биіктіктегі қоссырық және еркін
жаттығу.
-Спорттық акрабатика-жұптасып және топтпсып
орындалатын акрабатикалық
жаттығулар.Гимнастиканың бір түрі ретінде
қаралатын аса күрделі жаттығу.
-Көркем гимнастикамен әйелдер
шұғылданады.Жалпы көркем гимнастиканың
орындалуы би қозғалысына негізделген қолда әр
түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп болмаса
лақтырып, сол құралдың қозғалысымен бірге
билеп жүріп орындалады.
2 слайд
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі-гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары жатады.Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады.Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. -Гигиеналық гимнастика-денсаулықты қалыптастыратын таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы жатады. -Ырғақты гимнастика- негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады.Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. -Атлетикалық гимнастика-жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады.Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады.Атлетикалық гимнастика негізінен жалпы дамыту жаттығулар мақсатында спорт ретінде де қаралады. Екіншісі-спорттық гимнастика.Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады.Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі.Ерлердің жабдықтары- керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу.Әйелдердің жабдықтары- бөрене, үлкен ағаш ат, әртүрлі биіктіктегі қоссырық және еркін жаттығу. -Спорттық акрабатика-жұптасып және топтпсып орындалатын акрабатикалық жаттығулар.Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу. -Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады.Жалпы көркем гимнастиканың орындалуы би қозғалысына негізделген қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп болмаса лақтырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.

3 слайд
Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен
(секіретін жіп, шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.)
немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық және би
жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі.
Соңғы кездері әлем сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді.
Топтық орындауларда бірден екі зат (мысалы шеңбер мен доп)
немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі) қолданылады.
Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық
жаттығуларда анықталады.
3 слайд
Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен (секіретін жіп, шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.) немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық және би жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі. Соңғы кездері әлем сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді. Топтық орындауларда бірден екі зат (мысалы шеңбер мен доп) немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі) қолданылады. Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық жаттығуларда анықталады.

4 слайд
Гимнастикалық орындықпен жасалатын жаттығулар
І.Бастапқы қалып:қолды төмен ұстап, орындыққа қарап тұрады.1-2.Орындыққа сол аяқпен
шығып, оң аяғын тізесінен бүгіп, оны қолмен кеудесіне қарай тартып ұстайды.3.Оң аяғымен артқа
қарай аттайды. 4.Бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет қайталау)
ІІ.Бастапқы қалып:жоғарыдағы жаттығудай.1. Тікке созылып сол аяғын өкшесімен орындыққа
қойып, қолдарын жоғары көтереді.2-3. Сол аяққа отырып, ілгері қарай еңкейеді, қолдарын артқа
төмен қарай жібереді.4.Бастапқы қалыпқа келу (5-7 рет қайталау)
ІІІ.Бастапқы қалып:жамбаспен орындықты бойлай отырады.1-2.Тіке жазылған қолдарымен
тартады.3.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау (7-9 рет қайталау)
ІV.Бастапқы қалып:орындықты бойлай төрт тағандап отыру.1.Оң қолы мен сол аяғын жоғары
көтеру.2.Бастапқы қалыпқа келу.Оң аяқпен және сол қолмен де осылай жасау (4-6 рет қайталау)
4 слайд
Гимнастикалық орындықпен жасалатын жаттығулар І.Бастапқы қалып:қолды төмен ұстап, орындыққа қарап тұрады.1-2.Орындыққа сол аяқпен шығып, оң аяғын тізесінен бүгіп, оны қолмен кеудесіне қарай тартып ұстайды.3.Оң аяғымен артқа қарай аттайды. 4.Бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет қайталау) ІІ.Бастапқы қалып:жоғарыдағы жаттығудай.1. Тікке созылып сол аяғын өкшесімен орындыққа қойып, қолдарын жоғары көтереді.2-3. Сол аяққа отырып, ілгері қарай еңкейеді, қолдарын артқа төмен қарай жібереді.4.Бастапқы қалыпқа келу (5-7 рет қайталау) ІІІ.Бастапқы қалып:жамбаспен орындықты бойлай отырады.1-2.Тіке жазылған қолдарымен тартады.3.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау (7-9 рет қайталау) ІV.Бастапқы қалып:орындықты бойлай төрт тағандап отыру.1.Оң қолы мен сол аяғын жоғары көтеру.2.Бастапқы қалыпқа келу.Оң аяқпен және сол қолмен де осылай жасау (4-6 рет қайталау)

