Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
11 сынып АБайтану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бекітілді» 10 «Ә» класс 10.01
Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі
Сабақтың жалпы мақсаты: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы туралы білім беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
Электрондық оқулық
Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
3) Абайға топтастыру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ» - Абайдың 1885 жылы жазған өлеңі. Алғашқы 2 шумағы 4 тармақтан, кейінгі 2 шумағы 3 тармақтан тұрады.
Өлеңнің басты идеясы – жастарды білім, ғылымға үндеу. Ақын ел ағасы ретінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды. Жасында ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан махрұм қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретіңце өкінішті сыр етіп шертеді. Бірақ бұл жерде Абайдың өзегін өртеп отырған әйтеуір қатардан қалмай, сауат ашу емес. Өз замандастарынан оқуының да көбірек, білімінің де жоғарырақ екенін ақын жақсы біледі. Бұл білімге оның көңілі толмайды.
Оның аңсайтыны – нағыз зерделі де терең ғылым жолы, өзі мейірі қанып сусындай алмаған шығыс ғұламаларының еңбектері, кештеу болса да дәмін татып қалған орыс, батыс классиктерінің шығармалары, қазақ елінен гөрі дамудың неғұрлым жоғары сатысында туұрған елдердің ғылымы. « Мен оған қол жеткізуден кеттім, ендігі кезек сендердікі,» - дейді жас үұрпаққа. Осы тұста ақын нағыз кемеңгерлік танытып, өмір кілті саналатын сол білім, ғылымның бағдарламалық бағытын, оқитын жастың алдындағы мақсат-міңдетін анықтап береді.
Аз оқумен-ақ: «Өзім де басқа шауып, төске ерледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім...», ендеше балаларымды үлкен қалаларда оқытқандағы ойым не?» - деген сураққа айтар жауабы айқын. Ақын:
«Баламды медресеге біл деп бердім,
Шен алсын, шекпен алсын деп бермедім...»-деген жолдар арқылы білімді адамның борышы шен-шекпен емес, туған халқына қызмет ету деген үлкен ордалы ой тастайды. Сөйтіп өз басының кемшілігін, орны толмас өкінішін әлеуметтік деңгейге көтеріп, саналы ұрпаққа сара жол сілтейді. Туынды мазмұны, айтар ойы жағынан осындай жаңа үн танытса, жазылу түрі жағынан да ақынның өзгеше ізденіс жолын көрсетеді. Шығарманы шартты түрде 4 тармаққа бөлгенімізбен, оның ұйқас өрнектері әр қилы. Алғашқы шумақ 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылса, одан кейінгі шумақ -а, -ә, -б, -ә түріндегі аралас ұйқаспен келеді. Ал соңғы 6 тармақ бірыңғай шұбыртпалы ұйқас үлгісінде. Бірақ шығарма басынан аяғына дейін «ескермедім, тексермедім, кеш сермедім, өстер ме едім, жек көрмедім, деп бермедім, төске өрледім, дес бермедім,теріс көрмедім» деген ұйқастар арқылы тұтас бір өлшемге құрылған бір тармақ түрінде оқылады.
Қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдеріне аударылған. Ақынның бұл өлеңіне композитор Нұрғиса Тілендиев романс жазған.
III. Ойтолғаныс сатысы
Өлеңді оқу және талдау.
Ақын өкініші.
Бала оқытудағы мақсаты.
Өзі туралы сырлар
Әдеби талдау:
Өлеңдегі ақынның ағартушы-демократтық көзқарасы.
Ұрпақты ғылымға үндеуі, «шен алу» сияқты таяз мақсаттан жирендіруі.
Сөздікпен жұмыс
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім.
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
Өлеңнен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Сабақты қорыту.
"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңі — осы кезеңнің алғашқы туындыларының бірі.Ақын өткенді тебірене оймен шолып, келешекке көз жібереді. Оқу-білімді шексіз ардақтаған ақын, бір жағынан, жасымнан бір жолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бола тұра, білгенін азырқанады. Басқа жағынан қараса, сонша өкінетіндей де ғұмыр кешпеген сияқты:балаларын оқытыпты, олардың алдарына мансап үшін емес, білу үшін оқу мақсатын қойыпты. Өзі де қатардағы көптің бірі емес екен: "басқа шауып, төске өрлепті", "қазаққа қара сөзге дес бермепті”. Осындай толғаныс үстіндегі ақын еңбегімді бағалаған ешкім жоқ, сондықтан "тыныш жүргенді теріс көрмедім" дейді соңында. Бірақ бұл "теріс көрмедім" — енді бәрін қойып, тыныш жатамын дегенді білдірмейді. Бұл бір сәттік, "сөйтсе қайтер еді" деген реніш, ыза ғана.
Абай, өз сөзімен айтқанда, "бұзылған заманды түзетудің" жолын іздеді. Сондағы бір сенгені — жаңаша терең білім алып, адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болды, содан көп үміт күтті.
Үйге тапсырма: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жаттау
«Бекітілді» 10 «Ә» класс 10.01.
Сабақтың тақырыбы: Абай-сатирик
«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері
Сабақтың жалпы мақсаты: «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын, психологиясын бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм туралы ұғындыру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«БОЛЫС БОЛДЫМ, МІНЕКИ» - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Көлемі 148 жол.
Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-псиохологиялық кескінін жасайды. Өлеңнің мағыналық құрылымында бірнеше тұлға бар: а) болыс; ә) ояз; б) ел. Бұл үш тұлғаның бастысы – болыс. Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі көрсетіледі. Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу. Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; өзінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сыяз бар деген хабарды құлағы шалса-ақ, жүрегі суылдап, мазасы қашады. Өйткені сыяз болса, елге ояз келеді. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайындау, үй тігу, сый-сияпат жасау, бағып-күту - бәрі де болыстың не өзі жасайтын, не елге жасататын ісі; егер оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған болыс елін мақтарға сөзтаппай, ықылас танытпай, елдің ел болып отырғаны өзінің, қала берді -ояздың арқасы екендігі туралы ойды шиырлай беретін болса, елімен, жұртымен бетпе-бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді кісімсіп, ел мүддесін қорғай жүрген адамға ұқсап маңызданып, сыртқы жүнін қампитып шыға келеді. Алайда сыяз үстінде болыс та, ояз да ел ішіндегі дау-шардың бірқатарын халықтың, халық билерінің қатал талабы бойынша әділ шешуге мәжбүр болады. Соның нәтижесінде болыстың өз малым, өз мүлкім деп иеленіп қалған мал-мүлік иелеріне қайтарылып беріледі. Сөйтіп, болыстың арты шөмейіп, шыға келеді. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігінде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі халі бейнеленеді. Әуелден артының қуыстығын білген болыс сыяз бітсе де, елінің ұрысы мен қарысын тиып, телі мен тентегін жөнге саларлық ірі іске бара алмайды. Ел алдында ояз барда жасаған қылығын ояз кеткеннен соң жасай алмай, кәкір-шүкір, көр-жерді пайда көріп қала береді. Келесі сайлауда бұл күніне дезар болы қалардай қиналады. Ақын болыстың өз күйін өзіне баяндатып қана қоймайды, оның ел туралы ойларын да аша түседі. Болыс өзі билеп отырған еліне кеңілі толмайтынын айтудан да тайынбайды. Табанынан тозып, жүгіріп жүруі, ел ішіндегі істерге ояздың разы болмай, шартылдап ашу білдіріп жатуы – бәрі де, оның ойынша, елінің бұзықтығынан. «Қайтіп көмек болады, Антұрған өңкей ұры-қар?»- деп күйіне отырып, болыс өзінің бүл елді ұстарлық кісі еместігін де айтып салады, өзін бүл азапты, рақатсыз істен қүтқарушы іздейді. Сөйтіп ақын ел басқарған кісінің ісі мен ойының барша маңызы мен мәнін толық ашып береді. Іс, оқиға желісі мен ой жүйесін болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі ақын шығармасының көркемдік-эстетикалық бітімін әрлеп, көркейте түскен.
Өлең 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Өлең араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
«МӘЗ БОЛАДЫ БОЛЫСЫҢ» - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады.
Мазмұны, мәні жағынан ақынның «Болыс болдым мінекей...» шығармасымен үндес, сарындас. Өлеңде болыс болған қазақтың мінез-қүлқы үшінші жақтан суреттеледі. Ақын болыстың қолымен жасаған нақты ісін ғана емес, сонымен қатар оның кеп сырын бүгіп, бүркеп жатқан ішін де ашып көрсете отырып, адам мінезін ашудың ұтқыр да ұтымдытәсіліншеберпайдаланады.Ұлықарқаға қақса, мәз болып, иығына шекпен жапса, шат бо-лып, әр жерде жоқты-барды шатып, күпініп, қампайып, шалқыпжүргенболысәлдебірқуанышыүшін үй-ішін, ауыл-аймағын түгел әурелеп, әбігерге түсіреді. Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, елең қағып, кезін аспанға еліртіп әуреленіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанғасалынады, баспайдасы, құлқын қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жөні келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады. Болыстың ісі әлгіндей болып суреттелгенде, оның қуанышының түрі мынадай түрдеайшықталады. Ақын болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз тарапынан бағалауға ауысады. Болыстыңжаманқылықтарыноқырмандарыныңкөз алдына келденең тартады да, ақын ойлы жанға болыстан да, оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді. «Миың болса, жолама, Бос желігіп шапқанға» дей келіп, жамандықтан қашқанныңжаман болмайтынына мегзейді. Өлеңнің соңында өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына, оныңісініңде, өзініңде баянсыз, опасыздығына білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы қойылады.
