Материалдар / Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2024
154
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау Зерттеу жұмысымның мақсаты:

1 слайд
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Мал терісінің тұрмыста қолданылуы және ешкі терісінен мес дайындау Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазіргі кезеңде – дәстүрімізді дәріптеп, қол өнерін дамытып, болашақта осы үрдісті үзбей, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ата- бабамыздың көне мұраларының бірі ешкі терісінен жасалған мес ыдысын дәріптеу. Оның шығу және жасалу жолына түсінік беру. Халқымыздың бай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау. Зерттеу жұмысымның міндеті: -Мал терісін өңдеу жөнінде және ешкі терісінен жасалған мес ыдысы жайлы мәліметтер жинақтау; -Ешкі терісінен жасалған местің жасалу жолын зерттеу; Зерттеудің өзектілігі: Ата – бабамыздың тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алған мес ыдысымен танысу. Оның шығу тарихын, жасалу жолын зерттеу арқылы келешекте заманымызға лайықтап жаңғырту. Сол арқылы ұлттық салтымызды ұрпақтан-ұрпаққа өшірмей жеткізу. Зерттеу жұмысымның жаңалығы: Жас буынға күнделікті тұрмыста мес ыдысын қолданудың тиімділігін және табиғи таза өнім екенін дәлелдеп ұсыну.

Бірде мен жеңгемнің ешкі сойып жатқан ағаларыма теріні тесіп алмай, дұрыс сой деп жатқанын естіп қалдым. Менде бір сұрақ пайда

2 слайд
Бірде мен жеңгемнің ешкі сойып жатқан ағаларыма теріні тесіп алмай, дұрыс сой деп жатқанын естіп қалдым. Менде бір сұрақ пайда болды. «Ол теріні пышақпен кеседі, қалай тесіп алма деп жатыр, неге олай деді екен?»- деген сұрақтарыма жауапты жеңгемнен алмақ болдым. Жеңгем маған қазақтың ұлттық мес деп аталатын ыдысының осы ешкі малының оның ішінде серке терісінен жасалса мықты болатынын айтып берді. Менде осы ыдыс және онда не сақталатыны туралы ары қарай білуге деген қызығушылық болды. Ол қызығушылығымды жеңгем қолдап, ендеше зерттеу жұмысын жүргізейік деп ұсыныс білдірді, мен келістім. Осылайша жобаны бастап кеттім.

Қазақ халқы ерте замандардан бері мал терісін тұрмыста қолданудың ретін білген. Себебі негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы

3 слайд
Қазақ халқы ерте замандардан бері мал терісін тұрмыста қолданудың ретін білген. Себебі негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім-кешек тігуге, тұяғы мен мүйізін, сүйегінен әр-түрлі бұйымдар әзірлеп тұрмыста пайдаланған. Малдың тіпті тезегінің өзін отын ретінде пайдалаып отырған.

Ертеден-ақ тері өңдеу кәсібі қол өнершілер арасында жетекші кәсіп болғаны мәлім. Теріні илеп және оны әр-түрлі түске бояп, о

4 слайд
Ертеден-ақ тері өңдеу кәсібі қол өнершілер арасында жетекші кәсіп болғаны мәлім. Теріні илеп және оны әр-түрлі түске бояп, одан түрлі бұйымдар жасаған. Қазақ халқы көбіне теріні илеп пайдаланған. Ал, иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Иленбеген жүнді теріден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып қауға, мес, дорба, шарқай т.б заттар жасаған. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ жасалады. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз – үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеуді айтады. Боялған терілерден әдемі киімдер, тұрмыста қолданылатын әдемі заттар жасалады. Әбден иуі қанған теріні тазартып, уқалап, созғылап, жұмсартады. Иі қанған тері ақ түсті, әрі жұмсақ болады. Олардан бас киім, жаға т.б тігуге болады.

Теріден жасалатын бұйымдар: Бөстек – адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш. Мес – қымыз, шұбат, айран, іркіт, сү

5 слайд
Теріден жасалатын бұйымдар: Бөстек – адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш. Мес – қымыз, шұбат, айран, іркіт, сүзбе сияқты сүт тағамдарын құюға арналған ыдыс. Көнек – шикі теріден тігілген бие саууға арналған шүмекті ыдыс. Онымен бие сауғанда бауын білекке іліп, түбін тізеге тіреп, биенің мінер жақ санын қос қолмен қаусыра құшақтап сауады. Өте жеңіл болады. Қаңылтыр ыдыстардай қаудырламайды. Көнекпен сауғанда мал мазасызданбай, жақсы иіп, сүтті мол береді. Торсық – қымыз, шұбат, айран т.б сүттен жасалған сусындарды сақтап, тасымалдайтын шылғи теріден жасалған ыдыс. Оны түйенің, сиырдың, жылқының жон, сауыр терісінен тігеді. Саба – қымыз, қымыран, шұбат ашытуға арналған, қам теріден бес қиық етіп пішіліп, тігілген ыдыс. Сабаны көбінесе жылқының жон терісінен тігеді. Тымақ – мал терісінен тігілген жылы қыстық бас киім.Биік төбелігі, маңдайы, екі құлағы бар. Құлақшын – аң терілерімен бұзау, құлын, қозы-лақтың бұйра терісінен тігіп киетін қыстық бас киім. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігілетін қолғап. Бөрік – сырты мақпал, пүліш, барқыт тәрізді қымбат маталардан жасалатын бас киім. Жиегіне қымбат бағалы аң мен мал терісі салынып тігіледі.

Білімдар этногроф Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің қол жазбалар жинағын «Мес» деп атаған екен. Демек ұлт ұғымында мес-толу, жинау мағ

6 слайд
Білімдар этногроф Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің қол жазбалар жинағын «Мес» деп атаған екен. Демек ұлт ұғымында мес-толу, жинау мағынасын білдіретіндігінің дәлелі болса керек. Мес – қымыз, шұбат, айран, сүзбе т.б сусын құюға және сақтауға арналған ыдыс. Ол бітеу сойылған ешкі (серке) терісінен жасалады.

Адам ағзасына сүт өнімдерінің 95-98 пайызы сіңеді. Сүт өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальциді,

7 слайд
Адам ағзасына сүт өнімдерінің 95-98 пайызы сіңеді. Сүт өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальциді, А, В2, В1, Е, Д, С дәрумендерін сондай-ақ көптеген басқа қоректік заттарды жеткізетіндігін білеміз. Ал месте сақталған сүт өнімдерінің қасиеті ерекше болады. Біріншіден бұзылмайды, екіншіден өте жақсы дәм береді. Тамаққа қосқанда тәбет ашады, астың құнын арттырады. Ешкі терісінен мес ыдысын дайындау жайында Құрманбаева Асима апаймен сұхбаттастым.

Мен жетекшіммен бірге месті төрт жасар серкені сойып жасауға тәжірибе жұмысын жасап көрдім. Ең әуелі серкені ағам бауыздап, оны

8 слайд
Мен жетекшіммен бірге месті төрт жасар серкені сойып жасауға тәжірибе жұмысын жасап көрдім. Ең әуелі серкені ағам бауыздап, оның терісін сыпыру үшін жоғарыға бір аяғынан байлап асып қойды.Теріні бітеулей сойып алу үшін екі артқы аяқтың арасын тіліп алып, теріні айналдыра тіле отырып еттен ажыратып, бітеулей сыпырып алды.Дайын терінің аяқ жағын мықтап байладық. Жылылай терінің ішіне сілтіге жылы су араластырып, құйдық. Сілті деп отырғанымыз – сексеуілдің ұшар басындағы шырпысы. Сол шырпыны жинақтап алып, оны өртеп, суытып, алдын ала дайындап алған болатынбыз.Аузын мықтап байлап он күнге жылы ошақтың жанына тастадық.

Сол аралықта местің сыртындағы жүн түсе бастады. Сол жүнді шетінен жетекшім екеуіміз жұлып алып отырдық. Жүн толық түсіп болған

9 слайд
Сол аралықта местің сыртындағы жүн түсе бастады. Сол жүнді шетінен жетекшім екеуіміз жұлып алып отырдық. Жүн толық түсіп болған соң ішіндегі сілтіні төгіп тастап, оның іші- сыртын тұзды сумен әбден жуып алдық. Екі-үш күн кептіріп қойдық. Сол аралықта далалы жерге барып «ит сигек» деп аталатын шөпті теріп алып келдік. Кептірілген теріні осы шөпті өртеп, екі-үш күн бойы осы шөптің түтінімен ыстадық. Әбден сарғайғанша ысталған теріні айранның сары суына екі күнге салып қойып қайта ыстадық және қайтадан айран сары суымен жудық. Екі-үш қайтара осылай жасаған соң мес дайын болды. Дайын болған меске сүзбе салып сақтадық.

Дүкеннен алынған түрлі-түсті қораптарға салынған қуырылған картоп, кепкен нан осылардың бәрінен бір рет қана дәм татып қана қой

10 слайд
Дүкеннен алынған түрлі-түсті қораптарға салынған қуырылған картоп, кепкен нан осылардың бәрінен бір рет қана дәм татып қана қоймай, қайта-қайта жегің келіп тұрады. Бұған себеп натри глутаматы есімді танымал тамақ қоспасы. Бұл қоспа сүт өнімдерінде де көптеп кездеседі. Оның басты функциясы – сақталу кезінде тез жоғалатын дәмдерге жаңа дәм беру. Тағамның қорабында Е621 деп белгіленеді. Тамаққа қосылатын жасанды қоспалардың барлығында бар. Дәрігер-ғалымдардың айтуы бойынша, глутамат кейбір аурулардың асқынуына апарады. Сондықтан оны қабылдағаннан абзалы қабылдамаған дұрыс. Қандай да бір тағамды табиғи күйінде қабылдаған жөн. Осы орайда айтарым табиғи өнімдерді тұтыну адам денсаулығы үшін де маңызды деген ұстанымды ұстанған жетекшім тоңазытқышты да пайдаланбай табиғи өнімді табиғи жолмен сақтап жер астынан ұра қазып, жаздың ыстығында да сүт өнімдерін ашытпай сонда сақтайды. Ұраның ерекшелігі қысы-жазы бірқалыпты салқын ауада тұрады.

Қорытынды Сөзімді қорытындылай келе айтарым көшпелі ата-бабамыздың төрт түлік мал терісін тіршілік көзі

11 слайд
Қорытынды Сөзімді қорытындылай келе айтарым көшпелі ата-бабамыздың төрт түлік мал терісін тіршілік көзі деп есептеп, одан тұрмысқа қажетті көптеген бұйымдар әзірлегенін білеміз. Айтылып өткен бұйымдардың барлығын да күнделікті өмірде көрмесек те мұражайлардан көріп жүрміз. Алдағы уақытта жас буынға, теріден жасалған бұйымдарды насихаттап, пайдалылығына, беріктігіне көздерін жеткізу үшін жұмыс жасаймын. Әрі қазақтың шеберлерінің қолынан шыққан төл туындыларының бірі мес ыдысын қазіргі заман талабына сай әзірлеп, әлем жұртшылығына насихаттамақ ойым бар. Осы орайда месті жасау тәжірибемді әлеуметтік желіге жариялаттым. Менің ұсынысым Қазақтың тері өңдеу ісі алға жылжып, тері бұйымдары кеңінен тараса Теріден жасалатын мес ыдысын заман талабына сай әзірлеп, төл туынды ретінде шет мемлекеттерге насихатталса