Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының жағдайы мен әлеуметтік тенсіздікті суреттеу 111
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының жағдайы мен әлеуметтік тенсіздікті суреттеу 111

#1 слайд
Мұхтар Әуезов
шығармаларындағы қазақ
халқының жағдайы мен
әлеуметтік теңсіздіктің суреттелу
1 слайд
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының жағдайы мен әлеуметтік теңсіздіктің суреттелу
#2 слайд
Курстық жұмыстың мақсаты. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және
«Қорғансыздың күні» повестеріндегі тарихи және көркем шындықты
ашу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындадық:
- Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының ерекшеліктерін
сипаттадық;
- «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестерін жан-
жақтан талдап, тарихи, әлеуметтік маңызын аштық;
- Курстық жұмыстағы материалды мектепте «Әдебиет» сабағында
пайдалану мүмкіндіктерін келтірдік.
2 слайд
Курстық жұмыстың мақсаты. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестеріндегі тарихи және көркем шындықты ашу. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындадық: - Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының ерекшеліктерін сипаттадық; - «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестерін жан- жақтан талдап, тарихи, әлеуметтік маңызын аштық; - Курстық жұмыстағы материалды мектепте «Әдебиет» сабағында пайдалану мүмкіндіктерін келтірдік.
#3 слайд
Зерттеу нысанасы. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні»
повестері.
Зерттеу пәні. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні»
повестеріндегі тарихи және көркем шындық.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және
«Қорғансыздың күні» повестері талданып, тарихи және көркем шындық
сипатталған. Осы шығармалардағы тарихи, саяси оқиғалардың маңыздылығы,
кейіпкерлердің прототиптері туралы жазылған.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші
тарауда Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны, шығармашылығы келтірілген. Екінші
тарауда «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестері әдеби, тарихи, саяси
жағынан талданды. Үшінші тарауда осы повестер бойынша сабақ жоспарлары
келтірілген.
3 слайд
Зерттеу нысанасы. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестері. Зерттеу пәні. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестеріндегі тарихи және көркем шындық. Курстық жұмыстың жаңашылдығы. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестері талданып, тарихи және көркем шындық сипатталған. Осы шығармалардағы тарихи, саяси оқиғалардың маңыздылығы, кейіпкерлердің прототиптері туралы жазылған. Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны, шығармашылығы келтірілген. Екінші тарауда «Қилы заман» және «Қорғансыздың күні» повестері әдеби, тарихи, саяси жағынан талданды. Үшінші тарауда осы повестер бойынша сабақ жоспарлары келтірілген.
#4 слайд
Кіріспе бөлім
Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы М.Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние
жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық
өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан
қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса,
ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды.
М.Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар
шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін
дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, толғампаз зерттеуші. М.Әуезов
арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі
тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады.
Ол шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды
шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ
әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М.Әуезовтің ұлы
шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала
данышпаны Абай – қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үлгісі болса, қара сөздің хас шебері М.Әуезов
туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып
табылады.
4 слайд
Кіріспе бөлім Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы М.Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса, ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды. М.Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, толғампаз зерттеуші. М.Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады. Ол шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М.Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай – қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үлгісі болса, қара сөздің хас шебері М.Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы
кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара,
қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен
ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын,
заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра
шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір
үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған, жүдеу, үйде еркегі жоқ, соқыр
әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды.
Тек Ақан секілді қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-
пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары
әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын,
адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай
сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады.
Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің
моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та, дәл шебер суреттейді.
Қыздың адам айтқысыз озбырлық,көрген қорлықлыға шыдамай, боранға ұрынып,
үсіп өлгені айтылған.
8 слайд
«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған, жүдеу, үйде еркегі жоқ, соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан секілді қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет- пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та, дәл шебер суреттейді. Қыздың адам айтқысыз озбырлық,көрген қорлықлыға шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, қазақ халқының тарихының
елеулі кезеңдерін қамтитынын көреміз. Жазушының алғашқы
шығармасының бірі – «Қараш-Қараш» оқиғасы атты повесі 1927 жылы
жазылды. Мұнда Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының айқын
картинасы, таптық сананың, стихиялы түрде болса да, аздап ояна бастағаны
суреттеледі. Аталған шығармадағы басты кейіпкер Бақтығұл өмірде болған
адам. Қаламгер патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін
10 жыл абақты жұмысына кесіліп, Сахалинге жер аударылған Рысқұл
Жылқайдаровтың (Тұрар Рысқұловтың әкесі) прототипі етіп Бақтығұлды
алған. Осы шығарма жайында пікір айтқан белгілі француз жазушысы
Андре Стильдің: « … еркіндік сүйгіш, ер көңілді Бақтығұлдың жеңістері мен
қателіктерінің өзі де азаттық пен адам ұлылығын бейнелейді»–деп тамсана
да таңырқай жазуы М. Әуезовтің бұл туындысының тарихи құндылығына
дәлел боларлық баға..
11 слайд
Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, қазақ халқының тарихының елеулі кезеңдерін қамтитынын көреміз. Жазушының алғашқы шығармасының бірі – «Қараш-Қараш» оқиғасы атты повесі 1927 жылы жазылды. Мұнда Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының айқын картинасы, таптық сананың, стихиялы түрде болса да, аздап ояна бастағаны суреттеледі. Аталған шығармадағы басты кейіпкер Бақтығұл өмірде болған адам. Қаламгер патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл абақты жұмысына кесіліп, Сахалинге жер аударылған Рысқұл Жылқайдаровтың (Тұрар Рысқұловтың әкесі) прототипі етіп Бақтығұлды алған. Осы шығарма жайында пікір айтқан белгілі француз жазушысы Андре Стильдің: « … еркіндік сүйгіш, ер көңілді Бақтығұлдың жеңістері мен қателіктерінің өзі де азаттық пен адам ұлылығын бейнелейді»–деп тамсана да таңырқай жазуы М. Әуезовтің бұл туындысының тарихи құндылығына дәлел боларлық баға..
шағым қалдыра аласыз













