мәшһүр Жүсіп ғылыми жоба




1 слайд
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы
Бағыты: «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»
Ғылыми жоба тақырыбы:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниетанымындағы
жәдидшілдік идеясы
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің 10-сынып оқушысы:
Төлеген Диляра
1 слайд
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы Бағыты: «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» Ғылыми жоба тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниетанымындағы жәдидшілдік идеясы Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің 10-сынып оқушысы: Төлеген Диляра

2 слайд
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы
2.2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниетанымындағы жәдидшілік
идеясы
2.3. Мәшһүр Жүсіп жырларының басты тақырыптары. Ұлылар
үндестігі.
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер
2 слайд
Мазмұны: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 2.1.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы 2.2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниетанымындағы жәдидшілік идеясы 2.3. Мәшһүр Жүсіп жырларының басты тақырыптары. Ұлылар үндестігі. 4.Қорытынды 5.Пайдаланылған әдебиеттер

3 слайд
Зерттеу нысаны: зерттеу нысаны ретінде Мәшһүр Жүсіп дүниетанымындағы
жәдидшілік идеясы алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты – Мәшһүр Жүсіптің діни көзқарастары туралы
тұжырымдарды сараптай отырып, адами қасиеттерді қалыптастыратын исламдағы
амалдар мен ілімдерін, ағартушылық бағытын ғылыми тұрғыдан қарастыру, кешенді
зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар
жасалды:
- ақын шығармалары арқылы адамдық, ұлттық, діни намысты қорғауға үндеу;
- ақын дүниетанымының қазақтық, ұлттық болмысын айқындау;
- жырларының басты тақырыптары – ұлт, жер мәселесі, содан туатын кедей шаруа тілегі,
оқу, білім, патшалық тәртіп пен капитализм қайшылығын сынау сияқты өз кезеңі үшін
мәні бар халықтық-демократиялық мәселелер екендігіне көз жеткізу.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысы барысында тарихи-салыстырмалы, сипаттама, жүйелеу, талдау жасау
және қорытындылау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудегі ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп, мән-мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен
көпшілікпен бөлісу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Мәшһүр Жүсіптің шығармаларына талдау жасау арқылы ақынның діни дүниетанымын
және білім саласына қосқан үлесін таныту.
3 слайд
Зерттеу нысаны: зерттеу нысаны ретінде Мәшһүр Жүсіп дүниетанымындағы жәдидшілік идеясы алынды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың негізгі мақсаты – Мәшһүр Жүсіптің діни көзқарастары туралы тұжырымдарды сараптай отырып, адами қасиеттерді қалыптастыратын исламдағы амалдар мен ілімдерін, ағартушылық бағытын ғылыми тұрғыдан қарастыру, кешенді зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды: - ақын шығармалары арқылы адамдық, ұлттық, діни намысты қорғауға үндеу; - ақын дүниетанымының қазақтық, ұлттық болмысын айқындау; - жырларының басты тақырыптары – ұлт, жер мәселесі, содан туатын кедей шаруа тілегі, оқу, білім, патшалық тәртіп пен капитализм қайшылығын сынау сияқты өз кезеңі үшін мәні бар халықтық-демократиялық мәселелер екендігіне көз жеткізу. Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында тарихи-салыстырмалы, сипаттама, жүйелеу, талдау жасау және қорытындылау әдістері пайдаланылды. Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп, мән-мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Мәшһүр Жүсіптің шығармаларына талдау жасау арқылы ақынның діни дүниетанымын және білім саласына қосқан үлесін таныту.

