Қазақ салт-дәстүрінің ислам дінімен сабақтастығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қазақ салт-
дәстүрінің ислам
дінімен
сабақтастығы
1 слайд
Қазақ салт- дәстүрінің ислам дінімен сабақтастығы
2 слайд
Ұлттық құндылық-
белгілі бір ұлтқа тән ,
сол ұлттың даму,
қалыптасу тарихында
ғасырлар бойы мәнін
жоймаған рухани және
материалдық қасиеттер
мен қажеттіліктер
жиынтығы. Егер ұлт
құндылығы болмаса,
онда ұлтта жоғалады.
Біздің қазақ болып
жүргеніміздің өзі де
ұлттық
құндылығымыздың
болуында.
2 слайд
Ұлттық құндылық- белгілі бір ұлтқа тән , сол ұлттың даму, қалыптасу тарихында ғасырлар бойы мәнін жоймаған рухани және материалдық қасиеттер мен қажеттіліктер жиынтығы. Егер ұлт құндылығы болмаса, онда ұлтта жоғалады. Біздің қазақ болып жүргеніміздің өзі де ұлттық құндылығымыздың болуында.
3 слайд
•
Қазақ мәдениетінің ұлттық құндылығының негізі- діни сана.
Ол- Исламнан бастау алады.
•
Діни сана- ұлттың болмысы, табиғаты, ерекшелігі. Ұлттың
мәдениетіне үңіліп қарасақ, бұған көзіміз жетері анық. Осы
мәдениеттің көрсеткіші халықтың дүниетанымы, тарихы мен
өнері, ахлағы мен әдет- ғұрыптары, жазуы мен әдебиеті,
жыр- дастандарымен тұрмысы болып жалғаса береді. Бұлар
діни санамен үйлесім тапқанда ғана ұлттық мәдениеттің
болмысы мен табиғаты, оның мән- мағынасы ашылады. Бір
сөзбен айтқанда діни сана өзін қоршап тұрған мәдени
құндылықтарды сақтап тұратын қазына іспеттес.
3 слайд
• Қазақ мәдениетінің ұлттық құндылығының негізі- діни сана. Ол- Исламнан бастау алады. • Діни сана- ұлттың болмысы, табиғаты, ерекшелігі. Ұлттың мәдениетіне үңіліп қарасақ, бұған көзіміз жетері анық. Осы мәдениеттің көрсеткіші халықтың дүниетанымы, тарихы мен өнері, ахлағы мен әдет- ғұрыптары, жазуы мен әдебиеті, жыр- дастандарымен тұрмысы болып жалғаса береді. Бұлар діни санамен үйлесім тапқанда ғана ұлттық мәдениеттің болмысы мен табиғаты, оның мән- мағынасы ашылады. Бір сөзбен айтқанда діни сана өзін қоршап тұрған мәдени құндылықтарды сақтап тұратын қазына іспеттес.
4 слайд
•
Діни таным көп, діни таным тарихында Ханафи, Матуруди, Яссауи
мектебін, фиқһ, кәләм, ахлақ(мінез- құлық) салаларының
қалыптасуын айтуға болады. Діни сананың осы бір саласына ұлттық
құндылығымызды, мәдениетімізді де жатқызуға болады. Туғаннан
бастап өлім сәті келгенге дейінгі қазақтың мағыналы әдет-
ғұрыптарын ашып айта кетсек:
4 слайд
• Діни таным көп, діни таным тарихында Ханафи, Матуруди, Яссауи мектебін, фиқһ, кәләм, ахлақ(мінез- құлық) салаларының қалыптасуын айтуға болады. Діни сананың осы бір саласына ұлттық құндылығымызды, мәдениетімізді де жатқызуға болады. Туғаннан бастап өлім сәті келгенге дейінгі қазақтың мағыналы әдет- ғұрыптарын ашып айта кетсек:
5 слайд
•
Қазақ халқының өзге
мұсылман халықтарынан
еркешелеп тұратын басты
ерекшеліктерінің бірі - жеті
атаға дейін үйленуге тыйым
салуы. Бұл қатаң түрде
сақталған әдеттердің бірі
Исламнан бастау алады.
Пайғамбар ( с.а.с) өз
хадистерінде жақындары мен
туыстық байланысы
барлардың қосылуларынан
сақтандырған. Өйткені
туыстық байланысы бар
жұбайлардан туылған бала
әлжуаз, денсаулығы нашар
болып туады. Пайғамбар
(с.а.с) былай дейді: «Алыстан
алыңдар, (ұрпақтарыңды)
әлсіретпеңдер».
5 слайд
• Қазақ халқының өзге мұсылман халықтарынан еркешелеп тұратын басты ерекшеліктерінің бірі - жеті атаға дейін үйленуге тыйым салуы. Бұл қатаң түрде сақталған әдеттердің бірі Исламнан бастау алады. Пайғамбар ( с.а.с) өз хадистерінде жақындары мен туыстық байланысы барлардың қосылуларынан сақтандырған. Өйткені туыстық байланысы бар жұбайлардан туылған бала әлжуаз, денсаулығы нашар болып туады. Пайғамбар (с.а.с) былай дейді: «Алыстан алыңдар, (ұрпақтарыңды) әлсіретпеңдер».
6 слайд
•
«Қыз бала дауысын қатты
шығарып күлмейді», «түнде
шашын жаймайды», «қонақ
алдында талтайып
отырмайды»,- деген қазақ, қыз
баласына төрден орын берген.
Әрбір қызды өзінің
қарындасындай көріп, тіпті
олар үшін соғысуға дайын
болған. Қыздарымыз
бастарынан орамалын
тастамай, бөтен ер кісілермен
сөйлесуді ар санаған. Исламда
да қыз баласын құдды бір
жауһарға теңеп, оның зейнетін
бөтен ер кісілерге көруге
тыйым салады. Ер кісілермен
сөйлеспек түгілі, олармен бір
отырыста отырмауды әдет
санайды.
6 слайд
• «Қыз бала дауысын қатты шығарып күлмейді», «түнде шашын жаймайды», «қонақ алдында талтайып отырмайды»,- деген қазақ, қыз баласына төрден орын берген. Әрбір қызды өзінің қарындасындай көріп, тіпті олар үшін соғысуға дайын болған. Қыздарымыз бастарынан орамалын тастамай, бөтен ер кісілермен сөйлесуді ар санаған. Исламда да қыз баласын құдды бір жауһарға теңеп, оның зейнетін бөтен ер кісілерге көруге тыйым салады. Ер кісілермен сөйлеспек түгілі, олармен бір отырыста отырмауды әдет санайды.
7 слайд
«Көрші ақысы- тәңір ақысы» деп
көршісін ерекше сыйлай білген
қазақ, тіпті жаңа көшіп келген к
өршілерін үйлеріне шақырып, ер
улік берген. Ал
Алла елшісі (с.а.с): «Кімде- кім
Аллаға және ақірет күніне сенге
н болса көршісіне еш зиян тигізб
есін», және « Жанындағы көршіс
інің аш жатқанын біле тұра өзі т
оқ болып жатқан адам маған нақ
иман келтірген емес»,- деген.
7 слайд
«Көрші ақысы- тәңір ақысы» деп көршісін ерекше сыйлай білген қазақ, тіпті жаңа көшіп келген к өршілерін үйлеріне шақырып, ер улік берген. Ал Алла елшісі (с.а.с): «Кімде- кім Аллаға және ақірет күніне сенге н болса көршісіне еш зиян тигізб есін», және « Жанындағы көршіс інің аш жатқанын біле тұра өзі т оқ болып жатқан адам маған нақ иман келтірген емес»,- деген.
8 слайд
•
Шілдехана - арабтар
нәрестенің дүниеге келгеніне
7 күн толғанда, шашын алып,
шашының салмағымен бірдей
садақа береді. Қазақы
дәстүрде дүниеге нәресте
келгенде шілдехана
жасалады, бесікке салынады,
жиырма күнде кіші қырқынан,
отыз тоғыз немесе қырық бір
күнде үлкен қырқынан
шығарады. Қырық ізгі тілек
айтып, қырық қасық сумен
жуындыру, шаш-тырнағын
алу, келушілерге «жұғысты
болсын» деп сый кәде беру
(қазақша садақа) – қазаққа
тән дәстүрлер. Ешкім ешбірін
шариғатқа шалыс деп
айыптай алмаса керек.
8 слайд
• Шілдехана - арабтар нәрестенің дүниеге келгеніне 7 күн толғанда, шашын алып, шашының салмағымен бірдей садақа береді. Қазақы дәстүрде дүниеге нәресте келгенде шілдехана жасалады, бесікке салынады, жиырма күнде кіші қырқынан, отыз тоғыз немесе қырық бір күнде үлкен қырқынан шығарады. Қырық ізгі тілек айтып, қырық қасық сумен жуындыру, шаш-тырнағын алу, келушілерге «жұғысты болсын» деп сый кәде беру (қазақша садақа) – қазаққа тән дәстүрлер. Ешкім ешбірін шариғатқа шалыс деп айыптай алмаса керек.
9 слайд
•
Келесі Исламмен быйланыстыратын дәстүр сүндетке отырғызу .
Баланың жетінші күні немесе балиғат (7) жасына толғанға дейінгі
аралық ішінде сүндетке отырғызылады. Жәбірдің риуаят етуі
бойынша; «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хасан мен
Хусейнге жеті күн толғанда оларға арнап ақиқа құрбанын шалды да,
оларды сүндеттеді» Сүндетке отырғызу ислам дінінен кіріп, кейін
келе қазақтардың ұлттық әдет-ғұрпына айналған. Осы сияқты
қыздың қалын малын беру, сырға салу, ұзату, байғазы, сүйінші, қәде
сұрау, сәлемдесу, т.б. көптеген Ислам дінімен сабақтас дәстүрлер
бар.
9 слайд
• Келесі Исламмен быйланыстыратын дәстүр сүндетке отырғызу . Баланың жетінші күні немесе балиғат (7) жасына толғанға дейінгі аралық ішінде сүндетке отырғызылады. Жәбірдің риуаят етуі бойынша; «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хасан мен Хусейнге жеті күн толғанда оларға арнап ақиқа құрбанын шалды да, оларды сүндеттеді» Сүндетке отырғызу ислам дінінен кіріп, кейін келе қазақтардың ұлттық әдет-ғұрпына айналған. Осы сияқты қыздың қалын малын беру, сырға салу, ұзату, байғазы, сүйінші, қәде сұрау, сәлемдесу, т.б. көптеген Ислам дінімен сабақтас дәстүрлер бар.
10 слайд
Жаназаға қатысты Олжас
Сүлейменов: «Бейіт - діни сенім
көрінісі. Өлікті жерлеу ғұрпы
және оның таңба формуласы бір
халықтан екінші халыққа дінмен
бірге, яғни әлеуметтік сана
арқылы ғана ауысып отырады»-
дейді. Марқұмды да ақтық
сапарға шығарып салу Ислам
дінімен тығыз байланысты.
10 слайд
Жаназаға қатысты Олжас Сүлейменов: «Бейіт - діни сенім көрінісі. Өлікті жерлеу ғұрпы және оның таңба формуласы бір халықтан екінші халыққа дінмен бірге, яғни әлеуметтік сана арқылы ғана ауысып отырады»- дейді. Марқұмды да ақтық сапарға шығарып салу Ислам дінімен тығыз байланысты.
11 слайд
Ислам шариғатында кісі қайтыс болғаннан кейін оның жетісін беру,
артынан қырқын беру бұйрығының жоғы рас. Дінде ондай рәсім
қалыптаспаған. Сол себепті, жеті мен қырқын беруді салт-дәстүрге
жатқызып жүрміз. Әрі діндегі үкімі «мубах», ерікті амал. Бірақ, ондай
жоралғының Ислами мәліметтерден бастау алатындығын көпшілігіміз біле
бермейміз. Табиғиндердің ұлық ғұламасы Таус ибн Қайсан (р.а.) былай
деген: «Шынында, мәйіттер (қабірге қойылғаннан соң) жеті күн бойы
сынаққа душар болады. Осыған орай, олар (яғни, сахабалар) осы күндері
сол мәйіттердің атынан ас беруді ұнамды санайтын», – дейді табиғин
ғалым. Сондайақ, бір риуаятта: «Қабірде мүмін адам мен мұнафиқ адам
сынаққа душар болады. Мүміннің сынағы – жеті күн. Мұнафиқтың (екі
жүздінің) сынағы – қырық күн»[7]. Осы риуаяттарда мархұмның кейбірі жеті
күн, ал кейбірі қырық күн бойы сұраққа тартылатындығы айтылуда. Осы
уақыт арасында оның атынан ас беріп, садақа тарату, оның сауалын
жеңілдетері анық. Қазақтың да жетісін беру және қырқын беру дәстүрінің
түп төркіні осындай діни мәліметтерде жатыр дей аламыз.
11 слайд
Ислам шариғатында кісі қайтыс болғаннан кейін оның жетісін беру, артынан қырқын беру бұйрығының жоғы рас. Дінде ондай рәсім қалыптаспаған. Сол себепті, жеті мен қырқын беруді салт-дәстүрге жатқызып жүрміз. Әрі діндегі үкімі «мубах», ерікті амал. Бірақ, ондай жоралғының Ислами мәліметтерден бастау алатындығын көпшілігіміз біле бермейміз. Табиғиндердің ұлық ғұламасы Таус ибн Қайсан (р.а.) былай деген: «Шынында, мәйіттер (қабірге қойылғаннан соң) жеті күн бойы сынаққа душар болады. Осыған орай, олар (яғни, сахабалар) осы күндері сол мәйіттердің атынан ас беруді ұнамды санайтын», – дейді табиғин ғалым. Сондайақ, бір риуаятта: «Қабірде мүмін адам мен мұнафиқ адам сынаққа душар болады. Мүміннің сынағы – жеті күн. Мұнафиқтың (екі жүздінің) сынағы – қырық күн»[7]. Осы риуаяттарда мархұмның кейбірі жеті күн, ал кейбірі қырық күн бойы сұраққа тартылатындығы айтылуда. Осы уақыт арасында оның атынан ас беріп, садақа тарату, оның сауалын жеңілдетері анық. Қазақтың да жетісін беру және қырқын беру дәстүрінің түп төркіні осындай діни мәліметтерде жатыр дей аламыз.
12 слайд
Кейбір қателесушілер исламды
дәстүрден бөлек санап, оны
құдды бір ағымға теңеуде.
Исламда әдет-ғұрыптың
маңызы ерекше, тіпті кез-
келген шариғат мәселесіне
жауап табылмаса, оның
жауабы ретінде көмек қолын
созатын ижмағтан (мұсылман
мүжтәһид ғалымдардың
белгілі бір діни үкімге
бірауыздан келісуі) кейінгі
төртінші қайнар көз болып
табылады. Бұл жайында Алла
Тағалада Құран Кәрімде:
«Кішіпейілділік таныт,
ғұрыпты бұйыр да,
надандардан бет бұр!» дейді
(«Ағраф» сүресі,199).
Көпшілік тәпсір ғалымдары осы
аятта келген «ғұрып» сөзінің
адамдардың арасында, яки
қандайда бір ортада
қалыптасқан ізгі әдет-ғұрыпты
білдіретіндігін айтқан.
12 слайд
Кейбір қателесушілер исламды дәстүрден бөлек санап, оны құдды бір ағымға теңеуде. Исламда әдет-ғұрыптың маңызы ерекше, тіпті кез- келген шариғат мәселесіне жауап табылмаса, оның жауабы ретінде көмек қолын созатын ижмағтан (мұсылман мүжтәһид ғалымдардың белгілі бір діни үкімге бірауыздан келісуі) кейінгі төртінші қайнар көз болып табылады. Бұл жайында Алла Тағалада Құран Кәрімде: «Кішіпейілділік таныт, ғұрыпты бұйыр да, надандардан бет бұр!» дейді («Ағраф» сүресі,199). Көпшілік тәпсір ғалымдары осы аятта келген «ғұрып» сөзінің адамдардың арасында, яки қандайда бір ортада қалыптасқан ізгі әдет-ғұрыпты білдіретіндігін айтқан.
13 слайд
Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде де Алланың
атын атап, көптеген қанатты сөздер
қолданамыз. Мысалы: «Алла сақтасын»,
«Алла жолыңды берсін», «Алла алдынан
жарылқасын», «Аллаға аманат бол», «Алла
ақыл берсін» деген сияқты бата-дұға
сөйлемдерін көп естиміз. Сонымен қатар,
«Алланың бергені», «Алланың әмірі», «Алла
берген дарын» деген сөздерді де көп
қолданамыз. Оған қоса, «Шайтан түртті»,
«сайтан сияқты», «шайтанның айтқанына
еру» сынды діни мағыналы сөздер күнделікті
тіршілігімізге әсерін тигізіп, тәлім-тәрбиеге
жол сілтегенін аңғарамыз.
13 слайд
Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде де Алланың атын атап, көптеген қанатты сөздер қолданамыз. Мысалы: «Алла сақтасын», «Алла жолыңды берсін», «Алла алдынан жарылқасын», «Аллаға аманат бол», «Алла ақыл берсін» деген сияқты бата-дұға сөйлемдерін көп естиміз. Сонымен қатар, «Алланың бергені», «Алланың әмірі», «Алла берген дарын» деген сөздерді де көп қолданамыз. Оған қоса, «Шайтан түртті», «сайтан сияқты», «шайтанның айтқанына еру» сынды діни мағыналы сөздер күнделікті тіршілігімізге әсерін тигізіп, тәлім-тәрбиеге жол сілтегенін аңғарамыз.
14 слайд
Қазақтар санғасырлар бойы адами
құндылықтарды қорғап, сақтап келген.
Сондықтан, қазақтардың осындай рухани
жоғары дәрежеде исламды насихаттауы
таңқаларлық жағдай емес. Ал, осындай
насихаттарды халқымыз өздерінің
жырларымен, әңгімелерімен,
мәтелдерімен, сондай-ақ, салт-дәстүрімен
жеткізе білген.
14 слайд
Қазақтар санғасырлар бойы адами құндылықтарды қорғап, сақтап келген. Сондықтан, қазақтардың осындай рухани жоғары дәрежеде исламды насихаттауы таңқаларлық жағдай емес. Ал, осындай насихаттарды халқымыз өздерінің жырларымен, әңгімелерімен, мәтелдерімен, сондай-ақ, салт-дәстүрімен жеткізе білген.