Материалдар / “Мұражай-тарих айнасы”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Мұражай-тарих айнасы”

Материал туралы қысқаша түсінік
. Халық пен тарих егіз төл ұғым, ұлттық тарихы жоқ халық болмайды. Бүгінде егеменді ел болған Қазақстан жаһандану дәуіріне аяқ басып, замана дәуірімен бірге ел, оның тарихы, жады қайта түлеп, танымы жаңа мазмұнға ие болуда. Еліміз өткен өміріндегі құндылықтарды түгендеп, ұлттық тарихын қайта қарап таразылау, оның сабақтары мен үлгілерін жұртшылыққа таныту мүмкіндігіне ие болып отыр. Ал осы құндылықтарымыз бен ұлттық тарихымызды жұртшылыққа танытар , болашаққа жеткізер тағылымды тәрбие орны - мұражай болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
866
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Батыс Қазақстан об

1 слайд
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ғылыми жоба Тақырыбы: “ Мұражай-тарих айнасы ” Қуаныш Ақжан Қуанышұлы «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Балалар -жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» Өлкетану әдіскері Казталов-2022 \

 МАЗМҰНЫ    КІРІСПЕ....................................................................................................

2 слайд
 МАЗМҰНЫ        КІРІСПЕ............................................................................................................     I-ТАРАУ. Қазақстандағы мұражайлардың қалыптасуы мен даму тарихы  I.1. Мұражай – халық тарихының шежіресі...............................................  II-ТАРАУ. Мұражай – тарихи, мәдени-ағарту орталығы  II.1. Мұражай – баға жетпес тарихи қазыналар қоры...............................  II.2. Мұражайдың экспозициялық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық  қызметі.........................................................................................................     ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………....…………....     ҚОСЫМШАЛАР………....………………………….………………….…   

 КІРІСПЕ   Тақырыптың өзектілігі  . Халық пен тарих егіз төл ұғым, ұлттық тарихы жоқ халық болмайды. Бүгінде егеменді е

3 слайд
 КІРІСПЕ     Тақырыптың өзектілігі  . Халық пен тарих егіз төл ұғым, ұлттық тарихы жоқ халық болмайды. Бүгінде егеменді ел болған Қазақстан жаһандану дәуіріне аяқ басып, замана дәуірімен бірге ел, оның тарихы, жады қайта түлеп, танымы жаңа мазмұнға ие болуда. Еліміз өткен өміріндегі құндылықтарды түгендеп, ұлттық тарихын қайта қарап таразылау, оның сабақтары мен үлгілерін жұртшылыққа таныту мүмкіндігіне ие болып отыр. Ал осы құндылықтарымыз бен ұлттық тарихымызды жұртшылыққа танытар , болашаққа жеткізер тағылымды тәрбие орны - мұражай болып табылады.  Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі, материалдық және рухани мәдениет, табиғат коллекциялары мен тарихи мұраларды жинақтау, сақтау, олардың экспонаттарын халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекеме, яғни өткен тирихты көзбен көріп, қолмен ұстап саралайтын бірден бір орын болып табылады. Ендеше, оның кімді болса да терең білімге, мәдениеттілікке, болашаққа сеніммен қарауға жетелейтіні айқын [1, 5].  Еліміздегі кеңестік дәуір тұсындағы мұражай ісінің даму тарихы мен қызметін зерттеу - қазіргі уақыттағы мұражайлардың көптеген мәселелері шешімін таппай жатқандығымен де маңызды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда мұражайлардың кең жүйесі қалыптасқаны даусыз. Кеңестік мәдени саясаттың қасіреті бір жағынан, еуропалық үлгідегі мұражай мекемелері ұлттық тарихты «кеңестендіруде» болса, екінші жағынан, қазақ халқының материалдық, рухани-мәдени мұраларының әр түрлі себептерден де жойылғаны, үшіншіден - ізгі дәстүрдің, отаншылдық, ұлтық сана-сезімінің жұқарғандығында.            

