2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ғылыми жұмыс

Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың шығармашыығы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
04 Сәуір 2025
248
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы “ Ғ. Мүсірепов атындағы №53 жалпы

1 слайд
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы “ Ғ. Мүсірепов атындағы №53 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Зерделеу жұмыстың тақырыбы: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні   Ғылыми бағыты: Қазақ әдеби мұралары Ғылыми саласы: қазақ әдебиеті     7 “Б”сынып оқушысы : Темір Назерке Шалабайқызы   Ғылыми жетекшісі: Елтаева Тұрсынай    Мақтаарал 2020 ж.

Аты – жөні Темір Назерке Туған жылы күні: 24.10.2007 ж. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні Мақсаты :

2 слайд
Аты – жөні Темір Назерке Туған жылы күні: 24.10.2007 ж. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні Мақсаты : Болашақта жан- жақты дамыған тұлға болу Өмірлік ұстанымы: Сүйікті пәні: Білімді ұрпақ – ел болашағы. Қазақ тілі мен әдебиеті Оқушы туралы мәлімет

П і к і р Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-са

3 слайд
П і к і р   Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып, соның ішінде «Абайтану» ғылымының ерекше. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде танылған құбылыс. Ол өз жұртының рухани мол мұрасындағы жақсылықты, адамгершілік қасиетті сүйсіне жырлаған, жамандықты ашына жазған, жақсы үлгісіне өнеге алуды үлгі еткен. Абай қарасөздерінде адам бойындағы ізгі қасиеттерді анықтап көрсетіп қана қоймай, оларды өзара қарым-қатынасын, басқа адамгершілік қасиеттерімен байланысын кең зерттеп толғайды. Ұлы Абайдың қарасөздері - ұлттық өнеге мен тәлім- тәрбие үлгісі болып табылады. Яғни қарасөздердің мән-мазмұны ғасырлар бойы жаңаруда. Абай қарасөздерінің тәлім-тәрбиелік мәнін бойымызға сіңіру- бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі. Демек, қай жағынан алып қараған күнде де Абай қарасөздерінің көтеріп отырған тақырыбы бүгінгі күн үшін өзекті болып табылады. Ғылыми жетекшісі: Елтаева Тұрсынай

Аннотация Ғылыми жұмысының негізгі мақсаты ұлы ақынның шығармаларын зерттеу болып табылад

4 слайд
Аннотация Ғылыми жұмысының негізгі мақсаты ұлы ақынның шығармаларын зерттеу болып табылады. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер екенін білеміз. Ұлы ақынның есімін көшелерге,елді-мекендерге берілген. Ол өзінің шығармаларында болашақ жастарды білімге шақырған. Оқушының өз шығармашылығынан туындаған суреттер ақынның өлеңдеріне арналады. Аннотация В данной исследовательской работе рассмотрены его произведения, слова назидания и памятники посвященные ему . В его честь названы улицы, районы и целые поселения. Его произведения стали классикой казахской и мировой литературы и путеводителем для молодежи. Поэт, философ, просветитель и общественный деятель Абай Кунанбаев — это одна из выдающихся личностей Казахстана. А также приведены рисунки которых автор посвящает стихотворениям поэта. Annotation The aim of this project work is to research the notable works of our great poet Abay Kunanbayev. He was a great Kazakh poet, composer and philosopher. His name was given to the streets, districts. He had done a lot of work to enlighten our people. A large number of his writings are devoted to upbringing of youth. There given some pictures related to his masterpieces which show the creativity of the learner.

ТЕЗИС Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні •Ғылыми жобаның мақсаты: Абай қарасөздерінде жетілу жолдарын, олардың түрлі белесте

5 слайд
ТЕЗИС  Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні •Ғылыми жобаның мақсаты: Абай қарасөздерінде жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік беретіндігін қарасөздері арқылы жеткізу. • Зерттеу жұмысының міндеттері: Абай қарасөздерінің тәрбиелілік мәнін талдау. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру.

• Зерттеу жұмысының өзектілігі: • Абай қарасөздерінің тәлім-тәрбиелік мәнін әр адамның бойына сіңіру – бүгінгі күннің көкейте

6 слайд
• Зерттеу жұмысының өзектілігі: • Абай қарасөздерінің тәлім-тәрбиелік мәнін әр адамның бойына сіңіру – бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі. Демек, қай жағынан алып қараған күнде де Абай қарасөздерінің көтеріп отырған тақырыбы бүгінгі күн үшін өзекті болып табылады. •  Зерттеудің әдіс-тәсілдері: • Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау.

Тақырыбы: Абай қарасөздерінің моральдық ойшылдығы ЖОСПАРЫ • І. Кіріспе. •Абай мұраларының бір саласы - оның қарасөздері. • ІІ

7 слайд
Тақырыбы: Абай қарасөздерінің моральдық ойшылдығы ЖОСПАРЫ • І. Кіріспе. •Абай мұраларының бір саласы - оның қарасөздері. • ІІ. Негізгі бөлім. •А) Ақыл- парасат. •Ә) Ұждан. •Б) Қанағат. •В) Әділет, шапқат. •ІІІ. Қорытынды бөлім. •Абай қара сөздерінің философиялық құндылығы.

• І. Кіріспе. Абай мұраларының бір саласы - оның қарасөздері. Абайдың көркемдік, әлеуметтік және гуманистік және дінге көзқ

8 слайд
• І. Кіріспе. Абай мұраларының бір саласы - оның қарасөздері. Абайдың көркемдік, әлеуметтік және гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қарасөздері. Абайдың қарасөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қарасөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қарасөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қарасөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.Абайдың қарасөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қарасөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Бүгінгі таңда Абай шығармалары әр қилы халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, барлық көзі ашық адамзаттың рухани игілігіне айналып отыр.

•ІІ. Негізгі бөлім. Абай мұраларының бір саласы - оның қарасөздері. Абайдың қарасөздері қазақ жазба әдебиетінде алғаш көрі

9 слайд
•ІІ. Негізгі бөлім. Абай мұраларының бір саласы - оның қарасөздері. Абайдың қарасөздері қазақ жазба әдебиетінде алғаш көрінген прозалық шығарма. Абайдың бізге жеткен қарасөздері қырық алты бөлек оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Абайдың қара сөздері өлеңдері сияқты алуан түрлі мәселені қозғайды. Өлеңдеріндегі бай мазмұн қарасөздерінде де толық қамтылады. Көзіне ілінген көріністерін Абай жалынды жырмен де, жай қарасөзбен де жетімді дәрежеде айтып берген. Қарасөзі, өлеңдеріндегі пікірлерін толықтыра түседі. Өзі өмір сүрген заман сүрген заман шындығы , қоғам құрылысы оның қарасөзіне негіз болды. Ол өзінің қарасөздері арқылы да қазақ арасындағы озбырлыққа, қанауға, қара күшке негізделген ел билеу тәртібіне, зұлымдыққа, надандыққа, еңбексіз азған өмірге, бұзылған мінез –құлыққа адамгершілікке, сыйымсыз тәлім-тәрбиеге, кертатпа әдет-ғұрыпқа, теріс түсінікке қарсы шығып отырған.

Абай көзі көрген зұлымдықтарды сынап қоймай сонымен бірге, одан құтылудың жолын қарастырады: әділетке, өнер-білімге, а

10 слайд
Абай көзі көрген зұлымдықтарды сынап қоймай сонымен бірге, одан құтылудың жолын қарастырады: әділетке, өнер-білімге, адал еңбекке, адамгершілікке үндейді. Қазақ жастарына ақыл айтып, адамға жат мінез-құлықтардан сақтандырады. Біздіңше, Абайдың қара сөздерін мазмұнына қарай, мынадай тәрбиелік мәні бар төрт үлкен тақырып төңірегінде топтауға болады: 1. Оқу, өнер - білім, тәлім-тәрбие мәселесі туралы сөздері. 2. Еңбек, шаруа жайларын әңгімелейтін сөздері. 3. Адамгершілік, мораль жайларын көрсететін сөздері. 4. Дүние, өмір туралы ойлары мен дін мәселелерін түсіндіретін сөздері. Ендеше, ұлы Абай да өзінің философиялық, психолгиялық және педагогикалық пікірлерін ешкімге ұқсамайтын түрде, өзі тапқан формаларда жазып отырғанын түсінетін мезгіл жеткен тәрізді. Мәселен, Абайдың «Ғақлия» түрінде жазылған 3,4,7,19,25,32,37-ші қара сөздерін педагогикалық шығарма деп қарауға жетерлі дәлел бар.

•Ақыл-парасат. Бұл өмірге келген әрбір адам бақытты болғысы келеді, сөз жоқ, олардың өзінің бар ғұмырында тіршілік үшін талпын

11 слайд
•Ақыл-парасат. Бұл өмірге келген әрбір адам бақытты болғысы келеді, сөз жоқ, олардың өзінің бар ғұмырында тіршілік үшін талпынатыны да рас. Бірақ, бақытты болудың жолы қайсы? Адам баласының бақытты өмір сүруі тікелей неге байланысты? Міне, бұл сұрақтарға жауап іздестірмеген адамзат алыптары аз. Солардың көпшілігінің жеткен жері де, тапқан жауаптары да бір түйінге келіп тіреледі. Ол адам баласының мінез-құлығы мен ұжданынан негіз алатындығын анықтайды. Ал адамдардың мінез-құлығы мен ұждан негізінен ақыл-парасат пен жүрек тәрбиесінен нәр алады екен. Осындай тұжырымды Абай да құптайды. Оның ұсынатын тәрбие қақындағы тәлімі Фараби мен Дауана жүйелерімен астасып жатыр. Мәселен, Әл-Фараби: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ». • Мысалы, Абай да «Адам ата-анадан есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (он тоғызыншы сөз) – дей келіп, ол өзінің отыз бірінші сөзі

