Материалдар / 10 сыныптар арасында өткен озат ойлы болғаны үшін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10 сыныптар арасында өткен озат ойлы болғаны үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 10 сынып оқушыларына көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
669
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Адамның шығу тегі теориялары. Этностардың пайда болуы туралы теориялар. Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Адамның шығу тегі туралы эволюциялық және діни түсініктердің қалыптасуы мен даму тарихы және адамзаттың даму сатысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Алғашқы адамдардың  дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстырып, олардың айырмашылығы мен ортақтығын тауып, жалпы өмір сүруі туралы ой-пікір айта отырып, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін сезіндіре отырып - төзімділікке, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып - еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып - имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақ көрнекілігі: Адамның пайда болуы туралы діни наным-сенімдерді сипаттайтын суреттер, Алғашқы адамдардың даму сатысы туралы суреттер және слайд, сызбанұсқа,  кесте.

Сабақ әдісі: баяндау, пікір-талас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті:

а) амандасу

б) бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру

в) оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

Жоспар:

1. Адамның шығу тегі.
2. Тас дәуірі.
3. Адамзаттың даму барысы.
4. Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы.
5. Қоғамдық ұйымы.

Адамның шығу тегіне байланысты тарихта 2 түрлі көзқарас бар.

Бірінші көзқарас, діни түсінік. Ол - еңбекке қабілетті адам баласын Құдай жаратты. Оны барлық тірі жан иесінен артық етті. Оған ой-сана мен тіл берді делінген.

Екінші көзқарас табиғаттану, биология және тарих ғылымдарына негізделген.

Тас дәуірі. Адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың өндірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін – палеолит, мезолит, неолит деп 3 кезеңге бөледі. Бұл кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленеді. 

Тарихта ең ұзаққа созылған ежелгі тас дәуірі (палеолит) б.з.б. 2,6 млн жылдан – б.з.б. 12 мың жыл аралығын қамтиды.

Палеолит

Ерте палеолит                                                 Кейінгі палеолит

Б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 40 мың жыл           б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы


олдувэй                           ашель                            мустье

б.з.б. 2,6-800 мың жыл     б.з.б. 800-140 мың жыл   б.з.б. 140-40 мың жыл

Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. Ең алғашқы адам қаңқалары Танзанияда (Шығыс Африка)  Олдувай шатқалынан табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Адамның келесі даму кезеңін ғалымдар «тік жүретін адам» деп атайды. Өкілі - питекантроп. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германияның Неандерталь жерінде табылды. Неандертальдықтар 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.

Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді. Кейінгі сатысы- кроманьондықтар (саналы адам)- сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. Дегенмен де адамдар тобыры – адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымы еді.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.

1. «Алғашқы адамдардың даму сатысы»- слайд көрсету.
2. Адамзаттың шығу тегі туралы қандай көзқарастар бар? (жаңа сабақты меңгеруі және слайд бойынша әңгімелеу)
3. Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек құралдары туралы әңгімеле.
4. Адамның пайда болуы жайлы шағын әңгіме құраңдар.
5. Кестемен жұмыс.

Адамның даму барысы

Өмір сүрген мерзімі

Табылған жері

Айырмашылықтары

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

V. Қорытынды

VІ. Үйге тапсырма.  «Адамзаттың пайда болуы» оқу, әңгіме құрастыру.


ЭТНОСАЯСАТ: МӘНІ МЕН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ 1.1. Этносаясаттың негізгі ұғымдары мен категориялары Этносаяси үдерістерді зерделеуде ең алдымен этносаясаттың негізгі категориялары мен ұғымдарын анықтау қажет. Қазақстандық саяси энциклопедияда этнос (грек тілінен ethnos – халық, ұлыс, адамдар тобы, тобыр, тайпа) табиғи тарихи қалыптасқан орнықты адамдар қауымдастығы ретінде белгіленеді.1 «Халық» деп аударылатын «демос» терминінен айырмашылығы «этнос» жергілікті жердің тұрғылықты халқын білдіреді. «Халық» ұғымы алғашқы мағынасына қосымша белгілі әлеуметтік-саяси мағына алды және бұл ұғымдар арасында тікелей сәйкестік жоқ. Түрлі зерттеушілер этностың әртүрлі дефиницияларын ұсынады. Қазақстандық саясаттанушылар этностың пайда болуына қатысты негізгі шарттар деп тіл ортақтығы, аумақ ортақтығы, тарих ортақтығы, экономика ортақтығы, рухани және материалдық мәдениет, өзіндік сана-сезім, менталитет, дін, психология, демография ортақтығын біледі. Аталған белгілер халықтың этникалық өзіндік санасезімінде қалыптсады. Онда ол өз тұтастығын, ең алдымен пайда болу ортақтығын, осылайша этникалық туыстығын сезінеді. «Этнос» категориясының өзі тарих ғылымы үшін талассыз санат болып табылады, объективті және іргелі, өйткені этнос – әлеуметтік емес, табиғи санат сияқты. Әр адам белгілі бір этносқа жатады, оның үстіне біреуіне ғана, ол аралас некеге отырумен бұзылмайды. Мәселен, аралас 1 Казахстанская политологическая энциклопедия. Гл. ред. Мустафин Т.Т. Алматы: КазГУ. 1998. – Б. 396. «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІ 7 некеден туған балалар бәрібір өздерін ата-анасының біріне тән этностың өкілі сезінеді. Ежелгі гректер грек болып табылмайтын өзге халықтарды белгілеу үшін «этнос» сөзін пайдаланған. Орыс тілінде бұл ұғымның баламасы ұзақ уақыт бойы «халық» ұғымы болған. Алайда ғылыми айналымға «этнос» ұғымын 1923 жылы орыстың эмигрант ғалымы С.М. Широкорогов енгізген. Ол: «Этнос бір тілде сөйлейтін, өздерінің шығу тегінің біртұтастығын мойындайтын, дәстүрмен сақталып, көрініс тапқан тұрмыс салты мен әдет-ғұрыптар кешеніне ие және осындай өзге топтардан ерекшеленетін адамдар тобы», – дейді. Осылайша этностың түсінігін қарастырғанда мәдениеттің ортақтығы: этногенез, тұрмыс, дәстүрлер, тіл ескеріледі. Бүгінгі таңда бұл ұғымды түсіндіруде екі әдісті белгілеуге болады: • біріншіден, табиғи факторлардың әсерін ескере отырып, адамның өзінің өмір сүруі формасы мен мәдениеті ретінде (мысалы, Л.Н. Гумилевтің тұжырымында); • екіншіден, оның пайда болуы, дамуы мен құрылым өзгерісін білдіретін тарихи-әлеуметтік ретінде. Этносқа осындай талдау жасауда оның орналасуы мемлекет шекарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Орыс, армян, еврей, поляк және басқалардың жеке топтары (диаспоралар) өзінің ұлттық мемлекеттігінен тысқары сүргенде, өз этносына жатады. Этностың пайда болуындағы негізгі шарттары – аумақ және тіл ортақтығы – ақырында оның негізгі белгілері ретінде көрініс табады. Бұл ретте этнос әр түрлі элементтерден де тұруы мүмкін. Тарихи-мәдени таралу аймағының қалыптасуы көбінесе белгілі бір мәдениет элементтері, мәселен, тіл немесе дін төңірегінде болады. Бұл мағынада «роман мәдениеті», «ислам әлемі», «христиан мәдениеті» деп аталады. Тарихи даму барысында, белгілі бір қоршаған орта жағдайлары мен өзге себептерде шаруашылық қызмет ерекшеліктерінің әсерінен осы этносқа тән материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыс, топтық психологиялық ЭТНОСАЯСАТ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРТЕКТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 8 сипаттың келбеті қалыптасады. Этнос мүшелерінде жалпы өзіндік сана сезім пайда болып, ондағы көрнекті орынды олардың пайда болу ортақтығы туралы түсінік алады. Осы өзіндік сана сезімнің сыртқы көрінісі ортақ этноним (қазақтар, латыштар, орыстар, француздар және тағы басқалар) – өздерінше атауының болуы табылады. Қалыптасқан этникалық қауым негізінен этникалық біртекті некелер мен жаңа ұрпаққа тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, этникалық көзқарастары және т. б. қалдыру арқылы өз өсімімен көбейетін әлеуметтік организм ретінде белгіленеді. Этностар этникалық үдерістер барысында өзгерістерге – бірігуге, ассимиляцияға т.б. душар болады. Тұрақтырақ өмір сүру үшін этнос өзінің әлеуметтік-аумақтық ұйымын (мемлекет) құруға талпынады. Этностарды зерттеумен этнография, этносаясаттану айналысады. Этнос табиғи және әлеуметтік ортаға ұзақ уақыт бойы бейімделу кезеңінде қалыптасқан мәдени дәстүрлердің иеленушісі болып табылады. Этнос ішкі этникалық тілектестік сақталғанға дейін әрекет етеді. Оның әлсіреуі этностың ыдырауына, яғни өліміне соқтырады. Ыдыраған этностан тұратын адамдар, әрине өлмейді, ал этникалық тиістілігінен айырылушы ретінде өзге этностардың қалыптасуының қатысушысына айналады. Танымал ресейлік ғалым Л.Н. Гумилев этносты мінезқұлықтың стереотиптеріне сүйене отырып анықтаған. Оның пікірінше, этнос – бұл саналы есептен емес, «біз – олар» секілді қарсы қойып салыстыру және өзіміз бен бөтендерге бөлінуді айқындайтын өзара ортақтықтың түйсіксіз сезінуінен шығатын өзін осындай жүйелерге қарсы қоятын жүйе ретінде әрекет ететін соны жүріс-тұрыс стереотипі негізінде қалыптасқан адамдар ұжымы. Осылайша, этнос жүйе ретінде ұғынылады. «Біз – олар» секілді қарсы қойып салыстыру этникалық тиістілігін анықтауға арналған индикатор болып қызмет етеді, осылайша жүйе құрайтын байланыстың ерекше түрі де бола алады.


«Этникалық және әлеуметтік процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып Этностардың пайда болуы туралы теориялар. Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары. Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестіктің тәсілдері. Социогенез туралы теориялардың алуантүрлілігі

Оқу мақсаты 10.2.1.2 Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану

10.2.2.2 Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-

салдарлық байланысын анықтау

10.2.2.4 Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау

10.2.3.2 Социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Бағалау критерийі Білім алушы

«Этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды түсіндіруде қолданады

Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-

салдарлық байланысын көрсетеді

Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін анықтайды

Социгенездің әртүрлі теорияларын жіктейді және қорытындылайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут



Тапсырма


1. «Этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолданып, кестеде берілген терминдердің мағынасын жазыңыз.


Ассимиляция (лат. assimilatio  — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы.

Еуропаға жан-жақтан мигранттардың ағылып келуінен кәрі құрлықта көпұлтты елдер пайда бола бастады. Әлемдегі ең көпұлтты ел болып Үндістан Федеративті Республикасы саналады. Үндістанда үш нәсіл: негроидтар, еуропеоидтар мен моңғолоидтар көп кездеседі. «Үнділіктер» деген ұғымға Жер халқының алтыдан бір бөлігін құрайтын жүздеген тілде сөйлейтін 1,15 млрд халықты айтамыз.Үндістан халықтарының ішінде хиндустандықтар, телугулар (андхра), маратхилар, бенгалдықтар, бихарлықтар, тамилдер, гуджараттықтар, каннаралар, малаялықтар, пенджабтықтардың қарасы мол. Үнді жұртының 72 пайызын үндіарийлік топтар (300), 25 пайызын дриавидтік топтар, 3 пайызына жуығын моңғолоидтар құрайды. Халықтың жартысынан көбі алуан түрлі 30 тіл мен 2 мыңдай диалектіде сөйлейді. Үнді халқының 83 пайызы индуизмді, 11 пайызы ислам дінін, 2,4 пайызы сикхизмді, 2 пайызы буддизмді, 1,6 пайызы джайнизмді ұстанады.

Этникалық процестер, этникалық үрдістер – этникалық қауымдастықтардың өзгеруіне алып келеді. Қоғамда түрлі жағдайлар әсерінен қалыптасқан Этникалық процестерді этноэволюц. және этнотрансформац. деп бөлуге болады. Алғашқысы бойынша этн. қауымдастықтар әлеум.-экон. жағынан дамиды да, көрші халықтармен байланысқа түсе отырып, ең алдымен, мәдениет пен тұрмыстың өзгеруіне алып келеді. Келесісі бойынша этн. қауымдастықтар немесе олардың жекелеген бөліктері басқаларға қосылады да, этн. санасы өзгерістерге ұшырайды. Мұндай жағдайда көбінесе бір этнос жойылып, басқасы қалыптасады. Оған консолидац. үрдістер мен этносаралық интеграциялар жатады. Соңғысы көп ұлтты мемлекеттерде дамиды және халықтардың өзара кірігуіне, жекелеген ұлттардың басым болуына алып келеді. Мыс., КСРО тұсында бірқатар ұсақ халықтар өздерінің мәдениетін, тілін, ділін жоғалтып, бойына өзге ірі ұлттардың нышандарын сіңіре бастады.

Этника аралық интеграция - бұл өзара әрекет (көбінесе мемлекет ішінде) өздерінің бірнеше тіл аралық ерекшеліктері мен мәдени этносы, жалпы белгілердің көрінісімен қатар болған, жалпы өзара саналық әлементтердің саны этника аралық қауымда қалыптасқан, этникалық пайда болуға қарсыланған істер белгісі, анықталған жақындық мәні сол уақыттағы, этникалық өзара көріністі сақтау - бұл біріншіден; екіншіден этника аралық интеграцияконсолидация ерекшелігі, тіл мен мәдениеттің тағы да басқа ерекшеліктер өзара әрекет түрі. Бұл Қазақстанда этникалық құрылымдық спецификаның бірі болып табылады; үшіншіден, этника аралық қауымның қалыптасқан мәні этника аралық интеграция, өзара жалпы Қазақстан ұлты сияқты. Төртіншіден, этника аралық интеграция адамдар бірлестігі болуы керек, әртүрлі нәсілдердің өкілдері этностардың әр алуандығы ерекшелінеді, бірақта ол адамдардың бірлестігі болуы қажет. Қазақстандықтардың менталитеті - бұл этника аралық интеграцияның нәтижесі болып табылатын қайталанбас феномен.

Ұлттық мемлекет - қандай да бір этностың, ұлттың тарихи қалыптасқан отанында құрылған, ұлттың егемендігін білдіретін мемлекет. Тарихта ұлттық мемлекеттер әдетте, ұлттық қалыптасу мерзімі мемлекеттің құрылуымен түспа-түс келген жағдайда қүрылды. Осыған орай, мемлекеттік шекаралар этникалық шекаралармен де сәйкес келіп жатты. Ұлттық мемлекет құру (әсіресе, ұлттық қозғалыстардың ерте кезеңдерінде) - қоғамдық дамудың аса маңызды үрдістеріңің бірі. "Ұттық мемлекет" ұғымы этникалық тұрғыда екіұшты мағынада қолданылады. Біріншіден, тұрғын халқының басым бөлігі біркелкі ұлттық құрамнан тұрады (мысалы, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея, ГФР, ИталияПортугалияБангладешДанияБразилияПольшаИсландияВенгрия, көптеген Араб мемлекеттері және тағы басқалар). Екіншіден, аумағында тарихи өз түпкілікті жерінде түратын этностары бар мемлекетті сипаттауда қолданылады.


Shape2 Термин Терминнің мағынасы

Ассимиляция Көпұлтты мемлекет Этникалық процесстер Ұлтаралық интеграция Ұлттық мемлекет


Shape3 2. Суреттерді пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

Shape4 Shape5 Қандай этникалық қақтығыс бейнеленген?






Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.


Ұлтаралық қақтығыстың қысқа мерзімді себебі неде?


Ұлтаралық қақтығыстар ұлттық процестер мен ұлттық өмірдің құрамдас бөлшегі. Саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және ұлтаралық татулықты сақтау үшін үнемі Ұлтаралық қақтығыстарға себеп болатын қайшылықтар мен мәселелерді шешіп отыру қажет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!