Оқушыларға арналған тренингтер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Оқушыларға
арналған тренингтер
1 слайд
Оқушыларға арналған тренингтер
2 слайд
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір
түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі.Оқушылар тәрбиесінде тренингтің көмегі зор.
Тренинг - әмбебап әдіс болып саналады. Өйткені оны мектеп оқушыларымен де, жасөспірімдердің арасында да, ата
– аналармен, мұғалімдермен жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Психологиялық, әлеуметтік, мәдени тренингтер белгілі ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзетуге, өзін - өзі
шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкін болатын қажетті
жағдайды туғызуға көмектеседі.Тренингті өзіне тән ерекшеліктеріне, мақсатына, шартына қарай таңдап алу қажет.
Тренинг оқушылардың қызығушылықтарын арттыра алатындай, өз ойларын ортаға еркін сала алатындай жағдайда
өткізілуі тиіс. Ендеше, әртүрлі жағдайда өткізілетін тренингтер түрлерін ұсынып отырмын. Тренинг барысында
қаралып шешілетін міндеттер:
Тиімді қарым-қатынасқа машықтану (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды
білдіру);
Эмпатиясын дамыту;
Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;
Тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;
Айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;
Тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;
Тренингке қатысушылардың мәдениетін қалыптастыру;
Байланыс жасау іскерлігін меңгеру;
Өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру; Тренинг
2 слайд
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі.Оқушылар тәрбиесінде тренингтің көмегі зор. Тренинг - әмбебап әдіс болып саналады. Өйткені оны мектеп оқушыларымен де, жасөспірімдердің арасында да, ата – аналармен, мұғалімдермен жұмыс жасағанда да қолдануға болады. Психологиялық, әлеуметтік, мәдени тренингтер белгілі ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзетуге, өзін - өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі.Тренингті өзіне тән ерекшеліктеріне, мақсатына, шартына қарай таңдап алу қажет. Тренинг оқушылардың қызығушылықтарын арттыра алатындай, өз ойларын ортаға еркін сала алатындай жағдайда өткізілуі тиіс. Ендеше, әртүрлі жағдайда өткізілетін тренингтер түрлерін ұсынып отырмын. Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер: Тиімді қарым-қатынасқа машықтану (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру); Эмпатиясын дамыту; Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу; Тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту; Айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту; Тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру; Тренингке қатысушылардың мәдениетін қалыптастыру; Байланыс жасау іскерлігін меңгеру; Өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру; Тренинг
3 слайд
Мақсаты: Қатысушылардың әртістік шеберліктерін шыңдау, басқалармен қарым–
қатынас жасай білу қабілеттерін арттыру. Жетекші ойынның мәнін түсіндіреді. Қазір
арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шыға тұрады. Біз шақырмайынша кірмейді.
Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатысатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға
әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам – біздің құрметті қонағымыз.
Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға
белгілі үлесін қосқан тұлға. Шетелдік адам алдын ала өзін кез-келген ұлтқа тиістілігін
анықтап алып, қай ұлттың өкілі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты
алып жүруші. Әрі біздің қонағымыздың тілмашы, осы ортаға ертіп келеді.Әрі қарай әр
адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әнгімелесіп,қалай да оның ішін
пыстырмаудың амалын ойлау керек. Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай,
шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп, қысылатын
болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылар бағалары бойынша орта арифметикалық
бағаны қатысушының әр қайсысына шығарады».
Талқылау:
Қарым-қатыныста қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін ойнайсыз ба?
Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз?«Құрметті
қонақ» тренингі.
3 слайд
Мақсаты: Қатысушылардың әртістік шеберліктерін шыңдау, басқалармен қарым– қатынас жасай білу қабілеттерін арттыру. Жетекші ойынның мәнін түсіндіреді. Қазір арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шыға тұрады. Біз шақырмайынша кірмейді. Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатысатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам – біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға белгілі үлесін қосқан тұлға. Шетелдік адам алдын ала өзін кез-келген ұлтқа тиістілігін анықтап алып, қай ұлттың өкілі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты алып жүруші. Әрі біздің қонағымыздың тілмашы, осы ортаға ертіп келеді.Әрі қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әнгімелесіп,қалай да оның ішін пыстырмаудың амалын ойлау керек. Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай, шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп, қысылатын болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылар бағалары бойынша орта арифметикалық бағаны қатысушының әр қайсысына шығарады». Талқылау: Қарым-қатыныста қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін ойнайсыз ба? Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз?«Құрметті қонақ» тренингі.
