Көздің құрылысы




1 слайд
§38. Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы
9-бөлім. Координация және реттелу
1 слайд
§38. Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы 9-бөлім. Координация және реттелу

2 слайд
Адамда 5 түрлі сезім
мүшелері бар:
көру мүшесі – көз;
есту мүшесі – құлақ;
иіс сезу мүшесі – мұрын;
сипап сезу мүшесі – тері;
дәм сезу мүшесі – тіл.
2 слайд
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі – құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі – тіл.

3 слайд
Адамның көзі: салмағы 7 гр, ал шыны тәрізді дененің - 4 грамм.
Адамның көзі : жаңа туылған нәрестенің көз бұршағы шарға ұқсас, ересек
адамдарда - дөнес линзатәрізді болып келеді.
Адамның көзі : көз бұршағының диаметрі - 10 миллиметр, ал қалындығы - 4
миллиметр.
Адамның көзі : біртәулікте адам 1 см3 жас бөледі.
Адамның көзі : көз алмасының диаметрі 24 мм, өмір бойы өзгермейді.
Сондықтан балардың көздері үлкен болып көрінеді екен.
Адамның көзі : егер адамның бір тәулікте көргенің кинопленкаға жазып алса –
19 км пленка қажет екен.
Адамның көзі : адамның көзі ешқана жаурамайды. Өйткені оларда «суық
қабылдайтын нүктелері» жоқ, яғни суық қабылдайтын рецепторлары
болмайды.
Көз туралы қызықты деректер
3 слайд
Адамның көзі: салмағы 7 гр, ал шыны тәрізді дененің - 4 грамм. Адамның көзі : жаңа туылған нәрестенің көз бұршағы шарға ұқсас, ересек адамдарда - дөнес линзатәрізді болып келеді. Адамның көзі : көз бұршағының диаметрі - 10 миллиметр, ал қалындығы - 4 миллиметр. Адамның көзі : біртәулікте адам 1 см3 жас бөледі. Адамның көзі : көз алмасының диаметрі 24 мм, өмір бойы өзгермейді. Сондықтан балардың көздері үлкен болып көрінеді екен. Адамның көзі : егер адамның бір тәулікте көргенің кинопленкаға жазып алса – 19 км пленка қажет екен. Адамның көзі : адамның көзі ешқана жаурамайды. Өйткені оларда «суық қабылдайтын нүктелері» жоқ, яғни суық қабылдайтын рецепторлары болмайды. Көз туралы қызықты деректер

4 слайд
Көздің маңызы
Адам сыртқы ортада болып жатқан
түрлі ақпараттардың 80–90%
астамын көзбен көріп біледі.
Көздің сезімтал жасушалары –
фоторецепторлар, заттардан
шағылысқан жарықты қабылдайды.
4 слайд
Көздің маңызы Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80–90% астамын көзбен көріп біледі. Көздің сезімтал жасушалары – фоторецепторлар, заттардан шағылысқан жарықты қабылдайды.

5 слайд
Рецептор
сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері.
• Рецептор сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке
ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді
сыртқы ортадан қабылдайды.
•Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-асқазан,
қантамырлары және т .б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.
5 слайд
Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері. • Рецептор сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. •Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-асқазан, қантамырлары және т .б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.

6 слайд
Сыртқы және ішкі тітіркенуді
қабылдап талдайтын сезімтал
жүйкелер жиынтығын физиолог
ғалым И.П.Павлов анализатор деп
атады. Сезім мүшелерін кейде
сенсорлық жүйе деп те атайды
(латынша «sensus» – сезу, түйсіну).
И.П.Павлов
6 слайд
Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша «sensus» – сезу, түйсіну). И.П.Павлов

7 слайд
Анализаторда 3 бөлік болады:
1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық;
2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан
орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі;
3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі.
Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп
аталады.
7 слайд
Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады.

8 слайд
Көздің қосалқы мүшелері:
• көз қозғалтатын бұлшықеттер:
• май клеткалары:
• шырышты қабақ:
• кірпік:
• қас:
• жас безі:
8 слайд
Көздің қосалқы мүшелері: • көз қозғалтатын бұлшықеттер: • май клеткалары: • шырышты қабақ: • кірпік: • қас: • жас безі:

9 слайд
9 слайд

10 слайд
Көз алмасы үш қабық пен «оптикалық жүйеден» тұрады.
Оптика деп жарықты өткізетін және оны фокустайтын (шағылысқан
жарық сәулесін жинайтын) мөлдір құрылымды айтады.
10 слайд
Көз алмасы үш қабық пен «оптикалық жүйеден» тұрады. Оптика деп жарықты өткізетін және оны фокустайтын (шағылысқан жарық сәулесін жинайтын) мөлдір құрылымды айтады.

11 слайд
Сыртқы бірінші қабығы – тығыз дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық, ол ақ қабық
пен қасаң қабық. Ақ қабыққа көз алмасын қозғалтатын бұлшық еттер бекиді.
Ортанғы екінші қабық – тамырлы қабық. Оның көптеген ұсақ қан тамырлары көзді
қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. Алдынан тамырлы қабық нұрлы
қабықты түзеді. Осы қабық пигменті көздің түсін (қара, қоңыр, көк, жасыл және т.б.)
анықтайды. Нұрлы қабық орталығында – қарашық болады.
Ішкі үшінші қабық – тор қабық (сетчатка). Онда жарыққа сезімтал рецепторлар
орналасқан. Бұл заттардан шағылысқан жарық сәулелері түскен кезде қозу пайда
болатын жүйке талшықтары – жүйке импульсі
11 слайд
Сыртқы бірінші қабығы – тығыз дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық, ол ақ қабық пен қасаң қабық. Ақ қабыққа көз алмасын қозғалтатын бұлшық еттер бекиді. Ортанғы екінші қабық – тамырлы қабық. Оның көптеген ұсақ қан тамырлары көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. Алдынан тамырлы қабық нұрлы қабықты түзеді. Осы қабық пигменті көздің түсін (қара, қоңыр, көк, жасыл және т.б.) анықтайды. Нұрлы қабық орталығында – қарашық болады. Ішкі үшінші қабық – тор қабық (сетчатка). Онда жарыққа сезімтал рецепторлар орналасқан. Бұл заттардан шағылысқан жарық сәулелері түскен кезде қозу пайда болатын жүйке талшықтары – жүйке импульсі

12 слайд
Көздің құрылысы
12 слайд
Көздің құрылысы

13 слайд
Қарашықтың жарыққа әсері
Қарашық рефлексті түрде жарық мол
жерде тарылып, әлсіз жарық жерде кеңейеді.
13 слайд
Қарашықтың жарыққа әсері Қарашық рефлексті түрде жарық мол жерде тарылып, әлсіз жарық жерде кеңейеді.

14 слайд
Көздің құрылысы
14 слайд
Көздің құрылысы

15 слайд
Көздің үш оптикалық жүйесі: алдыңғы камера, көзбұршақ және шыны тәрізді дене.
1. Алдыңғы камера - қасаң қабық пен нұрлы қабық арасында дөңес кеңістік болады, кеңістік сулы
ылғалмен – мөлдір сұйықтыққа толы, жарық сәулелерін сындырмайды, рөлі –
пішін беру және қорғау.
2. Көзбұршақ – екі жағы дөңес линза. Ол жарық сәулелерін өткізіп қана қоймайды, оларды
жинақтайды (тоғыстайды, фокустайды).
3. Шыны тәрізді дене - үшінші оптикалық жүйе орналасқан. Бұл –
мөлдір, қан тамырлары жоқ, іркілдек зат; құрылымы бойынша тығыз желеге – коллоидқа ұқсайды. Ол
Күн сәулесін өзгертпестен тор қабыққа өткізеді. Оның қызметі – көзді дөңгелек ету.
15 слайд
Көздің үш оптикалық жүйесі: алдыңғы камера, көзбұршақ және шыны тәрізді дене. 1. Алдыңғы камера - қасаң қабық пен нұрлы қабық арасында дөңес кеңістік болады, кеңістік сулы ылғалмен – мөлдір сұйықтыққа толы, жарық сәулелерін сындырмайды, рөлі – пішін беру және қорғау. 2. Көзбұршақ – екі жағы дөңес линза. Ол жарық сәулелерін өткізіп қана қоймайды, оларды жинақтайды (тоғыстайды, фокустайды). 3. Шыны тәрізді дене - үшінші оптикалық жүйе орналасқан. Бұл – мөлдір, қан тамырлары жоқ, іркілдек зат; құрылымы бойынша тығыз желеге – коллоидқа ұқсайды. Ол Күн сәулесін өзгертпестен тор қабыққа өткізеді. Оның қызметі – көзді дөңгелек ету.

16 слайд
АККОМОДАЦИЯ – көзбұршақтың қисықтығының өзгеруі,
көзбұршаққа әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық көруге
мүмкіндік береді
16 слайд
АККОМОДАЦИЯ – көзбұршақтың қисықтығының өзгеруі, көзбұршаққа әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық көруге мүмкіндік береді

17 слайд
Көздің тор қабығының көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ деп
атайды.
Соқыр дақ
17 слайд
Көздің тор қабығының көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ деп атайды. Соқыр дақ

18 слайд
Көздің тор қабығында қарашыққа
қарсы жиналған құтышылар сары дақ деп аталады
Сары дақ
18 слайд
Көздің тор қабығында қарашыққа қарсы жиналған құтышылар сары дақ деп аталады Сары дақ

19 слайд
Көздің рецепторлары:
Құтышалар
7 миллион
күндізгі көру,
түс ажыратады
Таяқшалар
130 миллион
кешкі көруді
атқарады
Торлы қабық
19 слайд
Көздің рецепторлары: Құтышалар 7 миллион күндізгі көру, түс ажыратады Таяқшалар 130 миллион кешкі көруді атқарады Торлы қабық

20 слайд
Таяқшалардың сезімталдығы родопсин деп
аталатын қызыл түсті затқа байланысты.
Көз рецепторларының айналадағы заттарды жарықтың шамасына қарай
сезе алатын қабілеті бейімделу (адаптация) деп аталады.
Родопсиннің түзілуі А витаминіне байланысты, оның жетіспеуі “ақшам
соқыр” деп аталатын ауру тудырады.
20 слайд
Таяқшалардың сезімталдығы родопсин деп аталатын қызыл түсті затқа байланысты. Көз рецепторларының айналадағы заттарды жарықтың шамасына қарай сезе алатын қабілеті бейімделу (адаптация) деп аталады. Родопсиннің түзілуі А витаминіне байланысты, оның жетіспеуі “ақшам соқыр” деп аталатын ауру тудырады.

21 слайд
Әр түрлі түсті иодопсин деген сезімтал зат
арқылы сезеді (қызыл, сары, жасыл).
21 слайд
Әр түрлі түсті иодопсин деген сезімтал зат арқылы сезеді (қызыл, сары, жасыл).

22 слайд
Алыстан және жақыннан көргіштік.
Жақыннан көргіштік (сығырлық)
пен алыстан көргіштік
(қырағылық) сияқты көрудің
бұзылуы кездеседі.
Жақыннан көргіштікте сәулелер
тор қабыққа дейін (фокустағанда)
қиылысады
22 слайд
Алыстан және жақыннан көргіштік. Жақыннан көргіштік (сығырлық) пен алыстан көргіштік (қырағылық) сияқты көрудің бұзылуы кездеседі. Жақыннан көргіштікте сәулелер тор қабыққа дейін (фокустағанда) қиылысады

23 слайд
Дальтонизм – түсті ажырата алмау – тұқым қуалайтын ауру. Көбінесе ондай адам
қызыл және жасыл түсті, кейде жеке түстердің реңдерін ажырата алмайды.
Бір күні әйгілі ағылшын химигі досымен бірге құлпынай алуға барды. Үйге қайтатын уақыт
келгенде, досымыздың себеті құлпынайға толы болды, ал біздің кейіпкерімізде ол бос болды.
Бос себет туралы достық сұраққа химик: құлпынай әлі піспеген, жасыл болғандықтан жинай
алмайтыныңызды айтты. Алайда, бүкіл жидектің піскенін естіген ғалым таңқалды және
ойланды. "Бірдеңе дұрыс емес", - деп шешті ол. Не болды? Бұл атақты ғалым кім?
Джон Дальтон, дальтонизм
23 слайд
Дальтонизм – түсті ажырата алмау – тұқым қуалайтын ауру. Көбінесе ондай адам қызыл және жасыл түсті, кейде жеке түстердің реңдерін ажырата алмайды. Бір күні әйгілі ағылшын химигі досымен бірге құлпынай алуға барды. Үйге қайтатын уақыт келгенде, досымыздың себеті құлпынайға толы болды, ал біздің кейіпкерімізде ол бос болды. Бос себет туралы достық сұраққа химик: құлпынай әлі піспеген, жасыл болғандықтан жинай алмайтыныңызды айтты. Алайда, бүкіл жидектің піскенін естіген ғалым таңқалды және ойланды. "Бірдеңе дұрыс емес", - деп шешті ол. Не болды? Бұл атақты ғалым кім? Джон Дальтон, дальтонизм

24 слайд
Конъюктивит – көздің кең таралған жұқпалы ауруы. Бұл сілемейлі қабықтың –
қасаң қабықтың жоғары қабатының бактериялық қабынуы. Конъюктивитке
жұқпадан басқа көздің ластануы: оған шаң-тозаңның, құмның, қоқымның және
т.б. түсуі де себеп болады.
24 слайд
Конъюктивит – көздің кең таралған жұқпалы ауруы. Бұл сілемейлі қабықтың – қасаң қабықтың жоғары қабатының бактериялық қабынуы. Конъюктивитке жұқпадан басқа көздің ластануы: оған шаң-тозаңның, құмның, қоқымның және т.б. түсуі де себеп болады.

25 слайд
Көздің оптикалық көруі
Көз ауруларын емдейтін дәрігерді – офтальмолог (грекше «ophthalmos» –
көз), кейде окулист (латынша «oculus» – көз) деп атайды.
25 слайд
Көздің оптикалық көруі Көз ауруларын емдейтін дәрігерді – офтальмолог (грекше «ophthalmos» – көз), кейде окулист (латынша «oculus» – көз) деп атайды.

26 слайд
ИРИДОДИАГНОСТИКА
НЕМЕСЕ КӨЗ АРҚЫЛЫ ДИАГНОЗ ҚОЮ
26 слайд
ИРИДОДИАГНОСТИКА НЕМЕСЕ КӨЗ АРҚЫЛЫ ДИАГНОЗ ҚОЮ

27 слайд
Көру гигиенасы. Көздің көру қабілетін сақтау:
• көзді бөгде денелердің түсуінен, зақымданудан қорғау керек;
• жарық режімін реттеу: жарық жарқыраған немесе көмескі болмауы тиіс;
• оқу және жазу кезінде жарық сол жақтан түсуі керек;
• кітап пен көз арақашықтығы 30–35 см болуы тиіс;
• теледидарды көру ұзақтығы 2,5–3 сағат, ал оған дейінгі қашықтық 3 м-ден кем
болмауы керек;
• А дәруменіне бай тағамдарды пайдалану;
• ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіре шұғылданған жөн;
• темекі тарту және алкогольді ішімдік ішу зиянды әсер етеді;
• жатып немесе көлікте кітап оқуға болмайды;
• Көзге қышқыл, сілті және бөгде зат түскен жағдайда оны сыртқы жағынан ішке
қарай жуыңдар. Көзді таза әрі жұмсақ орамалмен (сүлгімен) сүрту керек.
27 слайд
Көру гигиенасы. Көздің көру қабілетін сақтау: • көзді бөгде денелердің түсуінен, зақымданудан қорғау керек; • жарық режімін реттеу: жарық жарқыраған немесе көмескі болмауы тиіс; • оқу және жазу кезінде жарық сол жақтан түсуі керек; • кітап пен көз арақашықтығы 30–35 см болуы тиіс; • теледидарды көру ұзақтығы 2,5–3 сағат, ал оған дейінгі қашықтық 3 м-ден кем болмауы керек; • А дәруменіне бай тағамдарды пайдалану; • ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіре шұғылданған жөн; • темекі тарту және алкогольді ішімдік ішу зиянды әсер етеді; • жатып немесе көлікте кітап оқуға болмайды; • Көзге қышқыл, сілті және бөгде зат түскен жағдайда оны сыртқы жағынан ішке қарай жуыңдар. Көзді таза әрі жұмсақ орамалмен (сүлгімен) сүрту керек.

28 слайд
№11 зертханалық жұмыс. Көру қабілетін зерттеу
Көру қабілетін зерттеу
Жұмыс мақсаты: көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар: көру өткірлігін анықтауға арналған кесте, ұзындығы 5 м-лік рулетка, нұсқар (указка
(лазер), сантиметрлік таспа.
Жұмыс барысы
1. Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек. Егер жарық жеткіліксіз болса, оған қосымша электр
шамымен жарық түсіріңдер.
2. Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа отырғызу керек. Оған бір көзін алақанымен
немесе қалқанмен жабуды сұраңыз.
3. Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп, атауды сұраңыз. Жоғары қатардан бастап ең төменгі
қатарға түсіңіз.
4. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса,
демек, көру қабілеті қалыпты деп есептеледі.
5. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса, оған окулистке
қаралу керек.
6. Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алыңдар.
Жазбаша қорытынды жасаңдар.
– Көру өрісі қалыпты ма?
28 слайд
№11 зертханалық жұмыс. Көру қабілетін зерттеу Көру қабілетін зерттеу Жұмыс мақсаты: көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену. Құрал-жабдықтар: көру өткірлігін анықтауға арналған кесте, ұзындығы 5 м-лік рулетка, нұсқар (указка (лазер), сантиметрлік таспа. Жұмыс барысы 1. Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек. Егер жарық жеткіліксіз болса, оған қосымша электр шамымен жарық түсіріңдер. 2. Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа отырғызу керек. Оған бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды сұраңыз. 3. Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп, атауды сұраңыз. Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіңіз. 4. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса, демек, көру қабілеті қалыпты деп есептеледі. 5. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса, оған окулистке қаралу керек. 6. Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алыңдар. Жазбаша қорытынды жасаңдар. – Көру өрісі қалыпты ма?

29 слайд
29 слайд