Материалдар / Презентация "Балдың пайдасы"

Презентация "Балдың пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бал ол өте пайдалы. сондықтан кез-келген адамға керегі бар деп ойлаймын, және де презентацияның барлық мұғалімге, оқушыларға пайдасы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2019
1409
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Балдың пайдасы Садыкова Сандугаш Абдукадыровна 5-сын

1 слайд
Балдың пайдасы Садыкова Сандугаш Абдукадыровна 5-сынып I бөлім Тақырыбы: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі Тақырыпша: Қазақстан барысы Сабақтың мақсаты * Оқу бағдарламасының мақсаты – білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу. * Оқу мақсаттарының құрылымдалған жүйесі: білімін функцияналдық сауаттығын арттыру және тілдік дағдыларын дамыту шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше жұмыс істей алу проблемаларды шешу және кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. * Сабақта сөйлеу қызметінің 4 дағдысын алдым. Айтылым, оқылым, жазылым және тілдік бағдар. Оқу мақсатыма жету үшін жаңа тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып,сабақта диалогтерге қатыстырып қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлемдегі сөздерді дұрыс қолдануға, тілдік бағдар бойынша сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратуға, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету іске асырылады. \ қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. 1.Кіріспе 2. Негізгі бөлім: * Балдың шығу тарихы жайында. * Балдың түрлері. * Балдың құрамы. * Балдың жасалу жолдары. * Дәрігерлер кеңесі. * Балдың қолданылуы

Кіріспе бөлім: • Міндеттері:  Балдың пайда болу тарихымен танысу;  Балдың жасалу технологиясымен танысу;  Балдың құра

2 слайд
Кіріспе бөлім: • Міндеттері:  Балдың пайда болу тарихымен танысу;  Балдың жасалу технологиясымен танысу;  Балдың құрамын оқып-білу;  Балдың түрлерін анықтап білу;  Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу. Зерттеу нысаны- адам Зерттеу заты- бал Зерттеудің өзектілігі- біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Зерттеудің болжамы-егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.  Зерттеу әдістері - ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу; - бақылау; -зерттелген нәтижеге талдау жүргізу. 

Негізгі бөлім: • Балдың шығу тарихы Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион

3 слайд
Негізгі бөлім: • Балдың шығу тарихы Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді. Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен.  Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған. Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған. Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген. Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан. Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп, қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

Балдың түрлері Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп а

4 слайд
Балдың түрлері Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.  Ара балының бөлінуі Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды. Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді. Табиғи балдың түрлері Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы. Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ. Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы. Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады. Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Балдың құрамы Балдың құрамы мен қуаты Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, со

5 слайд
Балдың құрамы Балдың құрамы мен қуаты Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты. Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

Дәрігердің пайдалы кеңестері Балдың пайдасы Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал

6 слайд
Дәрігердің пайдалы кеңестері Балдың пайдасы Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.  Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады. Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

Балдың қолданылуы Медициналық жағдайда Тағам түрлерін жасауда Косметологиялық жағдайд а Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғ

7 слайд
Балдың қолданылуы Медициналық жағдайда Тағам түрлерін жасауда Косметологиялық жағдайд а Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады. Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада. Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы . Таңертең бір шай қасық балды және бір түнде ұйқы алдында жеу керек. Сондай-ақ, оларды шайда қантпен ауыстыруға болады. Тек сусынға қоспаңыз, тек оны жеп қойыңыз. Өйткені 60 градустан жоғары температура барлық пайдалы қасиеттерін өлтіреді. Бұл әрекеттер денсаулыққа қол жеткізуге көмектеседі Күнделікті балды пайдаланатын адамдар әлдеқайда жақсы есте сақтау қабілеті дамиды. Ол сондай-ақ жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда. Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.

8 слайд

8 слайд

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