Күнбағыс аурулары және қорғау шаралары.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті
Инженерлі Технологиялық Институты
“ Аграрлық технологиялар” кафедрасы
Білім берушінің аты-жөні:а.-ш.ғ.к., аға оқытушы Нұрымова Раушан
Дүйсенқызы
Білім алушы-Мүсірәлі Аружан Ерқасымқызы
Мамандығы: 6В08171 “Агрономия”
Оқу тобы:Агр 19-1
Қызылорда 2021 жылТақырыбы:Күнбағыс аурулары мен
қорғау шаралары
1 слайд
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті Инженерлі Технологиялық Институты “ Аграрлық технологиялар” кафедрасы Білім берушінің аты-жөні:а.-ш.ғ.к., аға оқытушы Нұрымова Раушан Дүйсенқызы Білім алушы-Мүсірәлі Аружан Ерқасымқызы Мамандығы: 6В08171 “Агрономия” Оқу тобы:Агр 19-1 Қызылорда 2021 жылТақырыбы:Күнбағыс аурулары мен қорғау шаралары
2 слайд
Жоспары
1. Жалған ақ ұнтақ ауруы
2. Ақ шірік ауруы
3. Сұр шірік ауруы
4. Тaт ауруы
5 .Сұңғыла ауруы .
6. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары
2 слайд
Жоспары 1. Жалған ақ ұнтақ ауруы 2. Ақ шірік ауруы 3. Сұр шірік ауруы 4. Тaт ауруы 5 .Сұңғыла ауруы . 6. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары
3 слайд
Жалған ақ ұнтақ ауруы
Жалған ақ ұнтақ – Республиканың күнбағыс егілетін барлық аймақтарында кездесетін
дерт. Кеселдің алғашқы белгісі өсімдіктің екінші қос немесе кейінгі жапырақтары шыққан
кезде біліне бастайды.
Күнбағыстың жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Oomy- cetes класының
Peronosporales қатарына жататын Plasmopara heli- anthi Nov . саңырауқұлағы.
Саңырауқұлақтың тарамдалған жуан жіпшумақтары күнбағыс жапырағында клетка
аралығымен таралып, гаусториялар арқылы қоректенеді.
Залалданған күнбағыс өсімдігінің тамыр, жапырақ, сабақ ұлпаларында вегетация кезінде
ооспоралар түзіледі. Олардың пiшiні шар тəрізді, қалың, тығыз, түci сарғыш қабығы
болады. Ооспора- лар өсімдік қалдықтарында, топырақта жеті жылға дейін сақталады.
Саңырауқұлақ тұқымға еніп жіпше түрінде де сақталады.
Ауру аса зиянды. Залалданған өсімдіктер бойынан су қарқынды буланып, көмірсудың
алмасуы бұзылып, eгicтiк сиреп, тұқым өнімі (5-6 ц/га) кемиді .
3 слайд
Жалған ақ ұнтақ ауруы Жалған ақ ұнтақ – Республиканың күнбағыс егілетін барлық аймақтарында кездесетін дерт. Кеселдің алғашқы белгісі өсімдіктің екінші қос немесе кейінгі жапырақтары шыққан кезде біліне бастайды. Күнбағыстың жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Oomy- cetes класының Peronosporales қатарына жататын Plasmopara heli- anthi Nov . саңырауқұлағы. Саңырауқұлақтың тарамдалған жуан жіпшумақтары күнбағыс жапырағында клетка аралығымен таралып, гаусториялар арқылы қоректенеді. Залалданған күнбағыс өсімдігінің тамыр, жапырақ, сабақ ұлпаларында вегетация кезінде ооспоралар түзіледі. Олардың пiшiні шар тəрізді, қалың, тығыз, түci сарғыш қабығы болады. Ооспора- лар өсімдік қалдықтарында, топырақта жеті жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ тұқымға еніп жіпше түрінде де сақталады. Ауру аса зиянды. Залалданған өсімдіктер бойынан су қарқынды буланып, көмірсудың алмасуы бұзылып, eгicтiк сиреп, тұқым өнімі (5-6 ц/га) кемиді .
4 слайд
4 слайд
5 слайд
Ақ шірік ауруы
Ақ шірік күнбағыс өсірілетін барлық
аумақтарда да жиі кездесетін ауру. Бұл
ауруға күнбағыстың жас жəне ересек
өсімдіктері шалдығады. Жас
өсімдіктердің тұқым жарнағында,
жапырақ жəне сабақ негізінде қалың,
түci ақ киізді өңез түзіледі. Сабақтың
жоғарғы бөлiгi иіліп, жапырақтары
солады. Тамырлары жұмсарып,
суланады. Сабақтың залалданған бөлігі
жұмсарып, ыдырап, сынып, түci
қоңырланып, нəтижесінде өсімдік
түгел қурап қалады. Өңез бетінде жəне
сабақ бойында пішіні мен көлемі
əртүрлі, түci күңгірт немесе қара,
тығыз склероцийлер түзіледі. Ауруға
шалдыққан өсімдік себет түзбейді. Ауа
райында құрғақ болса сабақ бойындағы
өңез жойылып, оның орнында ақшыл
дақ қалады.
5 слайд
Ақ шірік ауруы Ақ шірік күнбағыс өсірілетін барлық аумақтарда да жиі кездесетін ауру. Бұл ауруға күнбағыстың жас жəне ересек өсімдіктері шалдығады. Жас өсімдіктердің тұқым жарнағында, жапырақ жəне сабақ негізінде қалың, түci ақ киізді өңез түзіледі. Сабақтың жоғарғы бөлiгi иіліп, жапырақтары солады. Тамырлары жұмсарып, суланады. Сабақтың залалданған бөлігі жұмсарып, ыдырап, сынып, түci қоңырланып, нəтижесінде өсімдік түгел қурап қалады. Өңез бетінде жəне сабақ бойында пішіні мен көлемі əртүрлі, түci күңгірт немесе қара, тығыз склероцийлер түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдік себет түзбейді. Ауа райында құрғақ болса сабақ бойындағы өңез жойылып, оның орнында ақшыл дақ қалады.
6 слайд
Сұр шірік ауруы
Сұр шірік ауруы күнбағыстың пiciп
жетілу кезеңінде жауын-шашын жиі
болатын аймақтарда – Шығыс Қазақстан
облысында кездеседі.
Сұр шipiк ауруы күнбағысты бүкіл
вегетация бойына залалдайды. Жас
өсімдіктердің жапырағы жəне сабақ етегі
ауруға шалдығады. Залалданған өсімдік
бөліктері кейін қоңырқайланып, беті сұр
өңезбен жабылып, оның үстінде қара
склероцийлер түзіледі де, өсімдік қурайды.
Өсіп жетілген өсімдіктердің сабақ
етегінде сызықшалар пайда болып,
ұлпалары қоңырқайланып, кейін сұр өңез
бетінде қоңыр дақтар түзіледі. Жоғарғы
жапырақтары солып, төменгілері қурайды.
Сабақтың залалданған ұлпалары ыдырап,
сынады. Залалданған бөліктерде домалақ,
сəл басылған склероцийлер түзіледі
6 слайд
Сұр шірік ауруы Сұр шірік ауруы күнбағыстың пiciп жетілу кезеңінде жауын-шашын жиі болатын аймақтарда – Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Сұр шipiк ауруы күнбағысты бүкіл вегетация бойына залалдайды. Жас өсімдіктердің жапырағы жəне сабақ етегі ауруға шалдығады. Залалданған өсімдік бөліктері кейін қоңырқайланып, беті сұр өңезбен жабылып, оның үстінде қара склероцийлер түзіледі де, өсімдік қурайды. Өсіп жетілген өсімдіктердің сабақ етегінде сызықшалар пайда болып, ұлпалары қоңырқайланып, кейін сұр өңез бетінде қоңыр дақтар түзіледі. Жоғарғы жапырақтары солып, төменгілері қурайды. Сабақтың залалданған ұлпалары ыдырап, сынады. Залалданған бөліктерде домалақ, сəл басылған склероцийлер түзіледі
7 слайд
Тат ауруы
Тат ауруы- Қазақстанның күнбағыс өсірілетін барлық аймақ- тарында кездеседі, оның
зияндылығы əсіресе орталық Қазақстан аймағында ерекше зор.
Тат ауруының қоздырғышы – Basidiomycetes класының Uredina- les қатарына жататын
Puccinia helianthi Schw . саңырауқұлағы. Тат ауруының бұл түрі – бip иелі, толық циклді,
барлық кезеңі тұтасы- мен күнбағыста дамиды.
Көктемде түскен тұқымнан өсіп шыққан күнбағыс өсімдігі жапырағының үстіңгі бетінде
дөңестеу, түсі қызғылт сары дақтар пайда болып, кейін олар шар тəрізді спермагонийлерге
айналады.
Жапырақтың астыңғы бетінде майда, қызыл сары реңді, пішіні табақша тəрізді эцийлер
түзіліп, тipшiлігi өте қысқа эциоспоралар пайда болады
7 слайд
Тат ауруы Тат ауруы- Қазақстанның күнбағыс өсірілетін барлық аймақ- тарында кездеседі, оның зияндылығы əсіресе орталық Қазақстан аймағында ерекше зор. Тат ауруының қоздырғышы – Basidiomycetes класының Uredina- les қатарына жататын Puccinia helianthi Schw . саңырауқұлағы. Тат ауруының бұл түрі – бip иелі, толық циклді, барлық кезеңі тұтасы- мен күнбағыста дамиды. Көктемде түскен тұқымнан өсіп шыққан күнбағыс өсімдігі жапырағының үстіңгі бетінде дөңестеу, түсі қызғылт сары дақтар пайда болып, кейін олар шар тəрізді спермагонийлерге айналады. Жапырақтың астыңғы бетінде майда, қызыл сары реңді, пішіні табақша тəрізді эцийлер түзіліп, тipшiлігi өте қысқа эциоспоралар пайда болады
8 слайд
Сұңғыла ауруы
Сұңғыла республикада кең тараған гүлді
паразит өсімдік. Сұңғыла – өз бетімен тipшілік
етпейтін, хлорофиллсіз гүлді паразит.
Күнбағыс егістігінде сұңғыланың бipнeшe түpi
– күнбағыс сұңғыласы (Orobanche cumana
Walk.), бұтақты сұңғыла (O.ramosa L.), Египет
сұңғыласы (O. aegyptica Pers.) кездеседі.
Бұтақты сұңғыла - Сабағы жіңішке, бетінде сирек орналасқан қабыршағы бар, етек
жағы жуандау, өте көп жанама бұтақтар түзеді. Бұл сұңғыланың гүлдері ұсақ (10-15 мм),
көкшіл сия түсті. Тұқымы домалақ пішінді.
Египет сұңғыласы - Сұңғыланың бұл түрі ұзын сабақты (35 см дейін), ашық реңді,
бұтақталуы топырақ астында жүреді. Олардың гүлдері ірі, диаметрі – 23-27 мм, түтік
пішінді, ашық көгілдір сия түсті. Тұқымдары – домалақ пішінді.
Сұңғыламен залалданған өсімдіктердің өcyi саябырлап, себеті кішірейіп , дəннің
майлылығы төмендеп, өнімі 70%-ға дейін кемиді.
8 слайд
Сұңғыла ауруы Сұңғыла республикада кең тараған гүлді паразит өсімдік. Сұңғыла – өз бетімен тipшілік етпейтін, хлорофиллсіз гүлді паразит. Күнбағыс егістігінде сұңғыланың бipнeшe түpi – күнбағыс сұңғыласы (Orobanche cumana Walk.), бұтақты сұңғыла (O.ramosa L.), Египет сұңғыласы (O. aegyptica Pers.) кездеседі. Бұтақты сұңғыла - Сабағы жіңішке, бетінде сирек орналасқан қабыршағы бар, етек жағы жуандау, өте көп жанама бұтақтар түзеді. Бұл сұңғыланың гүлдері ұсақ (10-15 мм), көкшіл сия түсті. Тұқымы домалақ пішінді. Египет сұңғыласы - Сұңғыланың бұл түрі ұзын сабақты (35 см дейін), ашық реңді, бұтақталуы топырақ астында жүреді. Олардың гүлдері ірі, диаметрі – 23-27 мм, түтік пішінді, ашық көгілдір сия түсті. Тұқымдары – домалақ пішінді. Сұңғыламен залалданған өсімдіктердің өcyi саябырлап, себеті кішірейіп , дəннің майлылығы төмендеп, өнімі 70%-ға дейін кемиді.
9 слайд
Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары
Күнбағысты аурулардан қорғау жүйесі тұқым өндіру,
агротехникалық жəне химиялық күресу шараларына негізделген.
Тұқым шаруашылығының міндеті – аурудан сау, жоғары сапалы
тұқымдық материал өндіру. Сондықтан тұқымдық учаскелерді
вегетация кезінде ауру өсімдіктерден үш қайтара тазалау қажет:
бipiншici – 2-3 қос жапырақ пайда болған кезде; екіншісі – гүлдеу
алдында; үшіншici – өнімді жинауға дейін. Осы аталған кезеңдерде
танаптағы ауруға шалдыққан өсімдіктерді тамырымен қоса жұлып
алып, танаптан шығарып, жою. Тұқымды сау өсімдіктен жинап,
кeптipiп, тазалап, ipiктey.
Агротехникалық шаралар: ауыспалы eгicтіктi қатаң сақтау;
күнбағысты бұрынғы танапқа 8-10 жылдан бұрын қайта екпеу; оны
жақсы алғы дақылдар – бидай, жүгері, арпадан соң егу; тұқымдық
жəне тауарлық танаптарды (бұрынғы жəне кейінгілерін) бip-бipiнeн
кемінде 1000 м қашықтықта алшақ орналастыру; ауруға төзімді
аудандастырылған сорттар мен гетерозистік будандарды енгізу.
9 слайд
Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары Күнбағысты аурулардан қорғау жүйесі тұқым өндіру, агротехникалық жəне химиялық күресу шараларына негізделген. Тұқым шаруашылығының міндеті – аурудан сау, жоғары сапалы тұқымдық материал өндіру. Сондықтан тұқымдық учаскелерді вегетация кезінде ауру өсімдіктерден үш қайтара тазалау қажет: бipiншici – 2-3 қос жапырақ пайда болған кезде; екіншісі – гүлдеу алдында; үшіншici – өнімді жинауға дейін. Осы аталған кезеңдерде танаптағы ауруға шалдыққан өсімдіктерді тамырымен қоса жұлып алып, танаптан шығарып, жою. Тұқымды сау өсімдіктен жинап, кeптipiп, тазалап, ipiктey. Агротехникалық шаралар: ауыспалы eгicтіктi қатаң сақтау; күнбағысты бұрынғы танапқа 8-10 жылдан бұрын қайта екпеу; оны жақсы алғы дақылдар – бидай, жүгері, арпадан соң егу; тұқымдық жəне тауарлық танаптарды (бұрынғы жəне кейінгілерін) бip-бipiнeн кемінде 1000 м қашықтықта алшақ орналастыру; ауруға төзімді аудандастырылған сорттар мен гетерозистік будандарды енгізу.
10 слайд
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Қадырбаев, А.К. Ауылшаруашылық мелиорациясы: өсімдіктерді қорғау
және агроэкология.- Алматы, 2011
2.Н. Ашықбаев, У. Есіркепов. Өсімдік қорғау : Оқу құралы /- Астана :
Фолиант, 2010. - 256 б.
3.Ғабдулов М.А. /Ауылшаруашылық дақылдарының
аурулары: Оқулық. / ‒ Алматы, 2015. – 368 б
http://lib.tarsu.kz/rus2/all.doc/Elektron_res/Gabdulov_auylshar_dakyldarynyn
.pdf
4. Л. Г. Коготько, Ю. А. Миренков, П. А. Саскевич, Е. В. Стрелкова.-
Защита растений: учебное пособие/—Минск: Республиканский институт
профессионального образования (РИПО), 2016. — 340 c. — ISBN 978-985-
503-583-2. https://profspo.ru/books
Электронды сілтеме
1. https://www.youtube.com/watch?v=O6GKTDsaYrQ&t=131s
2. https://www.youtube.com/watch?v=kQEPQVUeYlo
10 слайд
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.Қадырбаев, А.К. Ауылшаруашылық мелиорациясы: өсімдіктерді қорғау және агроэкология.- Алматы, 2011 2.Н. Ашықбаев, У. Есіркепов. Өсімдік қорғау : Оқу құралы /- Астана : Фолиант, 2010. - 256 б. 3.Ғабдулов М.А. /Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары: Оқулық. / ‒ Алматы, 2015. – 368 б http://lib.tarsu.kz/rus2/all.doc/Elektron_res/Gabdulov_auylshar_dakyldarynyn .pdf 4. Л. Г. Коготько, Ю. А. Миренков, П. А. Саскевич, Е. В. Стрелкова.- Защита растений: учебное пособие/—Минск: Республиканский институт профессионального образования (РИПО), 2016. — 340 c. — ISBN 978-985- 503-583-2. https://profspo.ru/books Электронды сілтеме 1. https://www.youtube.com/watch?v=O6GKTDsaYrQ&t=131s 2. https://www.youtube.com/watch?v=kQEPQVUeYlo