презентация Салт-дәстүр.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тақырыбы:
Тәрбие көзі - салт –дәстүр
1 слайд
Тақырыбы: Тәрбие көзі - салт –дәстүр
2 слайд
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халқымыздың
рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден
үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға
жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.
Сабақтың міндеті: Ұлттық тәрбиені
оқушылардың бойына сіңдіру . Білімді болуға,
адамгершілікке, шапшаңдыққа, намысты, жігерлі
болуға тәрбиелеу. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту, ұлттық тәрбиенің ерекшелігін үйрету.
Қызығушылығын арттыру.
2 слайд
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Сабақтың міндеті: Ұлттық тәрбиені оқушылардың бойына сіңдіру . Білімді болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, ұлттық тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.
3 слайд
Психологиялық дайындық
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісіміз?
Әрбір сөзіміз?
-Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік
тілеймін! Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше
болмақ. Қонақтарымызға өз білімдерімізді
көрсетейік. Енді балалар сабағымызды бастамас
бұрын барлығымыз экранға назар аударамыз.
Экрандағы сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі сыныптан
тыс сабағымыздың тақырыбын ашып алайық.
3 слайд
Психологиялық дайындық Әрбір адам? Әрбір сабақ? Әрбір ісіміз? Әрбір сөзіміз? -Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін! Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Қонақтарымызға өз білімдерімізді көрсетейік. Енді балалар сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз экранға назар аударамыз. Экрандағы сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбын ашып алайық.
4 слайд
Д 1. Ең соңғы жыл атауы?.
Ә 2. Әкеңнің шешесі кім?
С 3. әшекей түрі ?
Т 4. Сырт киім аты?
Ү 5. Құстың аты ?
Р 6. Түр,келбет сөзінің синонимі ?
Балалар сөзжұмбағымыздың ортасынан қандай сөз шықты?
Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте
бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі
тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт – дәстүр дегеніміз –
халықтың ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүрлер мен
ырымдар халықтың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан
туындайтын құбылыс. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy,
адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге
жатады.
Салт – дәстүрге нелер жатады?
4 слайд
Д 1. Ең соңғы жыл атауы?. Ә 2. Әкеңнің шешесі кім? С 3. әшекей түрі ? Т 4. Сырт киім аты? Ү 5. Құстың аты ? Р 6. Түр,келбет сөзінің синонимі ? Балалар сөзжұмбағымыздың ортасынан қандай сөз шықты? Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт – дәстүр дегеніміз – халықтың ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүрлер мен ырымдар халықтың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын құбылыс. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады. Салт – дәстүрге нелер жатады?
5 слайд
Д 1. Ең соңғы жыл атауы?. (Доңыз)
Ә 2. Әкеңнің шешесі кім? (Әже)
С 3. әшекей түрі ? (сырға)
Т 4. Сырт киім аты? (тон)
Ү 5. Құстың аты ? ( үкі)
Р 6. Түр,келбет сөзінің синонимі ? (рең)
Балалар сөзжұмбағымыздың ортасынан қандай сөз шықты?
Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте
бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі
тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт – дәстүр дегеніміз –
халықтың ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүрлер мен
ырымдар халықтың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан
туындайтын құбылыс. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy,
адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге
жатады.
Салт – дәстүрге нелер жатады?
5 слайд
Д 1. Ең соңғы жыл атауы?. (Доңыз) Ә 2. Әкеңнің шешесі кім? (Әже) С 3. әшекей түрі ? (сырға) Т 4. Сырт киім аты? (тон) Ү 5. Құстың аты ? ( үкі) Р 6. Түр,келбет сөзінің синонимі ? (рең) Балалар сөзжұмбағымыздың ортасынан қандай сөз шықты? Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт – дәстүр дегеніміз – халықтың ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүрлер мен ырымдар халықтың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын құбылыс. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады. Салт – дәстүрге нелер жатады?
6 слайд
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Тәрбие
көзі салт дәстүр деп аталады. Бүгінгі мақсатымыз
заман өзгерсе де ұлттық салт -дәстүріміздің
көнермейтіндігін еске салып, халқымыздың
ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт -
дәстүрлерін дәріптеу.
-балалар бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз үш
кезеңнен тұрады.
1 кезең: «Мақал – сөздің мәйегі»
2 кезең: «Сандар сыры»
3 кезең: «Суреттер сөйлейді»
6 слайд
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Тәрбие көзі салт дәстүр деп аталады. Бүгінгі мақсатымыз заман өзгерсе де ұлттық салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. -балалар бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз үш кезеңнен тұрады. 1 кезең: «Мақал – сөздің мәйегі» 2 кезең: «Сандар сыры» 3 кезең: «Суреттер сөйлейді»
7 слайд
-ендеше бірінші кезеңге кезек берейік: Мақал-сөздің мәйегі,
яғни мақал-мәтелдерді жартылай нұсқасы беріледі, ары қарай
дұрысын тауып, жалғастырамыз. Қане, барлығымыз экранға
назар аударайық
1. Жеті атасын білмеген...................