Өлең шалыс ұйқасты үлгіде жазылған. Туындықарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
III. Ойтолғаныс сатысы
-
Өлеңді оқу және талдау
-
«Болыс болдым, мінеки» өлеңін талдау
Болыс болдым, мінеки
Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта май
Қалмады елге тығындап.
Сүйтсе дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сыяз бар десе, жүрегім
Орнықпайды суылдап.
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап.
Жай жүргенде бір күні
Атшабар келді лепілдеп:
"Ояз шықты, сыяз бар",
"Ылау" деп, "үй" деп дікілдеп.
Сасып қалдым, күн тығыз,
Жүрек кетті лүпілдеп.
Тың тұяқ күнім, сүйтсе де,
Қарбаңдадым өкімдеп.
Старшын, биді жиғыздым:
"Береке қыл" деп, "бекін" деп,
"Ат жарамды, үй жақсы
Болсын, бәрің күтін" деп.
Қайраттанып халқыма
Сөз айтып жүрмін күпілдеп:
"Құдай қосса, жұртымның
Ақтармын осы жол сүтін" деп,
Қайраттысып, қамқорсып,
Сайманымды бүтіндеп.
Оңашада оязға
Мақтамаймын елімді,
Өз еліме айтамын:
"Бергем жоқ,— деп,— белімді".
Мақтанамын кісімсіп,
Оязға сөзім сенімді.
Көрсеттім деймін, ымдаймын
Кәдік қылар жерімді.
Сөз көбейді, ұлғайды,
Мақтанның к... көрінді.
Қазақты жеген қайратты «ер»
Ұрынды да берінді.
Әрлі-берлі тартысып,
Ісі арамы жеңілді.
Алқыны күшті асаулар
Ноқтаға басы керілді.
Үлкен-кіші ақының
Бәрі сөз боп терілді.
Қайрауы жеткен қатты би
Қайрылып нетсін көңілді.
Өз малым деп қойған мал
Иесіне берілді.
Ақылы жандар қамалап,
Кептірді сонда ерінді.
Арызшылар көбейді,
Болыстың к... шөмейді,
Қайтсін байғұс демейді,
Бір кептірмей терімді.
Күн батқанша шабамын
Әрлі-берлі далпылдап.
Етек кеткен жайылып
Ат к... жалпылдап.
Оязға жетсін деген боп,
Боқтап жүрмін барқылдап.
Кейбіреуге таяғым
Тиіп те кетті бартылдап.
Пысықтың көбі бұғып жүр,
Беттесе алмай шаңқылдап.
Ашылып омырау, күн ыстық,
Қойын кетті алқылдап.
Елі жөнді болыстар
Мақтанып жүр тарқылдап.
Күлкісі жақсы қарқылдап,
Үні бөлек сартылдап.
Сөйлесе кетсе бір жерде,
Ағыны қатты аңқылдап.
Оязға кірсе, өзгеден
Мерейі үстем жарқылдап.
Елің бүзық болған соң,
Ояз жатыр шартылдап.
Табаныңнан тозасың,
Құр жүгіріп тарпылдап.
Антұрғанмын өзім де,
Бір мінезбен өтпеймін.
Момындық күшті екенін,
Көрсем дағы күтпеймін.
Сыяздан соң елімді
Қысып алып кетпеймін.
Әуелде к... бос кәпір,
Мықтыға не қып беттеймін?
Жуанды қойып, жуасты
Біраз ғана шеттеймін.
Ояз бардағы қылықты
Ояз жоқта етпеймін.
Кәкір-шүкір, көр-жерді
Пайда көріп ептеймін.
Мынау арам, тентек деп,
Еш кісіні теппеймін.
Өзімдік бол деп ел жиып,
Құрастырып, септеймін.
Бұзақының бүлігін
"Жақсы ақыл" деп, "құп" деймін
Сүйегім жасық, буын бос,
Біраз ғана айлам бар.
Айлам құрсын, білемін —
Болыстықтың жолы тар.
Қайтіп көмек болады
Антұрған өңкей ұры-қар?
Көргенім әлгі, ойлашы,
Ұят, намыс, қалды ма ар?
Ендігі сайлау болғанда,
Түсе ме деп тағы шар,
Бұл күніме бір күні
Боламын ғой деймін зар.
Ақыл айтар туғандар,
Бұл сөзімді ойлаңдар.
Кәтелешке көбейді,
Сөгіс естіп, тозды ажар.
Мынау елді ұстарлық
Кісі емеспін, кел, құтқар!
Қолдан келмес қорлыққа
Неге болдым мұнша іңкәр?
Ел жайылды, жетпей ме
Оязға да бір хабар?
Тағы бүйтіп кеттің деп
Қозғау салар, қолға алар.
Қатты қысым қылған соң,
Басым сотқа айналар.
Кірлі болып түскен соң,
Көрген күнім не болар?
Өзіне мәлім, тентектер
Өз бетімен не табар?
Қағаз берер, қарманар,
Аяғында сандалар.
Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Ұлық жолы тарайды.
Өтірік берген қағаздың
Алды-артына қарайды.
Өз қағазы өз көзін
Жоғалтуға жарайды.
Тауып алып жалғанын,
Қылмысыңды санайды.
Өзі залым закүншік
Танып алды талайды,
Көрмей тұрып құсамын
Темір көзді сарайды.
Микромінездемелер
«Құр күлемін жымыңдап»
«Сасып қалдым, күн тығыз» «Кейбіреуге таяғым
Тиіп кетті бартылдап»
«Күн батқанша шабамын»
Екі жүзді, аяр
Қорқақ, су жүрек
Өктем, дойыр
Бос жүріс, даңғойлық
Берекесіздік
"Болыс болдым, мінеки"
1. Абайдың патша үкіметінің отарлау саясатын, қазақ даласыңдағы ел билеу жұйесін, қазақ үстем таптарын сынауы. Олардың типтік бейнесін жасауы.
а) Өлеңнің мысқьшға, кекесінге, ащы сынға негізделуі, болыстың типтік бейнесі.
ә) Болыстың өз портретін өзі жасауы, өзіне-өзі мінездеме беруі. Өлеңде теңеу, эпитеттердің ерекше орын алуы.
"Мәз болады болысыц"
а) Өлеңдегі Салтыков-Щедринге тән қоғамдық сатираның көрінуі. ә) Екі өлеңнің де сыншыл реализммен жазылуы.
Болыс мінезі
А) Болысқа сайлану
Болыс және ел
Ә) Атшабардың жауабы, съезге
дайындык.
Б) Ояз және болыс
В) Ояздан соцғы болыс және ел
Г) Болашақсыз «Сұм тағдыр»
Парашыл, мансапқор Қорқақ, екіжүзді мақтаншақ
2. Енді болыстың бейнесіне талдау жаса:
а) Болыс психологиясы, күйініш-сүйінішінің өткір әжуа, мысқылмен, улы сатирамен берілуіне көңіл қой.
ә) Болыс бейнесін жасаудағы ақын шеберлігіне үңіл (болыстың өз портретін өзі жасауы).
"Болыс болдым,мінеки"
1. Абайдың үстем тап өкілдерінің бейнесін жасауы. Орыс реализмінің (Салтыков-Щедрин) әсері.
2."Болыс болдым, мінеки" өлеңіне талдау жаса:
а) Өленде болыстың өзін-өзі әшкерелеуі.
ә) Болыстың өзін-өзі портреттеуі, мінездеме беруі (өлеңнен мысал келтір)
б) Қорқақ, аянышты халі (мысал келтір).
в) Болыстың екіжүзді мінезі (мысалмен дәлелде).
г) Жағымпаздығы, пайдасыз бос еңбегі.
д) Өз күнінің бітетіндігін сезінуі (мысал келтір).
3. Өлеңдегі улы сатира, мысқыл кекесінге зер сал
4. Болыс бейнесі феодалдық қоғам бейнесі екендігіне тоқтал
5. Өлеңнің поэтикалық тілін талда. Ол үшін болыстың өзін мінездеу, портреттеу сөздерін негізге ал.
Зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар үлгісі
«Болыс болдым, мінеки» өлеңі арқылы феодалдық қоғам, оңдағы ел билеу туралы ақыннын саяси кезкарасы жөнг керкемдік тәсілдеріне талдау жасау
Жоспар
Болыстың іс-әрекеті,тезис
Болысқа мінездеме
Өлең идеясын ашатын тірек ұғымдағы сөздер
Болыс бейнесін жасауда ақын қолданған көркемдік тәсілдер
Ақынның шешімі, көзқарасы
1.Болыс
болдым,
мінеки
Бар малымды
шығындап Бас изеймін
шыбындап
Әлсіз, қайратсыз...
Шыбыңдап, салғыртсыз, кырындап
Кесемшелер арқылы болыстың ұнамсыз іс-әрекеттерін суреттейді
Болыстардың
бейшарабейнесін тереңтүсінген.
Сол себептіаяусыз
сынайды.Бірақ оларданқұтылудың
жолын көрсете
алмайды.
2. Ояз
шықты, сиязбар
Сасыпкалдым,
жүрек
лүпілдеп...
Қорқақ, бейшара..
Суылдап, лүпілдеп, өкімдеп
өзін-өзі
әшкерлеу
3.«Старшын,
биді
жиғыздым»
Қорбаңдап, екімдеп...
Күпілдеп,
қамқорсып
Өзіне-өзі үкім
шығарады
(ұят, намыс қалдыма?)
4. Сөз айтып жүрмін
Құдай қосса, халқымның ақтармын осы жолы ақ сүтің..
Қорқақ, берекесіз, екі жүзді, құркүпілдек
кісімсіп
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?!
Күлмең қағып қасқайып,
Салынып ап мақтанға.
Таң қаламын қампайып,
Жоқты-барды шатқанға.
Үйі мәз боп, қой сойды
Сүйіншіге шапқанға.
Әуре қылды, салды ойды
Үйдегі тыныш жатқанға.
Еш нәрсе емес жүбанар
Ақыл көзбен баққанға.
Жас баладай қуанар,
Бір дәмдіні татқанға.
Көзі барлар ойының
Күлер к...ін ашқанға,
Қасиетін бойының
Бекер төгіп шашқанға.
Қуанарлық қыз емес
Жылтырауық таққанға.
Өзгелерді, біз емес,
Түсірмекші қақпанға.
Осы да есеп бола ма
Ар, абұйыр тапқанға?
Миың болса жолама
Бос желігіп шапқанға.
Бір бес надан, оңбассың,
Нансаң, онын қосқанға.
Жасық, жаман болмассың,
Жамандықтан қашқанға.
Ол "болдым-ақ" дей берер,
Бұлғақ қағып басқанға.
Елең қағып елбірер,
Елертіп көзді аспанға.
Жайы мәлім шошқаның,
Түрткенінен жасқанба.
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға.
Одан үміт кім қылар,
Жол табар деп сасқанда?
Үйтіп асқан жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға.
«Мәз болады болысың»
1. Ақынның болыс бейнесін жасаудағы ерекшеліктеріне үңіл (алғашқы өлеңмен салыстыр).
2. Болыстың мынадай мінездерін өлеңнен мысал ала отырып түсіндір:
а) Ар-ұ оқалы тонға сатқан адам.
ә) Мактаншақ
б) Жағымпаз.
в) Үмітсіз, күні біткен адам.
3. Екі өлеңде де ақынның феодалдык қоғам әкімдерін ащы сатирамен сынауын, Салтыков-Щедрин әсерін түсіне біл.
4. Болыстарды әділ сынаса да, ақынның олардан қүтылу жолын көрсете алмауын қалай түсіндірер едің? (Абайдың революциялық көзкараста емес, ағартушы-демократтық бағытта болуына үңіл.)
Талдау үлгісі:
1. Өлеңді "Болыс болдым, мінеки" өлеңімен салыстыра талда.
2. Болыс портретінің автор сөзі арқылы берілуі.
3. Өлеңнің 1-шумағына көңіл аудар. Патша чиновниктерінен коқрқатын болыс сипатына зер сал.
4. Болыстың надандығына, мақтаншақ, бос кеуде иесі екендігіне тоқтал.
5. Өлеңнің соңғы шумақтарына назар аудар. Мұнда да болыс күнінің бітуінің таяу екендігін автордың шынайы суреттейтініне көңіл бөл.
6. Осы екі өлеңнің маңызына, сыншыл реализммен жазылуына тоқтал.
"Мәз болады болысың" өлеңі бойынша да осындай талдау жұмыстарын жүргізіп, Абай жасаған болыстар бейнесі – қазақ әдебиетіндегі тың, типтік бейне екеніне тоқталдық. Өлеңдегі ащы сатира, улы сын, өзі өмір сүрген қоғамды барынша шыншылдықпен көрсетуде орыс әдебиетінің, Салтыков-Щедриннің әсеріне тереңірек үңілу қажет. Орыс тілі мұғалімімен біріге отырып, мына мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.
Диалог-әңгімеден үзінді:
Орыс тілі пәнінің мұғалімі: "Балалар, Салтыков-Щедрин туралы Луначарский былай деген екен: "Это человек неистощимой веселости, блестящего остроумия, это величайший "забавник", мастер такого смеха, смеясь которым человек становится мудрым".
Міне, осы жазушы бүкіл "күлкісін", "тапқырлығын", "ақыл-ойын" патшалық Ресейдің чиновниктерін, үстем тап өкілдерін, жалқау, надан бастықтарын өлтіре сынауға арнайды. Ащы сарказм, улы сатира, тіпті юмор да халықты күл етуші, оның еркін, жүрегін, арын таптаушы жәбірлерді әшкерелеуге бағытталады. Өздерің айтып жатқан "Бір қаланың тарихы" романындағы қала аты - "Глупов", бас кейіпкер - Угрюм-Бурчуев, оның прототипі — халық жендеті, патшаның сүйіктісі Аракчеев".
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: "Абай да өз қоғамының ел билеу жүйесін қатты сынайды. Екі өлең, қысқа өлең. Бірақ феодалдық қоғам бейнесін жалаңаш қалпында көрсетуге осы екі өлең том-том романдардан да маңызды сияқты. Сіз айтқандай, Угрюм-Бурчуевтардың өз прототипі болса, Абай болыстары өмірде болған Күзембай, Көжекбайлар..."
Орыс тілі пәнінің мұғалімі: "Угрюм-Бурчуев" атына сай (аты әдейі алынған) үнемі тұнжырап, түнеріп жүреді. Күлкі, қуаныш оған жат. Тіпті жүрісінің өзі адам жүрісіндей емес, маршқа айналған. Өзі де тірі адамнан гөрі тас мүсін іспеттес..."
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: "Балалар, естеріңе түсіріп көріңдер. Абай болыстарының іс-әрекеті, жүрісі қандай?"
(... Абай болыстары – ат үстінде қүр сабылған болыстар. Жандарында сая жоқ, "асығып", "лепіріп", "қарбаңдап", "тарқылдап", "барқылдап" өмір кешуде...)
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Дұрыс айтасыңдар, Угрюм-Бурчуевтар сияқты олар үнемі түнеріп жүрмейді, бірақ өмірлері түнеріңкі, істері түнеріңкі. Әр күні, әр айы қауіпті. Барар жолы, болашағы түрме сияқты.
Абай орыс реализмінің, сатирасының құрғақ көшірмесі, еліктеушісі болмаған. Ол осы дәстүрді өз әдебиетінде құнарлы дамытушы, өз әдебиетінің ұлттық нәрін сақтай отырып, оны орыс, батыс әдебиетінің тамаша жетістіктерімен байытушы.
1. Абайдың сыншыл реализмі, оның еткір сатирасына орыс өдебиетінің, Салтыков-Щедриннің әсері.
2. Угрюм-Бурчуевтар жене Абай болыстары.
3. Болыстар бейнесін ашудағы ақынның өзіндік стилі.
Екі өленді салыстыра отырып талдауда мына үлгі басшылыққа алынады.
Екі өлеңді салыстыра талдау
1 Көтерген проблематикасы идеясы, тақырыбы.
2. Болыстардын жексұрын іс-өрекеті.
3. Екеуінің де болашағы жоқ екендігі.
4. Сатира, юмор, реализм.
5. Қоғамды, болыстарды сынай отырып,
Абайдын олардан құтылар жолды бере алмауы.
1. «Мәз болады болысын өлеңі» патшаның отарлау жүйесі
2. «Болыс болдым, мінеки»
3. «Мәз болады болысың» өлеңіндегі болыстың іс-әрекеті автор тарапынан беріледі.
4. Үстем тап өкілдерін, өз қоғамының зиянкес жебірлерін өлтіре сынаған екі жазушы халқын, қоғамын одан тазартар жолды көрсете алды ма?
* "Екі өлең бір-бірінің жалғасы сияқты. Бір-бірін керемет толықтырып тұрады. Мысалы, "Болыс болдым, мінеки" өлеңі – қазақ болыстарының, ел билер вкімдерінің мансапқа қолдары қалай жеткенін ашса, "Мәз болады болысыңда" сол болыстың патша өкіметіне жағынып, чиновниктердің "шелтірейтіп шекпен жабуы" айтылады.
* "Мәз болады болысың" өлеңінде патшаның отарлау жүйесі қатты сыналады. Шекпенді, атақ-абыройды патша кімге беріп жатыр? Білімдіге, халық қамқорына ма? Жоқ! Жалдамалы малайларына беріп жатыр". .
* "Болыс болдым, мінеки" өлеңінің соңғы қорытынды шумағына назар аударайық. Болыстың болашағы жоқ, көз алдында түрме, қылмысына сай вділ жазасын алатынына сенеді..."
Ал, екінші өлеңіндегі болысты да жаза, халық соты күтіп түр. Абай бір ғылымнан басқаның барлығы зиян, "асқанға, тосқан" деген қорытынды шығарады.
-
Сөздікпен жұмыс:
Сабақты қорыту.
1.Ақын өлеңде қоғамдағы қандай мәселені көтерген?
2.Отаршылдық заманнның бет-бейнесі Абай өлеңінде қалай суреттеледі?
3.Халықтың арқасүйер болыс-билері кімнің сойылын соғуда?
4.Абайдың болыс-билердің жағымсыз іс-әрекеттерін сынап жазған тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
5.Абайдың осы өлеңінің қай шумағын өзіңнің досыңа ұсынар едің?
Зерттеу, іздендіру бағытынлағы тапсырма үлгісі
"Болыс болдым, мінеки", "Мәз болады болысың" өлеңдері бойынша болыстар бейнесін жасаудағы ақынның көркемдік тәсіліне салыстырмалы талдау жасау
Сабақтың
тақырыбы: «Сегіз
аяқ».
Сабақтың
мақсаты:
-
Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту;
-
Дамытушылық: әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
-
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білемін/үй тапсырмасын тексеру/:
ІІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі.
Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі
өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың
бәріне де
қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті
елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман
етті.
Бүгінде ақын арманы орындалды. Еліміз
тәуелсіздігімізді алды, биыл біз «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20
жылдығын» тойлап отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.
Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім
алайық.
Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен
әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі -
«Сегіз аяқ» өлеңімен танысамыз. «Сегіз аяқ» Абайдың 1889 жылы
жазған өлеңі.
1. Абай оқуларының аудандық жүлдегері Айдана
«Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқып
береді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1
оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не
түсіндік?
а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз
қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше
тоқтап, үлгілі сөздер
айтады.
б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып
қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де
ашып көрсетеді.
г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең
алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы
еңбек ету керек деп қорытынды
шығарады.
Дұрыс айтасыздар, «Сегіз аяқ» өлеңінде ақын
өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда
бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат
беру.
Слайдтан «Сегіз аяқ» өлеңі 1 шумақ«Алыстан
сермеп,
Жүректен
тербеп,
Шымырлап бойға
жайылған.
Қиуадан
шауып,
Қисынын
тауып,
Тағына жетіп қайырған
-
Толғауы тоқсан қызыл
тіл,
Сөйлеймін десең, өзің
біл
4. Балалар, бұл өлең біз бұрын өткен Абай
өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ»
өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр
шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше
өрнектелген.
Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде
үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса,
соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында
жаңа туынды.
«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың
өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да
қолданған.
«Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір
шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі.
Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп,
әдейі арнап ән де шығарған.
7. Ән тыңдау. Жүсіпбек Елебековтың орындауында «Сегіз
аяқ».
Бұл әннен өлеңнің мазмұны мен мақсатына
ақынның ерекше зер салғанын
көреміз.
8. Дәптермен
жұмыс.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты
сөздерді теріп жазу. Жұмыс дәптері 26 - бет, 5 - тапсырма. 1.
Өткірдің жүзі,
Кестенің
бізі
Өрнегін сендей сала
алмас.
2. Білгенге
маржан,
Білмеске
арзан,
Надандар баһра ала
алмас.
3. Тамағы
тоқтық,
Жұмысы
жоқтық,
Аздырар адам
баласын.
4. Еңбек етсең
ерінбей,
Тояды қарның
тіленбей.
5. Тамағы
тоқтық,
Жұмысы
жоқтық
Аздырар адам
баласын.
ІV. Білдік./сабақты
пысықтау/
1. “Кім жылдам “ топтық жұмыс/өлең құрылысына
талдау/
І
топ
Түбінде баянды еңбек - егін
салған
Жасынан оқу оқып, білім
алған.
Би болған, болыс болған – өнер
емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған., қара өлең
ұйқасы
ІІ топБілімдіден шыққан сөз,
а
Талаптыға болсын кез.
а
Нұрын, сырын көруге,
-
Көкірегінде болсын көз.
а
Жүрегі – айна, көңілі ояу,
б
Сөз тыңдамас ол баяу,
б
Өз өнері тұр таяу,
б
Ұқпасынба сөзді тез. А аралас
ұйқас
ІІІ
топ
11
Әннің де естісі бар, есері
бар,
Тыңдаушының құлағын кесері
бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы
күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар. Қара
өлең
2. Дәптермен
жұмыс.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты
сөздерді теріп жазу.
3. “Сен маған, мен саған” /даналық
толғамдарының жалғасын
табу/.
4.
Тест.
5. Үй тапсырмасы: Елбасымыз Абай туралы былай
деген екен:
«..... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма
Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»
Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай
өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? Қандай ой салды сендерге?-
деген сұрақтарға үйде жауап іздеп келіңдер. / әрбір оқушыға
Елбасының айтқан сөзі жазылған қағаз
тарату.
«Бекітілді» 13.09 Пән атауы: «Абайтану» курсы
Сыныбы: 11
Тақырыбы: «Абайтану» мәселелерін оқыту
Сабақтың мақсаты
Абайтануды қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде қарастыра отырып, қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттарын түсіндіру. Өзектілігі туралы мағлұмат беру, ұлтжандылығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Тапсырмалар орындайды, бірлесе пікір алмасып, қоғамдық өмірге қатысты ойларын, пікірлерін, идеяларын біріктіреді. Жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бағалайды, ой қорытындысын жасай алады.
Оқытудың әдіс-тәсілдері
СТО, диалогтік оқыту
Ресурстар
Слайд, тапсырмалар, постер
Сабақтың барысы
Кезеңдері
Мұғалім іс әрекеті
Оқушы іс әрекеті
Ұйымдастыру
Қызығушылығын ояту
«Абайтану – адамтанудың қайнары» деген сөзден қандай ойлар өрбітер едіңдер?
Қазіргі абайтану ілімі тәуелсіздік жағдайында жаңаша танымда зерделенуіне сендерің пікірлерің қандай?
Абайтану ғылымына академик Зәки Ахметов былай деп баға береді: «Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды»
Оқушылар білімдерін пікір арқылы жинақтайды, біріге отырып бірін – бірі толықтырады.
Мағынаны ашу Эвристикалық сұрақтар әдісі
-
«Көркемдік дамудағы тарихи сабақтастық »
«Абай шығыс ғұламалары еңбектерін шығармашылықпен меңгерген өзіндік танымда, яғни «бүкіл күресі мен арман-мүддесінің тетігіне айналған толық адамжайлы көзқарасында жатыр» деген, М.Әуезовтің абайтанудағы қай кезде болмасын өз мәнін айрықша маңызы бар ғылыми тұжырымын қазіргі кезең рухындабайыптады .
2.
1Ұлы тұлғалардың мұрасын санасына құйып өскен ертеңгі ұрпақтың ұлтжанды азамат болып қалыптасуы мүмкін бе?
2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына “Абайтану» курсынының енгізілгеніне көзқарастарың қандай?
3. Абай шығармаларының оқушылар өміріндегі тәрбиелік мәні неде?
Оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, салт-дәстүрлерді қастерлеуге, сыйлауға тәрбиелейді. Абайды тану, бағалау, насихаттау қоғамдық ортада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады.
М.Әуезов пікірі арқылы әдебиетті танудың бір саласы ретінде қарастырады.
«Абайтану» курсын турасында оқушылар: тарихи санасын қалыптастыру мен рухани кемелдікке ұмтылысын жандандыруға, ұлы ойшылдың көркем мұралары арқылы терең ойлай алуға жетелейтіндігін ашады
Ой толғаныс
Даму бағыты:
“Абайтану” ғылымы ұрпақтан-ұрпаққа жететін құбылыс.
Абайдың білім, ғылымға қатысты идеялары және олардың бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен сабақтастығы
Абайдың өнер үйреніп, кәсіп қылу идеялары Абайдың қоғамдық өмірге қатысты идеялары
Абай насихаттаған жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды
Абай шығармашылығындағы “Толық адам мәселесі”
“Абайдыңсыншылреализмі
«Абайтану» мәселесін дамытудың бағыттарын айқындайды.
“Абай – эссе жанрының негізін қалаушы”ойтолғайды
Лексикалық тақырыбы: «Білімдіден шыққан сөз»
Мерзімі: 14.01. Әдебиет
Сыныбы: 10
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.
2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын
жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып,
жаттықтыру.
3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу,
адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілі: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Қолданылған модуль: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»,
Сабақтың барысы:
Оқушының
іс-әрекеті
Ресурстар
Мен сыныпты қалай қарсы аламын?
оқушылармен амандасып, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
Ұйымдастыру кезеңі
І.
Мотивациялық – бағдарлау кезеңі
Аффирмациялармен жұмыс жасау:
- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!
- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан
көмектеседі!
- Мен өз күшіме сенемін.
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық
қызыл, көк түсті қағаз.
компьютер
Үй жұмысын тексеру
Өткенді тақырыпты қайталау.
Абай Құнанбаев
«Ғылым
таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере
алады?
Презентация қорғау
Суреттер
Сызбалар
кестелер
Талдау тапсырмасы.
Абай әлеміне саяхат
өздеріне берілген тапсырманы орындап есте сақтайды
кеспе қағаздар,
тапсырмалар.
Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
«Білімдіден шыққан сөз»
өлеңді түсініп оқып, сұрақтарға жауап береді
Өлеңнің негізгі идеясын ашу
Топтық
жұмыс
- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын
жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен.
Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды
және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге
түсіріңдер(ватманға орындайды):
Әдебиет түрлері
Қандай шығармалар
Сабақты бекіту
Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу.
Бүгінгі тақырып бойынша ойларын жинақтап, алған мәліметтерді ауызша жеткізеді.
оқулық,компьютер,сурет, өлең,сызба
Бағалау
Қорытынды
Дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша беріп, оқушы білімін бағалау.
- Абай рухы -
туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.-
Әр дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша алып отырады, сабақ соңында қорытынды бағасын алады.
Бағалау өлшемдері:
4-5 = «5»
3 = «4»
2 =«3»
Үйге тапсырма
Өлең жаттау
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
күндел
Түсінік хат
1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.
2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
3. Бағдарламада:
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;
ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;
4, Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.
Курсты оқытудың мақсаты:
1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Курстың соңында оқушылар:
1) абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;
2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі;
3) ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі;
4) ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге;
5) ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;
6) абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;
7) ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі;
8) ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;
9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі;
10) ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;
11) поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі;
12) ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс.
Оқушылардың «Абайтану» курсы бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
1) ақын шығармаларын жазудағы суреткерлік шеберліктерін білуі;
2) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларының тақырыптық және идеялық көркемдік негіздерін, мән-мағынасын талдап, суреткерлік шеберліктерін айқындай білуі;
3) ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білуі;
4) Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі;
5) өлеңдері мен қарасөздерінің арасындағы өзара үндестікті түсіне білуі;
6) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларындағы авторлық ұстанымдардың маңызын көрсете білуі тиіс.
Оқушыларға пайдалануға ұсынылған әдебиеттер:
-
Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
-
М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы
«Санат» 1995 ж;
3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;
4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;
5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;
7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;
9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;
10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;
Мұғалімдердің пайдаланатын әдебиеттері:
1) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;
2) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;
3) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;
4) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;
5) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;
6) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;
7) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;
8) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;
9) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;
10) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;
11) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;
12) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;
13) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;
14) Республикалық «Абай» журналы.
15) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
16) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы 2001 жыл.
Курстың тақырыптық жоспары. 11-класс
Жылдық сағат саны - 34, аптасына – 1 сағат.
№ |
Сабақ саны |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Өткізілетін мерзімі |
|
|
І тоқсан-8 сағат |
|
|
1 |
1 |
Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік. Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі. |
1 |
|
2 |
2 |
Қазіргі абайтану мәселелерін оқыту |
1 |
|
3 |
3 |
«Білімдіден шыққан сөз» тарауын оқытуға |
1 |
|
4 |
4 |
Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындылары |
1 |
|
5 |
5 |
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқыту |
1 |
|
6 |
6 |
«Осы мен өзім – қазақпын» |
1 |
|
7 |
7 |
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі |
1 |
|
8 |
8 |
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі |
1 |
|
|
|
ІІ тоқсан-8 сағат |
|
|
1 |
9 |
«Сегіз аяқ» өлеңі |
1 |
8 |
2 |
10 |
«Ішім өлген, сыртым сау» |
1 |
15 |
3 |
11 |
«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі. |
1 |
22 |
4 |
12 |
Абай – сатирик» тарауын оқытуға |
1 |
29 |
5 |
13 |
«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі |
1 |
6 |
6 |
14 |
«Менсінбеуші ем наданды» өлеңі |
1 |
13 |
7 |
15 |
«Бойы бұлғаң» |
1 |
20 |
8 |
16 |
«Махаббатсыз дүние бос» тарауы |
1 |
27 |
|
|
ІІІ тоқсан-10 сағат |
|
|
1 |
17 |
«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері |
1 |
10 |
2 |
18 |
«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі |
1 |
17 |
3 |
19 |
«Қызарып, сұрланып» өлеңі |
1 |
24 |
4 |
20 |
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» |
1 |
31 |
5 |
21 |
Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай |
1 |
7 |
6 |
22 |
Жүсіп Баласағұнның «Жуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» |
1 |
14 |
7 |
23 |
Абайдың «Толық адам» философиясы |
1 |
21 |
8 |
24 |
Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі |
1 |
28 |
9 |
25 |
Отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы |
1 |
6 |
10 |
26 |
«Осы үш сүю болады имани гүл». |
1 |
13 |
|
|
ІҮ тоқсан-8 сағат |
|
|
1 |
27 |
Мораль философиясы |
1 |
20 |
2 |
28 |
«Қазақтың бас ақыны» тарауын оқыту |
1 |
|
3 |
29 |
Абай өлеңдерінің тілі |
1 |
|
4 |
30 |
Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы |
1 |
|
5 |
31 |
Абайдың ақындық мектебі |
1 |
|
6 |
32 |
Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі |
1 |
|
7 |
33 |
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар |
1 |
|
8 |
34 |
Қорытындылау сабағы |
1 |
|
«Абайтану» арнаулы курсы бағдарламасының мазмұны.11-класс
Жылдық сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат.
1-тақырып.Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік. Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі. |
2-тақырып.Қазіргі абайтану мәселелерін оқыту. Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары. |
3-тақырып. «Өзіңнен өзің есеп ал» , он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы |
4-тақырып. Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы. Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары. |
5-тақырып.«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқыту. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақынның тұтас халыққа арнап айтқан үндеуі; |
6-тақырып.«Осы мен өзім – қазақпын». Тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидалары; |
7-тақырып.«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. Өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы; |
8-тақырып. «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі. Қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама, үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері, адамға тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі; «Бөтен елде бар болса» өлеңінде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас араздық, бақастық көріністерін сынауы, «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық сипаттағы ой тұжырымы; |
9-тақырып. «Сегіз аяқ» өлеңі. Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары; |
10-тақырып. «Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңіндегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді, опасыз, сатқын жандарды шенеуі, адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі; |
11-тақырып. «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі. Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы; Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы, қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні. |
12-тақырып«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын, психологиясын бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм; |
13-тақырып«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңіндегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары, дүмше молдаларды сынап-мінеуі, ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы; |
14-тақырып. «Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері, ұлттың бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған ақынның қамығып, қынжылуы, ақынның қоғамдағы қайшылықтарға сыни көзқарасы, өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы, ақынның надандық пен қараңғылыққа қарсылық білдірген жан айқайы; |
15-тақырып.«Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы, ел ішін дендеп кеткен өсек, өтірік, ұрлық, пәлеқор-жалақорларды «улы сия, ащы тілмен» шенеуі, ақынның туған елінің тоқыраған тағдырына кейіген кекті үні; қырық бірінші қарасөзіндегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керектігі туралы пікірлері, адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы. |
16-тақырып. Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары |
17-тақырып. «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары; «Сен мені не етесің» өлеңіндегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы түйінді ойлары мен пікірлері, өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі; |
18-тақырып. «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы; «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты лирикалық өлеңіндегі қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті, сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты; |
19-тақырып. «Қызарып, сұрланып» өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі. |
20-тақырып«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ»; ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы; |
|
21-тақырып Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай, Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы, |
22-тақырып. «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін қамтитыны, «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы, Жәуанмәртілік –адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде; |
23-тақырып. Абайдың «Толық адам» философиясы, Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы, өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі, толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі, адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі, Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері; |
24-тақырып. Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі, «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы, наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы, Абайдың исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы, абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен іргелі ғылыми еңбектер; «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы ой-толғанысы, жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы; жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі; |
25-тақырып. отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Адам хақында, Алла тағала болмысы, ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы, пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер турасындағы ой толғамдары; қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері, жан қуатының үш элементі жайындағы философиялық көзқарастары, ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы көрінісі, ішкі-сыртқы сезім түйсіктері, ақын Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа айналдырып, хауас ретінде тануы |
26-тақырып. «Осы үш сүю болады имани гүл». Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету |
27-тақырып. Ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы, Алланы сүю, адамзатты |
28-тақырып. «Қазақтың бас ақыны» тарауын оқыту. Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы борыш, қасиетті парыз, А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны; |
29-тақырып. )Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы. Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы; |
30-тақырып. Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы. Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы; |
31-тақырып. Абайдың ақындық мектебі. Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі; |
32-тақырып. Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі, Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен байыптаулар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі, Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында; |
33-тақырып.Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар. Ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б. |
34-тақырып. Қорытындылау сабағы. |
«Бекітілді» Абайтану 11-класс
Сабақтың тақырыбы: «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі
Сабақтың жалпы мақсаты: «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы туралы ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
-
Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
-
М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
-
Электрондық оқулық
-
Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
3) Абайға топтастыру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«БІЛЕКТЕЙ АРҚАСЫНДА ӨРГЕН БҰРЫМ» - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады, барлығы 16 жол.
Сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп келіп, жас арудың жалпы жұртты тәнті қылатын бет әлпетін кескіндейді, сыртқы сымбатын сипаттайды. Көрмеген көзге де айқын елестейтін бедерлі бейнесін жасайды. Мұны, бір жағынан, халықтың ұғымында қалыптасқан әйел сұлулығының шарты деп қабылдасақ, екінші жағынан, арманды әйел ажары жөніндегі автордың өз қалауы, өз талғамы деп те бағалауға болады. Ондай сұлулықтың қалыптасқан белгілері: қолаң шаш, ақ тамақ, қара қас, аялы мөлдір көз, маржандай тіс, бұраң бел. Осындай көрікке бастағы кәмшат бөрік пен бұрымындағы сылдыраған шолпысы да жарастық тауып, қыз бағын асыра түскендей. Ақын сыртқы белгілерден әрі асып, қыздың мінез-құлқына, жан дүниесіне үңілмейді. Сұлу қыздың суретін салумен ғана тынады.
Өлеңнің алғашқы шумағы аралас ұйқаспен келеді де, қалған шумақтары дәстүрлі қара өлең ұйқасымен жазылған. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.
III. Ойтолғаныс сатысы
-
Ақын өлеңін оқу және талдау
Білектей арқасында өрген бұрым
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.
Өлеңнен түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесін толтыру.
Сыртына:
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма: «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңін жаттау
«Бекітілді» Абайтану 11-класс
Сабақтың тақырыбы: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ»
Сабақтың жалпы мақсаты: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» өлеңін сипаттауы, Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз ар мен иманды бәрінен де биік қойғандығы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
-
Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
-
М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
-
Электрондық оқулық
-
Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
3) Абайға топтастыру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз ар мен иманды бәрінен де биік қойған. Абай атамыз өзінің терең танымы арқылы адамгершіліктің бастауын имандылыққа әкеп түйіндейді. Иманның басы ол Алланы тану деп байлам айтады. Ұлы дана Абайдың таным кһкжиегінің кең болғандығын
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей дейді Абай атамыз. Яғни терең ой арқылы бұл дүниедегі барлық мінді көруге болады.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас
Ұлы Абай атамыз осы сөз арқылы дүниеге шексіз құмар болып, Ұлы Жаратушыны еске алмаған жандардың иманы түгел деп айту қиын деп толғанады.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
деп Ұлы Жаратушыға шүбәсіз сенетіндігін айтып, Ұлы Жаратушы Алланың хақ екендігін уағыздайды.
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Ұлы атамыз осынау жолдары арқылы Алланың ешбір өзгермес сипатын, әрі Оның жалғыз екендігін, ұлы құдірет Иесі деп түйіндейді.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Абай бабамыз осынау даналық шумақтары арқылы исламдағы Алланы сүю, күллі адамзатқа бауыр ретінде қарау қатарлы асыл тағылымдарды осылай өрнектейді.
Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бұл жерде Ұлы Абай бес парызды тұтудың маңыздылығын «еш талассыз іс» деп көрсетеді, әрі Алланың міндет еткен осы парыздарын тұтуға үндейді.
Абай атамыздың әр өлеңінің тұла бойы тұнып тұрған даналық.
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ,
Му'мин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ.
Құран рас, Алланың сөзідүр ол,
Тә'уилін білерлік ғылымың шақ, деп Алла Елшісін (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлықтап, Хақ екендігін айтып, күллі адам баласын Оның асыл қасиетімен таным, ғибраттарынан сусындауға, үйренуге шақырып, даналыққа толы ағартушылық ой айтады. Сонымен қатар Исламға, Пайғамбарымыздың хадистерінің ғаламатына, Құранның терең іліміне бойлау үшінде аса қажыр, зейін қажет екендігін жеткізеді.
Мү'мин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір имаңды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол,
деп имандылықтың күлі жақсылық пен адамгершіліктің қайнар көзі екендігіне тоқталады. Аллаға шын иланудың маңызын тереңнен түсіндіреді.
Алла ішінді айтқызбай біледі ойла,
Пендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мү'мин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма деп, рас пен таласпаудығ яғни Ұлы Жаратушы Алланың бар екендігіне, Оның бір екендігіне еш күмән келтірмеуді барынша насихаттайды.
Ұлы Абайдың Ұлы Жаратушыға күмәнсіз сену туралы осынау толғамдарын аз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ұлы Абай даналық дариясы! Ғибрат теңізі болғандықтан оның әр сөзінде терең мағына, ірі түйіндер жатыр
«Бекітілді» 11-класс 8.02
Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай
Сабақтың жалпы мақсаты: ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным
және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы; Жүсіп
Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай, Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік»,
Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығын ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
3) Абайға топтастыру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
БАЛАСАҒҰНИ Жүсіп Хас Хажип (1020 ж. ш. - ө. ж. белгісіз) – ортаазиялық ақын, ғалым. Баласағұнидың бізге жеткен ең ірі туындысы – 1069 жылы жазылған «Құтадғу білік» («Құт әкелетін білім») дастаны.
«Құтадғу білік» - 11 ғасырға дейінгі түркі тілдес халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған көркем шығарма, әрі адамдарды адамгершіліктің абзал қасиеттеріне баулитын этикалық-дидактиктикалық, саяси-философиялық трактат.
Д астандағы жауанмәртлік жайлы қағидалар желісімен Абайдың Он жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі және «Ғылым таппай мақтанба...», «Әсемпаз болма әрнеге...» т. б. өлеңдеріндегі тұжырымдары рухани жалғастықты танытатын нақтылы ұғымдармен ұштастырылып, өзара сабақтас келеді. Баласағұни мен Абай шығармаларында мораль философиясының толық адам, бенделіктің кәмалаттығы, хаһим, мұлахаза ұғымдары мен ғылымды жіктеу жүйесі және жар таңдау жайы сияқты пікірлер желісінен өзара ұндестік ұшырасады. Дастан жауанмәртлік ұғымы - «ерсиг тоңа» кейбір тұста «ахы» сезімен беріліп, ақыл, әділет, ізгілік (рақым, шапағат) ұғымын қамтып отырады. Абай шығармаларында да жауанмәртліктің негізі ақыл, әділет, рақым арқылы беріліп, осы сипаттарды түгел меңгерген кісі ғана толық адам болады деген тұжырым жасалған.
Баласағұни поэмасында әділет, ақыл, рақымды бойына дарытқан шын өмірдегі толық адам бейнесі Айтолды, Өгдүлміш бейнелері, бенделіктің кәмалаттығын аңсағандардың жиынтық бейнесі тәркі дүние жолына түскен Олғұрмыш бейнесі арқылы көрсетілген. Дастанда негізінен тәркі дүние жолына түскендердің мұраты – бенделіктің кәмалаттығын терістеу мен өмірге құштар ізгілікті көздеген камили инсаниді (толық адамды) мадақтау жағы басым жатады. Ал, осы таным Абай шығармаларында толық адам мен бенделіктің кәмалаттығы деген арнайы термин сөздермен кеңінен таратылып отырады. Ақын бенделіктің кәмалаттығын әшкерелеумен қатар толық адам жайлы терең адамгершілік ойды жаңа сапамен байытқан. Дастаңда Баласағұнидың қоғамдағы барлық әлеуметтік топтарды саралап талдай келе солардың арасынан хакімдерді ерекше бағалап көтере мадақтаған ой желісі Абайдың отыз сегізінші сөзінде кеңірек талданған.
Абай жауанмәртлікке байланысты әлеуметтік топтарды төртке жіктегенде хакімдерді бөліп алып, олардың қоғамдағы қызметін аса жоғары бағалайды. Отыз сегізінші сөзіндегі: «Бұлардың ісінің көбі – дүние ісі... Бүл хакимдер ұйқы, тыныштық, әуес қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс шығармақлығына... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ пен батылдықты айырмақты үйреткендігі – баршасы нәфиғлық (пайда беруші) болған соң, біздің оларға міндеткерлігімізге дағуа жоқ» деген пікірі Баласағұнидың ойларымен астасып жатыр. Баласағұнидың шығармасында үйлену, бала тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударып, жастардың өмірдегі ең жауапты жар таңдау кезеңіне арнайы тоқталған. Баласағұнидың айтуынша жастар төрт нәрсеге құштар болады, бірақ дәулеттінің қызын алсаң, қүл боласың, тектіні алсаң, қор боласың, сұлуды алсаң, күлкі боласың, төркіні зорды алсаң, күшік күйеу боласың деп ескертеді. Осы төрт сипат бір басынан табылар ақылды, мінезді, ұяты бар ата-ананың қызын ал деп кеңес береді. Осындай пікір желісі Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі кымбат...» өлеңінде де ұшырасады. Екі ақында да халықтық танымдағы талғам басым жатыр. Абай:
«Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма...» -
деп, жар таңдауда халықтың ұғымындағы аталы пікір қазығын ұстатқандай ой толғайды, жастарды саналылыққа шақырады.