5 слайд
V.Бастапқы қалып:орындыққа сол бүйірін беріп, аяқты алшақ қойып тұру.1.Орындықтың жақын шетін сол
қолмен, оң қолмен қашықтау шетінен ұстау.2. Қолды жоғары тіке жазып, орындықты көтеру.3.Аяқтың ұшына
көтерілу.4.Орындықты оң жағына еденге қою(6-8рет қайталау)
VІ.Бастапқы қалып:1.Орындықтың жақын шетін оң қолмен, қашық шетін сол қолмен ұстау.2.Қолды жоғары
тіке жазып, орындықты көтеру.3.Орындықты басқа тигізу үшін қолдарды шынтақтан бүгу.4.Отыру.5-6.Тұру.7-
8.Орындықты сол бүйірден оі жаққа, еденге қою(5-7рет қайталау)
VІІ.Бастапқы қалып:аяқ арасы алшақ, қолдар төмен.1-2.Қолды орындықтың жоғарғы және төменгі кергі
тақтайларының арасына жіберіп, орындықтың екінші шетінен ұстау.3.Қолды тіке жазып, орындықты көтере
тұру.4. Орындықты көтеріп тұрып, қолды шынтақтан бүгу.5.Қолды жазу.6-7.Отырып, орындықты еденге
қою.8.Бастапқы қалыпқа келу (8-10 рет қайталау)
VІІІ.Бастапқы қалып:шалқалақтап жатып қолды бүгу, орындықтың жалпақ жағын төмен қаратып кеудеде екі
шетінен ұстау.1.Қолдарын тіке жазу.2. Қолды бүгіп, бастапқы қалыпқа келу.3.Қолдарды тағы да жоғары жазып
көтеріп, сол аяқты көтеру.4.Бастапқы қалыпқа келу.Оң аяқты көтеріп, тағы да солай жасау (9-11 рет қайталау)
5 слайд
V.Бастапқы қалып:орындыққа сол бүйірін беріп, аяқты алшақ қойып тұру.1.Орындықтың жақын шетін сол қолмен, оң қолмен қашықтау шетінен ұстау.2. Қолды жоғары тіке жазып, орындықты көтеру.3.Аяқтың ұшына көтерілу.4.Орындықты оң жағына еденге қою(6-8рет қайталау) VІ.Бастапқы қалып:1.Орындықтың жақын шетін оң қолмен, қашық шетін сол қолмен ұстау.2.Қолды жоғары тіке жазып, орындықты көтеру.3.Орындықты басқа тигізу үшін қолдарды шынтақтан бүгу.4.Отыру.5-6.Тұру.7- 8.Орындықты сол бүйірден оі жаққа, еденге қою(5-7рет қайталау) VІІ.Бастапқы қалып:аяқ арасы алшақ, қолдар төмен.1-2.Қолды орындықтың жоғарғы және төменгі кергі тақтайларының арасына жіберіп, орындықтың екінші шетінен ұстау.3.Қолды тіке жазып, орындықты көтере тұру.4. Орындықты көтеріп тұрып, қолды шынтақтан бүгу.5.Қолды жазу.6-7.Отырып, орындықты еденге қою.8.Бастапқы қалыпқа келу (8-10 рет қайталау) VІІІ.Бастапқы қалып:шалқалақтап жатып қолды бүгу, орындықтың жалпақ жағын төмен қаратып кеудеде екі шетінен ұстау.1.Қолдарын тіке жазу.2. Қолды бүгіп, бастапқы қалыпқа келу.3.Қолдарды тағы да жоғары жазып көтеріп, сол аяқты көтеру.4.Бастапқы қалыпқа келу.Оң аяқты көтеріп, тағы да солай жасау (9-11 рет қайталау)

6 слайд
ІХ.Бастапқы қалып:аяқты алшақ ұстап, орындыққа сол жақ бүйірмен
тұру; екі шетінен ұсталған орындық сол иықта болады; орындықты
бір иықтан екіншісіне ауыстыра отырып, 20-30 с бойы жайлап жүру.
Х.Жолдасын иығына салып арқалап, орындықпен жүру (6-8 рет
қайталау).
ХІ. Ілгері қарай қозғала екі не бір аяқпен орындық енінен әрлі-берлі
секіру (12-13 рет қайталау)
6 слайд
ІХ.Бастапқы қалып:аяқты алшақ ұстап, орындыққа сол жақ бүйірмен тұру; екі шетінен ұсталған орындық сол иықта болады; орындықты бір иықтан екіншісіне ауыстыра отырып, 20-30 с бойы жайлап жүру. Х.Жолдасын иығына салып арқалап, орындықпен жүру (6-8 рет қайталау). ХІ. Ілгері қарай қозғала екі не бір аяқпен орындық енінен әрлі-берлі секіру (12-13 рет қайталау)

7 слайд
Гимнастикалық қабырғада орындайтын жаттығулар
І.Бастапқы қалып:жүрлеп отыру.Белгі бойынша жоғарыға өрмелеуді жылдам екпінде
орындау; төмен қарай бір қолмен түсу (2-4 рет қайталау)
ІІ.Бастапқы қалып: иық деңгейіндегі кергіні оң қолмен ұстап гимнастикалық қабырғаға
оң жақ бүйірді беріп тұру.1-3.Сол аяқпен ілгері-кейінді сілтеу.Бастапқы қалыпқа
келу.Екінші аяқпен де осылай жасау (3-4 рет қайталау)
ІІІ.Бастапқы қалып:үшінші-төртінші сырықта тұру, қол иық кеңдігіндей.1-2. Оң аяқпен
отыру, сол аяқты қабырғадан неғұрлым қашық ұстау.3-4.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші
аяқпен де осылай жасау; бір қолмен ұстап осылай жасау (5-7 рет қайталау)
7 слайд
Гимнастикалық қабырғада орындайтын жаттығулар І.Бастапқы қалып:жүрлеп отыру.Белгі бойынша жоғарыға өрмелеуді жылдам екпінде орындау; төмен қарай бір қолмен түсу (2-4 рет қайталау) ІІ.Бастапқы қалып: иық деңгейіндегі кергіні оң қолмен ұстап гимнастикалық қабырғаға оң жақ бүйірді беріп тұру.1-3.Сол аяқпен ілгері-кейінді сілтеу.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау (3-4 рет қайталау) ІІІ.Бастапқы қалып:үшінші-төртінші сырықта тұру, қол иық кеңдігіндей.1-2. Оң аяқпен отыру, сол аяқты қабырғадан неғұрлым қашық ұстау.3-4.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау; бір қолмен ұстап осылай жасау (5-7 рет қайталау)

8 слайд
ІV.Бастапқы қалып:аяқ арасын алшақ қойып, бірінші
сырықтан басып тұрады, қолмен кеуде деңгейіндегі
сырықтан ұстайды.1-3.Қолды жазып, алға серіппелі
түрде еңкейіп асылып тұру.4.Бастапқы қалыпқа келу (6-8
рет қайталау)
V.Бастапқы қалып:аяқ үшінші-төртінші сырықта, қол
кеуде деңгеінде ұсталып, гимнастикалық қабырғаға
қарап тұру.1-2. Қолды жазып, солға бұрылу, сол аяқпен
қолды сол жақ бүйірге жіберу; белді қайқайту.3-
4.Бастапқы қалыпқа келу. (6-8 рет қайталау)
8 слайд
ІV.Бастапқы қалып:аяқ арасын алшақ қойып, бірінші сырықтан басып тұрады, қолмен кеуде деңгейіндегі сырықтан ұстайды.1-3.Қолды жазып, алға серіппелі түрде еңкейіп асылып тұру.4.Бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет қайталау) V.Бастапқы қалып:аяқ үшінші-төртінші сырықта, қол кеуде деңгеінде ұсталып, гимнастикалық қабырғаға қарап тұру.1-2. Қолды жазып, солға бұрылу, сол аяқпен қолды сол жақ бүйірге жіберу; белді қайқайту.3- 4.Бастапқы қалыпқа келу. (6-8 рет қайталау)

9 слайд
VІ.Бастапқы қалып: бетін қабырғаға қаратып, еденге тұру, иық деңгейіндегі сырықтан
ұстау..1Сол аяқпен артық аттау.2-3.Серіппелі түрде отыру.4.Бастапқы қалыпқа келу (4-6
рет қайталау)
VІІ.Бастапқы қалып: снарядқа қарап, аяқ арасын алшақ ұстап, еденде тұру; бел
деңгейіндегі сырықтан ұстау.1.Оң аяқты оң жақ бүйірге жіберіп, сол аяққа
отыру.2.Бастапқы қалыпқа келу (6-10 рет қайталау)
VІІІ.Бастапқы қалып:аяқ арасын алшақ ұстап, бірінші-екінші сырықта бетін снарядқа
қаратып тұру; екі қолмене бел деңгейінде ұстау.1.Сол аяққа отыру.2.Серіппелі түрде
отыру.4.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші жаққа да осылай жасау (4-6рет қайталау)
ІХ.Бастапқы қалып:арқасымен снарядқа қарап асылып тұру.1. Бүгілген аяқтарын
көтеру.2.Бастапқы қалыпқа келу.3.Аяқты жазып көтеру.4.Бастапқы қалыпқа келу.
(5-7 рет қайталау)
9 слайд
VІ.Бастапқы қалып: бетін қабырғаға қаратып, еденге тұру, иық деңгейіндегі сырықтан ұстау..1Сол аяқпен артық аттау.2-3.Серіппелі түрде отыру.4.Бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет қайталау) VІІ.Бастапқы қалып: снарядқа қарап, аяқ арасын алшақ ұстап, еденде тұру; бел деңгейіндегі сырықтан ұстау.1.Оң аяқты оң жақ бүйірге жіберіп, сол аяққа отыру.2.Бастапқы қалыпқа келу (6-10 рет қайталау) VІІІ.Бастапқы қалып:аяқ арасын алшақ ұстап, бірінші-екінші сырықта бетін снарядқа қаратып тұру; екі қолмене бел деңгейінде ұстау.1.Сол аяққа отыру.2.Серіппелі түрде отыру.4.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші жаққа да осылай жасау (4-6рет қайталау) ІХ.Бастапқы қалып:арқасымен снарядқа қарап асылып тұру.1. Бүгілген аяқтарын көтеру.2.Бастапқы қалыпқа келу.3.Аяқты жазып көтеру.4.Бастапқы қалыпқа келу. (5-7 рет қайталау)

10 слайд
“Денсаулық -зор байлық”, “денсаулығыңды күт” деген сөздерді күнде
естіп жүргенмен, оған мән бере бермейтіндер де жоқ емес.Егер сіздердің
араларыңызда да денсаулығына жүрдім-бардым қарайтын, “ауыра
қалсам, дәрігер емдейді ғой” деп жүре беретіндер болса ол дұрыс емес.
Кәрі, жас демей, кім болса да өз
денсаулығының қамын өзі ойлауы керек.
Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше көбірек пайдасын тигізу үшін-
дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс.Ондай адам қандай жұмысты
да шаршамай-шалдықпай істей алады, шаршаса да, оңай әл жинап, тез
тыныға біледі.Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан,
төзімді, қайратты адам дейміз.
Бұған гимнастикалық орындықтарда және қабырғаларда жасалатын
жаттығулармен тыс кезде машықтану арқылы қол жеткізуге болады.
10 слайд
“Денсаулық -зор байлық”, “денсаулығыңды күт” деген сөздерді күнде естіп жүргенмен, оған мән бере бермейтіндер де жоқ емес.Егер сіздердің араларыңызда да денсаулығына жүрдім-бардым қарайтын, “ауыра қалсам, дәрігер емдейді ғой” деп жүре беретіндер болса ол дұрыс емес. Кәрі, жас демей, кім болса да өз денсаулығының қамын өзі ойлауы керек. Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше көбірек пайдасын тигізу үшін- дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс.Ондай адам қандай жұмысты да шаршамай-шалдықпай істей алады, шаршаса да, оңай әл жинап, тез тыныға біледі.Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан, төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған гимнастикалық орындықтарда және қабырғаларда жасалатын жаттығулармен тыс кезде машықтану арқылы қол жеткізуге болады.

11 слайд
Назар қойып
тыңдағандарыңызға көп
рахмет!
11 слайд
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!