110 кВ ашық тарату құрылғылары

Тақырып бойынша 27 материал табылды

110 кВ ашық тарату құрылғылары

Материал туралы қысқаша түсінік
110 кВ ашық тарату туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______ Булакбаева Ж.К.

«____»________202

Сабақ жоспары


Модуль атауы

КМ7. Кәсіпорынды электрмен қамтамасыз ету

КММ «Тау-кен металлургиялық колледжі»

Күні: 08.11.22

Дайындаған:

Жандильдинова Лаура Усенгазиевна

Топ: ЭС-12-20 Курс:3

Сабақ тақырыбы

Ашық және жабық тарату құрылғылары

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың мақсаты


Ашық және жабық тарату құрылғылары туралы түсінік, олардың сұлбада көрсетілуі, ашық және жабық тарату құрылғыларына мысалдар көрсету

Сабақтың міндеттері

1. Студенттердің ой-өрісін кеңейту, логикалық тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, дағдыларын қалыптастыру;

2. Студенттердің мамандығы бойынша бағытталған жалпы комплексті тәрбие беру.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар

сұлбалар, электр аппараттарының суреттері.

Техникалық құралдар

Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, психологиялық ахуал.

2. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру:

Студенттерге интернет көздерінен өткен тақырыптар бойынша бейнеролик, слайд дайындау

3. Жаңа тақырыпты жеткізу: ауызша, слайд арқылы

4. Сергіту кезеңі: қызықты фактілермен танысу

5. Тақырыпты бекіту: сабақ бойынша рефлексия

6. Сабақ қорытындысы: түсінік бере отырып, бағалау

Жоспар:

1.Ашық тарату құрылғылары

2. Жабық тарату құрылғылары

Ашық тарату құрылғылары (АТҚ) – күштік өткізгіштері сыртқы орта әсерінен қорғалмаған ашық ауада орналасатын тарату құрылғылары. Қалыпты жағдайда АТҚ түрінде 27,5 кВ жоғары кернеудегі тарату құрылғылары орындалады.

Жабық тарату құрылғылары (ЖТҚ) – күштік өткізгіштер жабық бөлмеде орнатылатын немесе сыртқы орта әсерінен арнайы қорғайтын қорғауышпен қорғалған тарату құрылғылары. Әдетте мұндай тарату құрылғылары 35 кВ дейінгі кернеулерде қолданылады. Кей жағдайларда ЖТҚ-ны жоғарғы кернеулерде де қолдануға тура келеді (800 кВ-қа дейін). Жоғары кернеудегі ЖТҚ-ны пайдалану себептері: қатаң орталы аймақтарға (теңіз ауасы, аса тозаңдану), салқын климатқа, тығыз жағдайдағы құрылыстарға, қалалық жағдайларда шу деңгейін төмендетуге және архитектуралық эстетикаға негізделген. Стансаларда қуатты трансформаторлар немесе автотрансформаторлар арқылы жалғанған бірнеше сатылы номиналды кернеулі ТҚ бар. Әрбір ТҚ құрамына әдетте, мына элементтер кіреді: жинақтаушы шиналар (үш фазалы өткізгіштер жүйесі) және жинақтаушы шиналарға жалғанған немесе тармақталған бірқатар жабдықтар. Электр құрылғылардың тағайындалуына, номиналды кернеуіне, қосылулардың саны мен қуатына байланысты ТҚ бір және екі жинақтаушы шиналар жүйесімен әрбір қосылуында бір немесе екі ажыратқыштармен және ТҚ эксплуатациялық касиеті мен құнын анықтайтын басқа ерекшеліктері бойынша орындалады. Секциялауды орындау бойынша ТҚ бір, екі секциялы жинақтаушы шиналармен сондай-ақ секцияланған жинақтаушы шиналармен және айналма құрылғымен жасалады Бір секциялы жинақтаушы шинаның ТҚ-ның артықшылығына қарапайымдылығын және құн төмендігін жатқызуға болады. Жүйенің кең қолданысқа ие болмауына алып келген пайдалану кезінде ыңғайсыздықтар туғызатын бірнеше кемшіліктері бар: - профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде барлық ТҚ жүйесін электр көзінен өшіру қажет болады, бұл дегеніміз ТҚ-нан іске қосылып тұрған барлық электр тұтынушылар электр қуатынан айырылады; - шиналарда апатты жағдай болған кезде ТҚ-ның барлығы істен шығады. Екі немесе одан көп бөлімді секциялы ТҚ өзара секциялық ажыратқышпен байланысқан әрқайсысының қуат көзі және жүктемесі бар бірнеше секция түрінде орындалады. Стансалардағы секциялық ажыратқыш генераторлардың қатар жұмыс жасап тұру қажеттілігінен қосылып тұрады. Секцияның біреуіне зақым келген жағдайда секциялы ажыратқыш зақымданған бөлікті ТҚ-дан ажыратады. 6 Секциялы ажыратқыштың өзінде апат болғанда екі секция да істен шығады, бірақ мұндай зақым болуының ықтималдығы өте төмен. Төмен кернеулі ТҚларда (6-10 кВ) секциялы ажыратқышты сөну жағдайына келтіріп қояды, сондықтан өзара байланысқан секциялар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Егер белгілі бір себептермен секциялардың біреуі қуат көзінен ажыратылса, автоматты қорды енгізу (АВР) құрылғысы іске қосылып, кіріс ажыратқышты сөндіріп, секциялы ажыртқышты іске қосады. Қуат көзісіз қалған тұтынушылар электр энергиясын секциялы қосқыш арқылы жапсарлас секциясының қуат көзінен алады. Мұндай жүйе ТҚ 6-35 кВ, қосалқы станса 6- 10 кВ және ТЭЦ секілді стансаларда қолданылады.

https://www.youtube.com/watch?v=mIODFHUdETg

https://www.youtube.com/watch?v=LR0yFD-wyFY

Осы видеоларды түсіндіру

АТҚ-ның сұлбада белгіленуі

ЖТҚ-ның сұлбада белгіленуі

Ток шектегіш реакторлардың қосылу сұлбалары

Төменгі кернеулі ажыратқыштар қосылу сұлбалары


Сабақ бойынша рефлексия

Ашық тарату құрылғылары, оған мысалдар

Жабық тарату құрылғылары, оған мысалдар

Үй тапсырмасы

Электрлік сұлбаларды оқып үйрену

Л.Д.Рожкова, Л.К.Карнеева, Т.В.Чиркова.

Электрлік станциялар және қосалқы станциялардың электр жабдықтары.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2023
340
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі