Менің туған өлкем




1 слайд
Менің туған өлкем
Мақсаты:
Қайназар ауылының тарихы, бүгіні, болашағы
және осы туған өлкемнің көз тартарлық
табиғаты, көрнекті жерлері туралы мәлімет беру.
1 слайд
Менің туған өлкем Мақсаты: Қайназар ауылының тарихы, бүгіні, болашағы және осы туған өлкемнің көз тартарлық табиғаты, көрнекті жерлері туралы мәлімет беру.

2 слайд
Қайназар!!!
2 слайд
Қайназар!!!

3 слайд
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған өлкем,
Сылдырлаған бұлағы, суы балдай, - деп бала
жүрек жырлағандай, біз өз өлкемізді жан
жүрегімізбен сүйеміз. Туған өлкем деп соққан
балалық балғын жүрегіміз бізді туған өлкеміздің
тарихын білу үшін алдымен өзіміздің туған
жеріміздің тарихын білуіміз керек деп ойлаймыз.
Бұл біздің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы
қадамымыз.
3 слайд
Табиғаттың тамаша жазы қандай, Айналама көк кілем жазылғандай. Сымбатыңнан айналдым, туған өлкем, Сылдырлаған бұлағы, суы балдай, - деп бала жүрек жырлағандай, біз өз өлкемізді жан жүрегімізбен сүйеміз. Туған өлкем деп соққан балалық балғын жүрегіміз бізді туған өлкеміздің тарихын білу үшін алдымен өзіміздің туған жеріміздің тарихын білуіміз керек деп ойлаймыз. Бұл біздің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамымыз.

4 слайд
“Қайназар” ауылы
Алматы облысы Жамбыл
ауданындағы ауыл,
Қарасу ауылдық округі құрамында.
Аудан орталығы - Ұзынағаштан
оңтүстік-батысқа қарай
3 км жерде орналасқан.
4 слайд
“Қайназар” ауылы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы - Ұзынағаштан оңтүстік-батысқа қарай 3 км жерде орналасқан.

5 слайд
“Географиялық жағдайы:
Орталығы - Ұзынағаш ауылы. Оңтүстігін Іле
Алатауының, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының
шығыс сілемдері алып жатыр.Солтүстікке қарай аудан
жері жазыққа ұласып,алқаптармен шектеледі.Кен
байлықтарынан түсті металдар,әк тас,т.б.кездеседі.
Климаты континенттік,оңтүстігінде қысы біршама
жұмсақ және қысқа.Оңтүстіктен солтүстікке қарай
шалғынды топырақты,қызыл-қоңыр,қоңыр сұр,
құмдақты сұр,сортаң топырақты келеді.Бетеге,
боз,жусан, изен,ебелек,тау етегінде астық тұқымдасты
қылша,итмұрын,т.б.көмкерген.
5 слайд
“Географиялық жағдайы: Орталығы - Ұзынағаш ауылы. Оңтүстігін Іле Алатауының, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр.Солтүстікке қарай аудан жері жазыққа ұласып,алқаптармен шектеледі.Кен байлықтарынан түсті металдар,әк тас,т.б.кездеседі. Климаты континенттік,оңтүстігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа.Оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды топырақты,қызыл-қоңыр,қоңыр сұр, құмдақты сұр,сортаң топырақты келеді.Бетеге, боз,жусан, изен,ебелек,тау етегінде астық тұқымдасты қылша,итмұрын,т.б.көмкерген.

6 слайд
Қайназар ата
Шапыраштының Екей руынан шыққан Қайназар атамыз
атақты «Сарыбай бидің оң қолы, әрі серігі болған» деп
айтады көнекөз қариялар. Сарыбай би Қайназар атаны
сол аймақтағы қоныс аударған казак-орыстардың
озбырлығына жергілікті халықты қоғауды тапсырған
екен. Және де ру арасында ұрыс-тартыс, барымта кезінде
би атаға көп көмегі тиген. Қайназар ата «тік мінезді,
алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей адам болған» дейді
ел ішінде. Кесенесі Жамбыл ауданының Қарақастек
ауылына барар жол бойында орналасқан.
6 слайд
Қайназар ата Шапыраштының Екей руынан шыққан Қайназар атамыз атақты «Сарыбай бидің оң қолы, әрі серігі болған» деп айтады көнекөз қариялар. Сарыбай би Қайназар атаны сол аймақтағы қоныс аударған казак-орыстардың озбырлығына жергілікті халықты қоғауды тапсырған екен. Және де ру арасында ұрыс-тартыс, барымта кезінде би атаға көп көмегі тиген. Қайназар ата «тік мінезді, алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей адам болған» дейді ел ішінде. Кесенесі Жамбыл ауданының Қарақастек ауылына барар жол бойында орналасқан.

7 слайд
“Қайназар”ата кесенесі
7 слайд
“Қайназар”ата кесенесі

8 слайд
8 слайд

9 слайд
Сарыбай би
Сарыбай Айдосұлы 1821 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қайназар
өзенінің бойында туған. Сарыбайдың әкесі Айдос, оның әкесі Пірімқұл да, Ыстыбай да
(Жамбылдың арғы бабасы) бәрі шетінен ел қорғаған батыр, әрі шешен би боп өткен. Осы
шежірені әрмен дамытсаң, ол былай боп жалғасады: Шапыраштының Екейінен
(бәйбішесінен) Бәйімбет, одан Дербіс, Пірімкүл, Ыстыбай. Пірімқүлдан Дйдос.
Айдостан Мейірман, Саржан — Сарықұл, Сарыбай туады. Сарыбайдың Жанбала,
Оймақ, Бүби, Ақбөпе деген төрт әйелі бопты. Жанбаладан Ысқақ, Ахмет, оймақтан екі
қыз, Бүбиден Қисыбай, Бисібай, Изенбай,Жусанбай, Ақбөпеден Смағүл, Халық
туылыпты .
«Әке көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді» дегендей, Сарыбай жастайынан
Екей елінің ел басшы биі Айдос әкесінің жанында жүріп, ел жағдайын, оның салт-
санасын, батырлық дәстүрін, әдебиеті, мәдениетін ұға береді. Шешендік билік сайыстың,
ән мен жыр айтыстың қайнаған ортасында жүріп есейеді. Ер жете келе Саурық,
Сүраншы батырлардың жасағында сарбаз боп жүреді. Оның ат құлағында ойнайтын
әбжілдігі, садақ тартқандағы мергендігі, сөз сайысына түскендегі шешендік алғырлығы,
әсіресе, Сұраншы батырға қатты ұнапты. Сондықтан да Сұраншы Сарыбай інісін өзіне
сенімді серік етіп, қасынан тастамаған. Ағайынды екі батыр тізе қоса жүріп, Ұзынағаш
пен Сайрам аралығындағы қала, далада болған соғыс, шайқастарға басшылық етіп,
қоқандық дұшпандарды ысыра қуып, елімізді, жерімізді жау қыспағынан азат еткен.
9 слайд
Сарыбай би Сарыбай Айдосұлы 1821 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қайназар өзенінің бойында туған. Сарыбайдың әкесі Айдос, оның әкесі Пірімқұл да, Ыстыбай да (Жамбылдың арғы бабасы) бәрі шетінен ел қорғаған батыр, әрі шешен би боп өткен. Осы шежірені әрмен дамытсаң, ол былай боп жалғасады: Шапыраштының Екейінен (бәйбішесінен) Бәйімбет, одан Дербіс, Пірімкүл, Ыстыбай. Пірімқүлдан Дйдос. Айдостан Мейірман, Саржан — Сарықұл, Сарыбай туады. Сарыбайдың Жанбала, Оймақ, Бүби, Ақбөпе деген төрт әйелі бопты. Жанбаладан Ысқақ, Ахмет, оймақтан екі қыз, Бүбиден Қисыбай, Бисібай, Изенбай,Жусанбай, Ақбөпеден Смағүл, Халық туылыпты . «Әке көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді» дегендей, Сарыбай жастайынан Екей елінің ел басшы биі Айдос әкесінің жанында жүріп, ел жағдайын, оның салт- санасын, батырлық дәстүрін, әдебиеті, мәдениетін ұға береді. Шешендік билік сайыстың, ән мен жыр айтыстың қайнаған ортасында жүріп есейеді. Ер жете келе Саурық, Сүраншы батырлардың жасағында сарбаз боп жүреді. Оның ат құлағында ойнайтын әбжілдігі, садақ тартқандағы мергендігі, сөз сайысына түскендегі шешендік алғырлығы, әсіресе, Сұраншы батырға қатты ұнапты. Сондықтан да Сұраншы Сарыбай інісін өзіне сенімді серік етіп, қасынан тастамаған. Ағайынды екі батыр тізе қоса жүріп, Ұзынағаш пен Сайрам аралығындағы қала, далада болған соғыс, шайқастарға басшылық етіп, қоқандық дұшпандарды ысыра қуып, елімізді, жерімізді жау қыспағынан азат еткен.

