Ғылыми зерттеу жұмысы: Бата-халық қазынасы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тақырыбы :
Бата – халық қазынасы
секция: тіл білімі
Орындаған: Таипов Динмухамед 11
сынып
ғылыми жетекшісі: Бабирова Д.Б., қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі«ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
КӨКТАЛ ОРТА МЕКТЕБІ» ММ
1 слайд
Тақырыбы : Бата – халық қазынасы секция: тіл білімі Орындаған: Таипов Динмухамед 11 сынып ғылыми жетекшісі: Бабирова Д.Б., қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі«ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КӨКТАЛ ОРТА МЕКТЕБІ» ММ
2 слайд
Мақсаты:
Бата сөздердің қыр-сырын терең ұғына
отырып, олардың халқымыздың өміріндегі
мән-маңызын ашу, ұрпақ тәрбиесіндегі
орнын айқындау .
2 слайд
Мақсаты: Бата сөздердің қыр-сырын терең ұғына отырып, олардың халқымыздың өміріндегі мән-маңызын ашу, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айқындау .
3 слайд
Міндеттер і Баталардың түрлерін меңгеру ;
Үлкен кісілермен кездесіп сұхбаттасу.
Баталар жинағын дайындап
құрастыру; Тиісті әдебиеттер мен БАҚ – ғы
мақаларды жинақтау және танысу ;
3 слайд
Міндеттер і Баталардың түрлерін меңгеру ; Үлкен кісілермен кездесіп сұхбаттасу. Баталар жинағын дайындап құрастыру; Тиісті әдебиеттер мен БАҚ – ғы мақаларды жинақтау және танысу ;
4 слайд
Тақырыптың
өзектілігі
Өкінішке орай, өмірде дұрыс бата бере алмай
қиналатын жастар баршылық, себебі, мектеп
бағдарламасында осы тақырыпқа арналған сағат
саны өте аз, тіпті жоқтың қасы, сондықтан осындай
ахуалды қолға алу үшін мектеп жасынан оқушыларға
батаның маңызын жүйелі түрде түсіндіртіп,
меңгерту қажет.
4 слайд
Тақырыптың өзектілігі Өкінішке орай, өмірде дұрыс бата бере алмай қиналатын жастар баршылық, себебі, мектеп бағдарламасында осы тақырыпқа арналған сағат саны өте аз, тіпті жоқтың қасы, сондықтан осындай ахуалды қолға алу үшін мектеп жасынан оқушыларға батаның маңызын жүйелі түрде түсіндіртіп, меңгерту қажет.
5 слайд
Жаңалығы :
бата – рухани азық ретінде бүгінгі
ұрпаққа қажет, сондықтан бұл
саланы жүйелі түрде зерттеуге
талпыныс жасалып отыр.
5 слайд
Жаңалығы : бата – рухани азық ретінде бүгінгі ұрпаққа қажет, сондықтан бұл саланы жүйелі түрде зерттеуге талпыныс жасалып отыр.
6 слайд
ГИПОТЕЗА
Егер ата – ана баласына баталы сөздерді білуге үйретсе,
онда оқушылардың
имандылық қасиеттері артады.
6 слайд
ГИПОТЕЗА Егер ата – ана баласына баталы сөздерді білуге үйретсе, онда оқушылардың имандылық қасиеттері артады.
7 слайд
Сауалнамаға 5-11 сыныптан 62
респонденттер қатысты .
1. Бата не екенін білесің бе?
2. Бата тиісті бір рәсімге байланысты
берілетінін білесің бе?
3. Қандай бата
түрлерімен таныссың, оны қайдан білдің?
7 слайд
Сауалнамаға 5-11 сыныптан 62 респонденттер қатысты . 1. Бата не екенін білесің бе? 2. Бата тиісті бір рәсімге байланысты берілетінін білесің бе? 3. Қандай бата түрлерімен таныссың, оны қайдан білдің?
8 слайд
«ия» - 100 %
бі лмеймін – 0%1 2
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
1
01. Бата не екенін білесің бе ?
8 слайд
«ия» - 100 % бі лмеймін – 0%1 2 0% 10% 20% 30% 40% 50% 60% 70% 80% 90% 100% 1 01. Бата не екенін білесің бе ?
9 слайд
2 сұрақ. Батаның тиісті бір рәсімге байланысты берілетінін
білесің бе?1 2 3
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
59.60%
16.20%
24.20%
Білмеймін – 60 %
Қиналамын- 16,2%
білемін- 24,2%
9 слайд
2 сұрақ. Батаның тиісті бір рәсімге байланысты берілетінін білесің бе?1 2 3 0% 10% 20% 30% 40% 50% 60% 59.60% 16.20% 24.20% Білмеймін – 60 % Қиналамын- 16,2% білемін- 24,2%
10 слайд
3. Қандай бата түрлерімен таныссың, оны қайдан білдің? (62
респондент)
Бата түрлері білемін білмеймін жауап беруге
қиналамын
Ақ бата
33 5 24
Серттесу батасы
22 23 17
Жол батасы
20 16 26
Ас батасы
62 0 0
Тұсау кесу батасы
25 15 22
Көш батасы
2 25 32
Құрбандық малға
бата 10 25 27
Теріс бата
0 50 12
Қорытынды: Оқушылар батаны білгенмен, оның түрлерін
ажырата алмайды. Бұл алаңдататын жағдай.
10 слайд
3. Қандай бата түрлерімен таныссың, оны қайдан білдің? (62 респондент) Бата түрлері білемін білмеймін жауап беруге қиналамын Ақ бата 33 5 24 Серттесу батасы 22 23 17 Жол батасы 20 16 26 Ас батасы 62 0 0 Тұсау кесу батасы 25 15 22 Көш батасы 2 25 32 Құрбандық малға бата 10 25 27 Теріс бата 0 50 12 Қорытынды: Оқушылар батаны білгенмен, оның түрлерін ажырата алмайды. Бұл алаңдататын жағдай.
11 слайд
Батаның тәрбиелік мәнін,рухани тазалығын қариялармен кездесу арқылы
ғана түсіну мүмкін, сондықтан біз ауылымыздың асыл қазынамыз –
Қуанышбай мен Қабимолда атайлармен кездестік.
Қуанышбай атайдың сұхбатынан: (74 жаста)
- Сіз бүгінгі таңда ізіңізді басып келе жатқан ұрпағыныздың
яғни егде жастағы және жастардың бата беру білігі
қаншалықты деңгейде деп ойлайсыз?
-
Бата берудің бір өзіндік функциясы бар. Өкінішке орай,
бүгінгі таңда батаны тілекпен шаттастыратын адамдар көп
болып кездеседі
- Осындай олқылықтың болу себебі неде ?
-
Себептерінің бірі, жастарды қасына жинайтын қарт кісілердің
азаюы және де жастардың бата беруді үйренуге деген құлшынысының
төмендігі, яғни бата беру соншалықты назар аударатын мәселе еместігінде.
Сондықтан, бата беруді үйрету мектеп жасынан мектеп және ата – аналар мен
көзі тірі біз сияқты қариялардан үйрену керек.
11 слайд
Батаның тәрбиелік мәнін,рухани тазалығын қариялармен кездесу арқылы ғана түсіну мүмкін, сондықтан біз ауылымыздың асыл қазынамыз – Қуанышбай мен Қабимолда атайлармен кездестік. Қуанышбай атайдың сұхбатынан: (74 жаста) - Сіз бүгінгі таңда ізіңізді басып келе жатқан ұрпағыныздың яғни егде жастағы және жастардың бата беру білігі қаншалықты деңгейде деп ойлайсыз? - Бата берудің бір өзіндік функциясы бар. Өкінішке орай, бүгінгі таңда батаны тілекпен шаттастыратын адамдар көп болып кездеседі - Осындай олқылықтың болу себебі неде ? - Себептерінің бірі, жастарды қасына жинайтын қарт кісілердің азаюы және де жастардың бата беруді үйренуге деген құлшынысының төмендігі, яғни бата беру соншалықты назар аударатын мәселе еместігінде. Сондықтан, бата беруді үйрету мектеп жасынан мектеп және ата – аналар мен көзі тірі біз сияқты қариялардан үйрену керек.
12 слайд
...
Сілеу алма, тілеу ал
Әумин десең міне батам
Дарысын саған Қыдыр атаң
Таупықты қып бала берсін.
Ақылы мол дана берсін.
Барлық бақыт ұяласын
Қолдан берген дәмің тәтті болсын,
Болсын аман туыстарың
Бақыт, дәулет, жомарт
Бірге қонсын.
Жамандарға жуыспаған
Өсек сөзге еріп кетіп
Достарыңнан суыспағын.
Қыдыр болсын жолдасың
Біз тілейміз оңдасын деп
Аруақтар қолдасын деп
Жарылқасын құдайым
Тарттырмасын уайым
Апаттардан сақтасын
Алла әрдайым.
Әумин! Қуанышбай атаның өз аузынан жазып алынған бата.
12 слайд
... Сілеу алма, тілеу ал Әумин десең міне батам Дарысын саған Қыдыр атаң Таупықты қып бала берсін. Ақылы мол дана берсін. Барлық бақыт ұяласын Қолдан берген дәмің тәтті болсын, Болсын аман туыстарың Бақыт, дәулет, жомарт Бірге қонсын. Жамандарға жуыспаған Өсек сөзге еріп кетіп Достарыңнан суыспағын. Қыдыр болсын жолдасың Біз тілейміз оңдасын деп Аруақтар қолдасын деп Жарылқасын құдайым Тарттырмасын уайым Апаттардан сақтасын Алла әрдайым. Әумин! Қуанышбай атаның өз аузынан жазып алынған бата.
13 слайд
Қабимолда атамен сұхбат (55 жаста)
-
Ата, сіздің қазақтың қазынасының бірі бата жайлы
пікіріңіз қандай? Сіз жер ортасы жасындасыз, әртүрлі
той-томалақтарға, қазалы жиындарға қатысып
отырасыз. Осы жағдайларда бата беруде қиналған
сәттеріңіз болды ма?
-
Өз басым жер орта жасына, 55 жасқа келсем де, бата беру
ісінде қиналған жағдайым баршылық. Жас ұлғайған сайын
немерелерімнің алдында үлгі тұтарлық ата болу үшін бата
беру ісін қолға алып отыруды ұйғардым.
-
Жас ұрпаққа қандай кеңес берер едіңіз?
-
Батаны мектеп жасынан ата-аналары, сондай-ақ
мектептарде “Бата мектебі” үйірмесі арқылы үйрету керек
деп ойлаймын. Тек сол арқылы ұрпағамызды
имандылыққа, рухани тазалыққа баули аламыз.
Өзімнің білетін бір батамды сіздерге айтып берейін:
Бата берейін асыңа,
Бақыт қонсын басыңа.
Қырғауылдай жорғалап,
Қыдыр келсін қасына.
Жақсылық пен жамандық
Бір Алласыз болмайды,
Тоқтасаң жастар осыма .
13 слайд
Қабимолда атамен сұхбат (55 жаста) - Ата, сіздің қазақтың қазынасының бірі бата жайлы пікіріңіз қандай? Сіз жер ортасы жасындасыз, әртүрлі той-томалақтарға, қазалы жиындарға қатысып отырасыз. Осы жағдайларда бата беруде қиналған сәттеріңіз болды ма? - Өз басым жер орта жасына, 55 жасқа келсем де, бата беру ісінде қиналған жағдайым баршылық. Жас ұлғайған сайын немерелерімнің алдында үлгі тұтарлық ата болу үшін бата беру ісін қолға алып отыруды ұйғардым. - Жас ұрпаққа қандай кеңес берер едіңіз? - Батаны мектеп жасынан ата-аналары, сондай-ақ мектептарде “Бата мектебі” үйірмесі арқылы үйрету керек деп ойлаймын. Тек сол арқылы ұрпағамызды имандылыққа, рухани тазалыққа баули аламыз. Өзімнің білетін бір батамды сіздерге айтып берейін: Бата берейін асыңа, Бақыт қонсын басыңа. Қырғауылдай жорғалап, Қыдыр келсін қасына. Жақсылық пен жамандық Бір Алласыз болмайды, Тоқтасаң жастар осыма .
14 слайд
Бақылау күнделігінен....
28. 01. 201 9 жыл - соғым Нажиканов Әділхан ағамның үйінде
дастарханды 51 жастағы Башкентаев Бағыт ағай қайырды, батасы көбірек
тілекке ұқсады .
03 .0 2 . 201 9 жыл – Мереке нағашымның үйі. Құда түсу рәсімі. Бата беру
мәртебесі Искаков Сапар ағайға берілді ( 58 жаста ) батаның түрі баталасу
берілді . Өте әсерлі болды , себебі мен ондай бата түрін естімеген едім
30 . 0 2 . 201 9 жыл.– Шеке беру. Ошақ әжейдің үйі. (менің әжем) Батаны
Қуанышбай атай берді. Батасы рәсімге сай берілді.
22. 03. 201 9 жыл – наурыз дастарханы. Сағынбай ағаның үйі. Бата беру
кезегі Саханов Қуанышқа берілді. 45 жастағы Қуаныш ағай қиналғандай
көрінді , себебі батаны тілекке айналдырып жіберді .