12 слайд
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (он тоғызыншы сөз) – дей келіп, ол өзінің отыз бірінші сөзінде : «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану (үлгі керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, иә бір қайғыға салыну, иә бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» деп тұжырымдайды. Байқап қарасаңыз, Абайдың айтып отырған сипаттарының бәрі де, адам мінездерінің көріністеріне жатады. Мінезсіз адамдар ең әуелі өзінің ақылын тоздырады екен де, сонан бүкіл тіршілігінің мәні сәніне өздері қиянат жасайтын көрінеді. Ал, адам мінездерін негізінен тәрбиелеп қана жетілдіруге болатындығын аңғару қиын емес. Тіпті, Абай өзінің отыз екінші сөзінде «ғылымды, ақылды сақтайтуғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сөзіне, иә бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең мінездің біртектілігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтадың? Қылам дегенің кыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық... мінезде аңғарылмайтын ақылды арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! – деп айдын анық етіп нақтылай түскен. Мұнан артық педагогикалық еңбектің түрі болмаушы ма еді. Тайға таңба басқандай тәрбие үлгісі дегеніміз осы.

•Ұждан. • Тәрбие адамдардың бойынан байқалатын: ұлт пен ар, әзгілік пен мейірім, имандылық пен инабаттылық, бір сө

13 слайд
•Ұждан. • Тәрбие адамдардың бойынан байқалатын: ұлт пен ар, әзгілік пен мейірім, имандылық пен инабаттылық, бір сөзбен айтқанда – Ұждан деген ұғымға сыйдырамыз. Ал адам табиғатындағы ұждан атты қасиетті сипаттың тербелетін бесігі, тек жүрек тәрбиесімен ғана үндесіп жататыны белгілі. Оның бірте-бірте бастау алып, қалыптасар мезгілі – ана құрсағындағы тоғыз аймен деңгейлес, келетіндігінде. Осынау ана құрсағында жетілетін аз ғана мерзім ішінде, жаңа өсіп келе жатқан жан иесі – өзінің аса күрделі денесінің құрылыстарын ғана марқайтып қана қоймай, сонымен қоса, жан дүниесінің сергектігі мен сезімталдығында түсіндіре түседі. Табиғат шебердің осынау бір тылсым сырлы жұмбағы, тумысынан ақыл- парасатқа бай мінез-құлықтары келіскен аналар ғана ішкі сезімдері арқылы аңғарған. Тек аңғарып қана қоймай, «алпыс екі тамыры» арқылы құрсағындағы жан иесінің жүрек тәрбиесін жетілдіруге тырысқан. Бұл сияқты тылсым құдіретті, тек «мыңнан бір ана» ғана түсінген. Ол сондықтан да, өзінің «аяғы ауыр» сәтіндегі сезімтал күйге ауысқан көңіл күйінің бай әсерін үнемі өсіп келе жатқан жан иесіне бағыттап отырады. Дана халқымыз «Алып анадан туады» дегенде ол табиғаттың осынау бір тылсым құбылысын білген тәрізді.

•Мұны, орасан үлкен ақындық түйсікпен Абай да сезген. Соның айтқан дәлеліндей, мынау бір жолдарға көңіл аударайық: •

14 слайд
•Мұны, орасан үлкен ақындық түйсікпен Абай да сезген. Соның айтқан дәлеліндей, мынау бір жолдарға көңіл аударайық: • Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, • Үннің тәтті оралған мән оятар, - деп келе жүрек тербеп, оятар баста миды, - деп тұжырым жасайды. Осы ойды салыстырмалы түрде, жүкті әйелдің сезімге толы көңіл күйін әуенге теңеп, ұйықтап жатқан жан иесінің жүрегін оятса сонда қалыптасқан ұждан ғана орнықты сипат алса керек. Осындай байсалдыққа жеткен жүрек тәрбиесі ғана ақыл-парасатттың сан қилы сырларын ашып оны кемеңгерлікке толы кемелдікке дейін жетілдіреді. Осыдан келіп адам тәрбиесінің қос қанаты-жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі бірін-бірі жетелей дамитын сипатқа ауысады. Абай айтқан: «Нұрлы ақынға бай толық адамның» тұлғасы осылайша қалыптасса керек. Жалпы өзінің тәрбие жүйесінде, Абай жүрек қалыптастыратын ұждандық сипатқа ерекше мән берген. Ол адам ғұмырында жүректің орнын алдыңғы орынғы қатарға қалды. Тіпті ақылдың тереңдігін күшейтетін де жүрек деп біледі. Сондықтан да ол : • Ақылмен ойлап білген сөз, •Бойыңа жұқпас, сырғанар. •Ынталы жүрек сезген сөз, •Бар тамырды қуалар, - деп адам тәрбиесінің темірқазығын жүрекпен байланыстырып отыр. Абай қашанда өзойларын өлеңмен жазса да, қарасөзбен жазса да тілегей терең тұңғиықтық сырларын меңзеп қана ыммен айтады.

Біздердің осы күнге дейін Абайды түсініп оқи алмай жүрміз деуіміз...

15 слайд

Министірлікпен келісілген курстар тізімі