10 слайд
“Сарыбай би” кесенесі
10 слайд
“Сарыбай би” кесенесі

11 слайд
11 слайд

12 слайд
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп Қайназар бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
12 слайд
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп Қайназар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

13 слайд
13 слайд

14 слайд
14 слайд

15 слайд
Мен жаныммен
сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен
сүйемін
осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін,
қалай ғана,
Кіндігім мен кессе ол
тұсауымды.
15 слайд
Мен жаныммен сүйемін осы ауылды, Мен қаныммен сүйемін осы ауылды. Қалай ғана сүймейін, қалай ғана, Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.

16 слайд
Сүйем оның құмында
қыраттарын,
Сүйем оның қасиетті
бұлақтарын.
Қалай ғана сүймейін осы
ауылдың,
Арайлап атқан шуақты әр
таңын.
16 слайд
Сүйем оның құмында қыраттарын, Сүйем оның қасиетті бұлақтарын. Қалай ғана сүймейін осы ауылдың, Арайлап атқан шуақты әр таңын.

17 слайд
Осы ауылда
тербелген бесігім де.
Осы ауылда қойылған
есімім де.
Араздасып қалғанда
ара ағайын,
Ақсақалы жүреді
Кешірімге.
17 слайд
Осы ауылда тербелген бесігім де. Осы ауылда қойылған есімім де. Араздасып қалғанда ара ағайын, Ақсақалы жүреді Кешірімге.

18 слайд
Көріп өстім таң атып
Күн батқанын
Көріп өстім тағдырлы
Мың қатпарын
Қалай ғана сүймейін,
Бейіт болып
Осы ауылда жатыр ғой
Қымбаттарым.
18 слайд
Көріп өстім таң атып Күн батқанын Көріп өстім тағдырлы Мың қатпарын Қалай ғана сүймейін, Бейіт болып Осы ауылда жатыр ғой Қымбаттарым.

19 слайд
Қорытынды
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Туған өлке – дегеніміз- туған тіл,салт- дәстүр, еліңнің
тарихы,байлығы,мектебің,үйің,бәрі бәрі сонда. Ал
бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.Туған жер жайлы жыр
да,қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір
халықтың әдебиетінен кездеседі.Біздің қазақ халқы да
туған өлке қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала
кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер, өлке
жайлы мақал - мәтелдерінен, өлеңдерінен
көреміз.Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды
әркімге туған өлкесі,туған елі қымбат екен деп
ойлаймыз.
19 слайд
Қорытынды Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың. Туған өлке – дегеніміз- туған тіл,салт- дәстүр, еліңнің тарихы,байлығы,мектебің,үйің,бәрі бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.Туған жер жайлы жыр да,қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінен кездеседі.Біздің қазақ халқы да туған өлке қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер, өлке жайлы мақал - мәтелдерінен, өлеңдерінен көреміз.Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған өлкесі,туған елі қымбат екен деп ойлаймыз.

20 слайд
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз.
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз!
20 слайд
Туған жерді сүю парыз, Сүю үшін білу парыз. Қасиетін ұғу парыз, Күзетінде тұру парыз!