 Зерттелу деңгейі.  Қазақстан мәдениетінің тарихын, мәдени құрылыс мәселелерін зерттеумен қоғамдық ғылымның көптеген салала

4 слайд
 Зерттелу деңгейі.  Қазақстан мәдениетінің тарихын, мәдени құрылыс мәселелерін зерттеумен қоғамдық ғылымның көптеген салаларының өкілдері: тарихшылар, философтар, өнертанушылар т.б. айналысты.  Кеңестік Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде республикадағы мәдени құрылыс мәселесі сол кездегі партиялық-мемлекеттік саяси ағымдардың бағытына сәйкес зерттелді. Дегенмен, бұл еңбектер әлі де болса өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Өйткені, оларда көптеген құнды деректер жинақталды.  Кеңес Одағында мұражай ісі жөнінде зерттеген еңбектер көп болғанымен, оларда Қазақстан мұражайлары жайында деректер кездеспейді десе де болады.    Ғылыми жобаның мақсаты:  Мұражайлардың құрылуы мен даму тарихын, оның ғылыми-танымдық, мәдени-ағарту, оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізуде атқаратын қызметін терең де жан-жақты зерттеу, республиканың мәдени өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлін ашып көрсету.    Міндеттері:  - Қазақстандағы мұражайлардың қалыптасуы мен даму тарихына тоқталу  - Өлке тарихы мен мәдениет ордасындағы баға жетпес тарихи қазыналар мен жәдігерлерді талдап қарастыру - Мұражайдың экспозициялық, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық қызметіне тоқталу  - Мәдениеттен алатын орнын және республика мәдениетінің дамуына қосқан үлесін атап көрсету. Зерттелу әдістері:  Ғылыми танымның басты принциптері-обьективті, жүйелілікті, детерминизм мен тарихи принциптер басшылыққа алынды.Обьективтілік деректердің аясын кеңейту, зерттеу обьектісіне қатысты жаңа деректерді ғылыми айналымға түсіру, әртүрлі көзқарастарды ескеру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми жобаның құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.         

 І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ   Мұражай-халық тарихының шежіресі  Қай хал

5 слайд
 І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ     Мұражай-халық тарихының шежіресі  Қай халықтың, қай елдің болмасын мәдениет деңгейі мұражай арқылы анықталары хақ. Алғашқы «музей» термині Ежелгі Грециядан өз бастауын алады. Грек философтарының ерекше салтанатпен безендіріліп, жиын жасауға арналған сәнді ғимараттары антика дәуірінде «мусейон» немесе «музалар храмы» деп аталған. Ал, біздің қоғамымызда бүгінгі ғылымда қалыптасқан «музей» ұғымына, оның негізгі талаптарына анағұрлым жақынырақ мәдени орындар XV-XVIII ғасырларда Еуропа елдерінде ашыла бастайды. Бұл уақытта әлем тарихына, дүниетануға жаңа ғылыми әдіс қалыптасып, үлкен жаңалықтар мен өзгерістер кезеңі енгені баршамызға белгілі. Әр түрлі коллекциялар қойылған көрмелерді «кабинет» немесе камера деп атаған. Өз коллекциясын қалыптастырып, кабинет ашу адамның әлеуметтік мәртебесінің жоғарылауына да үлкен әсерін тигізген. XVI- XVIII ғасырларда сирек кездесетін бұйымдар мен бейнелеу өнерінің туындыларынан құралған коллекциялар болса, XVIII ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымының соңғы жетістіктеріне сәйкес ұйымдастырылған жануарлар, өсімдіктер, минералдар әлемі жөнінде кабинеттер көптеп ашыла бастайды. Мұндай орындар әсіресе Италия, Франция, Англия мемлекеттерінде кеңінен өркендейді. Ерекше атап өтетін жайт – бұл орындардың басым көпшілігі қалың жұртқа ашық қызмет көрсетіп отырады.  Мұражайдың қай түрі болмасын өткенді есте сақтаумен қатар кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтады. Дүние жүзіндегі өзге халықтар секілді біздің де халқымыздың өткен жолы, тарихы бар. Көнеден қалған белгі бар. Ата-бабамыз өмірден өткенімен, олардан қалған игі із бар. Сол белгілер мен мұраларға қарап, қазақ даласы толған көне ескерткіш деуге де болады.  Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан жерінде 3 мұражай ғана болған. Олардың қатарына 1859 жылы гимназия мұражай ретінде іргетасы қаланып, 1920 жылы Орал губерниялық мұражайы статусына көшірілген Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайы, 1883 жылы Семей облыстық статистика комитетінің мүшелері негізін салған Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 1898-1917 жылдар аралығында жұмыс жасаған Жетісу облыстық мұражайы жатады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20- жылдарында ел астанасы болған Орынбор мұражайына да ерекше тоқталған жөн. Бұл мәдени орын 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан «Орынбор өлкесінің мұражайы» ретінде құрылды. Мұражай қоры жаратылыстану тарихы, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері негізінде ұйымдастырылады. Қорға түскен алғашқы экспонаттардың ішінде Ішкі Бөкей ордасынан жіберілген бұйымдар ерекше орын алды.

