Материалдар / Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары туралы толыққанды ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2024
591
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Дәріс тақырыбы : Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары Дәріс жоспары : 1. Өсу мен даму туралы түсінік 2. Онтогенез сатылары

1 слайд
Дәріс тақырыбы : Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары Дәріс жоспары : 1. Өсу мен даму туралы түсінік 2. Онтогенез сатылары 3 .Өсу заңдылықтары туралы түсінік 4. Өсу типтері 5. Өсу корреляциялар 6. Регенерация 7. Полярлық үдерісі 8. Тыныштық кезең және фотопериодизм 9. Өсімдіктердің қозғалыстары

1. Өсу мен даму туралы түсінік Өсу – организм құрылысында элементтердің жаңадан пайда болуымен байланысты дене көл

2 слайд
1. Өсу мен даму туралы түсінік Өсу – организм құрылысында элементтердің жаңадан пайда болуымен байланысты дене көлемі мен салмағының қайтымсыз ұлғаюы. Өсімдіктердің өсуі клеткалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі арқылы жүзеге асады. Клеткалардың өсуін үш сатыға бөледі: бөліну, созылу және дифференциялану. Клетканың дифференциялануы (мамандануы) – бөлінуге қабілетті меристемалық клетканың дифференцияланған (маманданған) клеткаға айналуы. Бұл ретте оның құрылысы мен қызметі өзгереді. Қызметтік және құрылыстық айырмашылықтардың пайда болуы клетка деңгейінде ғана емес, ұлпа мен организм деңгейінде де жүреді, осы орайда дифференциация термині көбірек қолданылады. Форманың пайда болу үдерісі – морфогенез маманданған ұлпалардың (гистогенез), мүшелердің (органогенез) қалыптасып, өсуі мен дамуына байланысты. Даму – өсімдіктің және онтогенез барысында пайда болатын мүшелер, ұлпалар және клеткалардың құрылысы мен қызметіндегі сапалық өзгерістер. Жас мөлшерлік өзгерістер - өсімдіктің жасына байланысты оның құрылысы мен қызметінде туындайтын өзгерістер, нәтижесінде белгілі жасқа тән ерекшеліктер пайда болады.

Өсімдіктің онтогенезі (тіршілік циклі) – зигота пайда болуынан организмнің өліміне дейінгі аралық. Өсімдіктің өз

3 слайд
Өсімдіктің онтогенезі (тіршілік циклі) – зигота пайда болуынан организмнің өліміне дейінгі аралық. Өсімдіктің өз тіршілік циклін өтуі оның геномына және генотиптегі қасиеттер мен қабілеттердің анықталуына әсер ететін сыртқы жағдайларға байланысты. Сонымен, организмнің формасы мен тіршілік әрекетін екі негіз – зиготадағы гендік бағдарлама және организмге әсер ететін сыртқы жағдайлар анықтайды. Өсімдік онтогенезінің эмбриондық, ювенильдік, репродуктивтік, сенилдік сатыларын бөледі. Онтогенездің эмбриондық сатысы зигота пайда болуынан басталып, тұқы м ішіндегі ұрықт ың пісіп жетілуіне дейін созылады. Ювенильдік (жастық шағы) сатысы тұқымның өнуінен басталады және вегетативтік мүшелердің өсуімен сипатталады. Репродуктивтік сатысында көбею мүшелердің өсуі, гүлдеу, тұқымдар мен жемістердің қалыптасуы жүреді. Сенилдік (қартаю мен өлім) сатысы жемістенудің толық аяқталғанынан организмнің табиғи өліміне дейін созылады

4 слайд

4 слайд

Өсімдік клеткасы онтогенезінің әр фазасында ( эмбриондық, созылу және дифференциялануда ) метаболизм белсенділігі әр

5 слайд
Өсімдік клеткасы онтогенезінің әр фазасында ( эмбриондық, созылу және дифференциялануда ) метаболизм белсенділігі әр түрлі және клетка құрылысының ерекшеліктері байқалады. Меристемалық клетканың ( эмбриондық фаза ) метаболизмінде негізгі рөлді ядро атқарады. Тыныс алудың анаэробты жолы басым. Клетка өсуінің созылу фазасында су сіңіріліп, вакуоль көлемі ұлғаяды, клетка қабықшасы жұмсарып, нәтижесінде клетканың созылуы арқасында өсуі жүреді. Бұл үдерістерге Гольджи аппараты мен эндоплазмалық тор белсенді қатысады. Дәл осы уақытта клеткада ақуыздар, көмірсулар, ДНҚ мен РНҚ-ң мөлшері айтарлықтай көбейеді. Бұның барлығы цитоплазманың жоғары белсенділігіне байланысты. Дифференциялану барысында клеткалардың алуан түрлілігі қалыптасады. Түрлі клеткаларда олардың ерекшеліктеріне байланысты түрлі үдерістер басым болады.

Меристемалық клеткадан қай типтегі клетка пайда болатындығы не нәрсеге байланысты? Барлық клеткалар тотипотенттілік

6 слайд
Меристемалық клеткадан қай типтегі клетка пайда болатындығы не нәрсеге байланысты? Барлық клеткалар тотипотенттілік қасиетіне ие, яғни организмнің кез келген клеткасында осы организмге тән гендік ақпараттың толық жиынтығы бар. In vitro жағдайында өсірген кезде әр клеткадан, тіпті дифференцияланған клеткадан да түрлі типтегі жаңа клеткалар пайда бола алады . Дифференциялану клетка геномдары арасындағы сапалық айырмашылықтарына емес, әр клетканың даму циклінде оның гендік ақпаратының бір бөлігінің ғана жүзеге асуына байланысты, яғни гендердің бір бөлігі ғана белсенді болады, оны гендердің дифференциалдық белсенділігі деп атайды. Клетканың даму типі гендердің қай тобы белсенді, ал қайсысы белсенді еместігіне байланысты. Өсу мен даму үдерістерін детерминдейтін (бағытын анықтайтын) гендер даму бағытын ауыстырғыш гендер деп аталады. Сонымен, түрлі онтогенез кезеңдерде осы генотиптегі тұқымқуалаушылық ақпараттың жалпы қорының тек белгілі бір бөлігі ғана жүзеге асады.

Секвойя 5000 жыл Тау-сагыз 100 Емен 1500 Қылтықсыз арпабас 10-30 Шыр

7 слайд
Секвойя 5000 жыл Тау-сагыз 100 Емен 1500 Қылтықсыз арпабас 10-30 Шырша 1200 Беде 2-5 Жөке ағашы 1000 Екіжылдықтар (қырыққабат және т.б.) 2 жыл Қарағай 500 Біржылдықтар (көптеген шөптер) 1 жыл Жүзім 80-100 Эфемер лер 2-4 аптаТүрлі таксономиялық топтар мен тіршілік формаларға жататын өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы кең ауқымда өзгереді: Бұл әр өсімдік түрінің тіршілік уақытының гендерге байланыстылығын, яғни генмен анықталатындығын айқындайды.

Монокарпиялық өсімдіктер – тіршілігінде бір рет қана гүлдеп, ұрпақ беретін өсімдіктер. Поликарпиялық өсімдіктер – өз тірш

8 слайд
Монокарпиялық өсімдіктер – тіршілігінде бір рет қана гүлдеп, ұрпақ беретін өсімдіктер. Поликарпиялық өсімдіктер – өз тіршілігінде бірнеше рет гүлдеп, жеміс беретін өсімдіктер. Көпжылдық өсімдіктердің көпшілігі осы топқа жатады. Морфогенез – организмнің жеке даму жолы – онтогенезі барысында біртіндеп, сатылай мүше түзгіш қабілеті. Қалемше – өсімдік сабағынан немесе тамырынан алынатын бөлшек. Өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейту үшін қажет. Қалемшелеу – вегетативтік жолмен көбейту үшін өсімдік сабағын жеке бөліктерге бөліп, тамырландыру арқылы өсіру. Қосүйлі өсімдіктер – аталығы бір өсімдікте, аналығы басқа өсімдікте болатын өсімдік түрлері.

Ұрықтардың дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Қосжарнақтылардың көпшілігінде проэмбрио, глобулярлық, жүректәріздес, торпедо

9 слайд
Ұрықтардың дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Қосжарнақтылардың көпшілігінде проэмбрио, глобулярлық, жүректәріздес, торпедотәріздес және жетілу сатыларын бөледі.

Астықтардың жетілген дәнектеріндегі ұрықтың эндосперм ұлпаларымен тікелей байланысы жоқ. Органикалық заттарды дайында

10 слайд
Астықтардың жетілген дәнектеріндегі ұрықтың эндосперм ұлпаларымен тікелей байланысы жоқ. Органикалық заттарды дайындап, сіңіру қызметін түрі өзгерген тұқым жарнағы – қалқанша атқарады. Қалқаншаның қызметі жануарлар асқазанының қызметіне ұқсайды. Қалқанша клеткаларында Н + - сорап жұмыс істейді және қалқанша эндоспермге органикалық қышқылдарды (лимон қ-лы т.б.) бөледі. Нәтижесінде эндосперм клеткалары қышқылданып, олардағы қышқыл гидролазалар, ең алдымен амилазалар активтенеді, крахмал мальтоза мен глюкозаға дейін ыдырайды. Қалқанша клеткалары қышқылдарды бөліп қана қоймай, қышқыл гидролазаларды: α - и β -амилазалар, целлюлаза, протеаза, түрлі глюканазалар, фосфатаза, РНКаза т.б. бөледі. Өнудің 3-4 тәулігінде ас қорыту қызметіне эндоспермдегі тірі клеткалар қабаты – алейрон қабаты кіріседі. Алейрон клеткалары да эндоспермге органикалық қышқылдар мен қышқыл гидролазаларды бөледі. Нәтижесінде эндоспермдегі қор заттары ыдырайды. Қалқанша сіңіруші мүше де болып табылады.

Оның клеткаларындағы плазмалемма арқылы қанттар, аминқышқылдар, бейорганикалық катиондар мен аниондар эндоспермнен қалқанша

11 слайд
Оның клеткаларындағы плазмалемма арқылы қанттар, аминқышқылдар, бейорганикалық катиондар мен аниондар эндоспермнен қалқанша клеткаларына тасымалданады. Кейін олар өткізгіш шоқтарға жетіп, олардың бойымен өсіп келе жатқан ұрыққа дейін келеді. Бұл құбылыс протонқозғаушы күшті туғызатын мембраналық Н + - сорап жұмысымен байланысты. Органикалық заттрадың тасымалдануы Н + - иондарының симпортымен бірге жүреді. Жүгері дәнегінде клеткадан тыс қышқылды ас қорыту сызбасы

Өсімдіктердің көбею физиологиясы Гүлді өсімдіктердің жыныстық көбеюі гүлденудің индукциясынын басталады. Индукция өсімді

12 слайд
Өсімдіктердің көбею физиологиясы Гүлді өсімдіктердің жыныстық көбеюі гүлденудің индукциясынын басталады. Индукция өсімдіктің жас мөлшеріне, яровизациялау және фотопериодқа байланысты. Фотопериодтық әсерге қарай өсімдіктер бейтарап, ұзақ күндік, қысқа күндік, ұзақ-қысқа күндік және т.б. бөлінеді. Фотопериодтық әсер жапырақтармен қабылданып, фитохромның қатысуымен жүреді. Жапырақтарда гүлдеу гормоны – флориген пайда болады деп болжайды. Оның құрамына гиббереллин мен антезин кіреді. Ұзақ күндік өсімдіктерде антезин мөлшері жеткілікті, бірақ ұзақ күнде түзілетін гиббереллин жетіспейді. Қысқа күндік өсімдіктерде, керісінше, гиббереллин жеткілікті, оларға қысқа күнде түзілетін антезин қажет. Флориген вегетативтік апекстерге келіп түсіп, олардың флоральдық (гүлді) апекстерге айналуын қоздырады (эвокация кезеңі). Қос жарнақты өсімдіктердің жынысы генотипке және түрлі гормондардың мөлшерлік ара қатынасына байланысты. Жыныстық көбеюдің кейінгі сатыларында гүлдің дамуы, тозаңдану мен ұрықтануы, тұқымдар мен жемістердің қалыптасуы жүреді. Өсімдіктердің вегетативтік көбею тәсілдері кең таралған. Кейбір жағдайда вегетативтік көбеюге көшу үшін қолайлы фотопериодтық жағдай қажет. Бұл ретте өсімдіктердің индукциялық гормондық балансы пайда болады.

Өсімдіктердің қартаю типтері. А — өсімдік толық өліп қалады , Б — тек жерүсті бөлігі өледі, В — жапырақтар бір

13 слайд
Өсімдіктердің қартаю типтері. А — өсімдік толық өліп қалады , Б — тек жерүсті бөлігі өледі, В — жапырақтар бір мезгілде қартайып, түсіп қалады , Г — жапырақтар біртіндеп қартаяды

Барлық тірі организмдерге тән өсу заңдылықтары бар: 1) Өсудің S-тәріздес үлкен қисығы келесі фазалардан тұрады: а) жасырын өс

14 слайд
Барлық тірі организмдерге тән өсу заңдылықтары бар: 1) Өсудің S-тәріздес үлкен қисығы келесі фазалардан тұрады: а) жасырын өсу фазасы (лаг-фаза), бұл кезде өсуге дайындық жүреді; б) өсудің экспоненциалдық (жеделдеу) фазасы – өсу жылдамдығы кез келген көрсеткіш бойынша ұлғаяды; в) линиялық (сызықтық) фаза – логарифмдік тұрғыдан осы фаза ішінде уақытқа тікелей тәуелді; өте қысқа; г) өсудің тежелу фазасы; д) стационарлық фаза, бұл кезде ұлпа, мүше немесе өсімдіктің көлемі тұрақтайды, көзге көрінетін өсу – минимальды; е) организмнің қартаю мен өлу фазасы. 2) Ырғақтылық – қарқынды және баяу өсу кезеңдерінің ауысып, қайталануы. 3) Полярлық – үдерістер мен құрылымдардың кеңістікте орналасуы. 4 ) Дифференциялану – даму барысында түрлі клеткалар мен ұлпалардың арасында құрылымдық және қызметтік айырмашылықтардың пайда болуы. 5) Тітіркенгіштік – сыртқы факторлардың өзгеруіне жауап беруі, ол тіршілік әрекетінің, мысалы, өсу мен даму сипатының өзгеруінде көрініс алады. 6) Корреляция – мүшелердің үйлесімді өзара әрекеттесуі.

Өсімдіктердің өсуінде жануарлармен салыстырғанда бір қатар айырмашылықтар бар: 1. Өсімдіктерде эмбриондық клеткалар ме

15 слайд
Өсімдіктердің өсуінде жануарлармен салыстырғанда бір қатар айырмашылықтар бар: 1. Өсімдіктерде эмбриондық клеткалар меристема аймақтарын қалыптастырады. Өсімдік организмінің өсуі осы аймақтардағы клеткалардың бөлінуіне байланысты. Өсімдіктерге тән өсу типтері белгілі. 2. Өсімдіктер онтогенездің барлық сатыларында өседі , яғни жаңа мүшелердің қалыптасуы және өсуі бүкіл онтогенезде жүреді. Сонымен қатар, өсімдіктердің тамыр немесе сабақ сияқты мүшелері шексіз өсе береді, яғни өсуі тіршілік бойы жүреді. 3. Өсімдіктер тотипотенттілік – клеткалардың дедифференцияланып, жаңа тұтас организмді қалыптастыру қабілетіне ие. 4. Өсімдіктердің зақымданған бөліктері меристемалық ұлпалардың есебінен қалпына келеді, яғни алмастыру регенерацияға қабілетті. 5. Ортаның өзгерістеріне тропизм және настиялар сияқты қозғалыстармен жауап береді .

Дамудың детерминациясы – клетка, ұлпа, мүше және организмнің белгілі бағыт бойынша дамуына дайын болуы. Осы орай

16 слайд
Дамудың детерминациясы – клетка, ұлпа, мүше және организмнің белгілі бағыт бойынша дамуына дайын болуы. Осы орайда басқа бағыттармен даму мүмкіндігі шектеледі. Детерминация кезеңінде жаңа даму бағытын кейін морфологиялық тұрғыдан іске асыруына қажетті ішкі жағдайлар туындайды. Индукция – дамудың детерминациясын туғызатын ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуі. Индукторлар: гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары (күн ұзақтығы, жарық сапасы, температура және т.б.), кейбір метаболиттер. Компетенция – клетка, ұлпа, мүше және организмнің индукциялаудың әсерін қабылдап, оған өз дамуын өзгерту арқылы жауап қайтару қабілеті. Мысалы, кейбір өсімдіктер қолайлы күн ұзақтығының индукциясына жауап ретінде гүлдеуге олардың белгілі жасқа келіп, тиісінше компетенциясы пайда болғанда ғана көшеді. Гормондық әсерлер болғанда компетенцияға ие мүшелер мен клеткалар осы гормондық әрекеттің нысанасына айналады.

Өсімдіктерде эмбриондық клеткалар меристема аймақтарын қалыптастырады. Өсімдіктер онтогенездің барлық сатыларында өсед

17 слайд
Өсімдіктерде эмбриондық клеткалар меристема аймақтарын қалыптастырады. Өсімдіктер онтогенездің барлық сатыларында өседі, яғни жаңа мүшелердің қалыптасып, өсуі бүкіл онтогенезде жүреді. Сонымен қатар, өсімдіктердің тамыр немесе сабақ сияқты мүшелері шексіз өсе береді, яғни өсуі өмір бойы жүреді. Өсімдіктердің меристемалық аймақтары: апикалдық (төбелік), интеркалярлық (қыстырмалы), латералдық (бүйірлік, камбий) . Өсімдік организмінің өсуі осы аймақтардағы клеткалардың бөлінуіне байланысты. Осыған сәйкес өсімдіктерге тән өсу типтері: төбелік өсу, интеркалярлық өсу (астық дақылдарының сабағында буынаралықтар ұзарып өседі), базальдық өсу, яғни жуандығы артады.

Өсу корреляциялар — бір мүшенің немесе бөліктің өсу мен дамуы басқалардың дамуына тәуелді болуы. Мысалы, гетерот

18 слайд
Өсу корреляциялар — бір мүшенің немесе бөліктің өсу мен дамуы басқалардың дамуына тәуелді болуы. Мысалы, гетеротрофты бөліктердің (тамырлардың) дамуы оларды органикалық қосылыстарме...