Материалдар / Өлең жүйесі, өлшемі, құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлең жүйесі, өлшемі, құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлең жүйесі, өлшемі, құрылысы туралы дайын слайд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2024
93
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Өлең жүйесі, өлшемі, құрылысы ТОБЫ: ОРЫНДАҒАН:. ҚАБЫЛДАҒАН: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университеті Филология

1 слайд
Өлең жүйесі, өлшемі, құрылысы ТОБЫ: ОРЫНДАҒАН:. ҚАБЫЛДАҒАН: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университеті Филология факультеті (қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы)

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы

2 слайд
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі.Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.

Өлең жүйелері Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлендер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі —

3 слайд
Өлең жүйелері Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлендер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі — метрикалық (грек-ше meiron — өлшем) өлең жүйесі. Бүл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда — біздің эрадан бұрынғы VIII ғасырда пайда болған да, кейін (б. э б. III ғасырда) латын әдөбиетіне ауысқан. Грек пен латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі (созымды, созымсыз) машық, яки мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб тіліндегі дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы әдебиеттеріндегі өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшеліктерден туған. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді: 1)Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б. 2)Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі. 3)Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді. 4)Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады.

Силлабикалық (грекше sillabe -буын)өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе - буын: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ - бәрі де буынға

4 слайд
Силлабикалық (грекше sillabe -буын)өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе - буын: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ - бәрі де буынға негізделеді. Қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Тіпті ұйқассыз өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын бірден-бір күш, құрал осы - буын. Тоғай, тоғай, тоғай су (7) Тоғай қондым, өкінбен. (7) Толғамалы ала балта қолға алып, (12) Топ бастадым, өкінбен, (7) Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі: өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ; бунақ ішінде – буын;бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең; өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ. Ахмет Байтұрсынұлы

Ғалым әлем әдебиетінде қалыптасқан өлең жүйелерінің ішінде (метрик., силлабо-тоник., тоник.) қазақ өлеңіне силлабикалық өлең ж

5 слайд
Ғалым әлем әдебиетінде қалыптасқан өлең жүйелерінің ішінде (метрик., силлабо-тоник., тоник.) қазақ өлеңіне силлабикалық өлең жүйесі тән екендігін, сондай-ақ, қазақ поэзиясының ырғақтық-екпіндік байлығын молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосқан Абай екендігін алғаш рет дәлелдеді. Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан шеберлік көрсетіп, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем – өрнектерді, айшықтарды керек жерінде жаңаша түрлендірді. Кеңестік кезеңде Қазақ өлеңдерінің құрылысын теориялық тұрғыдан зерттеулерде идеологиялық себептерге байланысты Байтұрсыновтың есімі аталмағанымен, ол жасаған атаулар пайдаланылып, әрі қарай дамытылды. Абай Құнанбайұлы

Абайға дейінгі ауыз әдебиеті, тарихи әдебиетті алсақ, қазақ өлең құрылысының үш-ақ түрі болатын: Он бір буынды; Жеті буынд

6 слайд
Абайға дейінгі ауыз әдебиеті, тарихи әдебиетті алсақ, қазақ өлең құрылысының үш-ақ түрі болатын: Он бір буынды; Жеті буынды; Аралас буынды Абайдың тағы бір жаңалығы және ең күрделісі - «аралас буынды» өлең түрлері. Бұл өлең өлшемінің Абайға дейінгі қазақ поэзиясында тек элементі ғана болатын. Негізінде, әнге салып айтылатын өлеңдерде (Мысалы, «Жар-жар», т.б.) және жыр ағымымен келетін 7-8 буынды өлеңдерінде кездесетін. Ал өз алдына әнсіз, жыр ағымынан тысқары келетін Абайдың «Сегіз аяғы», «Кейде есер көңіл құрғырың» тәрізді өлеңдер қазақ поэзиясында жоқ болатын. Бұл түрді қазақ өлең құрылысына енгізіп, «жаңа түр» дерлік дәрежеге көтерген - Абай.

тттАбайдан кейін бұл дәстүрді дамытқандар М. Жұмабаев С.Торайғыров І.ЖансүгіровС.Сейфуллин

7 слайд

Өлең құрылысы – шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні “шумақ’’ болады. Әр шумақта бірнеше “тармақ’’

8 слайд
Өлең құрылысы – шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні “шумақ’’ болады. Әр шумақта бірнеше “тармақ’’ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше “бунақ’’ болады. Бунақ дегеніміз – өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқы ­нының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде “буын’’ болады. Буын- дауыстылар саны. Ұйқас дегніміз ол әр өлеңнің ең аяғында ұйқасатың сөздер болады.Ереже бойынша, ұйқасып тұрған сөздерді а әрпімен белгілейді ал, ұйқаспай тұрған сөздерді б әріпімен белгілейді. Мысалы: О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, Саған көңіл бұлқынар күш – ағынмен. Сағынышымды қанат қып саған қарай, Балапандай талпынып ұшамын мен. – бұл өлең, бір шумақтан, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір буыннан тұрады, қара өлең ұйқасы ( а а б а )

Өлеңді, өлең ететін – ұйқас Алдыңғы слайдта біз ұйқас туралы кішкене тоқталып өттік. Енді бұл тақырыпты кеңінен қарастырайық.

9 слайд
Өлеңді, өлең ететін – ұйқас Алдыңғы слайдта біз ұйқас туралы кішкене тоқталып өттік. Енді бұл тақырыпты кеңінен қарастырайық. Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады. Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс. Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда, алдымен, оның сапасын, яғни сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Бұл жағынан келгенде ұйқасты толымды ұйқас және толымсыз ұйқас деп бөледі. Мәселен, мақтанба, баптанба – толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып – толымсыз ұйқас екені өзінен-өзі көрініп тұр. «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар: 1) қара өлең ұйқасы (ааба); 2) шұбыртпалы ұйқас (аааа); 3) ерікті ұйқас (абвгб); 4) кезекті ұйқас (абвб); 5) шалыс ұйқас (абаб); 6) егіз ұйқас (аабб); 7) аралас ұйқас (аабвбвббб); 8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».

Қара өлең ұйқасы ( а а б а ): Ақынмен деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым, ...Күпі киген қазақтың қа

10 слайд
Қара өлең ұйқасы ( а а б а ): Ақынмен деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым, ...Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын. ( М.Мақатаев ) Кезекті ұйқас ( а б в б ): Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім. ( Махамбет ) Шұбыртпалы ұйқас ( а а а а ): Бәрімізге ай ортақ, Қайырлы болса, бай ортақ, Жақсы болса, би ортақ. Көп жасаған көне ортақ ( Шернияз) Ерікті ұйқас ( а б в г б ): Бұлттан шыққан айға ұқсап, Тұр еді Назым нұрланып. Атлас көйлек үстінде, Көк арбаға сүйеніп Шыбықтай белі бұралып. ( Қамбар батыр жыры ) Шалыс ұйқас ( а б а б ): Өсекке салмаңдар, Ойымды, жарымды. Өлшеуге алмаңдар Ойым бек тарылды. ( А. Құнабайұлы ) Егіз ұйқас ( а а б б ): Өсіреді күн нұры, көктем сайын жерге гүл, Мен іздеген сағыныш, сарғалдақ боп сенде жүр. Мен бақытсыз әйелмін, жүрегі жас, өңі ескі Менің жырым, мұңым да тарихтай көмескі ( Қыз Жібек жыры) Аралас ұйқас ( а б в в в г г д в ): Кебеже қарын кең құрсақ, Артық туған Абылай Көтере көр бұл істі. Көп Қытайдың жылқысы, Тұрымтайдай құнысты, Жау жағадан алғанда Ит етектен алғанда Ер Абылай қорыққан жоқ, Әншейін еңкейіс бере жылысты. ( Тәттіқара ) Осы күнгі ерікті ұйқас ( а б а б в г д г ж д ): Далама біткен биігім. Қабіріңді жасырған ба қу жазық Мүрдеңе келіп иілдім, Өр даусыңды іздеп кеудем құлазып Сен, Елімнің жапан шөлінде Ақырай аққан сел едің. Кегін де, жұрттың шерін де Нажағайлы жырыңмен, Көк нәрсеге бөледің ( Махамбет )

Қорытынды Қорытындылай келе ,біз өлең түрлерінің көптеген қасиеттеріне тоқталдық.Абай сияқты ұлы ақындардың пайдалану әдістерін

11 слайд
Қорытынды Қорытындылай келе ,біз өлең түрлерінің көптеген қасиеттеріне тоқталдық.Абай сияқты ұлы ақындардың пайдалану әдістерінен өлең құрылысының жан-жақты жете қарастырдық.Пушкин секілді ұлы классик,ақындар құлаққа жағымды,сүйкімді естілетін дыбыстарды дұрыс қолдану,оларды белгілі мөлшерден асырмай,қайталау арқасында өлеңнің бар болмысын күшейткен. Сонымен өлең сөйлемдерінің құрылысы қара сөз сөйлемдерінің құрылысынан басқаша.Өлең сөйлемдерінің буын,бунақ,ұйқастарын алсақ,белгілі бір тәртіпке бағынатындығын аңғарамыз.Егер ол тәртіп бұзылса,сөйлем өлеңдік қасиетінен айырылады.Демек ,өлең құрылысының бір өзіне тән заңдылығы бар.А.Байтұрсынұлы қазақ өлеңінің негізгі құрылымдық өлшемдерін барлық деңгейде схема, өрнек арқылы көрсетіп берді. «Әдебиет танытқышта» негізі қаланған қазақ өлеңінің құрылысы осылай Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, З.Қабдолов, З.Ахметов еңбектерінде ғылыми жалғасын тауып, тереңдей зерттелінді.

Пайдаланған әдебиеттер 1.Қабдолов З. Сөз өнері: Оқу құралы / Алматы: 1992. – 340б 2.Умарова Г. Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулы

12 слайд
Пайдаланған әдебиеттер 1.Қабдолов З. Сөз өнері: Оқу құралы / Алматы: 1992. – 340б 2.Умарова Г. Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық / Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2007. -244б 3.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы: Оқу құрал / Алматы: «Әдебиеттер әлемі» 2013. -412б 4.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 16-21 бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014 5. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318б