4 слайд
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы
«Мен құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті
деп білемін. Осы үшеуіне наным-сенімім күшті.
Құдай қандай өзі, не нәрсе оны білуге, оны тануға
ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді»
Мәшһүр Жүсіп ұлттық идеяға құрылған таза
ағартушылық бағыт ұстанды. Ұлттық сана-сезімді
ояту негізіне құрылған төл туындыларында ол ар
тазалығына, имандылыққа үндеді.
Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық
еткен, бес уақыт намазды қаза жібермеген
тақуа, пірәдар адам болған
Құран сөздерін түсінбейтін, әліпті таяқ деп білмейтін
дүмше молдалардың іс-әрекеттерін шенеп:
Өсекті қожа менен молда айтады,
Басқадан олар тіпті онды айтады.
Арасын ағайынның балдай тәтті,
Дау-жанжал ұрыспенен молайтады, – дейді
4 слайд
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы «Мен құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне наным-сенімім күшті. Құдай қандай өзі, не нәрсе оны білуге, оны тануға ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді» Мәшһүр Жүсіп ұлттық идеяға құрылған таза ағартушылық бағыт ұстанды. Ұлттық сана-сезімді ояту негізіне құрылған төл туындыларында ол ар тазалығына, имандылыққа үндеді. Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық еткен, бес уақыт намазды қаза жібермеген тақуа, пірәдар адам болған Құран сөздерін түсінбейтін, әліпті таяқ деп білмейтін дүмше молдалардың іс-әрекеттерін шенеп: Өсекті қожа менен молда айтады, Басқадан олар тіпті онды айтады. Арасын ағайынның балдай тәтті, Дау-жанжал ұрыспенен молайтады, – дейді

5 слайд
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниетанымындағы жәдидшілдік идеясы
Жәдидшілдік
“Жәдидтік ағым- біздің бүгінгі дүниетанымымыз. Жәдид –
реформа деген сөз. Осы бағытты ұстанушылар бүкіл мұсылман
әлеміне, түркі дүниесіне, қазақ еліне Бостандық, Өркениет, Ұлттық
діл, ұлттық тіл, ортақ күрес жолы деген идеяны әкелді. Ғылымның
есігі қайтадан мұсылман жұрты үшін айқара ашылды. Біз Алланы
қалай танимыз, Құранды қалай түсінеміз, оны заманға қалай
тәпсірлеп түсіндіреміз, қалай өркениетке жетеміз....”
Тұрсын Жұртбай
Жәдидшілдік - ХІХ ғасырдың аяғы
мен ХХ ғасырдың басындағы
Повольже, Қырым және Орта Азия
мұсылмандарының мәдени-
реформаторлық, саяси-қоғамдық
қозғалысы. Сол кезеңдегі мұсылман
қауымының қоғамдық-саяси
өміріндегі негізгі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
қоғамдағы білім беру
жүйесі мен оқу
орындарын жаңашылдық
(жәдидшілік) бағытта
қайта кұру қоғам мен ұлт
мүддесі үшін қажет деп
санады. Ол жас ұрпақты
тәрбиелеуге ұлттық мүдде
тұрғысынан қарады.
Жастарды өз ұлтын
шынайы сүюге, қасиетті
қазақ жерін қастерлеуге,
әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін құрметтеуге
шақырады.
«Әркім өз жанын тірілтуді керек
қылса, ғұмырын ғылым, білімге
сарып қылсын. Ғылым-білімге
ғұмырын сарып қылған пенденің
жаны тіріліп сыйлы болады»
5 слайд
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниетанымындағы жәдидшілдік идеясы Жәдидшілдік “Жәдидтік ағым- біздің бүгінгі дүниетанымымыз. Жәдид – реформа деген сөз. Осы бағытты ұстанушылар бүкіл мұсылман әлеміне, түркі дүниесіне, қазақ еліне Бостандық, Өркениет, Ұлттық діл, ұлттық тіл, ортақ күрес жолы деген идеяны әкелді. Ғылымның есігі қайтадан мұсылман жұрты үшін айқара ашылды. Біз Алланы қалай танимыз, Құранды қалай түсінеміз, оны заманға қалай тәпсірлеп түсіндіреміз, қалай өркениетке жетеміз....” Тұрсын Жұртбай Жәдидшілдік - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Повольже, Қырым және Орта Азия мұсылмандарының мәдени- реформаторлық, саяси-қоғамдық қозғалысы. Сол кезеңдегі мұсылман қауымының қоғамдық-саяси өміріндегі негізгі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қоғамдағы білім беру жүйесі мен оқу орындарын жаңашылдық (жәдидшілік) бағытта қайта кұру қоғам мен ұлт мүддесі үшін қажет деп санады. Ол жас ұрпақты тәрбиелеуге ұлттық мүдде тұрғысынан қарады. Жастарды өз ұлтын шынайы сүюге, қасиетті қазақ жерін қастерлеуге, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін құрметтеуге шақырады. «Әркім өз жанын тірілтуді керек қылса, ғұмырын ғылым, білімге сарып қылсын. Ғылым-білімге ғұмырын сарып қылған пенденің жаны тіріліп сыйлы болады»

6 слайд
Мәшһүр Жүсіп жырларының басты тақырыптары
Тас қияға
өрлеген ақын
Ақынның түпкі арманы-
халықты жаппай
сауаттандыру
«Бірлік қылң басыңды қос,
пайдаңды ойла»,- деп ет-
жүрегі елжірей насихат айтады
Күндіз-түні өлең жазып, халықтың
ішкі жан дүниесін тербетіп, олардың
өнер-білімге, отырықшылыққа
шақыру арқылы жүзеге асырды.
Жырларының басты
тақырыбы – ұлт, жер мәселесі,
содан туатын кедей шаруа
тіленгі, оқу, білім, патшалық
тәртіп пен кпитализм
қайшылығын сынау
6 слайд
Мәшһүр Жүсіп жырларының басты тақырыптары Тас қияға өрлеген ақын Ақынның түпкі арманы- халықты жаппай сауаттандыру «Бірлік қылң басыңды қос, пайдаңды ойла»,- деп ет- жүрегі елжірей насихат айтады Күндіз-түні өлең жазып, халықтың ішкі жан дүниесін тербетіп, олардың өнер-білімге, отырықшылыққа шақыру арқылы жүзеге асырды. Жырларының басты тақырыбы – ұлт, жер мәселесі, содан туатын кедей шаруа тіленгі, оқу, білім, патшалық тәртіп пен кпитализм қайшылығын сынау

7 слайд
Ұлылар үндестігі
Қазақ ағартушылығы тарихында ұлттың ойшыл ғұламаларына
ықпал еткен тарихи тұлғалардың бірі – Қамараддин хазірет
Мақсат Тәжімұрат Камараддин 1855-1858 жылдары
Семейде білім алып жүрген жас бала Абай Құнанбайұлын
оқытқан. «Құнанбай қажы баласы Абайды Семей қаласында
орналасқан медресеге оқуға берген. Үш айдан кейін: «Мына
бір жас молданың оқуы күшті екен», – деп Камалатдин
(Камараддин) молдаға ауыстырған» дейді филология
ғылымдарының докторы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай.
Хазірет 1863 жылдары Кереку өңірінің шонжары Мұса
Шормановтың ықпал етуімен Баянауылға келіп, Білән ауылы
мешітінде бала оқытуды қолға алады. Бұл кездегі жасы 59-да
болған. Алғашқы жылы оқытқан үш баланың біреуі Көпей
баласы Мәшһүр Жүсіп болады.
7 слайд
Ұлылар үндестігі Қазақ ағартушылығы тарихында ұлттың ойшыл ғұламаларына ықпал еткен тарихи тұлғалардың бірі – Қамараддин хазірет Мақсат Тәжімұрат Камараддин 1855-1858 жылдары Семейде білім алып жүрген жас бала Абай Құнанбайұлын оқытқан. «Құнанбай қажы баласы Абайды Семей қаласында орналасқан медресеге оқуға берген. Үш айдан кейін: «Мына бір жас молданың оқуы күшті екен», – деп Камалатдин (Камараддин) молдаға ауыстырған» дейді филология ғылымдарының докторы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай. Хазірет 1863 жылдары Кереку өңірінің шонжары Мұса Шормановтың ықпал етуімен Баянауылға келіп, Білән ауылы мешітінде бала оқытуды қолға алады. Бұл кездегі жасы 59-да болған. Алғашқы жылы оқытқан үш баланың біреуі Көпей баласы Мәшһүр Жүсіп болады.

8 слайд
Абайдың «Отыз сегізінші
қара сөзінде»
Ғылымды адам қасиетінің ең биігіне көтереді.
«Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат,
оған ғашықтық өзі де хақлық, һәм адамдық
дүр» дейді ақын отыз сегізінші қара
сөзінде. Абай осылайша ғылымды адам
қасиетінің ең биігіне көтереді. «Ғылым –
Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған
ғашықтық өзі де хақлық, һәм адамдық дүр»
дейді ақын Қазақ ойшылының айтуынша,
адамға Алла берген сана оны Құдаймен
жақындатады.
Даналар ғылымды Алланы
танумен байланыстырады. Бұл
орайда Абай да, Мәшһүр де,
Шәкәрім де жүрекке жеткен білім
ғана шын білім екендігін айтады.
Ғылымды меңгерген адамның
жаны нұрға толы болып,
басқалардан дараланып
тұратынына көзімізді жеткізеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Үш анық»
Бiрiншi — ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзат
мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi.
Екiншi — дiннiң берген аяндары. Бұл, әрине,
философия саласында мыңдаған жылдар созылып
келген “ақыл-ой мен сенiм ақиқаттары, олардың
ара-қатынасы. Осы «екi аныққа»
ойшыл үшiншi — ар—ұжданды қосып оның
iргелiлiгiн баса айтады
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Оның ойынша, «Алла адамды жаратқан кезде
оған бостандық пен еркіндік сыйлаған:
«Жаратуын өзі жаратса да, билігін, ерік ықтиярын
мақлұқтарына берді»-дейді. «Ғылым-білім немен
болады? Әуелі жаратушы Құдай тағаланы
танумен болады» дей келе, Құдайды тану
дегеніміз алдымен адамның өзін тануы деген
пікір білдіреді.
8 слайд
Абайдың «Отыз сегізінші қара сөзінде» Ғылымды адам қасиетінің ең биігіне көтереді. «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық, һәм адамдық дүр» дейді ақын отыз сегізінші қара сөзінде. Абай осылайша ғылымды адам қасиетінің ең биігіне көтереді. «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық, һәм адамдық дүр» дейді ақын Қазақ ойшылының айтуынша, адамға Алла берген сана оны Құдаймен жақындатады. Даналар ғылымды Алланы танумен байланыстырады. Бұл орайда Абай да, Мәшһүр де, Шәкәрім де жүрекке жеткен білім ғана шын білім екендігін айтады. Ғылымды меңгерген адамның жаны нұрға толы болып, басқалардан дараланып тұратынына көзімізді жеткізеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» Бiрiншi — ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзат мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi — дiннiң берген аяндары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылып келген “ақыл-ой мен сенiм ақиқаттары, олардың ара-қатынасы. Осы «екi аныққа» ойшыл үшiншi — ар—ұжданды қосып оның iргелiлiгiн баса айтады Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Оның ойынша, «Алла адамды жаратқан кезде оған бостандық пен еркіндік сыйлаған: «Жаратуын өзі жаратса да, билігін, ерік ықтиярын мақлұқтарына берді»-дейді. «Ғылым-білім немен болады? Әуелі жаратушы Құдай тағаланы танумен болады» дей келе, Құдайды тану дегеніміз алдымен адамның өзін тануы деген пікір білдіреді.

