Презентация . Ахмет Байтұрсынұлы
Презентация . Ахмет Байтұрсынұлы

#1 слайд
Тақырыбы:
Алаштың асыл бір ұлы-
Ахмет Байтұрсынұлы
Орындаған: Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы
1 слайд
Тақырыбы: Алаштың асыл бір ұлы- Ахмет Байтұрсынұлы Орындаған: Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы
#2 слайд
Ахмет Байтұрсынұлы
Қоғам қайраткері, ақын,
қазақтың тұңғыш әдебиет
теоретигі, лингвист,
фольклоршы, түркітанушы,
аудармашы, публицист,
ағартушы-ғалым.
2 слайд
Ахмет Байтұрсынұлы Қоғам қайраткері, ақын, қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, фольклоршы, түркітанушы, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым.
#3 слайд
Жоспар:
1. Өмірбаян. Алғыр бала
Ахметтен- ұлт ұстазы Ахметке
дейін
2. Отбасысы жайында
3. Шығармашылығы
4. Ахмет Байтұрсынұлы туралы
ашық ойлар
5. Алаштың алыбы
6.Ахмет Байтұрсынұлының
құрметіне қойылған ескерткіштер
7. Ахмет Байтұрсынұлының
нақыл сөздері
3 слайд
Жоспар: 1. Өмірбаян. Алғыр бала Ахметтен- ұлт ұстазы Ахметке дейін 2. Отбасысы жайында 3. Шығармашылығы 4. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ашық ойлар 5. Алаштың алыбы 6.Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне қойылған ескерткіштер 7. Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері
#4 слайд
1.Өмірбаян
Алаштың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркұйекте
қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Сарытүбек деген елді
мекенінде дүниеге келген. Руы-Арғын, оның ішінде-Үмбетей. Ахмет Байтұрсынұлы
бала кезінен-ақ зерек болады. Өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты,
әлеуметтік теңсіздікті көзімен көрген зерек бала санасына және көңіліне үлкен
ойлар түйеді. Ахметтің оқуға құштарлығын байқаған анасы қандай қиындыққа
болса да шыдап, баласын оқудан қол үздірмейді. Тумысынан аса талантты,
талапты Ахмет жақын жердегі ауыл мектебінен сауатын алады. Өмір, тіршілік
майданына араласады, әділет үшін күреседі, зорлықшыларға қарсылық білдіреді,
патшаның отаршылық саясатын айыптайды. Сонымен бірге жан-жақты
ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысып, өлең-жыр жазады, оқу
құралдарын жасайды, фольклор нұсқаларын жинап, аудармамен шұғылданады.
Жас болғанына қарамастан білімді де білікті, еркін мінезді, ойшыл Ахметтің ел
ішінде беделі өсіп, салмағы арта бастайды.
4 слайд
1.Өмірбаян Алаштың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркұйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Сарытүбек деген елді мекенінде дүниеге келген. Руы-Арғын, оның ішінде-Үмбетей. Ахмет Байтұрсынұлы бала кезінен-ақ зерек болады. Өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көрген зерек бала санасына және көңіліне үлкен ойлар түйеді. Ахметтің оқуға құштарлығын байқаған анасы қандай қиындыққа болса да шыдап, баласын оқудан қол үздірмейді. Тумысынан аса талантты, талапты Ахмет жақын жердегі ауыл мектебінен сауатын алады. Өмір, тіршілік майданына араласады, әділет үшін күреседі, зорлықшыларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. Сонымен бірге жан-жақты ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысып, өлең-жыр жазады, оқу құралдарын жасайды, фольклор нұсқаларын жинап, аудармамен шұғылданады. Жас болғанына қарамастан білімді де білікті, еркін мінезді, ойшыл Ахметтің ел ішінде беделі өсіп, салмағы арта бастайды.
#5 слайд
1917-1919 жылдар аралығында Алашорда ұйымында қызмет етеді. Ахмет
Байтұрсынұлы 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп,
1921-1921 жылдар аралығында Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметін атқарады.
1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922-
1925 жылдар аралығында Халық ағарту комиссарияты ғылыми-әдеби комиссиясының,
Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы қызметтерін атқарып, жаңа заман үшін
жанын сала тер төгеді.