2. Туған жердің күні де ыстық..........................
3. Бақа көлінде Балық суында ,Жігіт елінде ..........................
4. Ұрлық түбі .................
5. Талапты бала - ..........................
Құмары қанбас .........................
6. Оқу инемен .............................
7. Әдепті бала ата-анасын..............
Әдепсіз бала ата-анасын.............
8. Бір күн дәм татқанға ..........................
9. Атаңа не қылсаң, ..............................
10. Құтты қонақ келсе....................
7 слайд
-ендеше бірінші кезеңге кезек берейік: Мақал-сөздің мәйегі, яғни мақал-мәтелдерді жартылай нұсқасы беріледі, ары қарай дұрысын тауып, жалғастырамыз. Қане, барлығымыз экранға назар аударайық 1. Жеті атасын білмеген................... 2. Туған жердің күні де ыстық.......................... 3. Бақа көлінде Балық суында ,Жігіт елінде .......................... 4. Ұрлық түбі ................. 5. Талапты бала - .......................... Құмары қанбас ......................... 6. Оқу инемен ............................. 7. Әдепті бала ата-анасын.............. Әдепсіз бала ата-анасын............. 8. Бір күн дәм татқанға .......................... 9. Атаңа не қылсаң, .............................. 10. Құтты қонақ келсе....................
8 слайд
-ендеше бірінші кезеңге кезек берейік: Мақал-сөздің мәйегі,
яғни мақал-мәтелдерді жартылай нұсқасы беріледі, ары қарай
дұрысын тауып, жалғастырамыз. Қане, барлығымыз экранға
назар аударайық
1. Жеті атасын білмеген...................(жетесіз)
2. Туған жердің күні де ыстық..........................(түні де ыстық)
3. Бақа көлінде Балық суында ,Жігіт елінде ..........................
(патша)
4. Ұрлық түбі .................(қорлық)
5. Талапты бала - ..........................(талпынған құстай)
Құмары қанбас .........................(аспанға ұшпай)
6. Оқу инемен ............................. (құдық қазғандай)
7. Әдепті бала ата-анасын..............( мақтатар,)
Әдепсіз бала ата-анасын.............( қақсатар)
8. Бір күн дәм татқанға ..........................(қырық күн сәлем)
9. Атаңа не қылсаң, ..............................(алдыңа сол келер)
10. Құтты қонақ келсе....................(қой егіз табады.)
8 слайд
-ендеше бірінші кезеңге кезек берейік: Мақал-сөздің мәйегі, яғни мақал-мәтелдерді жартылай нұсқасы беріледі, ары қарай дұрысын тауып, жалғастырамыз. Қане, барлығымыз экранға назар аударайық 1. Жеті атасын білмеген...................(жетесіз) 2. Туған жердің күні де ыстық..........................(түні де ыстық) 3. Бақа көлінде Балық суында ,Жігіт елінде .......................... (патша) 4. Ұрлық түбі .................(қорлық) 5. Талапты бала - ..........................(талпынған құстай) Құмары қанбас .........................(аспанға ұшпай) 6. Оқу инемен ............................. (құдық қазғандай) 7. Әдепті бала ата-анасын..............( мақтатар,) Әдепсіз бала ата-анасын.............( қақсатар) 8. Бір күн дәм татқанға ..........................(қырық күн сәлем) 9. Атаңа не қылсаң, ..............................(алдыңа сол келер) 10. Құтты қонақ келсе....................(қой егіз табады.)
9 слайд
сонымен балалар сендермен екінші кезеңімізге де келіп
жеттік. Бұл кезең сандар сыры деп аталады. Қазақ халқы
киеге өте үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын,
кейбір жануарлар мен құстарды, тұрмысқа қажетті заттарды
киелі деп есептеген.
Сондай –ақ қазақ халқының өмірінде ерекше сипат беретін жиі
қолданылатын сандар өте көп. Олай болса біз қазір сандар әлеміне саяхат
жасаймыз. Яғни, әр жұп мына жерден жасырын қағаздарды ала отырып
өздеріңе белгіленген сандардың сырларын, олардың қасиеттерін ашып
бересіңдер. Экранға назарт аударайық өздеріңе ұнаған түсті таңдай
қойыңдар. Ендеше , әр жұп өздеріңе белгіленген сандардың сырларын,
олардың қасиеттерін ашып бересіңдер.
