Микробиология және биотехнология презентация
Микробиология және биотехнология презентация

#1 слайд
Шымкент , 20 99Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы Колледжі
Тақырыбы: Микробиология және биотехнология
Орындаған :
Қабылдаған :
1 слайд
Шымкент , 20 99Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы Колледжі Тақырыбы: Микробиология және биотехнология Орындаған : Қабылдаған :
#2 слайд
Микробиология
Микробиология (грекше "микрос" — кішкене,
"логос" — ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ
тірі ағзалардың құрылысын, биологиялық,
биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп
жатқан процестердегі рөлін, пайдасы мен
зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі —
бактериялар. Сонымен қатар микробиология
төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы
саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды,
қарапайым организмдерді, вирустарды
зерттейді.
2 слайд
Микробиология Микробиология (грекше "микрос" — кішкене, "логос" — ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды зерттейді.
#3 слайд
Ашылу тарихы
Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды.
Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық Антон Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-270 есеге
дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, сонымен қолына ілінген заттардың ( тоқтау су, теңіз
суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б. ) барлығын қараған. Бактерия жайлы алғашқы
дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін,
қозғалысын сипаттап жібірген хатында баяндаған.
1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды
бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз
ортада тіршілігін жалғастыратынан көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор
үлес қосты.
3 слайд
Ашылу тарихы Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық Антон Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, сонымен қолына ілінген заттардың ( тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б. ) барлығын қараған. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жібірген хатында баяндаған. 1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортада тіршілігін жалғастыратынан көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты.
#4 слайд
Вирустар
Вирус (лат. vīrus - « у» ) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин
қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті
нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин
қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин
қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.
Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп
қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді.
Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды
уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
4 слайд
Вирустар Вирус (лат. vīrus - « у» ) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
#5 слайд
Вирустардың ашылуы
•
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді.
•
1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды
сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді.
•
1890ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын зерттеді.
•
1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді.
5 слайд
Вирустардың ашылуы • Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. • 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. • 1890ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын зерттеді. • 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді.
#6 слайд
Вирустың құрылысы
Вирус ақуызды қабықшадан ( капсид ) және нуклеин қышқылдарынан (РНҚ немесе ДНҚ) тұрады.
Нуклеокапсид — нуклеин қышқылымен ақуыздан тұратын құрама, яғни белокқа оралған вирус геномы.
Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар
шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан
(капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин
қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың
мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек
электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ)
тұрады.
6 слайд
Вирустың құрылысы Вирус ақуызды қабықшадан ( капсид ) және нуклеин қышқылдарынан (РНҚ немесе ДНҚ) тұрады. Нуклеокапсид — нуклеин қышқылымен ақуыздан тұратын құрама, яғни белокқа оралған вирус геномы. Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады.
#7 слайд
Вирустардың көбеюі
Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі
торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де,
бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі.
Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады.
Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді :
1. жасушаға ену;
2. жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі;
3. вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы;
4. одан вирионның түзілуі;
5. ересек вирустың жасушадан шығуы.
7 слайд
Вирустардың көбеюі Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді : 1. жасушаға ену; 2. жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; 3. вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; 4. одан вирионның түзілуі; 5. ересек вирустың жасушадан шығуы.
#8 слайд
Вирустардың қасиеті
Кіші, әрі тірі ағзалар. Жасушалық құрылымдары жоқ.
Тек тірі жасушаға ену арқылы тіршілігін жалғастыра алады. Көбісі ауру тудырушы
болып табылады.
Құрылысы бойынша ДНҚ және РНҚ-дан тұрады. Іші липопротеинді,
сырты ақуызды қабықпен қапталған.
Тірі мен өлі арасындағы ағза.
Әрбір вирус тек арнайыланған жасушаларды бұзады.
Вирустар көбейе алады, тұқымқуалаушы аппараты бар.
Өзгеруге бейім, жасуша қабығы жоқ. Зат және энергия айналымы жоқ.
Көлем бойынша өспейді.