Мемлекеттік жауапты қызметтерді атқара жүріп те, Ахмет өзінің жаны сүйген
оқытушылық-ұстаздық жұмысынан қол үзбеген. Өйткені жас кезінен білімге ден қойған
Алаш арысының алға қойған мақсаты – қазағының көзін ашу еді. Сол себепті де ол
алдымен төл әліпбиімізді жасап, оқулықтар құрастырған.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы жазықсыздан-жазықсыз ату жазасына
кесіліп, 1937 жылдың 8 желтоқсанында қызыл қырғынның құрбанына айналады. Халқы
өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айырылады
5 слайд
1917-1919 жылдар аралығында Алашорда ұйымында қызмет етеді. Ахмет Байтұрсынұлы 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1921-1921 жылдар аралығында Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметін атқарады. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922- 1925 жылдар аралығында Халық ағарту комиссарияты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы қызметтерін атқарып, жаңа заман үшін жанын сала тер төгеді. Мемлекеттік жауапты қызметтерді атқара жүріп те, Ахмет өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан қол үзбеген. Өйткені жас кезінен білімге ден қойған Алаш арысының алға қойған мақсаты – қазағының көзін ашу еді. Сол себепті де ол алдымен төл әліпбиімізді жасап, оқулықтар құрастырған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы жазықсыздан-жазықсыз ату жазасына кесіліп, 1937 жылдың 8 желтоқсанында қызыл қырғынның құрбанына айналады. Халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айырылады
#6 слайд
2. Отбасысы жайында
Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болған.Басына
күн туғанда маңайынан үкіметке арыз жазарлықтай білімі бар тірі пендені
таба алмай қинаған қайран әке итжеккенге айдалып бара жатып: «Балам,
қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, мейлі жалаңаш, жалаңаяқ
жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы»,-деп
тапсырған екен.
Анасы Күңші – арғынның Сүгір руының Шеру атасынан шыққан Құлыбек
деген байдың қызы. Өте келбетті, ұзын бойлы, ақсары, толық денелі, сәнді
киінетін кісі болған екен. Қолөнер шеберлігі, ақындығы да бар, ән де салған
екен. Ал мінезі елден ерекше батыл болыпты. Ол кезде каторгаға айдалғандар
ауылын тексеріп тұрады екен. Сондағы солдаттарды оқтаумен сабайтыны
да болыпты. Осы ісіне және өжет мінезіне қарай ел ол кісіні «сары уез» деп
атап кетіпті. Батұрсынның мал-мүлкі тәркіленгенде жалғыз көкшолақ аты
ғана қалады. Күңші сол жалғыз көк аттың күшімен балаларын асырап
жеткізеді.
6 слайд
2. Отбасысы жайында Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болған.Басына күн туғанда маңайынан үкіметке арыз жазарлықтай білімі бар тірі пендені таба алмай қинаған қайран әке итжеккенге айдалып бара жатып: «Балам, қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, мейлі жалаңаш, жалаңаяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы»,-деп тапсырған екен. Анасы Күңші – арғынның Сүгір руының Шеру атасынан шыққан Құлыбек деген байдың қызы. Өте келбетті, ұзын бойлы, ақсары, толық денелі, сәнді киінетін кісі болған екен. Қолөнер шеберлігі, ақындығы да бар, ән де салған екен. Ал мінезі елден ерекше батыл болыпты. Ол кезде каторгаға айдалғандар ауылын тексеріп тұрады екен. Сондағы солдаттарды оқтаумен сабайтыны да болыпты. Осы ісіне және өжет мінезіне қарай ел ол кісіні «сары уез» деп атап кетіпті. Батұрсынның мал-мүлкі тәркіленгенде жалғыз көкшолақ аты ғана қалады. Күңші сол жалғыз көк аттың күшімен балаларын асырап жеткізеді.
#7 слайд
Ахмет Байтұрсынұлына адал жар
бола білген Бадрисафа
Мұхамедсадыққызы. Ол ел ішіне
сыйлы, қонақжай, жұбайының туған-
туыстарына деген шексіз құрметі ел
аузында аңыздай тараған дана әйел
болыпты. Ең қызығы, оның ұлты –
орыс, шын есімі Александра екен.
Бадрисафа – қазаққа тамаша келін
бола білді. Халық оны «ақ келін» деп
атайды екен. Басынан жаулығын
тастамаған ол Ахметке тұрмысқа
шыққанда Ислам дінін қабылдапты.
Зейнолла молдаға некелерін
қидырғаннан кейін Ахмет
Байтұрсынұлы әйелін имамның
қарауына екі айға қалдырып,
мұсылманшылықтың бүкіл шартын,
қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
үйреткізеді.
7 слайд
Ахмет Байтұрсынұлына адал жар бола білген Бадрисафа Мұхамедсадыққызы. Ол ел ішіне сыйлы, қонақжай, жұбайының туған- туыстарына деген шексіз құрметі ел аузында аңыздай тараған дана әйел болыпты. Ең қызығы, оның ұлты – орыс, шын есімі Александра екен. Бадрисафа – қазаққа тамаша келін бола білді. Халық оны «ақ келін» деп атайды екен. Басынан жаулығын тастамаған ол Ахметке тұрмысқа шыққанда Ислам дінін қабылдапты. Зейнолла молдаға некелерін қидырғаннан кейін Ахмет Байтұрсынұлы әйелін имамның қарауына екі айға қалдырып, мұсылманшылықтың бүкіл шартын, қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйреткізеді.
