Материалдар / Мағжан Жұмабаев "Шолпы" өлеңі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мағжан Жұмабаев "Шолпы" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
2812
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Жоба тақырыбы : « Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні

1 слайд
Жоба тақырыбы : « Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»   Жоба авторы : Ергалиева Айдана Сейилкызы   Класы : 10 «А»   Бағыты : қазақ әдебиеті Ғылыми жетекшісі : Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к - Б.С. Қарағұлова     Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбергенова Лаура Казбековна Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 66 жалпы білім беретін орта мектебі

Зерттеу нысаны : Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні

2 слайд
Зерттеу нысаны : Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні Зерттеудің мақсаты: - Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі арқылы қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу ; - Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін зерделеу ; Зерттеу міндеттері: -Мағжан Жұмабаевтың тәлім- тәрбие саласындағы шығармаларына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негіздеу; -Оқушының Мағжан шығармаларын оқуға деген, ұлттық рухани мұраларды насихаттауға деген ынтасын арттыру, ақын туындыларының тәрбиелік мәнін ашуға өз үлесін қосу ; -Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну ; -Шолпы туралы жазған ақын-жазушылардың, сазгерлердің шығармаларымен танысу ;

Кіріспе  Елбасымыздың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласының екінші бөлімінде «

3 слайд
Кіріспе  Елбасымыздың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласының екінші бөлімінде «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемі пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән–салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегендікті көрсетеді» - делінген.  Менің ойымша, бұл жолдаудың басты идеясы – тарихқа үңілу арқылы ішкі жан дүниемізді, салт –дәстүрімізді жаңғырту арқылы бәсекелестікке қабілетті боламыз, соның арқасында еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосыла алады деп ойлаймын.

 Мағжанның махаббат тақырыбына арналған лирикасы- аса көркем мұра.Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін

4 слайд
 Мағжанның махаббат тақырыбына арналған лирикасы- аса көркем мұра.Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап шеберлік танытады. «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Шолпы», т.б өлеңдерінде Мағжан адамға тән осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды.Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол.  Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда. Мектеп бағдарламасынан да білеміз. Мағжанның «Шолпы» атты өлеңінде қазақ  қызының өң бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі- шолпының өте таза, шынайы суреттелуі байқалады.

ІІ. Негізгі бөлім І.Мағжан Жұмабаев -ұлтымыздың ірі тұлғасы, дауылпаз ақын 1.1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі  Мағжан Ж

5 слайд
ІІ. Негізгі бөлім І.Мағжан Жұмабаев -ұлтымыздың ірі тұлғасы, дауылпаз ақын 1.1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі  Мағжан Жұмабаевтың қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Жұмабаев ауданының, Мағжан ауылында 1893 жылы 25 маусымында дүниеге келді.  Болашақ ақын 1897 жылы ауыл балаларына арнап әкесі Бекен ашқан мектептен төрт жасында сауат ашып, хат таныды. Содан соң Қызылжар медресесінде төрт жыл оқып, орталау білім көлеміндегі әр түрлі пәндерді игере келе, арнайы араб, парсы, түрік тілдерін игеріп шығыс әдебиетімен түп нұсқадан таныса бастайды.Одан әрі 1910 жылдың күзінде Уфаға барып, білім беру деңгейі жөнінен сол кездегі жоғары оқу орны саналатын медресе - Ғалияға түсіп, онда ұстаздық ететін атақты татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен , медресе шәкірті Бейімбет Майлинмен танысады.

1.2. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін талдау  Мағжан Жұмабаев - әрі лирик ақын, әрі аудармашы, әрі ұстаз, ғалым. Мағж

6 слайд
1.2. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін талдау  Мағжан Жұмабаев - әрі лирик ақын, әрі аудармашы, әрі ұстаз, ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерін жазумен бірге, оқытушылық қызметті атқара жүріп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі» ( 1925ж), «Сауатты бол» (1926ж), «Педагогика» (1922ж ) атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан тың үлесі болып саналады.  Мағжан Жұмабаев орыс, батыс педагог –психолог ғалымдар еңбектерін оқи отырып, сонымен бірге тәрбиенің ұлттық ерекшеліктерін ескере өзінің «Педагогика» атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды :  « Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалай да курста оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздері қазақшаға аударамын деп азаптануды тиіс таппадым».

Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты:  1. Ақыл тәрбиесі  2. Мінез –құлық тәрбиесі  3. Сұ

7 слайд
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты:  1. Ақыл тәрбиесі  2. Мінез –құлық тәрбиесі  3. Сұлулық тәрбиесі  4.Дене тәрбиесі  Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін дәл табатын, мінез –құлық тәрбиесі – жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын, сұлулық тәрбиесі – сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрде ләззат алып, жан толқытатын, дене тәрбиесі – ыстық-суық, аштық - жалаңаштық, тұрмыста жиі ұшырайтын адам бойында кездесетін жайттар болып табылады.  Мағжан Жұмабаев - балалар әдебиетінің классигі, мысалы әр түрлі эпостар, балаларға арналған фольклорлық туындылардың авторы ең бастысы баланы бесіктен еңбекке тәрбиелеудің негізін салған ұстаз - жазушы.  Мағжан туындылары - бала тәрбиесінің таптырмас құралы, әдістемелік түп нұсқасы, қолтума дүние деуге әбден болады.  «Ұлт тәрбиесі - деп жазды ол,- баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесі мен таныс болуға тиіс.Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.  Мағжан - орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушиинскийше  педагогиканың жан сырын терең зерттейтін психология ғылыми мен байланысты қарастырып, қазақтың халық педагигикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім –тәрбиесіне қажетті- құнды дүниелер қалдырып кеткен.  Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құралы болары сөзсіз.Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық - тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады.      

II. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні 2.1.Шолпының түрлері

8 слайд
II. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні 2.1.Шолпының түрлері Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?                                                                Абай  Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле кигізіп, құлағына сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Ал осы қымбат әшекей бұйымдарды тағудың өзіндік қатаң қағидасы бар.  Оның дәлелі ретінде қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңінен аңғаруға болады . «Шолпы» өлеңінде қазақ қыздарының ерекше сұлулығы мен әдептілігі байқалады.

«Шолпы» өлеңі Сылдыр, сылдыр, сылдыр... Қанымды қайнатты құрғыр Шық-шық жүрекке тиеді. Құлпыра талқан боп сыңғыр, Сылды

9 слайд
«Шолпы» өлеңі Сылдыр, сылдыр, сылдыр... Қанымды қайнатты құрғыр Шық-шық жүрекке тиеді. Құлпыра талқан боп сыңғыр,   Сылдыр,сылдыр,сылдыр... Өзекті өртеді құрғыр. Әдейі іргеден жүреді Сұлу қыз санадан солғыр!   Сылдыр,сылдыр,сылдыр... Жүректі жандырды құрғыр. Кеудені кернеді жалын, Сәулем,періштем, тез кір! Сылдыр,сылдыр,сылдыр... Есімнен ауырды құрғыр. Лебізіңнен еріп барамын, Жаным-ай,жақында қол бер!   Сылдыр,сылдыр,сылдыр... Талдым, қалды сүлдер Сыбырға айналды сылдыр, Сылдыр, сылдыр, сылдыр

Дәстүрлі қазақ қоғамында шолпының мынадай түрлері бар :  Көзді шолпы (асыл тас қондырылған),  Қозалы шолпы,  Қо

10 слайд
Дәстүрлі қазақ қоғамында шолпының мынадай түрлері бар :  Көзді  шолпы (асыл тас қондырылған),  Қозалы  шолпы,  Қоңыраулы  шолпы,  Шынжырлы  шолпы,  Қос үзбелі шолпы,  Маржанды  шолпы,  Меруертті  шолпы,  Ақықты  шолпы, т.с.с. түрлері мен атаулары кездеседі.

Шолпы түрлері

11 слайд
Шолпы түрлері

2.2.Шолпының тәрбиелік мәні  Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған.  Қыз баланы кішкентайынан ә

12 слайд
2.2.Шолпының тәрбиелік мәні  Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған.  Қыз баланы кішкентайынан әдепті, инабатты етіп тәрбиелеген. Дана халқымыз бойжеткендерін пәле- жаладан, жамандықтан аулақ ұстап, сақтандырған.Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады.  Ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу секілді қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын қастерлей білген.

Қарапайым ғана шолпының өзінің тәрбиелік мәні өте зор емес пе ? Осы жерде шолпының әшекей бұйымнан бөлек, өзіндік ерекше м

13 слайд
Қарапайым ғана шолпының өзінің тәрбиелік мәні өте зор емес пе ? Осы жерде шолпының әшекей бұйымнан бөлек, өзіндік ерекше мақсаты болғанын айта кетейік. Бұларды оқи отырып, қазақтың даналығына еріксіз тәнті боласыздар :  Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, шолпы сыңғырлап, оқыс қимылдарға тосқауыл болған;  Шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруді үйрететін модель мектебінің рөлін атқарған ;  Шолпының ауыр салмағы басты ауыртпайтын, емдік қасиетке ие ;  Шолпы, шашбау сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанынан хабар беріп, үлкендер жинақтала бастаған ;  Шолпы салмағының әсерінен шаш ұзын боп өскен ;  Шолпыны да, шашбауды да бұрым тарқатылмай жинақы болып тұру үшін таққан ;

2.3. Шолпы туралы жазған ақын-жазушылардың, сазгерлердің шығармаларымен танысу.  Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең

14 слайд
2.3. Шолпы туралы жазған ақын-жазушылардың, сазгерлердің шығармаларымен танысу.  Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызы елестейді: Сыңғыр шолпы шашбаулым, Жарасады таққаның. Осы сәнің тұрғанда, Қаламаймын басқаны. Сүйіншілер жеңгелер, Шашбаулы қыз келді деп. [6;23 бет]

 Сол сияқты «Арна »тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың» әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді.  Қазақтың

15 слайд
 Сол сияқты «Арна »тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың» әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді.  Қазақтың әнші, сазгері Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны» өлеңінен үзіндіге тоқталсам : Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп Иықтан шашып төгіліп жерген Күмісті шашбау жарасып белге...- дегендей сұлулық, нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен. o Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. Қыз өссе-елдің көркі- деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам...,- деп «Қазақ қызы» әнінің авторлары Рамазан Тайманов пен Исрайыл Сапарбаев қазақ қызының жайдары мінезін, қыз бала -өз елінің көркі екенін паш еткен.

III .Қорытынды  Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп

16 слайд
III .Қорытынды  Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев.  Мағжан поэзиясының тіл кестесі, лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы - ерекше ілтипатқа бөленген ақын. Мағжан поэзиясы – одан рухани азық алып, жандүниеңді байытып, өмір құбылыстарына деген көзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге көмектесетін көркем дүние.

 XX ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан Мағжан Жұмабаевтың басты ерекшелігі өлең өрімінің өзгеше

17 слайд
 XX ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан Мағжан Жұмабаевтың басты ерекшелігі өлең өрімінің өзгеше сұлулығы мен саздылығының ерекше үйлесім табуында.  Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы ұлы – Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанмен, өзінше жол табудан әсте жалықпай, көп ізденген жан. Қорыта келе,  Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады;  Қазақтың әшекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды;  Шолпы арқылы қыздың жасын, әлеуметтік тобын, қай жақтан екендігін аңғаруға болады.

Зерттеу жұмысымды «Swot» талдау арқылы қорытындыласам : Күшті жақтары 1.Мағжан Жұмабаев «Шолпы» атты өлеңінде адамға т

18 слайд
Зерттеу жұмысымды «Swot» талдау арқылы қорытындыласам : Күшті жақтары 1.Мағжан Жұмабаев «Шолпы» атты өлеңінде адамға тән ұлы сезімді түсінуге шақырады;    2.Өлеңде қазақ қызының бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпының дыбысына көңіл бөліп, таза шынайы суреттеуі байқалады; 3.Ескінің көзін жаңарту мақсатымен, қыз баланың тәрбиесін жоғары ұстау көзделеді Әлсіз жақтары 1.Қазіргі қыздар шолпы бұйымы туралы білмейді 2.Қазіргі қазақ қыздарының қазақи тәлім- тәрбиесінің аз болуы ;           Төнетін қауіп   1.Қазіргі жастар ұлттық рухани құндылығымызды ұмытып қалуы мүмкін   Шешу жолдары 1.Әрқашан ұлттық рухани құндылығымызды айтып, еске түсіріп, жастардың білуін қадағалау керек ; 2.Тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, көп мән беру керек .  

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1.Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» мақаласы 2017ж 2. М.Жұмабаев «Педагоги

19 слайд
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1.Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» мақаласы 2017ж 2. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы-1993 жыл 3.Әндер жинағы 4.Жарықбаев Қ, Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы 1995 ж 5.Қазақтың зергерлік әшекейлері.Алматы «Өнер» 1985 ж 6.Қазақстан ұлттық энциклопедия Алматы-2002 ж 7. З. Қабдолов. Сөз өнері. ІІ томдық таңдамалы шығ. жин.,2- том. А., 1983 ж 8 .З.Ахметов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1993 ж 9 . М. Жұмабаев. Шығармалары (өлеңдер, поэмалар, қара сөздер) 1 989 ж 10 . Қанарбаева Б. « Мағжан – символист » з ертте уі Алматы 2007 ж 11. Ш.Р.Елеукенов.«Мағжан Жұмабаев жөнінде зерттеу»Алматы 1990ж  12.«Аңыз адам» журналы, №1 (37) қаңтар 2012жыл  13.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №12, 2016жыл  14. Мəшһүр-Жүсіпов Қ. «Мағжанның шеберлігі» Жұлдыз.1991ж № 11. 15. Қаһарманұлы Ғ. «Мағжан поэз...