Материалдар / 11 сынып Т2 Емтиханга дайындық тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

11 сынып Т2 Емтиханга дайындық тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектебіндегі 11- сыныптардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша емтиханға дайындық тапсырмалары. Жаңа форматта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2023
7768
146 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. Нұсқа

А мәтіні

ХХІ ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қана қоймай, жаңа мамандықтарды алып келді. Адам баласы ХХ ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Компьютер алдында отыратын қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық иелерінен әлдеқайда көп. Оның үстіне, денсаулығын тәуекелге тікпейді. Алайда, жаңа мамандықтардың да кемшілігі бар. Жүйкеге түсетін салмақ пен стресс орасан. Ұдайы ойланып, жаңа тәсілдер табу қажет. Нәтижесінде, қорытынды ой туады. Осы мамандықтар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болғанымен жастар мойындарын бұру қажет пе?! Үкімет тарапынан жастарды қолдау бойынша, «Кадрлық резерв», «Дипломмен ауылға», «Қайта оқыту және даярлау» сынды мемлекеттік бағдарламалар құрып, ЖОО бөлінетін грант санын арттыруда. Жастардың жұмыс істеуі үшін бар жағдай жасалып, таңдау мүмкіншіліктері орасан зор. ( https://massaget.kz/blogs/4596)


В мәтіні

Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады. Себебі жақсы мамандарға деген сұраныс – қашан да жоғары. Және мамандықтардың басым көбі жойылайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады. Мысалы, өткен ғасырдың ортасында көптеген қыз телефоншы болып қызмет етсе, технология дамығаннан кейін бұл мамандық жоғалды. Алайда байланыс қызметі әлі де бар. Бүгінде телекоммуникациялық салалар әлем бойынша миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде.

С мәтіні

Таяу жылдарда

Мамандықтарға сұраныс артады

Мамандықтарға сұраныс төмендейді

Инженер, математик, сәулетші, биолог, ІТ-маман, бизнесті дамыту және сатылым менеджерлері

құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер

Бұл мамандықтарды алмастырады

Құрылысшылар мен жұмысшыларды

3D-принтерлер мен роботтар

жүргізушілерді

автопилот

Дәстүрлі графикалық дизайнерлерді

бағдарламалар



Д мәтіні

Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. - Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.

Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле.

1. Қазіргі таңда естіп білмеген мамандықтар пайда болуда ............................А

2. Жақсы мамандарға үнемі сұраныс жоғары болады...............................В

3. Телефоншы мамандығы бүгінде жоғалды..........................................В

4. Таяу жылдарда сұраныс кеңсе қызметкерлеріне төмендейді........................С

5. Дәстүрлі графикалық дизайнерлерді бағдарламалар ауыстырады........................С

6. Салтанаттың мамандықтар туралы білімі аз ...................................Д

7. Салтанат мамандығына сай жұмыс іздейді....................................Д

8. Мамандықтардың басым көпшілігі жойылады. ................................В

9. Жаңа деңгейдегі мамандықтар ауыстырады....................................В, С

10. Жаңа мамандықтардың кемшілігі жүйкеге салмақ пен стресс орасан....................А

2-бөлім

Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200* сөзден тұратын жауап жазыңыз.

(оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін сөз саны - 130-180 )

Жаңа заманға сай мамандық таңдаудың сыры неде деп ойлайсыз?

[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]



2 нұсқа

Кәсіпкерлік: табыс кілті -жақсы маманда.

А мәтіні

Адам – ең басты құндылық. Кәсіпкерлікте де адам капиталы маңызды. Басқасының барлығын сатып алуға болады. Қажетті капиталды жинауға, жылжымайтын мүлік, жиһаз, өндіріс жабдықтары мен маркетинг материалдарының барлығын да ақшаға алуға мүмкіндік бар. Бірақ мұның барлығы да адамдар арқылы жұмыс істейтінін естен шығармаған абзал. Үздік қызметкерді таңдау және жұмысқа қабылдай алу қабілеті табыстылыққа әсер етеді.

В мәтіні

Жаңа қызметкерді іздестірмес бұрын ашылған бос жұмыс орнын жақсылап ойластырып, қызметкер таңдайтын менеджерлер жұмыстарында аса жауаптылық танытуын қадағалау керек.Ең алдымен 10/90 ережесін пайдалану керек. Уақыттың бастапқы 10%-ын ойлануға және жоспарлауға жұмсалғанда дұрыс шешім қабылдау үшін уақыттың 90%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа қызметкер қандай нәтижеге қол жеткіздіру керектігін ойластырған абзал.Көптеген басшылар әңгімелесуді қалай өткізуді білмейді. Бұл қателікті жою үшін ең алдымен жұмысқа қабылдайтын адам бос жұмыс орнының маңыздылығын, қандай кандидат қажет екенін жақсы түсініп, компанияның тиімді жұмысына керек артықшылықтарын білуі керек. Одан кейін үміткермен қарапайым тілде, сабырлылықпен сөйлесіп, оның қабілеті мен қарымын тану керек. Келген кандидат дәл іздеген адам екенін көз жеткізбей, оны көндіріп, барынша жоғары еңбекақы беремін деген мәселені көтермеген де дұрыс.

С мәтіні

«Ерке-Нұр» фирмасы заманға сай киім үлгілерін ұсынады.

Ұлттық нақыштағы заманауи киімдерден құр қалмаңыз.

Заманымызға лайықты сапалы, ұлттық киімдер үлгісі негізінде тігілген көйлек түрлерін ұсынады. Сахналық көйлектер, романтикалық стильдегі көйлектерге жеңілдіктер қарастырылған.

Ұлттық нақыш - күнделікті киімдерде!

Заманға сай сұранысқа жауап береміз.

Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы 37, «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығы.



Д мәтіні

Бүгінде біреуге жалданып жұмыс істегеннен гөрі, жеке кәсіп бастауды қалайтындардың саны артып келеді. Сонымен қатар шалғай аймақтарда, ауылдық жерде бизнеспен айналысуға болатыны дәлелденіп, тұрғындардың қабілет-қарымын арттырып, жаңа бағытқа баулу қолға алынған.Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасын жүзеге асырып келеді. 2017 жылы Қазақстанның 80 ауданында 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа кәсіпкерлік негіздері білімі берілді. Оның ішінде 3314 азаман бизнесін ашты әрі кәсібін ұлғайтты, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Бастау» – шағын кәсіпкерлікті дамытудың тетігі ғана емес, жаңа жұмыс орнының ашылуына да септігін тигізетін жоба. Ауыл азаматтары шалғайдан жұмыс іздемей-ақ, өз ауылдарында табыс табу мүмкіндігін пайдалана алады.

дереккөзі: https://massaget.kz/men_kasipkermin/52696/?ysclid=l5kku1gjuy407952529

Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле.

1. Кәсіпкерлікті адам капиталының маңызы ............................А

2. Жаңа қызметкерді дұрыс танып білу басшының міндеті...............................В

3. Жоғары еңбекақы беру туралы сөз қозмаған дұрыс..........................................В

4. Заманға сай сұранысқа жауап беретін фирма ........................С

5. Фирма сапалы тауар ұсынуды мақсат еткен........................С

6. Жаңа жұмыстың ашылуына септігін тигізетін жоба ...................................Д

7. Жеке кәсіппен айналысқысы келетіндер саны артуда....................................Д

8. Басшылар жаңа қызметкермен қарапайым сөйлесуге тартқаны жөн....................В

9. Ұлттық нақышты күнделікті киімдерге қолданады....................................С

10. Үздік қызметкерді таңдау табыстылыққа әкеледі....................А

2-бөлім

Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200* сөзден тұратын жауап жазыңыз.

* оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін сөз саны - 130-180

Жеке кәсіп табыс көзі болу үшін қандай қадамдар жасаған дұрыс? [Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!