Материалдар / 10 сынып Тепе - теңдік гимнастикалық жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10 сынып Тепе - теңдік гимнастикалық жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 10 сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағы. Ол мұғалімдерге жас мамандарға пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
1123
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3.Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Тепе - теңдік гимнастикалық жаттығулар және кеңістіктегі дене қозғалысы

Оқу мақсаттары

10.1.5.5. Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялар-мен тәжірибе жасау

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушыларсенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасайды.

Көбі: Білім алушыларсенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасайды,көрсетеді,түсіндіреді.

Кейбірі: Білім алушыларсенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасайды,көрсетеді,түсіндіреді және талдап салыстыра біледі.

Жетістік критерийлері

Әдістерді орындауға қатысты идеяларды, стратегиялар мен жоспарларды ұсынады

Ұсынылған әрекеттерді бағалайды.

Тілдік мақсаттар


Бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулардене бөліктерігимнастикалық снарядтар

гимнастикалық қабырғаларқанат, саты, кермелерәр түрлі биіктіктердегіқоссырықтаргимнастикалық теке, атгимнастикалық маттар, орындықтарқозғалыстар үйлесімімүсін.

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу

Пәнаралық байланыстар

Физики,геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Планшет қолдану

Бастапқы білім


Білім алушылар өткен дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығу дағдылары мен білімдеріне ие.


Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин


Дайындық бөлімі.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру.Қосарланып жасау арқылы жалпы шынығу жаттығуларын жасау. Жүгіруден жүріске өтіп, жалпы дамыту жаттығуларын жасау және сергіту ойындары.


Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
















Кең алаң

Ысқырық,


Сабақтың ортасы

15мин

(Ж, К, Тәж) Гимнастикалық қондырғыларда элементтерді көрсету (қолда бар қондырғыларға байланысты).

Ұлдар.Керме. Асылып тұрып, аударылып түсіп көтерілу – баяу асылып тұруға түсу – аяқтарды артқа сермей секіріп түсу.Қоссырық. Сілтеу арқылы қолға таяна көтерілу – қолмен таянып бүгілуден көтерілу

аяқ екі жаққа бүгіліп көтерілу

алғадомалап отыру, аяқ екі жаққа ішке ырғып

түсу және артқа сермеу, алға сермеу

- артқасермеу арқылы иіле секіріп түсу.

Қыздар.Әртүрлі биіктіктегі қоссырық.

Жоғарғы сырықта ілініп тұрып, бүгіле иілу

-төменгі сырықта артқа жатып ілініп, бір

қолды жібере, жатып ілініп айналу

жоғарғысырықтан оң(сол) қолмен ұстана,төменгі

сырыққа отыруға ауысу

бұрыш жасап,артқа секіріп түсу.

Тепе-теңдік. Бір аяқта тұру «қарлығаш».

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!