8 слайд
Вирустардың қасиеті Кіші, әрі тірі ағзалар. Жасушалық құрылымдары жоқ. Тек тірі жасушаға ену арқылы тіршілігін жалғастыра алады. Көбісі ауру тудырушы болып табылады. Құрылысы бойынша ДНҚ және РНҚ-дан тұрады. Іші липопротеинді, сырты ақуызды қабықпен қапталған. Тірі мен өлі арасындағы ағза. Әрбір вирус тек арнайыланған жасушаларды бұзады. Вирустар көбейе алады, тұқымқуалаушы аппараты бар. Өзгеруге бейім, жасуша қабығы жоқ. Зат және энергия айналымы жоқ. Көлем бойынша өспейді.
#9 слайд
Бактериофактар
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды.
Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа
ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден
тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының
мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы –
нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт
сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы,
топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс
микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін
бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.
9 слайд
Бактериофактар Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.
#10 слайд
Биотехнология
Биотехнология ( bios — тіршілік; thechne — өнер, шеберлік; logos — ғылым) — адамның
қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық
құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді
құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
10 слайд
Биотехнология Биотехнология ( bios — тіршілік; thechne — өнер, шеберлік; logos — ғылым) — адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
#11 слайд
Биотехнология тарихы
Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру
кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.
Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді
ажыратты.
Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері
және сыра ашытқыларын,ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке
қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
Пастер ғасырлық кезеңі (1866-1940 жж) - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды,
вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж) - тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және
басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың
микробиологиялық биотрансформациясы.
Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру.
Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік
қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және
генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және
меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
11 слайд
Биотехнология тарихы Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген. Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты. Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын,ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу. Пастер ғасырлық кезеңі (1866-1940 жж) - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж) - тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы. Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
#12 слайд
Биотехнология салалары
Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде
тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті
бар және әртүрлі салаларда:
ауыл шаруашылығында;
фармацевтикада;
тағам өнеркәсібінде;
биоэнергетикада;
қоршаған орта ремедиациясында;
биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.
12 слайд
Биотехнология салалары Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында; биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.
#13 слайд
Ауыл шаруашылық биотехнология
Ауыл шаруашылық және тұрмыстағы қалдықтар, автомобильдерден шығатын улы
заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды
тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арам шөптерге, түрлі
зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды
екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді
препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битотоксибациллин, гомелиндер, т.б.)
Биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да
биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып, онымен
қоректенетін микроорганизмдердің (азотобактер, т.б.) көмегімен бактериялық
тыңайтқыштар (нитрагин, т.б.) дайындалады. Мал шаруашылығында,
азықтық жемшөпке құнарлығын арттыру үшін ферменттер
(аминосубтилин, протосубтилин, т.б.) қосады, соның нәтижесінде жемшөп
құрамындағы күрделі қосылыстар (лигнин, целлюлоза, т.б.) жақсы ыдырайды.
13 слайд
Ауыл шаруашылық биотехнология Ауыл шаруашылық және тұрмыстағы қалдықтар, автомобильдерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арам шөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битотоксибациллин, гомелиндер, т.б.) Биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып, онымен қоректенетін микроорганизмдердің (азотобактер, т.б.) көмегімен бактериялық тыңайтқыштар (нитрагин, т.б.) дайындалады. Мал шаруашылығында, азықтық жемшөпке құнарлығын арттыру үшін ферменттер (аминосубтилин, протосубтилин, т.б.) қосады, соның нәтижесінде жемшөп құрамындағы күрделі қосылыстар (лигнин, целлюлоза, т.б.) жақсы ыдырайды.
#14 слайд
Қорытынды
Қорыта келгенде, Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар.
Сонымен микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы
саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды
зерттейді . Вирус (лат. vīrus - « у» ) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік
иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин
қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен
қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бактерияларды зақымдап, ерітіп
(лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды.
Биотехнология ( bios — тіршілік; thechne — өнер, шеберлік; logos — ғылым) —
адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында
жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде
өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану
жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
14 слайд
Қорытынды Қорыта келгенде, Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды зерттейді . Вирус (лат. vīrus - « у» ) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Биотехнология ( bios — тіршілік; thechne — өнер, шеберлік; logos — ғылым) — адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
шағым қалдыра аласыз