“ Мұражай-тарих айнасы ”

6 слайд
“ Мұражай-тарих айнасы ”

6 слайд

“ Мұражай-тарих айнасы ”

 ІІ ТАРАУ. Мұражай – тарихи, мәдени-ағарту орталығы  Баға жетпес тарихи қазыналар - мұражай қорында  Адам өміріндегі алғашқы

7 слайд
 ІІ ТАРАУ. Мұражай – тарихи, мәдени-ағарту орталығы  Баға жетпес тарихи қазыналар - мұражай қорында  Адам өміріндегі алғашқы дәуір - палеолит дәуірі, тас ғасырына жатқызылады, бұл дәуір адам мен оның шаруашылығының қалыптасу дәуірі. Тас дәуіріне арналған диарамада сол кездегі ежелгі адамдардың баспанасы көрсетілген. Бәрімізге мәлім олардың алғашқы тұрағы үңгір болған. Осы дәуірде адамдар отты пайдалануды игерді, тас құралдарды пайдаланды.  Неолит дәуірі тастың пайдалы қасиеттерін игі мақсатқа жаратудың гүлденген шағы. Еңбек құралдарын жасауды мамандандыруға көптеген жетістіктер болды, табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану, өсімдік жинау, аңшылық орнына мал шаруашылығымен айналысып, егіншілк басталды. Келесі мезолит заманының ерекшелігі найза мен садақтың ойлап шығарылуы.  Қола дәуірі – металлургияны игеріп, табысқа жеткен кезең. Сібір, Орал, Қазақстан және Орта Азияда жеке тайпалар қалыптасып, орналасты. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар игерген Андронов мәдениеті пайда болды. Олардың мекен-жайы жер көпелер болды, шағын поселкілер құрады. Төбесі бөрене ағаштармен айқышталып салынған үйдің ортасында ошақ, сыртында мал қамайтын қора және егін егетін шағын алаң болған. Мұның барлығын фотосуретер мен экспозициялардан көруге болады.  Келесі экспонаттарда қоладан жасалған қару, балта, пышақ, найза, білезік, моншақ, алқа, сақина, әшекейлер көрініс берді. Сонымен қатар сүйектен де бұйымдар жасалды. Оған экспозициядағы пышақ, найзаның ұшы, біз дәлел болады. Сол кезде осы бұйымдарды жасайтын құрылғы ойлап табылған. Жылқы өсірумен айналысқан, оны Қайыңды совхозының маңынан табылған ат әбзелдерінің нұсқаларынан, күміс өмілдірік, айылбас сияқты экспонаттардан айқын көруге болады.               

 Мұражайдың экспозициялық , ғылыми - зерттеу және мәдени – ағартушылық қызметі .  Мұражай әр кезде де өз жұмысының маңыздыл

8 слайд
 Мұражайдың экспозициялық , ғылыми - зерттеу және мәдени – ағартушылық қызметі .  Мұражай әр кезде де өз жұмысының маңыздылығымен танылуда. Бұл мәдениет ошағына мектеп оқушылары мен студенттер көптеп келіп, өлке тарихымен, мәдениетімен танысып, оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс.  Мұражайда әрдайым өз қорын жаңа материалдармен, жәдігерлермен толықтыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Мұражай қызметкерлері іс- сапарға шығып, деректер жинақтайды.  Мұражайларға келіп, халқымыздың біртуар азаматтарының тағылымы мол өміріне, қайраткерлік, қоғамдық-саяси қызметіне тағзым етушілер, жастармен, қалың көпшіліккен кездесу өткізушілер саны артуда. Мұражай әр кезде де толықтыруларды қажет етеді. Бұл істе мектеп оқушылары көп көмек көрсетуде. Мектеп пен мұражай арасындағы қарым-қатынастың жарқын мысалдары көп. Мұражайда әртүрлі тақырыптарға арналған кештер өткізіліп, оларға арнайы оқу дәрістері өткізіледі

 ҚОРЫТЫНДЫ   Жер тарихы – ел тарихы егіз сөз ғана емес, егіз ұғым, егіз мағына. Осы жер тарихы мен ел тарихынан сыр шертет

9 слайд
 ҚОРЫТЫНДЫ     Жер тарихы – ел тарихы егіз сөз ғана емес, егіз ұғым, егіз мағына. Осы жер тарихы мен ел тарихынан сыр шертетін мұражай өткенді есте сақтаумен қатар кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтады. Дүние жүзіндегі өзге халықтар секілді біздің де халқымыздың өткен жолы, тарихы бар, көнеден қалған белгі бар. Сол белгілер мен мұраларды кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ете отыру парыз.  Қазақ даласы толған көне ескерткіш деуге болады. Осы ескерткіштерді қоғам өмірін зерделеуде, оның бүгіні мен болашағын айқындауда мұражай қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Мұражай қорындағы әрбір жәдігер, әрбір мүлік өз заманының тыныс-тіршілігін білдіреді.  Кеңестік кезеңде мыңдаған жылдар ағымында ғұмыр кешкен ата-баба дәстүрін жат деп қарап, рухани тапшылыққа ұшыраған кездерді бастан кештік.  Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізген тұста, төл тарихымызға шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік туды. Бұл жерде жергілікті өлкетану мұражайларының көтеретін жүгі жеңіл емес. Сондықтан мұражай жұмысының жергілікті деңгейде сауатты ұйымдастырылуы өте маңызды іс. Өйткені мұражай – көнеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, тарихымызды танытатын мәдениет ошағы.  «Бар жаңалық негізі - ескіріп қалған көнеде» - дейді халық даналығы. Ал, мұражай мен тарих етене тығыз байланысты. Біз ел боламыз, өркендейміз десек, көне мұралардан қол үзбеуіміз керек. Сондықтан алдағы мақсат Ұлы дала мәдениетін жас ұрпаққа жеткізу, ұлттық сана-сезімін, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ал, бүгінгі мұражай қорында қастерлене сақталып, халықтың дүниетанымы мен төлтума мәдениеті жөнінде сыр шертетін жәдігерлер келер ұрпақтың да сан ғасырлық кәдесіне жарап, келешекте Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін әлемдік деңгейде танытуға алғышарттар жасайтыны анық.   

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ   1. Назарбаев Н. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. //Егемен Қазақ

10 слайд
 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ     1. Назарбаев Н. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. //Егемен Қазақстан, 1998 ж. 18.03. №53  2. Жәнібеков Ө. Эхо. - Алматы: «Өнер», 1991ж.  3. Ламашев Ә. Халық тарихының шежіресі. //16 май 1981 ж.  4. Дүйсенов Ә. Өлке тарихы бүгіннен басталады. Тың аудандарда халық музейлерінің қалаптасуы. // 29 қаңтар 1982 ж.  5. Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы.- Алматы: «Рауан». 1996 ж.  6.Өмірбек Ж. Қастерлі де қаситті орда. //23.12.2005 ж.  7.Құлмұратов С. «Ғасырлар іздері».// 22.05.1975 ж  8.Бисалиева А. «Мұражайда мұралар көп».//23.12 2005ж  9.Төлепова Қ. «Көненің көзі-тарихтың өзі».// 17.05 1990ж