4 слайд
Мақсаты: Мақал - мәтелдердің, өсиет сөздердің мағынасын түсіне білуге, өз ойларын ортада еркін
жеткізе білуге жағдай жасау. Топ мүшелері орындарынын тұрады. Орындықтарды екі жақтағы
қабырғаға тізбектен орналастыру қажет. Жетекші қатысушыларға тапсырманы түсіндіреді. Сіздер
ұрпақтан-ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет
сөздермен, мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Қазір олардың кейбіреуін оқып беремін. Егер
оның мазмұнымен келіссеңіз, оң жақта орналасқан орындыққа отырасыз. Ал келіспесеңіз – сол
шеттегі орындықтарға отырасыз. Ортада қалмауы керек. Сіз жауаптың тек біреуін (келісемін немесе
келіспеймін) таңдауыңыз қажет.
1. Жер тағдыры – ел тағдыры.
2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болса да кінәлі.
3. Бір дінге сенген халықтардың бір-бірін түсінуі оңай.
4. Жаңбырсыз – жер жетім,
Басшысыз – ел жетім.
5. Бірлік бар жерде – тірлік бар.
6. Адамның ұлтынан әрқашан оның халқын көруге болады.
7. Есің бар да еліңді тап.
8. Адам өзін қандай да бір халықтың бөлігі ретінде сезіну қажет.
Қатысушылар екі топқа бөлініп, талқылау жүргізіледі. Жүргізуші топтың біреуіне мақал-мәтелдің,
өсиет сөздердің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына,
өз ойын жеткізуін қалыптастыруына мүмкіндік береді. «Таңдау» тренингі.
4 слайд
Мақсаты: Мақал - мәтелдердің, өсиет сөздердің мағынасын түсіне білуге, өз ойларын ортада еркін жеткізе білуге жағдай жасау. Топ мүшелері орындарынын тұрады. Орындықтарды екі жақтағы қабырғаға тізбектен орналастыру қажет. Жетекші қатысушыларға тапсырманы түсіндіреді. Сіздер ұрпақтан-ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет сөздермен, мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Қазір олардың кейбіреуін оқып беремін. Егер оның мазмұнымен келіссеңіз, оң жақта орналасқан орындыққа отырасыз. Ал келіспесеңіз – сол шеттегі орындықтарға отырасыз. Ортада қалмауы керек. Сіз жауаптың тек біреуін (келісемін немесе келіспеймін) таңдауыңыз қажет. 1. Жер тағдыры – ел тағдыры. 2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болса да кінәлі. 3. Бір дінге сенген халықтардың бір-бірін түсінуі оңай. 4. Жаңбырсыз – жер жетім, Басшысыз – ел жетім. 5. Бірлік бар жерде – тірлік бар. 6. Адамның ұлтынан әрқашан оның халқын көруге болады. 7. Есің бар да еліңді тап. 8. Адам өзін қандай да бір халықтың бөлігі ретінде сезіну қажет. Қатысушылар екі топқа бөлініп, талқылау жүргізіледі. Жүргізуші топтың біреуіне мақал-мәтелдің, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына, өз ойын жеткізуін қалыптастыруына мүмкіндік береді. «Таңдау» тренингі.
5 слайд
Мақсаты: Қатысушылардың сезгіштік қабілеттерін арттыру.
Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы
қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не
салғанын шешуі қажет.
Талқылау:
Денеге қолдың тигені ұнайды ма?
Жағымсыз қандай сезім болды?
Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың
тиген кезеңі ме?)
Қарым-қатынаста қалай кедергі жасайды? «Суретші» тренингі.
5 слайд
Мақсаты: Қатысушылардың сезгіштік қабілеттерін арттыру. Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не салғанын шешуі қажет. Талқылау: Денеге қолдың тигені ұнайды ма? Жағымсыз қандай сезім болды? Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың тиген кезеңі ме?) Қарым-қатынаста қалай кедергі жасайды? «Суретші» тренингі.
6 слайд
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ
болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.Жетекшінің берген белгісі
бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы
бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-
біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек
жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3
минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім –
оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –
қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін,
қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу
қабілетінің дамуына көмектеседі. « Карусель » жаттығуы.
6 слайд
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады. Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір- біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы – қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі. « Карусель » жаттығуы.
7 слайд
Мақсаты: оқушылардың тіл байлығын дамытумен қатар
бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын жақсартып, еркін
сөйлеуге дамыту.
Барысы: Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман
қасиеттерін тіке, сеніммен айту қажет. Алайда сіздер
«бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай
айтулары керек. Көрермендер қатысушыларға өз пікірін
айтуға құқы жоқ.Оқушы бойындағы аталған жақсы
қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына
түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. «Тірек нүктесі»
ойыны.
7 слайд
Мақсаты: оқушылардың тіл байлығын дамытумен қатар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын жақсартып, еркін сөйлеуге дамыту. Барысы: Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін тіке, сеніммен айту қажет. Алайда сіздер «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтулары керек. Көрермендер қатысушыларға өз пікірін айтуға құқы жоқ.Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. «Тірек нүктесі» ойыны.
8 слайд
Нұсқау: «Қалампыр» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді
пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты – 3
минут). Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды.
Тапсырма бөлек парақпен беріледі. Және оқушы оған өз
сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9
және одан көп сөз. Орташа деңгей – 7 – 8 сөз. Төменгі
деңгей – 6 және одан аз сөз . «Әріптер әлемі»
жаттығуы.
8 слайд
Нұсқау: «Қалампыр» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты – 3 минут). Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі. Және оқушы оған өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей – 7 – 8 сөз. Төменгі деңгей – 6 және одан аз сөз . «Әріптер әлемі» жаттығуы.
9 слайд
Мақсаты: ойлау қабілетін, ұқсастықтарға жіктей білу қабілетін
дамыту.
Нұсқау: кез – келген 3 сөз беріледі, мысалы: «ит», «қызан»,
«күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады
да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған 2 сөздің өзара
ұқсастықтарын, алынып тасталған сөзден айырмашылығын
неғұрлым көбірек атау керек. Мысалы: «ит» сөзі артық,
«қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек,
қызғылт, сүтқоректі емес, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс,
нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән), т.б. «Артық сөзді тап»
жаттығуы.
9 слайд
Мақсаты: ойлау қабілетін, ұқсастықтарға жіктей білу қабілетін дамыту. Нұсқау: кез – келген 3 сөз беріледі, мысалы: «ит», «қызан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған 2 сөздің өзара ұқсастықтарын, алынып тасталған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мысалы: «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, сүтқоректі емес, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс, нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән), т.б. «Артық сөзді тап» жаттығуы.
10 слайд
Ол үшін бір дөңгелектенген жіп орамасы қажет.Барлық қатысушылар
шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші: «қазір әрқайсысыңыз өз
есімдеріңізді атап және өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат беруге
мүмкіндіктеріңіз бар. Мысалы,саған немен айналысқан
ұнайды,сүйікті тағамың немесе ойының қандай?» Өздеріңіз жайлы не
айтқыларыңыз келеді? Соны ойланыңыздар.Жүргізуші жаттығуды
бастап,атын атап және өзі жайлы шамалы айтады да жіптің бос ұшын
ұстап қалып, жіптің орамын қарама –қарсы тұрған қатысушыға
лақтырады.Барлығы айтып болғаннан кейін жіп орамы кері «Мен
мынадан құтылғым келеді...» деп жиналады.Барлығы бір-біріне қол
шапалақтайды.Берілген жаттығудан кейін қатысушылар автобусқа
қарай бет алады. Кірерде әрқайсысы ерекшелік белгісіне ие болады. «Өрмекші торы»
жаттығуы.
10 слайд
Ол үшін бір дөңгелектенген жіп орамасы қажет.Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші: «қазір әрқайсысыңыз өз есімдеріңізді атап және өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Мысалы,саған немен айналысқан ұнайды,сүйікті тағамың немесе ойының қандай?» Өздеріңіз жайлы не айтқыларыңыз келеді? Соны ойланыңыздар.Жүргізуші жаттығуды бастап,атын атап және өзі жайлы шамалы айтады да жіптің бос ұшын ұстап қалып, жіптің орамын қарама –қарсы тұрған қатысушыға лақтырады.Барлығы айтып болғаннан кейін жіп орамы кері «Мен мынадан құтылғым келеді...» деп жиналады.Барлығы бір-біріне қол шапалақтайды.Берілген жаттығудан кейін қатысушылар автобусқа қарай бет алады. Кірерде әрқайсысы ерекшелік белгісіне ие болады. «Өрмекші торы» жаттығуы.