21.07.2019 жылы Түсау кесу рәсімі. Менің нағашы апамның кішкентай
баласының түсау кесер рәсімі. Бата беру рәсімін 63 жастағы менің атам
Телеуханға берді. Ата рәсімге сай бата берді
14 слайд
Бақылау күнделігінен.... 28. 01. 201 9 жыл - соғым Нажиканов Әділхан ағамның үйінде дастарханды 51 жастағы Башкентаев Бағыт ағай қайырды, батасы көбірек тілекке ұқсады . 03 .0 2 . 201 9 жыл – Мереке нағашымның үйі. Құда түсу рәсімі. Бата беру мәртебесі Искаков Сапар ағайға берілді ( 58 жаста ) батаның түрі баталасу берілді . Өте әсерлі болды , себебі мен ондай бата түрін естімеген едім 30 . 0 2 . 201 9 жыл.– Шеке беру. Ошақ әжейдің үйі. (менің әжем) Батаны Қуанышбай атай берді. Батасы рәсімге сай берілді. 22. 03. 201 9 жыл – наурыз дастарханы. Сағынбай ағаның үйі. Бата беру кезегі Саханов Қуанышқа берілді. 45 жастағы Қуаныш ағай қиналғандай көрінді , себебі батаны тілекке айналдырып жіберді . 21.07.2019 жылы Түсау кесу рәсімі. Менің нағашы апамның кішкентай баласының түсау кесер рәсімі. Бата беру рәсімін 63 жастағы менің атам Телеуханға берді. Ата рәсімге сай бата берді
15 слайд
Қорытынды
-
Бата ұлттымыздың рухани байлығы, ол имандылыққа, теріс әдеттерден аулақ болуға
баулиды, сондықтан егде жастағылар мен жас ұрпақтарды батаны дұрыс қолдануға
және үйренуге назар салу қажеттілігі туып отыр.
-
Қарт – ұлт қазынасы, сондықтан қариялармен кездесіп, ұлтымыздың бір байлығы –
бата беру ұрпақ тәрбиесінде айрықша рөл атқаратынын назардан шығармауымыз
керек.
-
«Аталы сөз – баталы сөз атты» жинақ қітапшасын жасадық, оны сыныптастарыма
және ауыл жастарына ұсындық.
- Мен өзім сияқты жас ұландар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу керектігін
сезіндім және мектепте сол насихаттау жұмыстарын жүргізуді жоспарладым
-
Ұсынысым.
Әдебиет оқулықтарына бата туралы мәліметтер көп берілсе екен.
Бата-тілектердің маңызын жас ұрпаққа түсіндіретін таңдау «Жақсы сөз – жарым
ырыс», «Атадан қалған мұра» атты курстар енгізілсе нұр үстіне нұр болар еді
Практикалық құндылығы:
Аталған жұмыс қазақ тілі және әдебиет факультативтік курстарында («Батамен – ел
көгерер», «Атадан қалған мұра»), сондай – ақ сынып сағаттарында қолдануға
ұсынылады.
15 слайд
Қорытынды - Бата ұлттымыздың рухани байлығы, ол имандылыққа, теріс әдеттерден аулақ болуға баулиды, сондықтан егде жастағылар мен жас ұрпақтарды батаны дұрыс қолдануға және үйренуге назар салу қажеттілігі туып отыр. - Қарт – ұлт қазынасы, сондықтан қариялармен кездесіп, ұлтымыздың бір байлығы – бата беру ұрпақ тәрбиесінде айрықша рөл атқаратынын назардан шығармауымыз керек. - «Аталы сөз – баталы сөз атты» жинақ қітапшасын жасадық, оны сыныптастарыма және ауыл жастарына ұсындық. - Мен өзім сияқты жас ұландар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу керектігін сезіндім және мектепте сол насихаттау жұмыстарын жүргізуді жоспарладым - Ұсынысым. Әдебиет оқулықтарына бата туралы мәліметтер көп берілсе екен. Бата-тілектердің маңызын жас ұрпаққа түсіндіретін таңдау «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Атадан қалған мұра» атты курстар енгізілсе нұр үстіне нұр болар еді Практикалық құндылығы: Аталған жұмыс қазақ тілі және әдебиет факультативтік курстарында («Батамен – ел көгерер», «Атадан қалған мұра»), сондай – ақ сынып сағаттарында қолдануға ұсынылады.
16 слайд
Назарларыңызға рахмет!
16 слайд
Назарларыңызға рахмет!