#8 слайд
3. Шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған.
Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп,
жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке,
мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-
отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған
шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909
жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген болатын. Бұл кітабы арқылы
қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар
жігер-қайратын, білімін жұмсайды.
Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» 1911 жылы жарық көрді.
Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық,
кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі
ағартушылық бағытпен үндес болды.
8 слайд
3. Шығармашылығы Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық- отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген болатын. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» 1911 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды.
#9 слайд
"Туысыма”, "Досыма хат”, "Қазақ қалпы”, "Қазақ
салты”, "Көк есектерге”, "Жұртыма”, "Қарқаралы
қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске
түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. "Анама
хат”, "Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа
мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне
көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар.
“Масада” Пушкиннен аударылған "Қыздыр дейсің
мәжілісті, жан дейсің”, "Ат”, "Данышпан Аликтің
ажалы”, "Балықшы мен балық”, "Алтын әтеш”,
Крыловтан аударылған "Сорлы болған мұжық”,
"Қаздар” шығармалары да берілген.
9 слайд
"Туысыма”, "Досыма хат”, "Қазақ қалпы”, "Қазақ салты”, "Көк есектерге”, "Жұртыма”, "Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. "Анама хат”, "Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған "Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, "Ат”, "Данышпан Аликтің ажалы”, "Балықшы мен балық”, "Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған "Сорлы болған мұжық”, "Қаздар” шығармалары да берілген.
#10 слайд
4. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ашық ойлар
Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде,
Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет
Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
Сәкен Сейфуллин
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және
біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… Ахмет Байтұрсыновтың арқасында санасыз
түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін
жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
Міржақып Дулатов
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық
мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-
білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны
жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
Мұхтар Әуезов
Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын
қалаған алғашқы адам- Ахмет.
Сәбит Мұқанов
10 слайд
4. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ашық ойлар Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл. Сәкен Сейфуллин Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… Ахмет Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады… Міржақып Дулатов Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Мұхтар Әуезов Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет. Сәбит Мұқанов
#11 слайд
Ахмет Байтұрсынов - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы.
Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын
Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздықова
Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның
мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік
қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”.
Зейнолла Қабдолов
Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған
тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей,
таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.
Сырбай Мәуленов
11 слайд
Ахмет Байтұрсынов - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Рабиға Сыздықова Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”. Зейнолла Қабдолов Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты. Сырбай Мәуленов
#12 слайд
5. Алаштың алыбы
Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық –
демократиялық партиясы.
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында
өткен бүкілқазақтық съезінде құрылған болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясының басшыларының
және ұйымдастырушыларының бірі болып табылады. Сондай-
ақ Ахмет Байтұрсынұлымен бірге «Алаш» партиясының
басшылары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және тағы
да басқа буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ
зиялыларының өкілдері еді.
«Алаш» қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап
тапты.
12 слайд
5. Алаштың алыбы Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық – демократиялық партиясы. Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бүкілқазақтық съезінде құрылған болатын. Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясының басшыларының және ұйымдастырушыларының бірі болып табылады. Сондай- ақ Ахмет Байтұрсынұлымен бірге «Алаш» партиясының басшылары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және тағы да басқа буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. «Алаш» қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап тапты.
#13 слайд
«Алаш» партиясының белсенді өкілдері:
Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы.
13 слайд
«Алаш» партиясының белсенді өкілдері: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы.
#14 слайд
6. Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне
қойылған ескерткіштер
Қостанай облысы,
Әулиекөл ауданы
Алматы қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қостанай қаласы
14 слайд
6. Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне қойылған ескерткіштер Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Алматы қаласы Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай қаласы
#15 слайд
Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
мемлекеттік университет
15 слайд
Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университет
#16 слайд
Ахмет Байтұрсынұлының Мұражай-үйі. Алматы қаласы
16 слайд
Ахмет Байтұрсынұлының Мұражай-үйі. Алматы қаласы
#17 слайд
7. Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың
ұлттығы еш уақытта адамы құрымай
жоғалмайды.
Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек.
Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі.
Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан
шықсын?!
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не
істесе де келістіріп істейді.
17 слайд
7. Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?! Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
#18 слайд
Мектептің жаны – мұғалім. Шежіре, заманхат, өмірбаян,
мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.
Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу
– маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!
Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу –
адамшылық ісі.
Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті
жұмсауға – ес керек.
Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның
атасы!
18 слайд
Мектептің жаны – мұғалім. Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер. Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз! Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек. Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
#19 слайд
«Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс-жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша
көтеру, ал мұның өзі игілікті дамудың алғышарттары болғандықтан, мен осы мұратты
қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын»
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
19 слайд
«Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс-жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті дамудың алғышарттары болғандықтан, мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын» АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
#20 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!
20 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!
шағым қалдыра аласыз













