Сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыс қысмыс пен жазалаудың негізгі үрдістері презентация
Сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыс қысмыс пен жазалаудың негізгі үрдістері презентация

#1 слайд
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық
пәндер», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Гигиена
және эпидемиология» кафедралары
Салыстырмалы талдау
тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыс : қысмыс пен
жазалаудың негізгі үрдістері
Шымкент-2099 Орындаған:
Группа :
Қабылдаған :
1 слайд
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Гигиена және эпидемиология» кафедралары Салыстырмалы талдау тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыс : қысмыс пен жазалаудың негізгі үрдістері Шымкент-2099 Орындаған: Группа : Қабылдаған :
#2 слайд
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас
жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет
пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің
басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатының негізі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық
тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні
баршаға мәлім.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру
бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның
негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы»
заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік
қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді
түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
2 слайд
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді. Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
#3 слайд
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл :
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес
игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және
мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.
Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану
пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап, жағдайлар жасайды.
Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес,
сондай-ақ шығыстарын да декларациялау болмақ. Бұдан әрі мұндай декларациялау бүкіл
халыққа қолданылады, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және
ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.
Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің
еңбекақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің
кеңеюіне қарай одан әрі кезең-кезеңмен жоғарылату көзделген. Бұл міндет мемлекеттік
қызметшілер еңбекақысының жекеше сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге
қабілеттілігі жеткіліксіз екендігін ескере отырып та өзекті бола түседі.
Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы –
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі.
Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей
байланысы болуы да болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі
неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен
болады.
3 слайд
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл : Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді. Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап, жағдайлар жасайды. Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялау болмақ. Бұдан әрі мұндай декларациялау бүкіл халыққа қолданылады, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбекақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай одан әрі кезең-кезеңмен жоғарылату көзделген. Бұл міндет мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының жекеше сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз екендігін ескере отырып та өзекті бола түседі. Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі. Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысы болуы да болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін
арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын
жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:
•
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы;
•
қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі;
•
халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;
•
елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық
рейтингтерді, оның ішінде « Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау
индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.
Стратегия міндеттері:
•
мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
•
қоғамдық бақылау институтын енгізу;
•
квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
•
соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
•
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру;
•
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық
ынтымақтастықты дамыту.
Стратегияның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол
жеткізуге бағытталған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да
қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен пікірлерін ескереді.
5 слайд
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар: • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы; • қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі; • халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі; • елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде « Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту. Стратегия міндеттері: • мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; • қоғамдық бақылау институтын енгізу; • квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; • соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру; • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Стратегияның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен пікірлерін ескереді.
#6 слайд
Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық
ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің әмбебап және бәрін қамтитын анықтамасының
жоқтығына қарамастан, оған ең алдымен шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық
жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жатқызады, ал оның неғұрлым таралған
түрлері ретінде әдетте шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік
мақсаттарда пайдалану болып танылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеудің күрделілігі оның
жеке алғанда әрбір мемлекет үшін ерекшеліктеріне және оның өзгермелі сипаттамаларына
қарай қиындықтарына да байланысты.
Сыбайлас жемқорлықтың себептерін, жағдайлары мен салдарларын айқындаған кезде
жергілікті діл, ұлттық және діни ерекшеліктер, құқықтық мәдениеттің деңгейі сияқты
факторлар ескерілуі тиіс.
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-қимылдың басты
шарттары билік органдарының қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы, сот
төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, баяндауда анық және қолдануда күрделі емес заңдар,
мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы және
қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздігі болып танылады.
Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда
мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз
байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен
күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.
6 слайд
Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің әмбебап және бәрін қамтитын анықтамасының жоқтығына қарамастан, оған ең алдымен шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жатқызады, ал оның неғұрлым таралған түрлері ретінде әдетте шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану болып танылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеудің күрделілігі оның жеке алғанда әрбір мемлекет үшін ерекшеліктеріне және оның өзгермелі сипаттамаларына қарай қиындықтарына да байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін, жағдайлары мен салдарларын айқындаған кезде жергілікті діл, ұлттық және діни ерекшеліктер, құқықтық мәдениеттің деңгейі сияқты факторлар ескерілуі тиіс. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-қимылдың басты шарттары билік органдарының қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, баяндауда анық және қолдануда күрделі емес заңдар, мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздігі болып танылады. Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен
себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың түрлі салалар мен аяларда таралу деңгейін
бағалау, мемлекеттік, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті нормативтік-
құқықтық реттеудегі олқылықтарды, мемлекеттік-құқықтық реттеу тетіктерінде
туындайтын проблемаларды анықтауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
процесінде құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге
ықпал етеді.
Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдаған
кездегі ашықтықтың жеткіліксіз болуы, мемлекеттік аппараттың қызметінде тиісті
азаматтық бақылаудың және қоғамдық пікірді ескерудің болмауы артық төрешілдікке,
әкімшілік кедергілер мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға алып келеді, бұл
жиынтығында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуіне ықпал ететін келеңсіз
факторларды қалыптастырады.
Ұлттық заңнаманың базалық салаларының болып жатқан сапалы жаңаруына қарамастан,
қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерде басты проблема тиісті құқық
қолдану мәселелерінің шешілмеуі болып қалып отыр.
8 слайд
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың түрлі салалар мен аяларда таралу деңгейін бағалау, мемлекеттік, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті нормативтік- құқықтық реттеудегі олқылықтарды, мемлекеттік-құқықтық реттеу тетіктерінде туындайтын проблемаларды анықтауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет процесінде құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге ықпал етеді. Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдаған кездегі ашықтықтың жеткіліксіз болуы, мемлекеттік аппараттың қызметінде тиісті азаматтық бақылаудың және қоғамдық пікірді ескерудің болмауы артық төрешілдікке, әкімшілік кедергілер мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға алып келеді, бұл жиынтығында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуіне ықпал ететін келеңсіз факторларды қалыптастырады. Ұлттық заңнаманың базалық салаларының болып жатқан сапалы жаңаруына қарамастан, қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерде басты проблема тиісті құқық қолдану мәселелерінің шешілмеуі болып қалып отыр.
#9 слайд
Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау құралдарының барлық арсеналын пайдалану
әлі де өзекті проблема болып табылады.
Қолданыстағы заңнаманың және қазақстандық құқыққа тән институттардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланылмаған әлеуеті бар, оны толыққанды іске
асыру мүмкіндігі осы саладағы шетелдік модельдер мен тәжірибені енгізу мәселелерін
қараған кезде барынша ескерілуге тиіс.
Алдын алу-профилактикалық жұмыста да жүйелік жоқ.
Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін
қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен
жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және
қабылдау басымдық болуы тиіс.
Бұл ретте назар жергілікті билік органдарының қызметіне де аударылуы тиіс, өйткені,
өңірлердегі істердің жай-күйі үшін олардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтіледі
және дәл солар өз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерімен азаматтардың күнделікті
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Тұтастай алғанда, уәкілетті органның қызметінде оның құқық қорғау және реттеуші
функциялары арасындағы теңгерім сақталуы тиіс.
Мемлекеттік функцияларды орындаған кездегі мүдделер қақтығысы да мемлекеттік
сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін маңызды себептердің бірі болып
табылады. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі талдау сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал
ететін себептерді айқындауға және жоюға мүмкіндік береді.
Осы күнге дейін азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық ағартуға,
әсіресе, халықтың күнделікті өмірінде неғұрлым сұранысқа ие қолданыстағы құқықтың
салалары мен нормалары бойынша жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.
9 слайд
Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау құралдарының барлық арсеналын пайдалану әлі де өзекті проблема болып табылады. Қолданыстағы заңнаманың және қазақстандық құқыққа тән институттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланылмаған әлеуеті бар, оны толыққанды іске асыру мүмкіндігі осы саладағы шетелдік модельдер мен тәжірибені енгізу мәселелерін қараған кезде барынша ескерілуге тиіс. Алдын алу-профилактикалық жұмыста да жүйелік жоқ. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс. Бұл ретте назар жергілікті билік органдарының қызметіне де аударылуы тиіс, өйткені, өңірлердегі істердің жай-күйі үшін олардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтіледі және дәл солар өз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерімен азаматтардың күнделікті мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда, уәкілетті органның қызметінде оның құқық қорғау және реттеуші функциялары арасындағы теңгерім сақталуы тиіс. Мемлекеттік функцияларды орындаған кездегі мүдделер қақтығысы да мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін маңызды себептердің бірі болып табылады. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі талдау сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Осы күнге дейін азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық ағартуға, әсіресе, халықтың күнделікті өмірінде неғұрлым сұранысқа ие қолданыстағы құқықтың салалары мен нормалары бойынша жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінен бір жолғы акциялармен және
науқандармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы шаблон түріндегі сөздермен шектеледі,
интернет-кеңістік жеткіліксіз пайдаланылады.
Іс жүзіндегі ақпараттық өріс сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті
қалыптастыруда қоғамды шоғырландыруға әрдайым ықпал ете бермейді.
Сыбайлас жемқорлық проблемаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет
қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін зерделеуге арналған социологиялық
зерттеулердің деңгейі мен сапасы жетілдіруді қажет етеді.
Қызметтік этиканың нормалары мен қағидаларын бұзушылықтардың сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтардың өзінен әлі де заңнамалық деңгейде аражігі ажыратылған жоқ, бұл
сыбайлас жемқорлықтықтың нақты көрінісін бұрмалайды, мемлекеттің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестегі өзекті бағыттарына күш-жігерін шоғырлауға кедергі
жасайды және елдің сыбайлас жемқорлық рейтингісінің негізсіз өсуіне әкеледі.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері мен тиісінше оларды жасағаны үшін
қолданылатын жаза деңгейлері арасындағы аражік нақты ажыратылмаған.
Жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне деген тәсілдерді
де айқындау уақыты келді.
11 слайд
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінен бір жолғы акциялармен және науқандармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы шаблон түріндегі сөздермен шектеледі, интернет-кеңістік жеткіліксіз пайдаланылады. Іс жүзіндегі ақпараттық өріс сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда қоғамды шоғырландыруға әрдайым ықпал ете бермейді. Сыбайлас жемқорлық проблемаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін зерделеуге арналған социологиялық зерттеулердің деңгейі мен сапасы жетілдіруді қажет етеді. Қызметтік этиканың нормалары мен қағидаларын бұзушылықтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өзінен әлі де заңнамалық деңгейде аражігі ажыратылған жоқ, бұл сыбайлас жемқорлықтықтың нақты көрінісін бұрмалайды, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзекті бағыттарына күш-жігерін шоғырлауға кедергі жасайды және елдің сыбайлас жемқорлық рейтингісінің негізсіз өсуіне әкеледі. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері мен тиісінше оларды жасағаны үшін қолданылатын жаза деңгейлері арасындағы аражік нақты ажыратылмаған. Жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне деген тәсілдерді де айқындау уақыты келді.
#12 слайд
Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы сыбайлас жемқорлықтың
таралу саласын және оның анықтамасына жататын адамдар тобын айқын түсінуге
негізделуі тиіс. Бұл ретте бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер мен елдегі қолайлы
инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету ісінде қиындықтар жасалмауы тиіс. Тұтастай
алғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы қысқаруға тиіс.
Тәуелсіз Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке одан әрі кірігуі бойынша жасап жатқан
қадамдары біздің елімізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде
қабылданған белгілі бір халықаралық стандарттарды ескеруге міндеттейді.
Сонымен бірге, мұндай стандарттар шетелдік серіктестердің ұсынымдарын пайдаланып
қана енгізілмеуі тиіс. Халықаралық тәжірибе оның ережелерінің ел Конституциясына,
қалыптасқан заңнамалық және құқық қолдану практикасына сәйкес болуы тұрғысынан,
дәстүрлі және біздің елге тән құқықтық тетіктер мен институттардың қалыптасу және
жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, мұқият зерделенуге және егжей-тегжейлі
талдауға жатады.
12 слайд
Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы сыбайлас жемқорлықтың таралу саласын және оның анықтамасына жататын адамдар тобын айқын түсінуге негізделуі тиіс. Бұл ретте бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер мен елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету ісінде қиындықтар жасалмауы тиіс. Тұтастай алғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы қысқаруға тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке одан әрі кірігуі бойынша жасап жатқан қадамдары біздің елімізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданған белгілі бір халықаралық стандарттарды ескеруге міндеттейді. Сонымен бірге, мұндай стандарттар шетелдік серіктестердің ұсынымдарын пайдаланып қана енгізілмеуі тиіс. Халықаралық тәжірибе оның ережелерінің ел Конституциясына, қалыптасқан заңнамалық және құқық қолдану практикасына сәйкес болуы тұрғысынан, дәстүрлі және біздің елге тән құқықтық тетіктер мен институттардың қалыптасу және жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, мұқият зерделенуге және егжей-тегжейлі талдауға жатады.
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
14 слайд
#15 слайд
Қолданылған әдебиеттер :
•
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
оқу құралы
•
« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » заң
•
Интернет ресурстары
15 слайд
Қолданылған әдебиеттер : • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері оқу құралы • « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » заң • Интернет ресурстары
шағым қалдыра аласыз













