Қазақтың ұлттық аспабы - домбыра және оны үйренудегі бастапқы қадамдар
Қазақтың ұлттық аспабы - домбыра және оны үйренудегі бастапқы қадамдар

#1 слайд
Қазақтың
ұлттық аспабы -
домбыра және
оны үйренудегі
бастапқы
қадамдар
1 слайд
Қазақтың ұлттық аспабы - домбыра және оны үйренудегі бастапқы қадамдар
#2 слайд
Домбыра
Домбыра (ноғ. Домбра) — қазақтар,
ноғайлар және қалмақтар мәдениетінде
бар екі ішекті, көп пернелі музыкалық
аспабы. Алғаш эпикалық дәстүр
шеңберінде жыр, толғау, термелерді
сүйемелдеуге қолданылған домбыра
кейін аспаптық шығарма – күй жанрының
қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде
домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй
тартуға, халықтық-фольклорлық
музыкада, классикалық шығармаларды
орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең
музыкалық аспап болып табылады.
Домбыра ежелде қазақтың тарихын
баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
2 слайд
Домбыра Домбыра (ноғ. Домбра) — қазақтар, ноғайлар және қалмақтар мәдениетінде бар екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
#3 слайд
Домбыра негізгі үлкен үш
бөліктен тұрады:
шанағы (кеудесі), мойны және
басы;
-Шанақта дауыс шығаруға
арналған ойық, үлкен тиек және
ішекті тартып тұратын түйме
орналасқан;
-Мойын пернелерге бөлінген;
-Басында ішекті тартып бұрауға
арналған екі құлақ бар. Құлаққа
екі ішек тағылады. Домбыраның
құрылымы
3 слайд
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады: шанағы (кеудесі), мойны және басы; -Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып тұратын түйме орналасқан; -Мойын пернелерге бөлінген; -Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Домбыраның құрылымы
#4 слайд
Домбырашыны ң
отырысы
Орындаушының орнықты әрі ыңғайлы
отыруы қолдарын еркін қимылдатып,
домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік
береді. Сондықтан оқушы алдымен оң
аяғын сол тізесінің үстіне қойып,
орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы
кажет.
Мұндағы сол аяқтың тізеден бүгілуі 90
градусқа шамалас болғаны жөн.
Әр оқушының орындығы өз бойына
сәйкес болуы керек.
Домбыра ұстап отырған кезде екі иық
төмен не жоғары көтерілмей, бір
деңгейде бос тұрғаны дұрыс.
4 слайд
Домбырашыны ң отырысы Орындаушының орнықты әрі ыңғайлы отыруы қолдарын еркін қимылдатып, домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушы алдымен оң аяғын сол тізесінің үстіне қойып, орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы кажет. Мұндағы сол аяқтың тізеден бүгілуі 90 градусқа шамалас болғаны жөн. Әр оқушының орындығы өз бойына сәйкес болуы керек. Домбыра ұстап отырған кезде екі иық төмен не жоғары көтерілмей, бір деңгейде бос тұрғаны дұрыс.
#5 слайд
Негізгі
тәуекел тобы
Негізгі тәуекел тобы инновациялық жобаны қате
таңдау тәуекелдері болып саналады.
Соңғысының пайда болу себептерінің бірі
инновациялық кәсіпорынның экономикалық және
нарықтық стратегиясының басымдықтарын, оның
ішінде инновацияның әртүрлі түрлерінің тиісті
басымдықтарын негізсіз анықтау деп аталады,
бұл өз кезегінде қысқа және ұзақ мерзімді
мүдделерге қол жеткізуге үлес қоса алады.
5 слайд
Негізгі тәуекел тобы Негізгі тәуекел тобы инновациялық жобаны қате таңдау тәуекелдері болып саналады. Соңғысының пайда болу себептерінің бірі инновациялық кәсіпорынның экономикалық және нарықтық стратегиясының басымдықтарын, оның ішінде инновацияның әртүрлі түрлерінің тиісті басымдықтарын негізсіз анықтау деп аталады, бұл өз кезегінде қысқа және ұзақ мерзімді мүдделерге қол жеткізуге үлес қоса алады.
#6 слайд
Төкпе күй дәстүрінде оң қолдың
білезік буыны жартылай бүгулі
тұрады.
Шертпе дәстүрінде оң
қолдың білезік буыны
жазыңқы болады.
6 слайд
Төкпе күй дәстүрінде оң қолдың білезік буыны жартылай бүгулі тұрады. Шертпе дәстүрінде оң қолдың білезік буыны жазыңқы болады.
#7 слайд
•
Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі
қағыстардан басталады. Домбыра ішегін қолмен
қағып, дыбыс шығару әдісін қағыс дейді. Қағыстар
бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар
болып бөлінеді. Қағыс бағытының негізгі таңбалары
былай белгіленеді: Төмен қағыс және Жоғары
бағыттағы қағыс.
•
Домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып
үйренуден бастаған жөн. Себебі, ол - оң қолдың
табиғи қолдың өте ыңғайлы қағыс. Сондай-ақ
домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі
төмен қағыспен басталады. Төмен қағыс қолдың
білезік буынының қатысуымен сұқ саусақ арқылы
алынады. Оқушы әуелі екі иығын босатып,
домбыраны шынтақпен қыспай ұстағаны жөн. Қолды
өз салмағымен бос тастай қағуы керек. Қағыс алу
барысында қолдың білегі мен буынын әрлі-берлі
бұрмай, оның қойылымдық қалпының өзгермеуін
қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен
домбыра мойнын сәл демеп отыру керек.
•
Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен
немесе сұқ саусақпен білезік буынының көмегімен
қағылады.
•
Төмен қағыс пен жоғары қағыстың бірінен кейін
бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп
аталады.
7 слайд
• Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі қағыстардан басталады. Домбыра ішегін қолмен қағып, дыбыс шығару әдісін қағыс дейді. Қағыстар бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар болып бөлінеді. Қағыс бағытының негізгі таңбалары былай белгіленеді: Төмен қағыс және Жоғары бағыттағы қағыс. • Домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып үйренуден бастаған жөн. Себебі, ол - оң қолдың табиғи қолдың өте ыңғайлы қағыс. Сондай-ақ домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады. Төмен қағыс қолдың білезік буынының қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады. Оқушы әуелі екі иығын босатып, домбыраны шынтақпен қыспай ұстағаны жөн. Қолды өз салмағымен бос тастай қағуы керек. Қағыс алу барысында қолдың білегі мен буынын әрлі-берлі бұрмай, оның қойылымдық қалпының өзгермеуін қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойнын сәл демеп отыру керек. • Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен немесе сұқ саусақпен білезік буынының көмегімен қағылады. • Төмен қағыс пен жоғары қағыстың бірінен кейін бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп аталады.
#8 слайд
Домбыра
қағыстары
Домбыра тартуда қағыстардың түр-түрлері бар. Біз
соның ішінде ең керекті «сермеп ойнау», «тремоло»,
«іліп шерту», «пиццикато» сияқты қағыстармен
танысуымыз керек.
«Сермеп ойнау» қағысы деп, оң колдың бірінші саусағы
немесе барлық саусақтармен домбыраның қос ішегін
төмен, жоғары қағып ойнауды айтамыз. Бір төмен, бір
жоғары кағып ойнағанда, домбыраның ішегіне түсетін
колдың салмақ күші бірдей болған жөн. Мұнымен қатар
домбыраның қақпағына тырнақ тигізіп, катты шертпеу
керек.
«Тремоломен» ойнау деп, кос ішекті оң қолдың бірінші
саусағының ұшымен жиі-жиі кағып, яғни дірілдетіп
ойнауды айтамыз. Мұнда да ішекке тырнақ тигізбей,
бармақтын ас- тымен ғана кағу керек.
Домбыраның қос ішегін «тремоломен» ойнағанда
дыбыс қатты шығу үшін кейде оң қолдың барлық
саусақтарымен қақса да болады. Бірінші саусақпен
«тремоло» қағысының екі түрі бар.
Кейде ән-күйлерде бұл қағысты итальян сөзімен
«тремоло» деп белгілеп жазады,
«Іліп кағу» немесе «Шертіп ойнау» деп, домбыраның
ішегін бармақтың ұшымен ғана іліп, тартып ойнауды
айтамыз. Мұнда да екі ішекті бірдей тартуға да болады.
Шертіп ойнағанда бірінші саусақтың сыртымен немесе
барлық саусақтармен де ойналады,
8 слайд
Домбыра қағыстары Домбыра тартуда қағыстардың түр-түрлері бар. Біз соның ішінде ең керекті «сермеп ойнау», «тремоло», «іліп шерту», «пиццикато» сияқты қағыстармен танысуымыз керек. «Сермеп ойнау» қағысы деп, оң колдың бірінші саусағы немесе барлық саусақтармен домбыраның қос ішегін төмен, жоғары қағып ойнауды айтамыз. Бір төмен, бір жоғары кағып ойнағанда, домбыраның ішегіне түсетін колдың салмақ күші бірдей болған жөн. Мұнымен қатар домбыраның қақпағына тырнақ тигізіп, катты шертпеу керек. «Тремоломен» ойнау деп, кос ішекті оң қолдың бірінші саусағының ұшымен жиі-жиі кағып, яғни дірілдетіп ойнауды айтамыз. Мұнда да ішекке тырнақ тигізбей, бармақтын ас- тымен ғана кағу керек. Домбыраның қос ішегін «тремоломен» ойнағанда дыбыс қатты шығу үшін кейде оң қолдың барлық саусақтарымен қақса да болады. Бірінші саусақпен «тремоло» қағысының екі түрі бар. Кейде ән-күйлерде бұл қағысты итальян сөзімен «тремоло» деп белгілеп жазады, «Іліп кағу» немесе «Шертіп ойнау» деп, домбыраның ішегін бармақтың ұшымен ғана іліп, тартып ойнауды айтамыз. Мұнда да екі ішекті бірдей тартуға да болады. Шертіп ойнағанда бірінші саусақтың сыртымен немесе барлық саусақтармен де ойналады,
#9 слайд
Халық күйшілері домбыраларына
әдетте 12-14 перне байлап
тартқан.Перне санын арттыру
процесі өте баяу жүрді және өзі
орындалатын репертуарға тікелей
байланысты болды.Әдетте жаңа
перне онымен алғаш орындалатын
күйдің атымен
аталынды.Пернелердің бірі
"Түрікпен күйін" орындағанда
байланды да ,"Түрікпен пернесі" деп
аталды.
9 слайд
Халық күйшілері домбыраларына әдетте 12-14 перне байлап тартқан.Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты болды.Әдетте жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды.Пернелердің бірі "Түрікпен күйін" орындағанда байланды да ,"Түрікпен пернесі" деп аталды.
#10 слайд
Құрманғазы
Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) —
қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың
аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы
күйшінің алғашқы шығармаларының бірі –
“Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға
арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”,
“Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай”
деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті,
үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі.
Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең
байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы
күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез
нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып,
ұшқыр екпінімен баурап ə кетеді. Күйлерінің
көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан
бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші
домбыраның орындау ə дістерін, аспаптың
дыбыстық ж ə не техникалық бай мүмкіндіктерін
мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы
күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау
шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла
түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық
игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы
шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып
отырады.
10 слайд
Құрманғазы Сағырбайұлы Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы күйшінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап ə кетеді. Күйлерінің көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші домбыраның орындау ə дістерін, аспаптың дыбыстық ж ə не техникалық бай мүмкіндіктерін мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып отырады.
#11 слайд
Дина Нұрпейісова
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы,
Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31
қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші
композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Динаның
әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын
көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған.
Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа
атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі
пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке
еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма»
сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да
сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен
ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы»
бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он
алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес
замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі,
балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы
Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар
Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын
біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ
күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге,
өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
11 слайд
Дина Нұрпейісова Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
#12 слайд
Назар
аударғандарыңызғ
а
рахмет!
12 слайд
Назар аударғандарыңызғ а рахмет!
шағым қалдыра аласыз