9 слайд
Абай Мүшһүр Жүсіп
Дана Абай адам бойына тән бес жақсы
қасиеттер мен бес жаман қасиетті ашып
көрсетеді: « Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз»
Мәшһүр бес қымбат құндылықтарды саралап
береді:
«Екiншi керек нәрсе – ғақыл» –деген. «Ғақылсызда
таупық жағы (шағы) тақыр!» – деген. «Аз iске
ашуланып, дiнiн бұзар, Иманын кәпiрлiкке сатар» –
деген. «Үшiншi қымбат нәрсе – сабыр!» – деген,
«Сабырлысы мұратын табар!» «Әр iсте
сабырсыздық тәубе-зорлық, Сабырсыздық басқа
пәле салар!» – деген. «Төртiншi қымбат нәрсе –
шүкiр» – деген, «Нығыметке шүкiрсiздiк – күпiр!» –
деген. Жатқан жерден: «Құдай кешiр!» – деген
қорлық, «Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!» –деген.
«Бесiншi, қымбат нәрсе – әдеп» – деген, Әдепсiзде
иман тұру ғажап!» – деген. «Кәпiрлiк – әдептiде
тұрмағандай, Әдеп деген Махаббатқа себеп!» –
деген
9 слайд
Абай Мүшһүр Жүсіп Дана Абай адам бойына тән бес жақсы қасиеттер мен бес жаман қасиетті ашып көрсетеді: « Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз» Мәшһүр бес қымбат құндылықтарды саралап береді: «Екiншi керек нәрсе – ғақыл» –деген. «Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!» – деген. «Аз iске ашуланып, дiнiн бұзар, Иманын кәпiрлiкке сатар» – деген. «Үшiншi қымбат нәрсе – сабыр!» – деген, «Сабырлысы мұратын табар!» «Әр iсте сабырсыздық тәубе-зорлық, Сабырсыздық басқа пәле салар!» – деген. «Төртiншi қымбат нәрсе – шүкiр» – деген, «Нығыметке шүкiрсiздiк – күпiр!» – деген. Жатқан жерден: «Құдай кешiр!» – деген қорлық, «Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!» –деген. «Бесiншi, қымбат нәрсе – әдеп» – деген, Әдепсiзде иман тұру ғажап!» – деген. «Кәпiрлiк – әдептiде тұрмағандай, Әдеп деген Махаббатқа себеп!» – деген

10 слайд
Ұлы тұлғалар шығармалары үндестік
Мәшһүр Жүсіп
«Сарыарқа кімнің
жері екендігі»
«Есіктен кіре алмайтын қара шекпен
Орынды қақ жарып кеп алды төрден.
Тұтқында сорлы қазақ қалмап па едің
Қол қойып ақ қағазға басқан мөрден...
Мақсатқа кім жетеді ойындағы?
Бұл шаруаң қатыныңдай қойныңдағы.
Ертіс, Нұра, Есіл мен Еділ, Жайық
Мұсылман бұл бес өзен бойындағы...
Халық қылып атандырды бізді қазақ,
Іргелі көп жұрт емес, өзі де аз-ақ.
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Барасың көрінгенге болып мазақ»
XIX ғасырдағы қазақ
өміріне тән барлық
құбылыстарды сынға алады.
Қазақтар ата-бабадан қалған
рухани құндылықтарын
ұмытып, елдің ішін
әділетсіздік, арамдық,
өтірік, өсек-аяң, ақымақтық
басып кеткендігін ашына
жырлайды. Атамекеннің
тарылуы қазақтың кісілік
негіздерін шайқалтатын,
жаугершілік пен отаршылық
әсерінен өрістеген теріс
қылықтардың көбеюіне
әкелу сөз болады.
Шортанбай
Қанайұлы
«Зар заман»
«Мына заман, қай заман? Жақсы жаннан түңілген,
Азулыға – бар заман, Жаман малдан түңілген,
Азусызға – тар заман. Мұның өзі – зар заман
Тарлығының белгісі –
Мұрат Мөңкеұлы
«Үш қиян»
толғауы
Еділді келіп алғаны, Жағаға қолды салғаны.
Етекке қолды салғаны. Ойылды келіп алғаны,
Жайықты келіп алғаны – Ойындағысы болғаны.
Дулат
Бабатайұлы
«Аягөз қайда
барасың?»
Жеріңнің алды шұрайын, ....Сауыры жерден айырылып,
Дуан салып жайланып… Қазақ елі жұқарды....
…Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?..
10 слайд
Ұлы тұлғалар шығармалары үндестік Мәшһүр Жүсіп «Сарыарқа кімнің жері екендігі» «Есіктен кіре алмайтын қара шекпен Орынды қақ жарып кеп алды төрден. Тұтқында сорлы қазақ қалмап па едің Қол қойып ақ қағазға басқан мөрден... Мақсатқа кім жетеді ойындағы? Бұл шаруаң қатыныңдай қойныңдағы. Ертіс, Нұра, Есіл мен Еділ, Жайық Мұсылман бұл бес өзен бойындағы... Халық қылып атандырды бізді қазақ, Іргелі көп жұрт емес, өзі де аз-ақ. Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз, Барасың көрінгенге болып мазақ» XIX ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды сынға алады. Қазақтар ата-бабадан қалған рухани құндылықтарын ұмытып, елдің ішін әділетсіздік, арамдық, өтірік, өсек-аяң, ақымақтық басып кеткендігін ашына жырлайды. Атамекеннің тарылуы қазақтың кісілік негіздерін шайқалтатын, жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс қылықтардың көбеюіне әкелу сөз болады. Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» «Мына заман, қай заман? Жақсы жаннан түңілген, Азулыға – бар заман, Жаман малдан түңілген, Азусызға – тар заман. Мұның өзі – зар заман Тарлығының белгісі – Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы Еділді келіп алғаны, Жағаға қолды салғаны. Етекке қолды салғаны. Ойылды келіп алғаны, Жайықты келіп алғаны – Ойындағысы болғаны. Дулат Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?» Жеріңнің алды шұрайын, ....Сауыры жерден айырылып, Дуан салып жайланып… Қазақ елі жұқарды.... …Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді?..

11 слайд
Қорытынды
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мол шығармашылық мұрасының халқымыздың рухани
мәдениетінің тарихына қоскан үлесі зор. Оның білім беру мен ғылым, мәдениет, дін жайлы
ой-толғаулары бүгінгі жастардың бойында білім-ғылымға құштарлық пен имандылық
қасиеттерін калыптастыруға көмектеседі. Мәшһүрдің азаттық идеясы біздің тәуелсіз
мемлекетіміздің жастарын ұлттық мүдде мен ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл
атқарады Өткен ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ойшылдары арасында өзіндік орны
болган тарихи тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дүниетанымы өзіндік ерекшеліктерге толы.
Ол қазақ қоғамындағы ұлттық дәстүр мен болмыстың інжу-маржандарын жинақтауда
үлкен еңбек сіңірді. Сонымен қатар, ол өзінің діни-философиялық дүниеге қатынасын
ерекше сипатта өрнектей алған қоғам қайраткері. Ақынның шығармашылық жолы
халқының руханиятын түлетуші, өркендетуші рухани күш сипатында көрініс берген.
Қазақ халқының маңдайына қасқайып біткен азаматының ішінде Мәшһүр Жүсіп
Көпеевтің алар орны ерекше. Өзі өмірден озса да, артына мәңгі өшпес рухани мұра
қалдырған қасиетті бабамыздың мұрасының бізге және бізден кейін келер талай ұрпаққа
берері мол екені сөзсіз.
«Жігіт күніңде жаннан кеш те іс қыл, өлсең өлерсің, өлмесең адам болып шығарсың»
деген ұлы бабамыздың жастарға тәрбиелік мәні бар сөзін ұрандай ұстанып, жүрек түбіне
сақтау міндетіміз деп білейік.
11 слайд
Қорытынды Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мол шығармашылық мұрасының халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына қоскан үлесі зор. Оның білім беру мен ғылым, мәдениет, дін жайлы ой-толғаулары бүгінгі жастардың бойында білім-ғылымға құштарлық пен имандылық қасиеттерін калыптастыруға көмектеседі. Мәшһүрдің азаттық идеясы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жастарын ұлттық мүдде мен ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады Өткен ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ойшылдары арасында өзіндік орны болган тарихи тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дүниетанымы өзіндік ерекшеліктерге толы. Ол қазақ қоғамындағы ұлттық дәстүр мен болмыстың інжу-маржандарын жинақтауда үлкен еңбек сіңірді. Сонымен қатар, ол өзінің діни-философиялық дүниеге қатынасын ерекше сипатта өрнектей алған қоғам қайраткері. Ақынның шығармашылық жолы халқының руханиятын түлетуші, өркендетуші рухани күш сипатында көрініс берген. Қазақ халқының маңдайына қасқайып біткен азаматының ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің алар орны ерекше. Өзі өмірден озса да, артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырған қасиетті бабамыздың мұрасының бізге және бізден кейін келер талай ұрпаққа берері мол екені сөзсіз. «Жігіт күніңде жаннан кеш те іс қыл, өлсең өлерсің, өлмесең адам болып шығарсың» деген ұлы бабамыздың жастарға тәрбиелік мәні бар сөзін ұрандай ұстанып, жүрек түбіне сақтау міндетіміз деп білейік.