2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / 11-сынып. Қазақ тілі. ЖМБ Халықтың миграция мәселесі

11-сынып. Қазақ тілі. ЖМБ Халықтың миграция мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік рекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу; 11.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану; мақсаттарына құрылған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар №1-сабақ.

Бөлім:

ІІІ бөлім

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция

Педагогтің аты-жөні:

Бердіғұлова Маржан Жұмабайқызы

Күні:

13.01.2025 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Халықтың миграция мәселесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік рекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу;

11.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Сабақтың мақсаты:

- ғылыми стильдің жанрлық және стильдік рекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жаза алады;

- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана біледі;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу.

Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Оқушылар бір -біріне жақсы сөздер айтады

ҚБ «Жарайсың!»

«Өте жақсы!»

«Қандай тамаша!»

ДК

Жаңа сабаққа кіріспе


«Ой түрткі»

3-5 мин

Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  1. Миграцияға қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

  2. Миграция мәселесі қандай себептерге байланысты туындайды?

Қойылған сұрақтарға өз пікірлерін білдіре отырып жауап береді.

ҚБ «Жарайсың!»

«Өте жақсы!»

«Қандай тамаша!»

ДК


Сөздікпен жұмыс жасау, сөздер мағынасымен таныстыру

Эмиграция – көшіп кету Иммиграция – көшіп келу Реэмиграция – көшіп кеткендердің қайта оралуы. Репатриация – әскери тұтқындарды, босқындарды, эми гранттарды туған еліне қайтару.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» берілген сөздермен танысады, есте сақтау үшін дәптерге жазып алады.

ҚБ «Жарайсың!»

«Өте жақсы!»

«Қандай тамаша!»

ДК

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30-32 мин.


2-тапсырма: (64 бет)

Жеке жұмыс ретінде тапсырманы орындау нұсқаулығын беремін.

Мәтінді сызбалардағы мәліметтермен қосып, тұтас мәтін түрінде оқиды. Бұл мәселенің өзектілігінің себебін айтады

Дескриптор:

2 балл

  1. Мәтінді сызбалардағы мәліметтермен қосып, тұтас мәтін түрінде оқи алады;

  2. Бұл мәселенің өзектілігінің себебін айтып береді;

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап

«Сөзталас»

Топтық жұмыс



3-4 тапсырмалар (65-66 ) негізінде сөзталас жүргіземін. Ол үшін алдымен сыныпты 2 топқа бөлемін.


Сөзталас – қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда, сондайақ сотта орын алады. Ал кейде күнделікті өмірде, мысалы, қоғамдық жүктеме жұмыс (спорт сайысы, газет шығару, мерекені ұйымдастыру т.б.) барысында орын алып, жоғары деңгейде болмаса да, өзіндік пікірлерін танытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сөзталас жоспарсыз түрде кенеттен жүзеге асып жатуы мүмкін. Туыстуғандардың, отбасы мүшелерінің, көршілердің, қызметтестердің, кездейсоқ адамдардың даулы сөздері де сөзталасқа жататындығын айтып өтемін


Оқушылар сөзталас бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:

1-топ

Билердің «Бақ дегеніміз не? Байлық дегеніміз не? Бала дегеніміз не?» деген сұрағына Төле бидің берген жауабын (96-бет) оқып, сөзталасқа жататынын дәлелдеңдер.

2-топ

Әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына миграцияның тигізетін әсері туралы сөзталас өткізіңдер.

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.


- сөзталасқа белсенді қатысады;

- нақты дәйектер келтіреді;

- сұрақ қойып, сұрақтарға жауап береді;

- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;


Оқулық, жұмыс дәптерлері

Жеке жұмыс


Аудиожазбадан (04. mp3) «Миграция мәселелері бойынша халық аралық ұйым» мәтінін тыңдатамын. Нұсқаулық бойынша тапсырма беремін.

Мәтінді мұқият тыңдап , төмендегі тапсырмаларды орындайды:

Мәтін стилін ажырата отырып,

мәтінін бойынша 3 талқылау сұрақтарын құрастырыңдар. Көтерілген мәселені сыни тұрғыда бағалаңдар.

Дескриптор: 4балл

-мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

-мәтін стилін ажыратады;

-мәтін бойынша талқылау сұрақтарын құрастырады;

-Сыни тұрғыда баға бере біледі;


Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3-5 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.



Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.



Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Үйге тапсырма:

6-7-тапсымаларды беремін

Тапсырманы үйден орындайды

- Мәтінді оқып, шешендік арнаудың қай түрі екенін айтады.

-Шешендік сөзді талдайды

-Екі тапсырманың бірін орындаңдар. - - Еліміздегі миграция мәселесі жөнінде ғылыми стильде мақала жазыңдар.

2. Қосымша әдебиеттерден шешендік арнаудың түрлеріне мысал дар келтіріп, талдаңдар.







11 Қаңтар 2025
265
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі