Сабақтың тақырыбы: Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ 5сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ 5сынып

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Адамның табиғатсыз күні жоқ,
табиғаттың оны айтуға тілі жоқ
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
тыңдалым мәтінінің мазмұны;
диалог, монолог, хабарландырудағы көтерілген мәселе.
Сенің меңгеретінің:
тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселе бойынша сұрақтарға
жауап беру;
әлеуметтік-тұрмыстық қатынас ерекшеліктері мен түрлерін
талдау арқылы тақырыптарға түсінік алу;
тақырыпқа байланысты диалог, монолог, хабарландырудағы
көтерілген мәселені ажырату.
Сабақтың мазмұны
Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ Сабаққа шолу Сенің білетінің: тыңдалым мәтінінің мазмұны; диалог, монолог, хабарландырудағы көтерілген мәселе. Сенің меңгеретінің: тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселе бойынша сұрақтарға жауап беру; әлеуметтік-тұрмыстық қатынас ерекшеліктері мен түрлерін талдау арқылы тақырыптарға түсінік алу; тақырыпқа байланысты диалог, монолог, хабарландырудағы көтерілген мәселені ажырату. Сабақтың мазмұны Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ
#2 слайд
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Назар аударыңыздар!
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Оқушылар шығармашылық
сарайы» 5 маусым – «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау
күні» қарсаңында «Мен табиғат жанашырымын»
тақырыбында оқушылар арасындағы сурет байқауы өткізілетіні
туралы хабарлайды.
Өтетін орны: «Өнер» залы (№3 зал)
Сағат: 10:00.
Сурет салу байқауына қатысу үшін өтінімді
Email oqusaray@imektep.kz электрондық поштасына жібере
аласыз.
Байқауға өт i н i мдер 2020 жылдың 30 мамыры сағат 12.00-ге
дей i н Нұр-Сұлтан қ., Б.Момышұлы көшесі, 5 үй, 208-каб. мекен-
жайында қабылданады.
Қосымша ақпаратты +7 7172 70 12 12 телефоны арқылы алуға
болады.
2 слайд
ХАБАРЛАНДЫРУ! Назар аударыңыздар! Нұр-Сұлтан қаласындағы «Оқушылар шығармашылық сарайы» 5 маусым – «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» қарсаңында «Мен табиғат жанашырымын» тақырыбында оқушылар арасындағы сурет байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: «Өнер» залы (№3 зал) Сағат: 10:00. Сурет салу байқауына қатысу үшін өтінімді Email oqusaray@imektep.kz электрондық поштасына жібере аласыз. Байқауға өт i н i мдер 2020 жылдың 30 мамыры сағат 12.00-ге дей i н Нұр-Сұлтан қ., Б.Момышұлы көшесі, 5 үй, 208-каб. мекен- жайында қабылданады. Қосымша ақпаратты +7 7172 70 12 12 телефоны арқылы алуға болады.
#3 слайд
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан
оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы
хабарлап жеткізетін құжат түрі. Мұнда хабарланып
отырған белгілі бір шараның (жиналыс, байқау, кездесу,
т.б.) болатындығы хабарланады және айы, күні,
болатын уақыты мен орны, ұйымдастырушысы
көрсетіледі.
Әлеуметтік-тұрмыстық тақырып – ол отбасы
ортасында (ата-ана, ата-ана мен бала, бауыр-туғандар
арасында) және дос-жаран, құрбы-құрдас ортасында,
сонымен қатар күнделікті өмір-тіршілікте адамдар
арасында тілдесу, пікірлесуге себеп болатын тақырып.
Мәселе – зерттеу мен шешу жолын табуды қажет ететін
күрделі теориялық және практикалық сұрақ.
3 слайд
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі. Мұнда хабарланып отырған белгілі бір шараның (жиналыс, байқау, кездесу, т.б.) болатындығы хабарланады және айы, күні, болатын уақыты мен орны, ұйымдастырушысы көрсетіледі. Әлеуметтік-тұрмыстық тақырып – ол отбасы ортасында (ата-ана, ата-ана мен бала, бауыр-туғандар арасында) және дос-жаран, құрбы-құрдас ортасында, сонымен қатар күнделікті өмір-тіршілікте адамдар арасында тілдесу, пікірлесуге себеп болатын тақырып. Мәселе – зерттеу мен шешу жолын табуды қажет ететін күрделі теориялық және практикалық сұрақ.
#4 слайд
Монолог
Ей, адамзат баласы! Мен сағым даланың рахатына батып,
сайран салып жүрген ақбөкен едім. Қазақ халқы киелі жануар
деп санаған мөлдір көзді асыл жануар едім. Осы байтақ
жерімізде жосып жүрген мен сияқты кешегі ақбөкендер қайда?!
Бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі қандай деңгейге жетті? Оған
кім кінәлі?
Осы сұраққа кей адамдар қапаланып жүрсе, ал енді бірі сол
киелі жануарлардың санын азайтуға себеп болып жүр. Біз бұны
көзімізбен көріп, қатыгездіктің куәгері болып та жүрміз.
Жазиралы жерімізде тарсылдаған мылтықтың даусы, қан-қан
болып жатқан дала, маңырағанда жүректі қынжылтатын ащы
дауыстар – бәрі-бәрі қазақтай қарапайым халықтың көкірегінде
сайрап жатса да, адамдардың біразы жан-жануарға жаны
ашымай теріс бағытқа ұмтылып бара жатқандай. Ел арасында
оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар.
Сондықтан «Қызыл к i тапқа» енг i з i лген ақбөкендерд i
қорғаңдаршы, Адамдар!
4 слайд
Монолог Ей, адамзат баласы! Мен сағым даланың рахатына батып, сайран салып жүрген ақбөкен едім. Қазақ халқы киелі жануар деп санаған мөлдір көзді асыл жануар едім. Осы байтақ жерімізде жосып жүрген мен сияқты кешегі ақбөкендер қайда?! Бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі қандай деңгейге жетті? Оған кім кінәлі? Осы сұраққа кей адамдар қапаланып жүрсе, ал енді бірі сол киелі жануарлардың санын азайтуға себеп болып жүр. Біз бұны көзімізбен көріп, қатыгездіктің куәгері болып та жүрміз. Жазиралы жерімізде тарсылдаған мылтықтың даусы, қан-қан болып жатқан дала, маңырағанда жүректі қынжылтатын ащы дауыстар – бәрі-бәрі қазақтай қарапайым халықтың көкірегінде сайрап жатса да, адамдардың біразы жан-жануарға жаны ашымай теріс бағытқа ұмтылып бара жатқандай. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Сондықтан «Қызыл к i тапқа» енг i з i лген ақбөкендерд i қорғаңдаршы, Адамдар!
#5 слайд
Монолог – (гр. monos – дара, гр. logos – сөйлеу) кейіпкердің
көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы,
өсиет-уағызы.
Әдебиетте жиі қолданылатын монологтер кейіпкердің ішкі жай-
күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты
туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Монологтің өзге сөйленістерден ерекшелігі – бір адамның ойы
бір ғана көрініс табады. Мысалы, мәтінде кейіпкер өзімен-өзі
сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменге ой салып,
өсиет айтады.
1.Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін қандай үлгіде
жазылған?
•
Жарнама
•
Хабарлама
•
диалог.
•
монолог
5 слайд
Монолог – (гр. monos – дара, гр. logos – сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Әдебиетте жиі қолданылатын монологтер кейіпкердің ішкі жай- күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Монологтің өзге сөйленістерден ерекшелігі – бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, мәтінде кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменге ой салып, өсиет айтады. 1.Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін қандай үлгіде жазылған? • Жарнама • Хабарлама • диалог. • монолог
#6 слайд
2.Үзіндіні мұқият тыңда. Тірек сөздерді тап.
•
мақсат, қалмау, кешігу, зиян, табиғат, аялау
•
әрине, адам іс-әрекеті, жануарлар, жоқ
•
дұрыс, тіршілік, «Қызыл кітап», тіл, айту
•
адам, табиғат, қорғау, қамқор болу, сенбілік.
3.Диалогте көбінесе қандай сөйлемдер қолданылатынын тап.
•
Сұраулы сөйлемдер.
•
Лепті сөйлемдер
•
Бұйрықты сөйлемдер
•
Риторикалық сөйлемдер
4.Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін не туралы?
•
Қоршаған ортаны қорғау күні туралы
•
Сурет салу байқауы туралы .
•
Астанадағы оқушылар сарайы туралы
•
Шығармашылығы зор оқушылар туралы
6 слайд
2.Үзіндіні мұқият тыңда. Тірек сөздерді тап. • мақсат, қалмау, кешігу, зиян, табиғат, аялау • әрине, адам іс-әрекеті, жануарлар, жоқ • дұрыс, тіршілік, «Қызыл кітап», тіл, айту • адам, табиғат, қорғау, қамқор болу, сенбілік. 3.Диалогте көбінесе қандай сөйлемдер қолданылатынын тап. • Сұраулы сөйлемдер. • Лепті сөйлемдер • Бұйрықты сөйлемдер • Риторикалық сөйлемдер 4.Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін не туралы? • Қоршаған ортаны қорғау күні туралы • Сурет салу байқауы туралы . • Астанадағы оқушылар сарайы туралы • Шығармашылығы зор оқушылар туралы
#7 слайд
5.Мәтінді мұқият тыңда. Сөйлемдегі бос орынға ұсынылған
нұсқалардан тиісті сөздерді қой.
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан алдағы
болатын……… туралы хабарлап жеткізетін …………
Керекті сөздер:кітап,құжат.,мөр.
Керекті сөздер: іс-шаралар.,іс-қағаздар,мектептер
6.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.
Байқауға ... …….. 2020 жылдың 30 мамыры сағат 12.00-ге
дейiн Нұр-Сұлтан қ., Б.Момышұлы көшесі, 5 үй, 208-каб.
мекен-жайында қабылданады.
•
Суреттер
•
Суретшілер
•
өтiнiмдер.
•
оқушылар
7 слайд
5.Мәтінді мұқият тыңда. Сөйлемдегі бос орынға ұсынылған нұсқалардан тиісті сөздерді қой. Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан алдағы болатын……… туралы хабарлап жеткізетін ………… Керекті сөздер:кітап,құжат.,мөр. Керекті сөздер: іс-шаралар.,іс-қағаздар,мектептер 6.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой. Байқауға ... …….. 2020 жылдың 30 мамыры сағат 12.00-ге дейiн Нұр-Сұлтан қ., Б.Момышұлы көшесі, 5 үй, 208-каб. мекен-жайында қабылданады. • Суреттер • Суретшілер • өтiнiмдер. • оқушылар
#8 слайд
7.Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін кімнің атынан жазылғанын
анықта.
•
Ақбөкеннің.
•
Халықтың
•
Жануардың
•
табиғаттың
8.Қарамен боялған сөздер қандай сөздер қатарына
жататындығын тап: Ей, адамзат баласы! «Қызыл кiтапқа»
енгiзiлген ақбөкендердi қорғаңдаршы, Адамдар!
•
Риторикалық сұрақ
•
Төл сөз, автор сөзі
•
Қаратпа сөздер.
•
Қыстырма сөздер
9.Мәтін мазмұны бойынша «Қызыл кітапқа» енген жануарды тап.
•
Ақбөкен.
•
Бірқазан
•
киелі жануар
•
арқар
8 слайд
7.Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін кімнің атынан жазылғанын анықта. • Ақбөкеннің. • Халықтың • Жануардың • табиғаттың 8.Қарамен боялған сөздер қандай сөздер қатарына жататындығын тап: Ей, адамзат баласы! «Қызыл кiтапқа» енгiзiлген ақбөкендердi қорғаңдаршы, Адамдар! • Риторикалық сұрақ • Төл сөз, автор сөзі • Қаратпа сөздер. • Қыстырма сөздер 9.Мәтін мазмұны бойынша «Қызыл кітапқа» енген жануарды тап. • Ақбөкен. • Бірқазан • киелі жануар • арқар
шағым қалдыра аласыз