Сабақты қорыту.
-
Үйге тапсырма:
Түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Үзінді |
Беті |
Пікір |
|
|
|
Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
«Құтты білік» |
ұқсастықтары |
«Ғылым таппай мақтанба» |
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Есі болса, жұрнақ болса намыстан. Ұшқалақтық-бірі, екінші-сараңдық, Үшіншісі-ашу, оған егіз надандық. Қырсығың-сор, бетті жер ғып жүргізер, бесіншісі-өтірік, жерге тірі кіргізер. |
Екеуі де «бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын, «Дос жылатып айтады» дегендей, жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «Бес асыл ісін » өсиет етеді. |
Бес нәрседен қашық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. |
Сабақты қорыту.
1. Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы не туралы?
2. Кітаптың кейіпкерлері кімдер?
3. Баласағұнидың ойынша шын дос кім?
4. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?
5. Жүсіп Баласағұнидің өлеңін Абай өлеңімен салыстыр.
Үйге тапсырма: Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай ілімдерін оқу.
Қожа Ахмет Йасауи - Түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, есімі исла әлеміне әйгілі болған ойшыл дана, түркілік сопылық жолды қалыптастырған дін ғұламасы, Орта Азиядағы сопылық әдебиеттің ірі өкілдерінің бірі. Өзін атақты Арыстан бабтың шәкірті санап, одан рухани білім алған, хикметтерінде рухани ұстазын жиі еске алып отырған. Бұхара қаласында діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысы, сопылың ағымның көрнекті өкілі болды.
Сопылық – ислам дінінде VII-VІІІ ғасырда пайда болған діни ағым. Сопы деген сөздің шығу тегінде екі түрлі мағына бар. Біріншіден, «суф»- жүн, мата деген мағынаны беріп, жүн, матадан тігілген шекпенді софылар киетін болған деседі. Сондай-ақ, «сафос» гректің данышпан деген сөзінен шыңңан. Сопы - жаны да, тәні де таза адам деген ұғым. Қожа Ахмет Йасауи сопылыққа осы тұрғыдан қарайды.
О ның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет басылады. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Йасауидің хикметтері 70 өлеңнен тұрады. Әр хикметті шумақ саны әр түрлі. Жырларында әділдік, мейірімділікі тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істермен айналысуға шақырады. Гуманист адам болып жаралғасын адамшылық ңасиеттерді қастерлеп, ислам дінін ту етіп көтеріп Мұхаммед пайғамбардың өмірін өнеге түтып, ғылым, білімме айналысып, жетімдерге қол үшын беріп, ғаріптерге демеу болып, адамгершіліктің биік сатысына көтеріліп, өркениетті ел болуды армандаған.
Ғұлама адамдар бір-біріне қамқор болып, үлкенді сыйлауға, кішіні демеп өсіруге, адал болуға, менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ дүниеқоңыз болмауға, дүние-байлыққа қызықпай өмір сүруге тиіс, сонда ғана қоғам әлді, халық тарихта ұзақ өмір кешеді деп ой толғайды.
Ахмет Йасауи адам бірінші 18 мың ғаламды жаратқан Аллаға ғашық болуы керек, оның құдіретіне шек келтірмей, ғажап, ғаламат күш иесі екенін мойындауы керек деп уағыздайды. Ол өзі рухы, тәні, жаны таза адам бола түра, өзінде көп кемшілік бар деп есептейді де сол кемшіліктен қалай құтылам деп толғанады. Жалған сопыларды, дәруіштерді сынайды.
Йасауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам «кемелдікке» жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. Сопылық мағынада «топырақ» - адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Менмендік, өркөкіректік – адамды аздыратын касиет. Кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: «Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ». Йасауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.
Танымал түркітанушы Н.Келімбетов А.Йасауидің «Даналық кітабындағы» ілім туралы: «Ақынның «Даналық кітабы» атты жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам өлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты қүбылыстарды Ахмет Йасауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген тәккапар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:
Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,
Құлдың қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,
Халықтан естіп, бұл сөздерді айттым, міне...
Ғаріп, паңыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны...
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,
Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...
А.Йасауи өзінің өмір жолын түйіндей келіп, бұл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:
Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие бұл.
А.Йасауи тек дін насихатшысы ғана емес, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын»,- дейді.
Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – «адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты - ақиқатты тануы».
Ахмет Йассауидің «Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмаған адамдарды тойымсыз итке неұлып қайтқан итке теңейді. Қанағат жайындағы мұндай теңеу мен түсінік кейбір қазақ ақындарының жырларынан өзінің дәстүр жалғастығын тапты. Ахмет Йассауи нәпсіқұмарлықты, көрсеқызарлықты, құлқын-құмарлықты адам табиғатына жат қасиеттер ретінде сипаттап көрсетеді.
Нәпсіден безіп шын ғашықтар Алла деді,
Таңнан тұрып шартарапқа көз жіберді.
...Зәлім нәпсім еш қоймастан отқа салды.
Өне бойым өз-өзінен күйіп жанды.
«Диуани хикметте» адамға қажетті қанағат сезіміне мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады:
Айдауында жүрсең нәпсі, шақпа зар:
Аңырағанмен, болмас онда хақ та жар.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кім сақтанар,
Алла ісін сол адал, таза атқарар.
Басыңдағы нәпсі қусаң, бақ қалар,
Жолдан азып, абыройың тапталар.
Ерттеп мініп, шайтан малғұн шаттанар,
Нәпсіңді теп, нәпсіңді теп, бәтшағар!
Нәпсің акыр торға салып, қинар жан,
Діннен қуып, топастанып ми қалған.
Өлер кезде жұрдай қылар иманнан,
Игілік көп ит нәпсіні жиғаннан.
Қазақ даласын билеген әкімдер мен болыстарда құлқынқұмарлық өрбіп, жемқорлық етек жайған тұста, Шал ақын ел билеушілерді имандылыққа, ізгілікке, нысапты болуға үндеді. Бұл үшін ол Ахмет Йассауи хикметтерінде айтылатын ой-пікірлерді ортаға салды.
Адам бойындағы имандылықтың бір көрінісі болып табылатын қанағат, ынсап жайындағы этикалық-дидактикалық түжырымдар бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің керкемдік жалғасын тапты. Дулат ақын қанағат жайында айтылған Ахмет Йассауидің ой-пікірлерін қазақ халқының жаңа тарихи жағдайына бейімдеп жырлады.
Ал Абай адам болып қалыптасуға қажетті бес асыл қасиеттің бірі –қанағат деп біледі:
Талап, еңбек, тереңой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ахмет Йассауи сопылық сарында өсиет-уағыз айтумен шектеліп қалмайды. Ол өзі өмір сүріп отырған қоғамның қайраткері, белсенді ақыны ретінде адам баласының Алла алдында әділ, ақиқатшыл, кең пейілді, ізгі жан болуын талап етеді. Ақын «Аллаға ғашық болғандар хақ жолына түскендер» туралы айта келіп, Алланың барлығына, құранның растығына күдік келтірудің өзі күнә екенін ескертеді. Ал Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде Ахмет Йассауидің мораль философиясындағы құдайды танып-білу, имандылық, ораза, қажылық, т. б. мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын зор білгірлікпен жырлайды. Абайдың «имани гүл» (үш сүю), «жәуанмәртлік», «толық адам» сияқты аса күрделі гуманистік ойлары Йассауи философиясынан туындап жатады. Абай өзінің «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші сөздерінде» және бірқатар өлеңдерінде кезінде Йассауи қолданған діни атаулар мен терминдерді сол күйінде, өзгертпей жазады. Абай:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл,
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолыңа малың түгіл.
Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы, -
дейді.
Ахмет Йассауи өз хикметтерінде алланы танып-білу, сүю арқылы ғана бүкіл адамзатты сүюге болады деген пікір айтады:
Менің хикметтерімді надан естімес,
Ділі, көңілі қара кеңесімді білмес -
Тән сөйлемес, жас сөйлемес, иман сөйлер,
Жаннан кешкен шын ғашықтар хақты көздер.
Абай:
Алланың, пайғамбардың жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,
Кәні біздің нәпсіні жиғанымыз? –
деп жырлайды.
Сондай-ақ Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды.
Абай:
Жамандық, жақсылықпен - оған бір бәс,
Дін ісін, құдай ісін айыра алмас.
Арын сатып, ант ұрып іздегені –
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас, -
Деп зор күйінішпенжазады.
Абайдың жәуанмәртлікке қатынасы.
Абай көптеген өлеңдері мен, әсіресе, 17-қарасөзінде жүректің культін көтеріп, барлық ізгі сезім, рахым, шапағат, махаббат атаулының шығар кезі ретінде жүректі шешуші орынға қойып, онда адамгершілік танымның негізі жатыр деп қараған. Абайдағы осы танымның негізі, ол туралы айтылар ой-пікірлерінің өзекті желісі — екінші, үшінші сүюмен бірлікте жаткан ұғымдар. М. Әуезов ез зерттеулерінде Абай діні — адамгершілік дініне айналады дейтін тезисінің мән-мағынасы, әсіресе, осы аталған ұғымдарды танып талдау үстінде айрықша сезіледі.
М. Әуезов Абай шығармаларындағы діни наным мен адамгершілік ұғымының қатар келіп отыруына ерекше назар аударады. Абай дүниетанымын кімнен болса да терең тануы себепті өте күрделі беймәлім ұғымдардың болмысын, мәнін дәл ашып беріп отырды. Абайдағы діни ұғымдар ондағы екі ұшты, қос қыртысты мағыналардың көп жағдайда адамгершілік негіздерімен ұштасып, ақынның тәлім-тәрбие дүниетаным жайлы ойларында қосарланып жататынын көре білді. Осы ерекшеліктің орын алу себебі: «...ислам дінінің иманын, парыздарын, тарихындағы шартты жолдарын — баршасын да өзінің ұлы гуманистік тұрғысынан қарап, көп жерінде мүлде, Абайдың діні — өзінің заманы мен ортасына, бір жағынан сырттай баж бере отырса да, негізінде, және де ақылдың, адамгершіліктің діні болады», — деп, тіпті, заманы мен ортасына байланысты діни ұғымдарды адамгершілік мұрат-мақсаттарын насихаттау үстінде пайдаланып отырғанын аша көрсетті.
М. Әуезов бұл мәселеге өз зерттеулерінде көп аялдап отырса да, арнайы талдап, нақтылы зерттеу нысанасына алып жеке енбек жазбаса да кеп жылдар бойы іздену, зерттеу, тану үстінде екшеліп, қорытылған ой желісінің басты-басты негіздерін тезистік пікірлер ретінде беріп отырған. Дәл осы тұрғыдан Абайдың діни ұғымы мен адамгершіліктің негіздеріндегі іліктестікті ашуда басқа шығармаларындағы осы іспеттес ой желістеріндегі ерекше-ліктерге де көп үңілген. Осы себепті, әсіресе, 38-сөздегі құдайдың затия, сифатия қасиеттері туралы Абай танымының негіздері мен өзіндік танымына, тіпті, баса назар аударады. Осы себептен де Абай құдайдың: «..көп сипаттарын оқушысына баяндап береді. Сол баяндауында үнемі адамдық жаксы сипаттар жағын айрықша екшеп терумен болады», — деп, жоғарыда біз тоқталып өткен он сипатқа (кәмәлат ғазаматқа), әсіресе, сондағы адамның адамшылығын арттыратын үш сипатқа (жәуанмәртлікке) М. Әуезов көп көңіл белген.
М. Әуезовтің «ерекше екшеп терумен болды» деп жеке дара беле керсетіп отырғандары негізінен Абай айрықша назар аударған үш сипатқа (ғақыл, ғаделет, рахым) яғни Абайда жәуанмәртлік деп сілтеме жасап, артынан мол түрде тарататын гуманистік ұғымға көп мән бере қараған. Абайда ерекше мақталатын үш асыл қасиеттің жиынтығы ретіндегі жәуанмәртлік мәселесін талдап қарасақ, не себепті М. Әуезовтің Абай діні — сыншыл ақылдың шартты діні, адамгершіліктің діні деп айтатыны барынша айқындала түседі.
Абай мұрасы қаншалықты мол зерттелді десек те, ұлы ақын замандастары мен болашақ ұрпақтарына арнап «мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деп ескерткен терең мәнді сөзіне үнемі ой көзімен қарау қажеттілігі күн өткен сайын сезілуде. Ақыннан қалған филоссфиялық терең ойға толы шығармаларын оқыған сайын мағынасы алыс беймәлім, төркінін іздесең, сан қилы көне рухани соқпақтарға бастайтын көптеген күрделі ұғымдар әлі де болса біршама ұшырасып жатады.
М. Әуезов атап көрсеткендей, түп иенің бойындағы асыл сипаттарды Абай адам бойына дарытуға ұмтылғанда, солардың ең бастыларын ғана, яғни реалды өмірмен әрбір адам еңбектену арқылы кәсіби жолмен табатын сипаттарға ғана ерекше көңіл бөлген. Абай ардақтаған осындай үш асыл қасиеттің тұтас ұғымын қамтитын жәуанмәртлік — осы күнге дейін мән-мағынасы қалың оқырманға беймәлім болып келе жатқан күрделі танымдардың біріне жатады. Жәуанмәртлік сөзі Абайдағы 38-сөзде бір-ақ рет қалданыс тапса да, ақын ол жайлы кең түсінік беріп өз ойының желісін сол жанама дерек ретінде берілген ұғым арқылы таратқан.
Жәуанмәрт сөзінің түп төркіні Л. 3. Будаговтың 1868 жылы шыққан сөздігіне сүйеніп, парсы тіліндегі жувонмард деген сөзден алынған деп жүр. Парсы тіліндегі «жувон» сөзінің мағынасы бозбала, жас жігіт деген ұғымды білдірсе, «мард» сәзінің мағынасы «жомарт, мырза, шапағатты» деген ұғымға орайлас.
Ал, шындығында бұл сөз XIII ғасыр ескерткіші «Мұхаддимат ал-Адаб» сөздігінде «Лаванмардлық» түрінде ұшырасады. Мағынасы: «қайырымдылық, ізгілік» дегенге келеді. Әуел баста жәуанмәрт жалпы мораль философиясын танытатын этикалық ұғымдардың бір саласы ретінде дүниеге келген тәрізді. Жәуанмәртліктің орта ғасырдан арғы дәуірде ажам халықтары арасында туындап, соңғы ғасырларда өріс алуының белгілі бір себептері де бар сияқты. Ислам мәдениеті Харун Рашид заманынан бастап, Таяу Шығыста молырақ қанат жайды. Ислам мәдениетінің жұрт таныған орталығына арналған Бағдаттағы т. б. қалалардағы мұсылман зиялылары грек ғылымымен, философиясымен тікелей таныса бастады. Қоғамдық санада әр түрлі соны құбылыстар өріс алған кезең туды. Осы тұстағы этикалық ғылым саласындағы бір желі — жәуанмәртлікке байланысты ой-пікірлері де өріс алды.
Жәуанмәртлік ұғымының бастапқы белгілері қазақ халқының ой санасында ертеректе-ақ орын алып, байырғьі тума ұғымдардың біріне айналып кеткені байқалады. Мұны қазақ арасында сонау көне заманнан бері қарай қолданып келе жатқан жомарт сезінің өзі-ақ айқындайды. М. Ш. Шералиев көне түркі тілі мен қазіргі азербайжан, қазақ-қырғыз тілінің этимологиясына тарихи барлау жасай отырып, «жувонморд» сөзі түп төркіні жағынан алғанда түркі тілдес халықтарда бағы заманнан бері келе жатқан тума ұғым екенін ғылыми негізде дәлелдейді.
Қазақ ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын Атымтай жомарт (арғы теркіні арабта жатқан) немесе Қорқыт жайлы деректер мен Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясындағы «Жомарт» әңгімесінде сөз болатын мырзалық, әділеттілік, қанағат, ізгілік, ақылдылық сияқты адамгершілікке тән ұғымдардың шығар көзі де жәуанмәртлікпен сабақтас, үндес келуі де кездейсоқ құбылыстар болмаса керек-ті. Бұхар жырауда ұшырасатын:
Ғаділдігін Наршаруан ғаділден өткерген,
Жомарттығын Атымтай жомарттан өткерген, —
деген өлең жолындағы әділет, жомарт ұғымының түп төркінінде де жәуанмәртліктің негізгі сипаттарын көрсететін ұғымдар жатыр.
-
Түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Үзінді |
Беті |
Пікір |
|
|
|
Сабақты қорыту.
-
Үйге тапсырма:
Түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Үзінді |
Беті |
Пікір |
|
|
|
Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
«Құтты білік» |
ұқсастықтары |
«Ғылым таппай мақтанба» |
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Есі болса, жұрнақ болса намыстан. Ұшқалақтық-бірі, екінші-сараңдық, Үшіншісі-ашу, оған егіз надандық. Қырсығың-сор, бетті жер ғып жүргізер, бесіншісі-өтірік, жерге тірі кіргізер. |
Екеуі де «бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын, «Дос жылатып айтады» дегендей, жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «Бес асыл ісін » өсиет етеді. |
Бес нәрседен қашық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. |
Сабақты қорыту.
1. Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы не туралы?
2. Кітаптың кейіпкерлері кімдер?
3. Баласағұнидың ойынша шын дос кім?
4. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?
5. Жүсіп Баласағұнидің өлеңін Абай өлеңімен салыстыр.
Үйге тапсырма: Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай ілімдерін оқу.