Материалдар / "Мамандықтағы менің образым" мұғалімдерге арналған вебинар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мамандықтағы менің образым" мұғалімдерге арналған вебинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер ұжымындағы және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
«Мамандықтағы менің образым» Әлеуметтік педагог: Кенесова Алуа СакенқызыШ.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылғ

1 слайд
«Мамандықтағы менің образым» Әлеуметтік педагог: Кенесова Алуа СакенқызыШ.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика- математика мектеп- интернаты

Мамандықтағы менің образым

2 слайд
Мамандықтағы менің образым

2 слайд

Мамандықтағы менің образым

Жоспары:  «Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» Сәлемдесу-танысу жаттығуы;  Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...

3 слайд
Жоспары:  «Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» Сәлемдесу-танысу жаттығуы;  Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға... ( Баяндама )  Ұстаздарға кеңес: оқушыны қалай жігерлендіруге болады  « Стресті жеңу үшін не істеу қажет» мини дәріс .  «Дауыс ырғағы» жаттығуы  Өзіңді таны?!  «Мен кіммін» жаттығуы  «Кездескенше» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдер ұжымындағы және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасты жақсарту.

4 слайд

«Есімдер» жатығуы Мақсаты: вебинар қатысушылары бір- бірімен таныстыру, жағымды қарым- қатынастықты туғызу. Нұ

5 слайд
«Есімдер» жатығуы Мақсаты: вебинар қатысушылары бір- бірімен таныстыру, жағымды қарым- қатынастықты туғызу. Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады. Мысалы: Бақжан бақытты, балдай тәтті, білімді қыз. Талдау: Сіздерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңіздер? «Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» Сәлемдесу-танысу жаттығуы .

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен е

6 слайд
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынан келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»деп айтып кеткен. Қаз

7 слайд
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»деп айтып кеткен. Қазіргі біздің заманымыздың, ХХ I ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:  – біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;  – екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;  – үшіншіден, мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;  – төртіншіден, мұғалім-педагогикалық ағымда баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болу керек;  – бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті. Қорыта келе, ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі ( Халық даналығы )

8 слайд

ОҚУШЫНЫ ҚАЛАЙ ЖІГЕРЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ ?! 1. Оқушыларға таңдау еркін беріңіз. Балаларға ынта-жігер берудің ең жақсы тәсілі – олар

9 слайд
ОҚУШЫНЫ ҚАЛАЙ ЖІГЕРЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ ?! 1. Оқушыларға таңдау еркін беріңіз. Балаларға ынта-жігер берудің ең жақсы тәсілі – оларға таңдау еркін беру. Оқушыларға тапсырма бере отырып, олардың өз еркімен таңдауы үшін бірнеше нұсқаны ұсыныңыз. Білім алушылар нені және қалай оқитындарын өздері таңдап алса, ішкі дүниесі жігерленеді. 2. Оқушылармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Оқушылар құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде, олар сол іс-әрекетке қызыға түседі және қандай да бір іс-әрекетпен айналысқанда, мотивацияға ие болып, зерікпейді. Мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына септігін тигізетін әдістерді (мүмкін, кооперативтік оқу топтары) неғұрлым көп қолданса, сыныптағы мотивация деңгейінің көтерілгенін айқын байқауға болады. 3. Басқа ортада білім беру. Кейде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін білім алушыларды олардың үйреншікті ортасынан басқа бір қызықты, жаңа орынға алып бару қажет. Табиғат аясында немесе таза ауада сабақ өту арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болады. 4. Балалардың барлық қабілетін дамытыңыз. Әр бала сабақты әртүрлі оқиды, сондықтан әр оқушының қабілетін барынша аша білсеңіз, оқушыларды мотивациялай аласыз. Әрбір оқушының оқуға ынтасын арттыру үшін сабақ пен өзіңіздің басқарушылық әрекеттеріңізді дифференциялауды ұмытпаңыз. 5. Білім алушылардың алдына мақсат қоюына көмектесіңіз. Балаларды мотивациялаудың жақсы тәсілдерінің бірі – бірнеше қолжетімді мақсаттар қоюларына мәжбүрлеу. Оқушылардан өздері қолжеткізгісі келетін бірнеше оқу мақсаттары туралы ойлануларын сұраңыз. Мысалы, математика пәні бойынша тесттен жоғары баға алу немесе көбейту кестесін толық жаттау және т.б. Кейін оларға осы мақсатқа қолжеткізетін уақытты белгілеңіз. Мақсаттар – балалардың ішкі ерік-жігерін арттыруға көмектесетін бірегей тәсіл. ҰСТАЗДАРҒА КЕҢЕС:

6. Сыныпта достық жарыстар ұйымдастырыңыз. Балалардың шағын бәсекелестікті ұнататынын жоққа шығаруға болмайды. Оқушылардың өз қ

10 слайд
6. Сыныпта достық жарыстар ұйымдастырыңыз. Балалардың шағын бәсекелестікті ұнататынын жоққа шығаруға болмайды. Оқушылардың өз қатарластарымен бәсекеге түсуі арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік бар. Балаларды екі топқа бөліп, жарыс ұйымдастырыңыз. Қызықты жарыс ойынында қолдануға болатын оқу материалының кез келген түрі білім алушыларды мотивациялауға септігін тигізеді 7. Қадағалауды азайтыңыз. Балаларды бақылауда ұстауды барлығы жақсы көреді. Оларды қадағалаудың деңгейін төмендетіп, оқушыларға еркіндік беріңіз. Мысалы, оқушыларыңыздың тестті қайда шешетіндерін немесе кітапты қайда оқитындарын өздері шешуіне мұрсат беріңіз. Сіз тіпті олардың тестті қалай тапсыратындарын (бірнеше таңдау, қысқа жауап және т.б.) немесе олардың нені оқитындарын өздері бақылауына рұқсат етіңіз. 8. Сабағыңызды олардың өмірімен байланыстырыңыз. Сонда шәкірттеріңіз нені үйреніп жатқандарына мән беретін болады. Үйретіп жатқан ілімді олардың өміріндегі болып жатқан жағдайлармен сабақтастырыңыз. Жаңадан алған білімді олардың үйренген дүниелерімен байланыстырыңыз. 9. Ынта-жігер берудің ең үздік тәсілі – оқушылардың бірдеңені асыға күтуіне мүмкіндік беру. Бұл экскурсияға шығу, бір оқиғаны мерекелеу немесе үй тапсырмасынан босату сияқты әрекеттер болуы мүмкін. Оқуға ынтасы жоқ сынып үшін бірдеңеге қол жеткізу – үлкен мотиватор болып табылады.

Мұғалімдерге кеңес  Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл параса

11 слайд
Мұғалімдерге кеңес  Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл парасаттылығын, жан-жақтылығын, ұстамдылығын, сезімталдығын бағалау қажет.  Сонымен қатар мынандай кемшіліктермен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі керек: шаршап шалдығушылық ұйқысыздық, беймазалық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салақтық, немқұрайлық, ісіне жауапсыздық, өзін орынсыз төмен ұстау, ашуланшақтық, орынсыз ұялшақтық, күдікшілдік т.б.  Мұғалім сыртқы келбетін, өзін-өзі басқару шеберлігін, мимика және пантомимика мәнерлерін, сөйлеу шеберлігін, шешендік қасиетін, дауыс дикциясын сақтауы керек.  Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ баланың мінез ерекшелігін жете білмей артық мақтауға да болмайды. Нәтижесінде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтар толы болады. Мысалы:тәкаппарлық, дандайсығандық т.б.теріс қасиеттер қалыптасады. Шәкіртіңіздің мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс.

«Дауыс ырғағы» жаттығуы Мақсаты: мұғалімдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін арттыру. Топтың әр мүшесіне оқушыға

12 слайд
«Дауыс ырғағы» жаттығуы Мақсаты: мұғалімдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін арттыру. Топтың әр мүшесіне оқушыға бағытталған қандай да бір сөйлем айту ұсынылады. Мысалы: «Жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді», «Неге үй тапсырмасы орындалмаған», «Келесі сабақта камераңды қосуға тырыс» осы айтылған сөйлемді айтушы әр түрлі дауыс ырғағымен, бет әлпетін сан рет өзгертіп, кемінде 5 рет айтуы қажет .

Барлығымен жақсы қарым- қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым- қатынаста болу керек. Біздің өзімізде болатын п

13 слайд
Барлығымен жақсы қарым- қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым- қатынаста болу керек. Біздің өзімізде болатын психосоматикалық аурулар (басым ауырып тұр, жүрегім, ішім неге екенін білмеймін) ал сосын соматикалық. Бірақ есте сақтау керек өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беру қиын.Кейбірде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек адам шынында да өз- өзінің басшысы болады. Ақпараттандыру. «Өзіңді таны»

«Мен кіммін?!» жаттығуы. Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек.

14 слайд

Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз. 10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзің

15 слайд
Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз. 10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз. 20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көріңіздер.

Жұмысқа байланысты кеңестер:2-кеңес. Жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз! Жұмыста жинақы (собранный) болыңыз. Кез ке

16 слайд
Жұмысқа байланысты кеңестер:2-кеңес. Жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз! Жұмыста жинақы (собранный) болыңыз. Кез келген істің соңын біліп тұруға тырысыңыз. өз еңбегіңізді, өз уақытыңызды есептеңіз! Сіздің еңбегіңіз- сіздің күшіңіз, сіздің алтын уақытыңыз! 1-кеңес. Көмекшілерді іздеңіз. Барлығын өзіңіз атқармаңыз! Мектеп жұмысының көп деңгейлі, жан-жақты екендігіне ешкім шүбә келтірмесі мәлім. Мектепте біздің көмекшілеріміз кімдер бола алады? Біріншіден, бұл біздің әріптестеріміз, оқушылар. Бір жағынан әріптестеріңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз, жалғыз емес команда болып жұмыс жасаған ұтымдырақ. « Жұмыла көтерген жүк жеңіл ».

1- кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің

17 слайд
1- кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз! Жеке басқа және жеке өмірге арналған кеңестер:

 -12 порция ақылдылық  -11 порция шыдамдылық  -10 порция батылдық  -9 порция жұмысқа қабілеттік  -8 порция оптимизм  -7 п

18 слайд
 -12 порция ақылдылық  -11 порция шыдамдылық  -10 порция батылдық  -9 порция жұмысқа қабілеттік  -8 порция оптимизм  -7 порция өз ісіне берілушілік  -6 порция ойлануды  -5 порция мейірімділік  -4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды  -3 порция юмор  -2 порция такт  -1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз! 2 кеңес Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз: Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!

«Кездескенше» жаттығуы. Шарты: Осы күн сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер бір – бірлеріңізг

19 слайд
«Кездескенше» жаттығуы. Шарты: Осы күн сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер бір – бірлеріңізге вебинардан алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, әріптестеріңіздің атына тілегіңізді айтыңыз.

Құрметті әріптестер!!! Назарларыңызға рахмет! Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Шәкірттеріңі

20 слайд
Құрметті әріптестер!!! Назарларыңызға рахмет! Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп жүре беріңіздер.Сіздерге бақытты шақ пен қуанышты сәт тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!