Материалдар / Оқыту үдерісінің маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту үдерісінің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық білім беру саласына арналған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
3521
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Оқыту үдерісінің маңызы

1 слайд
Оқыту үдерісінің маңызы

1 слайд

Оқыту үдерісінің маңызы

Қарастырылатын м әселелер : 1. Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі ұғымдары. 2.Оқыту үдерісіні

2 слайд
Қарастырылатын м әселелер : 1. Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі ұғымдары. 2.Оқыту үдерісінің мәні. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері 3.Оқытудың әдіснамалық негізі. 4.Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары 5.Оқытудың психологиялық негізі

Дидактиканың негізгі ұғымдары  Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту мен білім б

3 слайд
Дидактиканың негізгі ұғымдары  Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын басты мәселелері: оқытудың заңдылықтары мен үдерістері, оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары.

 Жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері – барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері

4 слайд
 Жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері – барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды.

Дидактиканың негізгі міндеті: Біріншіден , оқыту үдерісін түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсет

5 слайд
Дидактиканың негізгі міндеті: Біріншіден , оқыту үдерісін түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету; Екіншіден , оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал- тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу. Тұтас педагогикалық үдеріс құрайтын екі үдерістің бірі - оқыту .  Ол объективті шындықтың күрделі үдерісі, сондықтан оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын.  «Оқыту - оқытушы мен оқушының мақсатты түрде бағытталған өзара қимылы» (Педагогикалық энциклопедия).

И.Ф. Харламов: «Оқыту – оқушыға ғылыми білімдермен іскерліктерді игертуге, творчестволық қабілетін, дүниетанымын, ад

6 слайд
И.Ф. Харламов: «Оқыту – оқушыға ғылыми білімдермен іскерліктерді игертуге, творчестволық қабілетін, дүниетанымын, адамгершілігін, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталатын, олардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыратын арнайы педагогикалық үдеріс» деп анықтайды. Ю.К. Бабанский «оқу үдерісі мақсаты бағытталған оқытушы мен оқушының өзара қимылы және соның барысында білім беру міндеттері шешілді» деп есептейді. Оқыту екі жақты үдеріс: сабақ беру (оқытушы іс-әрекеті), оқу (оқушы іс-әрекеті). Оқыту әрқашан қарым-қатынас арқылы жүреді. Сөз бір мезгілде оқып жатқан құбылысты тану және жеткізу, коммуникация (байланыс) және оқушының таным іс-әркетін ұйымдастыру құралы. Кез-келген оқыту қарым-қатынас екендігін ескере отырып, И. Пидкасистый оқытуды қарым-қатынас деп есептейді, Өйткені соның барысында басқарылатын тану жүреді, қоғамдық тарихи тәжірибе игеріледі, нақты іс-әрекет түрі менгеріледі.

Сонымен қазіргі түсінік бойынша оқытудың келесі белгілерін айтып өтуге болады: 1) екі жақтылығы; 2) оқушы мен мұғалі

7 слайд
Сонымен қазіргі түсінік бойынша оқытудың келесі белгілерін айтып өтуге болады: 1) екі жақтылығы; 2) оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті; 3) мұғалімнің басқаруы; 4) арнайы ұйымдастырылуы; 5) бірлігі және тұтастығы. Оқыту үдерісінде бірнеше функциялар іске асырылады: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық. Білімділік функциясын іске асырудың негізгі мәні оқушыларды ғылыми білімдер, іскерліктер, дағдылар жүйесі және оларды практикада қолдану болып табылады. Ғылыми білімдер фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды, теорияларды қамтиды. Бұл функцияны толық іске асыру білімнің толықтығын, жүйелілігін және саналылығын, олардың беріктігін қамтамасыз етеді. Білімділік функциясының соңғы нәтижесі төмендегі жағдайларда көрінеді: - білімді саналы түрде қолдануда; - бұрын игерілген білімдерді жаңа білімдерді меңгеру үшін қолдануда; - арнайы іскерліктер (пән бойынша) мен жалпы оқу іскерліктері.

Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері Оқыту үдерісі - тұтас жүйе. Оқыту үдерісінің тұтастығының принципі оның б

8 слайд
Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері Оқыту үдерісі - тұтас жүйе. Оқыту үдерісінің тұтастығының принципі оның бірлігін көрсетеді. Жүйе - тұрақты бірлік пен тұтастықты құрайтын бір-бірімен байланысты элеметтерінің көптігі. Оқыту үдерісінің жүйе құраушы түсініктері: оқыту мақсаты, мұғалім іс-әрекеттері, оқушы іс-әрекеттері және нәтиже, айнымалы басқару құралдары. И.Ф. Харламов оқыту үдерісінің келесі компоненттерін атап көрсетеді: мақсаттық, мотивтік, мазмұндық, іс-әрекеттік, операционалдық, эмоционалды жігерлік, бақылаушы-реттеуші және бақылаушы-нәтижелік компоненттер. Дидактикалық әдебиеттерде «звено», «фаза», «кезең» терминдері қолданылады.

Педагогикалық әдебиеттерде келесі оқыту кезеңдері аталып көрсетіледі. (Кезең - оқыту процестерінің белгілі бір актілерін

9 слайд
Педагогикалық әдебиеттерде келесі оқыту кезеңдері аталып көрсетіледі. (Кезең - оқыту процестерінің белгілі бір актілерінің жиынтығы, оқудың микронәтижесі .) 1. Бастапқы кезең мазмұны оқу материалдарының жалпы схемасын және оларды қолдану әдістерін меңгеру. Оқытудың бастапқы циклінде оқу материалының практиканың маңыздылығын және негізгі идеясын сезіну және түсіну, оқу материалдарын қайта айтып беру және оларды практикада қолдану жолдарын меңгеру міндеттері шешіледі. 2. Екінші кезеңнің мақсаты - игерген білімдерді нақтылау, оларды қолдану әдістерін толық меңгеру. 3. Үшінші кезеңнің мақсаты - игерілген білімдерді жүйелі қорыту, білімдерді күнделікті өмірде мұғалімнің көмегімен және өзіндік қолдану. 4. Қорытынды кезеңде – алдыңғы циклдердің нәтижелері тексеріледі, білімдегі кемшіліктер анықталады, оқу пәнін меңгерудегі алда тұрған жұмыстар белгіленеді.

 Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе д

10 слайд
 Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Принцип -латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді.

 Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер:  Оқытудың ғылымилық принципі; 

11 слайд
 Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер:  Оқытудың ғылымилық принципі;  Жүйелілік және бірізділік принципі;  Саналылық пен белсенділік принципі;  Көрнекілік принципі;  Оқытудағы білімнің беріктігі принципі.  Түсініктілік принципі;  Оқытудың мақсаттылық принципі;  Ізгілендіру принципі;  Проблемалық принцип;  Интеграциялау принципі;  Теория мен практиканы байланыстыру принципі;  Оқудың өмірмен ұштастық принципі;  Ынталандыру принципі;  Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі;  Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.

 Қазақ әдебиеті тарихында « жыраулық поэзия » деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-т

12 слайд
 Қазақ әдебиеті тарихында « жыраулық поэзия » деп аталатын  Асан Қайғыдан   Бұқар жырау  шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама  Абай Құнанбайұлы  болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол.

 Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу- ағарту ісін дамытуға кәсіби теори

13 слайд
 Отандық  педагогика  ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу- ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым –  Ы.Алтынсарин . Оның мақалалары мен хаттарында, « Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы », « Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық », т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады.  XX ғасырдың  басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері  А.Байтұрсынұлы ,  Ж.Аймауытов ,  М.Дулатов ,  М.Жұмабаев , т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды.

 Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік « Баян

14 слайд
 Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік « Баяншы » кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту  теориясымен  айналысқан  педагог  ғалымдар ( Қ. Жұбанов , Т.Тәжібаев,  Р.Г.Лемберг , Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.

 Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылы

15 слайд
 Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру  теориясы  болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған. [1][2][3

Назарларыңызға рахмет !

16 слайд
Назарларыңызға рахмет !

16 слайд

Назарларыңызға рахмет !