Қызыл түс- 3
Көк түс 7
Жасыл түс 4
Сары түс – 5
• Сендерге 5 минут уақыт беріледі. Алдарыңда тұрған ақ қағазға
орындаймыз
9 слайд
сонымен балалар сендермен екінші кезеңімізге де келіп жеттік. Бұл кезең сандар сыры деп аталады. Қазақ халқы киеге өте үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын, кейбір жануарлар мен құстарды, тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп есептеген. Сондай –ақ қазақ халқының өмірінде ерекше сипат беретін жиі қолданылатын сандар өте көп. Олай болса біз қазір сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Яғни, әр жұп мына жерден жасырын қағаздарды ала отырып өздеріңе белгіленген сандардың сырларын, олардың қасиеттерін ашып бересіңдер. Экранға назарт аударайық өздеріңе ұнаған түсті таңдай қойыңдар. Ендеше , әр жұп өздеріңе белгіленген сандардың сырларын, олардың қасиеттерін ашып бересіңдер. Қызыл түс- 3 Көк түс 7 Жасыл түс 4 Сары түс – 5 • Сендерге 5 минут уақыт беріледі. Алдарыңда тұрған ақ қағазға орындаймыз
10 слайд
Үш санына байланысты:
Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.
Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ.
Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім,
Үш із-бала, байлық, бақыт.
Үш би – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар.
Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет.
Үш тәтті - жан, мал, жар.
Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.
Төрт санына байланысты:
Төрт түлік-түйе, жылқы, қарамал, қой-ешкі.
Әлемнің төрт негізі- от, су, ауа, топырақ.
Төрт құбыла- батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік.
Төрт мұхит- Үнді, Атлант; Тынық, Мұзды.
Төрт тоқсан- көктем, жаз, күз, қыс.
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға
тіл тигізу, өтірік куә болу.
10 слайд
Үш санына байланысты: Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ. Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім, Үш із-бала, байлық, бақыт. Үш би – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар. Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет. Үш тәтті - жан, мал, жар. Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл. Төрт санына байланысты: Төрт түлік-түйе, жылқы, қарамал, қой-ешкі. Әлемнің төрт негізі- от, су, ауа, топырақ. Төрт құбыла- батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік. Төрт мұхит- Үнді, Атлант; Тынық, Мұзды. Төрт тоқсан- көктем, жаз, күз, қыс. Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
11 слайд
Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар.
Жеті қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ілім -білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран
бүркіт, түзу мылтық.
Жеті жетім- тыңдалмаған сөз жетім, иесіз жер жетім, киюсіз киім жетім,
басшысыз ел жетім, жерінен айрылған ер жетім, замандасы жоқ адам жетім,
аққу-қазсыз көл жетім
Жеті ата - әке, бала, немере шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті жұт - құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су, зілзәла.
Жеті жоқ - жерде өлшуіш, аспанда түйреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр,
жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ.
Бес санына қатысты:
Бес қару- садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.
Бес саусақ- басбармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес парыз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жашиық
намазы.
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.
11 слайд
Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар. Жеті қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ілім -білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, түзу мылтық. Жеті жетім- тыңдалмаған сөз жетім, иесіз жер жетім, киюсіз киім жетім, басшысыз ел жетім, жерінен айрылған ер жетім, замандасы жоқ адам жетім, аққу-қазсыз көл жетім Жеті ата - әке, бала, немере шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті жұт - құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су, зілзәла. Жеті жоқ - жерде өлшуіш, аспанда түйреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ. Бес санына қатысты: Бес қару- садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Бес саусақ- басбармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ. Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. Бес парыз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жашиық намазы. Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз. Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.
12 слайд
Келесі кезең Суреттер сөйлейді деп аталады. Бұл кезеңнің
шарты мен сендерге суреттердің бөліктерін таратамын.
Сендер оны құрастырып, сол өздерің құраған суреттерді
қорғап шығасыңдар.
1-жұп көкпар тарту,ат жарыс
2-жұп Ұзату той
3-жұп Тұсау кесу
4-жұп Бата
-Сенің ойыңша бұл қай салт-дәстүр?
-Оған дәлелің қандай?
12 слайд
Келесі кезең Суреттер сөйлейді деп аталады. Бұл кезеңнің шарты мен сендерге суреттердің бөліктерін таратамын. Сендер оны құрастырып, сол өздерің құраған суреттерді қорғап шығасыңдар. 1-жұп көкпар тарту,ат жарыс 2-жұп Ұзату той 3-жұп Тұсау кесу 4-жұп Бата -Сенің ойыңша бұл қай салт-дәстүр? -Оған дәлелің қандай?
13 слайд
«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші,
салтын сүйген сендер сияқты әрбір жас ұрпак болашакта
халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-
дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін
-Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі сыныптан тыс
сабағымызды аяқтаймыз
13 слайд
«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген сендер сияқты әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін -Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп. Ашық болсын күніміз, Ашылады нұрымыз. Бай тұлғалы өңірде, Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз