Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Мағжан Жұмабаев. «Батыр Баян» поэмасы. І - тарау.

#1 слайд
Мағжан Жұмабаев. «Батыр Баян» поэмасы. І - тарау.

1 слайд

Мағжан Жұмабаев. «Батыр Баян» поэмасы. І - тарау.

Ақын поэмаға Батыр Баянның ел басына күн туған шақтардағы іс-әрекетін арқау етеді. Қай кезде де құнды болған, б

#2 слайд
Ақын поэмаға Батыр Баянның ел басына күн туған шақтардағы іс-әрекетін арқау етеді. Қай кезде де құнды болған, бағалануға тиісті маңызды жайттарға тоқталып өтеді. Өмірдің өзі үлкен мектеп екенін Батыр Баян, оның інісі Ноян және қалмақ қызының әрекеттері арқылы ерекше суреттейді. Жастықтың албырт шағындағы асығыс шешім мен жігіт ағасы жасындағы салиқалы кесімдерді бір-біріне қарама-қарсы қойып суреттейді. Сонымен қатар, сұм адамдардың ішіне бүккен пиғылдарынан сақтандырады. Арам пиғылды сұм жандардың бейнесі қалмақ қызының бейнесі арқылы көрініс табады.

2 слайд

Батыр Баянның қалмақ қызын өзіне еріксіз қарындас етіп алуының себебін де ақын бекер енгізіп отырған жоқ. Бұл э

#3 слайд
Батыр Баянның қалмақ қызын өзіне еріксіз қарындас етіп алуының себебін де ақын бекер енгізіп отырған жоқ. Бұл эпизод Баянның ер мінезін одан сайын айқындай түседі. Ал қалмақ қызының жау болса да, антына берік, еліне адал бола алатындығын іс-әрекеттері арқылы жеткізеді. Сол арқылы оқырманға өз елін сүюдің жасқа, жынысқа қарамайтындығын бағамдауына мүмкіндік береді. Ақын аға мен іні арасындағы туысқандық байланыстың ел мүддесі жолындағы бағасын одан әрі қарай өрістетете түседі. Мысалы, поэмадағы: «Құл болса бір қыз үшін балдырғаны, Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма?!» – дейтін үзінді Баянның ел намысын бірінші қойғандығының дәлелі екені сөзсіз.

3 слайд

Адам баласына тән махаббат дерті Баянның інісі жас Ноянды да айналып өтпейді. Сұм сұлудың улы көзқарасы бойын ш

#4 слайд
Адам баласына тән махаббат дерті Баянның інісі жас Ноянды да айналып өтпейді. Сұм сұлудың улы көзқарасы бойын шарпыған жас батыр қалмақ қызды көрмесе, тұра алмайтын халге жетеді. Ноянның осы бір әлсіз тұсын байқап қалған қыз анасына берген антын көлденең тартып, албырт Ноянды бірге қашуға көндіреді. Сұлу сиқыр сөздерімен арбайды: «Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін Бір көрмей, қозым, ерге барма!» – деді. Анама сөзім – анау, өзім – мынау, Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені». «Жарайды, даярмын!» – деп айтып салды, Ойланып бір минут та қылмай төзім», – деген Ноянның жауабынан- ақ, ақын жас батырдың бар ақылы білегінде екендігін тағы да дәлелдей түседі.

4 слайд

Кейіпкерлердің бойындағы қарама- қайшы мінездерді суреттей отырып, автор қайталауларды да ұтымды қолданған. Осы арқы

#5 слайд
Кейіпкерлердің бойындағы қарама- қайшы мінездерді суреттей отырып, автор қайталауларды да ұтымды қолданған. Осы арқылы ақын адам баласының махаббат, батырлық, сабырсыздық, қаһарлану, қара күшке сену, албырттық, аңғалдық, сұрқиялық сияқты адамға тән сезімдермен санаспаудың соңы қайда апаратындығын оқырманның ой таразысына салғызып, бағалатады.

5 слайд

Абылай ханның өз заманында аса жоғары бағалаған екі батыры болса, соның бірі – Баян батыр. Орта жүздің уақ руы

#6 слайд
Абылай ханның өз заманында аса жоғары бағалаған екі батыры болса, соның бірі – Баян батыр. Орта жүздің уақ руынан шыққан әйгілі батыр туралы аңыз да, ақиқат та көп. Сондай бір аңызға негізделіп жазылған поэма – «Батыр Баян». Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған поэманың авторы – Мағжан Жұмабаев. Поэма тарихи негізге сүйеніп жазылған. Автор ержүрек Баян Қасаболатұлы туралы айтады. Баян мен Абылай арасындағы оқиға өмірде болған. Баянды жұрт «Хан Абылайдың қанаты» деп атап кеткен. Автор Баян батырды намысты ер, сезімтал тұлға ретінде сипаттаған. Жүрегім мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да. Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға – деген жолдардан автордың жай- күйін анық көруге болады. Шығармада көрінген автор бейнесі елінің болашағына алаңдайтын ұлтжанды азамат ретінде көрінеді. Абылай хан

6 слайд

Ел мен жердің амандығын көксеген автор шығармада Абылай бастаған қазақтың ханы мен Қанай, Тасболат би сияқты даналарын

#7 слайд
Ел мен жердің амандығын көксеген автор шығармада Абылай бастаған қазақтың ханы мен Қанай, Тасболат би сияқты даналарын батырлардың ақылшысы, жол бастаушысы ретінде сипаттайды. Қанжығалы қарт Бөгенбай, жас батыр Жанатайлар арқылы батырлықты дәріптейді. Баян арқылы қазақтың батырларының ерлік істерін паш етеді. Баянның ер ағасы батыр Сары, Қос қыран тізе қосып жауын қуған. Айналып оны айт, мұны айт, Баянды айт, Ер Баян алашының бетін жуған. Оқиғаның Көкше жерінде өткенін, тарихи негіздерге сүйеніп жазылғанын байқауға болады. Зерттеушілердің пайымдауынша, автор Көкшетаудай жер жәннатын, оның әрбір тасы мен тауын жырға қосып, тарихи атауларын, шұрайлы жерлерді сақтап қалуды көздейді.

7 слайд

Арқаның көз жіберсем алабына: Сарыарқа – сары дария, қиыры жоқ, Көз болсын қандай қыран, талады да. Ішінде сары дария көз тоқтат

#8 слайд
Арқаның көз жіберсем алабына: Сарыарқа – сары дария, қиыры жоқ, Көз болсын қандай қыран, талады да. Ішінде сары дария көз тоқтатар, Көкшетау – Сарыарқаның аралы да. Көкшеде күні кеше қойдай өрген Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да. Айрылып асау, ерке аңдарынан, Көкшенің тас жүрегі жаралы да! – деп тағы бір мәселенің шетін шығарады. Туған елінің дархан даласына, ертеңіне жауапты ретінде көрінетін ұлт жанашыры М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысындағы оқиғаларды арқау етеді. Сезім мен махаббат, мейірім мен қатыгездік қатар суреттелген поэмада кейіпкерлер әрекеті арқылы эпизодтар дамып отырады. Отансүйгіштікті абыройдан биік қойған Баян бейнесі жарқырай түседі.

8 слайд

Файл форматы:
pptx
14.03.2021
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі